Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ата-аналармен біріге балаларға ұлттық салт-дәстүрді насихаттау

Ата-аналармен біріге балаларға ұлттық салт-дәстүрді насихаттау

библиотека
материалов

А.М. Ахметжанова

Қостанай қаласы

115 ОМ

тәрбиеші

Тақырып: ««Біз Қазақстанда тұрамыз» тақырыбы бойынша ата-аналармен біріге отыра балаларға ұлттық салт-дәстүрді насихаттау»

Бүгінгі таңда прогрестің дамыған кезеңінде бала тәрбиесі бір сәтке назардан тыс қалмауы керек. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті» деген болатын.

Халқымыздың тұңғыш ағартушысы – Ы. Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі», деп мағыналы айтқан. Жас жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының негізі ең алдымен отбасында қаланып, содан соң балабақшада жалғасатыны белгілі. Ата-аналардың көбі тұрмыстық жағдайда әлі күнге дейін орысша сөйлейді, ұлттық салт-дәстүрлерді қалай дұрыс пайдаланатынын біле қоймайды, сол себептен біз, тәрбиешілер, қосылып «Біз Қазақстанда тұрамыз» жобасын тұжырымдадық. Оны біз вариативті компонент түрінде пайдаланамыз.

Жыл басында ата-аналармен кездесіп, оларға түсіндіремін, кейбір тапсырмаларды орындау үшін олардың көмектері қажет. Абай Құнанбайұлымен таныстырғаннан кейін бүлдіршіндерге ата-аналарымен бірігіп, оның «Жыл мезгілдері» өлендеріне кітапша шығаруды ұсынамын. Алтынсарин айтқандай балалардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүюге, жер сүюге, Отан сүюге тәрбиелейміз. Ата –аналар біріншіден сұрап алады, қандай көлемінде орындау керек, біздің оларға қоятын бір ғана шартымыз бар, өз қолдарымен және балалармен бірігіп жасау.

Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен танысқаннан кейін, оның «Жануарлар айтысы» ертегісін сахналаймыз, балалар он екі жылдан кейін, (мүшел) жылдар сол кезенімен қайталанатының біледі, ата-аналарымен бірігіп сөздерін жаттайды және кейіпкерлерге сәйкес костюмдер жасайды.

Шілдехана тақырыпты өткеннен кейін балаларға тапсырма беріледі, отбасындағы мүшелерінін есімдерінін мағынасын ашып келу. Наурыз мерекесінде ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетеді. Соған қарамастан, ата-аналармен көп жұмыс жүргізу керек, әр ата-ана әртүрлі қабылдайды, алдын ала олармен сөйлесіп, түсіндіру қажет. Көбі шаблон бойынша орындайды, сондықтан оларды ізденіске итермелеуге керек.

Бүгінгі қоғамда жан-жақты жетілген, бойында ұлттық құндылықтар, сана-сезімі қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру, барша халықтың міндеті.

Түрлі іс-шаралар барысында және тақырыптар бойынша жұмыстар өткізген кезде балалар мен ата–аналарға ұлттық тәрбиенің қажеттілігін, тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлерді, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүрлерді, ырым-тыйымның рөлін, сәлемдесу әдебін, сыйластықты, қонақ күтуді насихаттаймын. Ол үшін ата-аналарды іс-әрекеттерге қатыстырамын, әңгімелесемін, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды балаларымен бірігіп орындауды талап етемін. Жеті атасын баласына жаттату үшін әкесінің өзі білуі керек, сондықтан ол ізденеді, жазып алады, өзінің де есінде сақтағаннан кейін баласына жаттатқызады. Ыбырай атамыз жеті атасын білудің және келешек ұрпақтың жалғасуына көп мән берген.

Наурыз мерекесін өткізер алдында ата-аналар жиналысын өткізіп, бір салт-дәстүрді сахналауды ұсыну қажет. Ы Алтынсарин айтқандай халықтың рухани дәстүрлері ғасырлар бойы даму барысында жасалған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын мирас дегендей, ондай көріністі жасау үшін ересектер өзінің білгеніне ғана негізделмейді, басқа да адамдардан сұрастырады, интернетке жүгінеді, солай өз білімдерін толықтырады.

Өткен оқу жылында, Наурыз мерекесінің шеңберінде «Жігіт сұлтаны» сайысын өткіздік, балалар келесі сұрақтарға жауап берді: жеті қазынаға не жатады; жеті атаңды ата, наурыз көже неден жасалады, апта күндерін ата, өз өнерінді көрсет. Мысалы: Дінәділ ұлттық киім киіп «Алға қазақ жігіттері» өлеңді орындады, кейбір ата-ана іс-әрекет кезінде орындаған жұмыстарын ұсынды.

«Ұлттық тұрмыстық заттар» тақырыбынан кейін балалар картоннан сандық жасап, сыртын түрлі қазақтың ою-өрнегімен әшекейледі, не болмаса «Ұлттық бас киім» тақырыбынан кейін сәукеле жасайды. Балалар өз қолдарымен жасап, еңбектерінің нәтижелі болғанына өте қуанады.

Ұлттық тәрбиенің негізгі ошағы отбасы дәстүрі мен тіл меңгеруден басталады. Сондықтан тәрбиешілер ата – аналармен бірігіп бүлдіршіндерге ұлттық тәрбие беруге осы жоба көмектеседі деп ойлаймын.

«Біз Қазақстанда тұрамыз» жобасы сегіз кезеннен құрастырылған, әр кезен бірнеше тақырыпқа бөлінген. Әр тақырыпта тәрбиеші мен балалардың іс – әрекеттері белгіленген. Мұнадай мақсаттар қойылған: балалардың қазақ халқының өмірі мен жасайтын іс-әрекеттері туралы көзқарасын қалыптастыру. Қазақ халқының тұрмыстық жағдайларымен нақтырақ таныстыру (тұрмыстық құрал-жабдықтары, қолданатын азық-түлігі, ұлттық киімі, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлері, ойындары). Балалардың білімдері мен біліктерін іс жүзінде бекіту (бір қатар тапсырмаларды балалардың өздері орындауына мүмкіндік беру). Шығармашылық белсенділіктерін тәрбиелеу, өз беттерімен тапсырмаларды орындау, шығармашылық белсенділік таныту ниеттерін ояту. Отанға деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Жұмысқа, халықтын қол өнеріне, еңбексүйгіштікке, бір біріне көмектесуге қызықтыру.

Бұл мақсатқа жету үшін ата-аналармен тығыз қарым қатынаста болу керек. Оларға жағдай жасап, әр-түрлі тапсырмалар беру: ертегідегі он екі жануарларды ата-аналар қалаулары бойынша бөліп алды, Әділеттін әкесі атты ағаштан жасап әкелді, Әсемгүлдің анасы қойды матадан тікті, Илананың анасы фанерадан әтешті жасап әкелді. Ұлттық тағамдар тақырыпқа келгенде қыздарға белдемше кигізіп, қолдарын жуғызып, мен балалармен бірігіп қамырды илимін, ал қыздар оны ысады. Аспазшылар бізге пісіріп береді, түскі ас кезінде балалар бауырсақтың дәмін көреді. Келесі күні ата-аналар балаларына сенбей сұрайды.

Қазақ ертегілері мен ұлттық музыканы құлағына сіңіріп, ұлттық тағамдармен тамақтанып өскен ұрпақтың ертеңгі күні ұлт ұстамына лайық болары да сөзсіз.





















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Халқымыздың  тұңғыш  ағартушысы – Ы. Алтынсарин  «Адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы – еңбек  пен  ата-ана  үлгісі»,  деп  мағыналы  айтқан.  Жас  жеткіншектерді  тәрбиелеу  жұмысының  негізі  ең  алдымен  отбасында  қаланып,  содан  соң  балабақшада  жалғасатыны  белгілі.  Ата-аналардың көбі тұрмыстық жағдайда  әлі  күнге  дейін  орысша  сөйлейді,  ұлттық  салт-дәстүрлерді  қалай  дұрыс  пайдаланатынын  біле  қоймайды, сол  себептен  біз,  тәрбиешілер,  қосылып  «Біз  Қазақстанда  тұрамыз»  жобасын тұжырымдадық.  Оны  біз  вариативті  компонент  түрінде  пайдаланамыз.Ы. Алтынсариннің  өмірбаянымен  танысқаннан  кейін,  оның  «Жануарлар  айтысы»  ертегісін  сахналаймыз,  балалар  он  екі  жылдан  кейін,  (мүшел) жылдар  сол  кезенімен  қайталанатының  біледі, ата-аналарымен  бірігіп  сөздерін  жаттайды  және  кейіпкерлерге  сәйкес  костюмдер  жасайды.

 

  

Общая информация

Номер материала: 395817

Похожие материалы



2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"