Инфоурок Другое Рабочие программыАта салтын сақтаймыз ашық сабақ

Ата салтын сақтаймыз ашық сабақ

Скачать материал

 

                            Ата  салтын  сақтаймыз.

Мақсаты:Наурыз  көнеден  келе  жатқан  мейрам.Қазақтар  осы  күнді «Ұлыстың  

                Ұлы  күні» деп  атаған.Қазақтың  салт-дәстүрлерін,дінін,ұлттық  киімін,

                ұлттық  ойындарын  насихаттап  көрсету.

                Ұлыстың  ұлы  күнін  мақтанышпен  қарсы  алып  құрметтей  білуге

                тәрбиелеу.

Жүргізуші:Құрметті  ата-аналар,қонақтар,бүлдіршіндер! Ұлыстың ұлы күні-Наурыз                          

                  Мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын!

«Балапан»тобының «Ата салтын сақтаймыз»атты ертенгілігін тамашалауға шақырамыз.

Көрініс:(сахнадағы ауыл көрінісі)

Кейіпкерлер:Ата,әжелер,келін,немере.

Атасы:-Оу, кемпір оның-мұның дайын болды ма?

            Жақсы хабар жетісімен сасып қалма.

Әже:Ой, байғұс-ай тек құлынымның жаны қалса десейші.

         Өзгені сосын көре жатармыз.

          (Екі бала жүгіріп шығады)

1-бала:Сүйінші,сүйінші

2-бала:Алақай,алақай.

            Дүниеге жас нәресте келді.

Әжесі:Не дейді шын айтып тұрсыңдар ма?

            Құлыным-ай!

Атасы:Рахмет қарақтарым,міне сүйіншілерің.

            (балаларға кәмпит береді)

             (сахнаға, келін, көрші әже бөпемен келеді)

Әжесі:Жас тума жолына шашу шашады.

           Келін сәбиді алдымен әжесіне береді.

Әжесі:Ой құлыным-ай өмір жасың ұзақ болсын! Тіл  көзден  сақтасын!Ал,атасы,

           Немереңді  сен  ал  қолыңа.

Атасы:Бақытты,өмірлі  бол!

            Құлыным  үлкен  жігіт  бол!

            Халыққа  сенім  үміт  бол!

            Әумин!

Жүргізуші:Армысыздар,ата-әже  Наурыз  тойы  құтты  болсын!Мына  Наурыз             

                  айында  дүниеге  келген  сәбиіңіз  құтты  болсын!

                  Біздің  кішкентай  бүлдіршіндеріміз  сіздерге  арнап  өздерінің  өнер-

                  лерін  көрсетпекші,соны  тамашалаңыздар.        

Хор: «Наурыз».

Шадияр:Ата-бабам  тойлаған

              Наурызым,армысың!

               Қызығына  тоймаған

               Дархан  дала,қарлы  шың.

Ернар:Күнменен  түн  теңелді

            Жер  шуаққа  кенелді.

   .        Соны  тойлар  ел  енді.

Асылай:Наурыз  тойы-салтымыз

              «Көгерсін»  деп  халқымыз.

              Көшеге  тал  егеміз.

Ақмаржан:Сәнді  көктем  нұрымен

                  Наурыз  тойы-жырымен.

Ернұр:Наурызды  халқымыз

 Жыл  басы   деп  санайды.

 Көнермеген  салтымыз

Көп  елдерге  тарайды.

Ойын «Арқан  тартыс».

Ән «Топ-топ  балақан».Орындайтындар:Нұрдана,Ақмаржан,Асылай.

Ата:Ата-бабамыздан  қалған  дәстүр бойынша  нәресте  дүниеге  келген  күні

       сол  отбасында  қалжа  сойылады,той  болады.

Жүргізуші:Рахмет,ата!Ризамыз  сізге.Немереңіздің  бауы  берік  болсын,халқына

                  қалаулы, еліне  елеулі  азамат  болсын!

Әжесі:Тілектеріңді  тәңірім  қабыл  етсін!Отағасы-ау,немереміздің  есімін  қояйық.

           Менің  ойымша  немереміздің  атын  Жаманбай  деп қояйық.Осындай  есім-

           ге  көз  өтпейді.Қазақтың  ырымы  бар  емес  пе?

Атасы:Тәйт,кемпір  қайдағыны  айтпай.Қай  ғасырда  өмір  сүріп  жатырсың?

            Елдер  немерелерінің  атын  Саммитбай,Азиада  деп  қойып  жатыр.Осы 

            Наурыздың  мерекесіне  ойластырып  Наурызбай  деп  қояйық.

Әжесі:Отағасы  бұл да  дұрыс  екен-ау.

Жүргізуші:Ата-әже  немерелеріңіз  мына  бүлдіршіндердей  өнерлі  болсын!

                 Балаларымыздың  өнерін  тамашалаңыздар!

Ән  «Күшігім».Орындайтындар:Ернар,Шадияр,Заңғар,Дінмұхаммед.

Заңғар:Қар  еріді,су ақты.

             Күндер  келді  шуақты.

             Байтақ  дала  келбеті

             Түкті  кілем  сияқты.

Әлихан:Жаңбыр  жауып  басылды

              Күлімдейді  көкте  күн

                Кемпірқосақ  асылды

              Өрнегіндей  көктемнің.

Назым:Көктем,көктем,көктемде

             Құстар  келіп  жеткенде

   Қуанып  бір  қаламыз

   Әнмен  қарсы  аламыз

 

Марғұлан:Жарқырап  тұр  күніміз

                 Жайқалсын  жас  гүліміз

                 Бақта  бұлбұл  сайрасын.

Ділдә:Бата  беріп  атамыз

           Бата  беріп  апамыз

           Тәтті  болып  жасалған

           Наурыз  көже  дәмін  татамыз.

Ән. «Он  алты  қыз».Орындайтын  Заңғар.

Әже.Батамен  ел  көгерер,жаңбырмен  жер  көгерер - демекші  отағасы  мына 

        Ұлыстың  Ұлы  күніне  келген  қонақтарға  да  батаңды  беріп  жібер.

Ата:Ал,балалар  қолдарыңды  жайыңдар.

       Тума  бауы  берік  болсын!

       Сұлу  күндей  көрік  болсын!

       Әже  менен  анасына

       Тек  жақсылық  бола  берсін.

       Азамат  боп  еліне  біздің  жігіт

       Тұғырына  биіктен  қона  берсін

       Әумин!

Жүргізуші:Ұлыс  оң  болсын!

                  Ақ  мол  болсын!

                  Қайда  барсақ  жол  болсын!                                           

                  Ұлыс  береке  берсін-деп

Сөз  кезегін  балабақша  меңгерушісіне  береміз.

«Наурыз  көже» дастарханы.

     

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата салтын сақтаймыз ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 688
    • DOCX 15.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабаева Гульшат Таскинбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67186
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой