Инфоурок Другое Другие методич. материалыАта- анамен жұмыс. "Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей"

Ата- анамен жұмыс. "Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей"

Скачать материал

Қарағанды қаласының білім бөлімі

№68 мектеп- интернат- балабақша кешені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей

                                               Дөңгелек үстел

 

 

Картинки по запросу Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей

       

 Тәрбиеші: Каримова Б.М

 

 

 

 

 

 

 

                                                               

 

 

 

 

 

 

                                                                        

2017 жыл

Тақырыбы: Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей

Мақсаты: Бала тәрбиесінде  ата-ананың орының ерекше екенін түсіндіре  отырып, оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге  асыру үшін  ата-аналардың белсенділігін арттыру, мектеп-интернатпен ынтымақтастығын нығайту.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар,(«Бала ортаға қарап өседі», «Бақыттың басы баладан», «Үйінде ұлы мен қызы бардың көгінде бес жұлдызы бар», «Дәулетінің қадірін ұлың өскенде білесің,абыройыңның қадірін қызың өскенде білесің», «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Әке-ер,ана-жігер,бір үйде екі кемеңгер»),шар,гүлдер,үлестірмелер.
Барысы

1.Баяндама                                                            
2.Пікір алмасу (Кубизм)
3.Сауалнама
4.Видео  Миірім
5.Жүректен жүрекке жүрекке (Ата-аналардың бір –біріне деген жүрек жарды тілегі тыңдалады. )
6. Қорытынды.

І. Жас адамды саналы,мәдениетті,сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей,ел түзелмейді» олай болса егемен  еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып,оқу тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.      

Баланы жастан бақпасаң

Жамандықтан қақпасаң

Қадірінен жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек, – дегендей баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі,бойын  түзеді. Балаға тәрбие беруде басты ұстаз ата-ана болса, оған білім, тәрбие беріп жалғастырушы, демеуші тұлға ұстаз

      Бала тәрбиесі әр отбасынан басталатыны анық. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналарының  тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелері бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластырғаны шарт.Отбасында тәрбие үрдісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін,өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.Баланың көпшілік уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді.Оның өмірін,іс-әрекетін,демалысын бірқалыпты ұйымдастырып,реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек .Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн – ырғақ бұл өмір тәртібі.Ал бала сол отбасы мүшесі және ол өз міндетін қашанда орындауға тырысады.Отбасында бала әр нәрсені естиді,көреді,қалай өмір сүру керек,өзін-өзі қалай ұстай білу керек,жағымды,жағымсыз мінез құлықтарды байқайды.Сондықтан ата-ана балаға үңіле қарап,үнемі бақылап зертеу жағдайын еске алып отыруы тиіс.Көп жылға жүргізілген бақылау және зерттеу теріс қылықтар мен қиыншылықтар мектепке келгенде де дағдыға айналады.Әрине,мұндай себептер әртүрлі әсерлерден болады.Пайда болатын теріс қылықтардың басты себептері неде? Біздіңше, 

 Біріншіден, отбасы тәрбиесінде бала талабын екі етпей орындау.Өз бетінше  шешім қабылдауға,әрекет етуге бейімделу.Сондықтан бала өз орнын таба білмейді.Қыңырлыққа,қарсыласуға үйренеді.

 Екіншіден , ата-ана баласын бақылаусыз қалдырады.Ал кей жағдайда,кейбір ата-ана тұрақты бақылауға алады.Оның жүріс-тұрысы,әрбір қадамын есепке алып отырады.Осының нәтижесінде бала ата-ананың торына түсіп,өз бетімен іс-әрекет жасау өрісі тарылады.

  Үшіншіден, балаға кейде сыртқы факторларда әсер етеді.Оларға еліктеудің нәтижесінде өмір нормасынан ауытқу пайда болады. Егер бала психологиясынан    осындай   жағдайларды байқаған сәттен оған мектеп психолыгы,сынып  жетекшісі, ата-анасы, тіпті жолдастары тарапынан оңды көмек көрсетілуі қажет. Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі. А.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы «сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз, ата-аналардың өздеріне талап қойып,өз отбасын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» дегені бекерден бекер айтыла салған сөз емес Әке мен шешесінің отбасындағы келеңсіз іс-әрекеттері балаға әсер етпей қоймайды.Бала неврозға ұшырайды. Денсаулығы бұзылады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін мұғалім, сынып жетекшісі, бүкіл педагогикалық ұжымата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнатып бірлесе отырып жұмыс атқаруы керек. Өйткені бала тәрбиесіндегі теріс әдет дағдылар ата-ананың қамқорсыздығынан,қадағалаусыздығынан,мейірімсіздіктен туады. Осындай тәрбиенің сәтсіздіктерінен «Тәрбиесі қиын»  балалар кездеседі. Ол бала  мектепке де, өз сыныптарына да түрлі кедергілер келтіреді.

Жүсіп Баласағұнның:

…Бала білім жолын қусын десеңіз,

Бесігіңде-ақ ілім шоғын көсеңіз… – деп жырлағандай бесік тәрбиесі бәрімізді ойландыруы тиіс. Балам адам болсын дейтін ата-ана тәрбиені дұрыс беруі керек. Осы ретте Мағжанның мына сөзін айта кеткенді жөн көремін: «Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, айыпты емес, тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген нақыл сөзді естен шығармайық!

       Қазақстан Республикасының ата заңында «Біздің мемлекеттің ең басты байлығы,қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген..Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр.Ата заңымызға сүйенсек «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген.Мемлекеттің бұл саясатын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек.

ІІ. Пікір алмасу .Қазір мен сіздердің алдарыңызға кубик лақтырамын сол кубиктегі сұрақ арқылы ойларыңызды айтасыздар (ата-аналар айтады). 
1.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
2. Баланың өмір жолындағы әке мен ананың орны қандай?
                                                                                                                                       3.Қазіргі кезде бала психологиясына әсер ететін жағдайлар қандай?
4.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?            5.«Балалы үй-базар», «Бала ортаға қарап өседі» Осы құраған мақалдарыңыз арқылы не айтуға болады?
Сіз қандай ата – анасыз?
1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.
А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.
2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.
А) Сіз ол балалардың ата - аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.
3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.
А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін
Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасыз
Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз
4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.
А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз
Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз
Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз
5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.
А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.
Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз
Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз
6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.
А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз
Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз
7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.
А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз
Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым - қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.
8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді
А) Есесін қайтаруға үйретесіз
Ә) Сол балалардың ата - аналарымен сөйлесесіз
Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз
9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды
А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз
Жинаған баллды ата — аналар өздері санайды
  
a ә б
1 3 0 5
2 2 5 0
3 0 3 5
4 3 5 0
5 0 2 3
6 5 0 3
7 3 0 5
8 5 3 0
9 0 5 3
0 — 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы — адамдардың өз - өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.
19 — 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс - тәсілдерді қолданбауға тырысасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.
36 — 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ, ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз.                                                                                                    
IV.Видо Миірім
V.Жүректен жүрекке (Ата-аналардың бір –біріне деген жүрек жарды тілегі тыңдалады. )
VI. Қорытынды                                                  
                                                      Бүгінгі дөңгелек үстелде котерілген мәселелерді қорытындылай келе, бір екі ауыз сөзбен көкейге түйген өз  ой- пікірлеріңізді жапыраққа жазып тәрбие ағашына жапсыруларыңызды сұраймын.                                                                Құрметті ата- ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың яғни балаларымыздың қолында,ол бақыт отбасындағы тәрбиеге байланысты. Әр бір отбасына бүгінгі көктемнің күнінің шуағындай шаттық,жылылғындай мейірімділік, қуаныш, береке бірлік,бақыт тілей отырып «Жастай береген тәрбие жас шыбықты игендей» атты дөнгелек үстелімізді аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата- анамен жұмыс. "Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 1464
    • DOCX 229.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримова Баглан Мараткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каримова Баглан Мараткызы
    Каримова Баглан Мараткызы
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32763
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой