Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Ата – баба дәстүрі асыл мұра ". "Обычаи предков – золотое наследие -"путешествие в сказки.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

"Ата – баба дәстүрі асыл мұра ". "Обычаи предков – золотое наследие -"путешествие в сказки.

библиотека
материалов

Ата – баба дәстүрі асыл мұра

Обычаи предков – золотое наследие

Путешествие в сказки.

Мақсаты: Ой - өрісін дамып, ана тіліне, ұлттық қасиетке деген сүйіспеншіліктерін артып, тапқырлыққа, шешендікке, орнықты сөйлеуге үйрету.

Кітапханашы: Балалар, бүгін бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұраларының бірі – ертегімен танысамыз. Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар: - «Бауырсақ»,"Жыл басына таласқан хайуанаттар", «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»...

- Ертегі қалай басталады?

- Ерте, ерте, ертеде деп басталады.

- Ертегіні сендерге кім әңгімелеп ереді?

- Әжеміз, атамыз, анамыз, мұғалім.

- Ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

- Иә.

Кітапханашы: Ендеше мен сендерге «Ұрылар мен жалғыз кемпір» деген ертегіні әңгімелеп беремін. Жақсылап тыңдаңдар. Ерте кезде байлардың есігінде жүріп күн кешкен бір кәрі кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде сүйенері жоқ кемпір жұртта жалғыз қалып қойыпты. Бір күні түнде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып, бір топ ұры келеді. Кемпір: «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды бір қатырайын», - деп ойлайды. Сөйтіп, жалма – жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты.

- Сапырып – сапырып Сарманға бер,

Құйып, құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іш,

Өзің іш те, маған бер

Осыдан соң:

- Ал, бәрің де дайын бол.

Қаруларды қамдайық,

Ұры – сегіз, бір тоғыз

Қызығына баталық, - деп әндетеді.

Мұны естіген ұрылар: Бұл үй толы кісі, әрі біреуі бізден артық екен. – Қой мұнымыз болмас, қайтайық, - дер кетіп қалыпты. Сөйтіп жалғыз кемпір өзінің тапқырлығының арқасында сегіз ұрыға жол бермепті.

- Бұл ертегіде жағымды кейіпкер кім?

- Кемпір.

- Ал, жағымсыз кейіпкерлер кім?

- Ұрылар.

- Балалар, байқадыңдар ма, кемпір тапқырлығының арқасында айла тауып ұрылардан сиырын аман алып қалды. Мен де сендердің тапқырлықтарыңды байқау үшін «Дауысынан таны» деген дидактикалық ойын ұсынамын.

Ойынның мақсаты: Сендердің ой - өрістеріңді дамыту, сөздік қорларыңды молайту.

/Ойынның шарты бойынша: Үй жануарларының сүретін көрсеткенде олардың әр қайсысы қалай дыбыстайтынын айтасыңдар./.

Жауаптары: жылқы – кісінейді, сиыр мөңірейді, түйе – боздайды, қой, ешкі – маңырайды.

- Иә, балалар тапқыр, алғыр екенсіңдер енді осы жануарлар туралы жұмбақ жасырайын, шешімін табуға ойланып көріңдер.

Мұғалім: Ал, балалар, тыңдаңдар,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны тынбайық.

Жұмбақ: Кезікті екі жануар,

Үстінде екі тауы бар. /түйе/

Кішкентай ғана бойы бар

Айландырып киген тоны бар. /қой/.

Кітапханашы: Бәрекелді, жарайсыңдар. Жұмбақтың дұрыс шешімін тапсақ терең ойлы, білімді боламыз, мақал – мәтелді сөзімізге қосып айтсақ шешен сөйлеуге үйренеміз. Біз бүгін көп еңбектендік, ертегі айтып, жұмбақ шештік. «Өнерлі бала сүйкімді», дегендей сендерді мақтан етемін.

Ақылды мақтанса, іс тындырар,

Ақымақ мақтанса, тіс сындырар, - демекші келешекте ақылды, өнерпаз болып ер жетіп, көп еңбек етіңдер. /Сыйлық сыйлау/.











Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров137
Номер материала ДВ-282293
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх