Инфоурок Начальные классы Конспекты"Ата Заңның беттерінен" білім күніне арналған патриоттық тәрбие сағаты

"Ата Заңның беттерінен" білім күніне арналған патриоттық тәрбие сағаты

Скачать материал

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Дәрменқұлова Ләззат Жұмамамұратқызы

Тақырыбы: Ата заңның беттерінен

Мақсаты: Балалардың Ата Заң туралы білімдерін кеңейту, құқықтары туралы түсінік беру; Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру; патриоттық сезімдерін ояту; сөздік қорын молайту, жағымды көңіл-күй орнату.

Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының тұғырлы туы, Ата Заң, Балалардың құқығы туралы Конвенция, суреттер.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жүректен жүрекке, шығармашылық жұмыс

Алдын-ала жұмыс: балаларды Ата Заңның баптарымен, Балалардың құқықтары туралы Конвенцияның материалдарымен таныстырылды; өлең-жырлар жатталынды; Қазақтан Республикасының рәміздері қайталанды, олардың авторларымен таныстырылды; өмірден алынған жағдаяттарды шешу арқылы құқықтарымен таныстырылды.

Сабақ барысы: 

Мұғалім: балалар, мен сендерді «Шаттық» шеңберіне шақырамын:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілейміз біз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!

Қазақстан Республикасының Әнұраны тыңдалады.

Мұғалім: балалар, бүгінгі сабағымыз Қазақстан Республикасының Ата Заң мерекесіне арналғандықтан біз Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдадық.

Сұрақ-жауап:

1. Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады.

2. Еліміздің елордасы қай қала?

Біздің еліміздің елордасы Астана қаласы.

3. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

4. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдерші

Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран.

5. Қазақстан Республикасы Туының авторы кім?

Қазақстан Республикасы Туының авторы Шәкен Ниязбеков.

6. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторларын атап беріңдерші?

Қазақстан Республикасы Әнұранының сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Мұғалім: Осындай тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры, негізі болып Ата Заң саналады. Тамыз айының 30-шы жұлдызы Конституция күні деп аталады, өйткені бұл күні елбасымыз Ата Заңды бекітті. Бұл Ата Заңда азаматтардың құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының әр азаматы оқу оқуға, білім алуға, еңбек етуге, қыдыруға, қызмет етуге, ерлі зайыпты болуға, балаларға қамқор болуға, табиғатты сақтауға, денсаулықты сақтауға құқығы бар. Ал енді сендер маған өз құқықтарыңды атап бере аласыңдар ма?

Біз мектептке келуге құқығымыз бар.

Өмір сүруге құқығымыз бар.

Білім алуға құқығымыз бар.

Деніміз сау болуға құқығымыз бар.

Бақытты болуға құқығымыз бар.

Дем алуға құқығымыз бар.

Әдемі киінуге құқығымыз бар.

Ойнауға, қыдыруға, әдемі киінуге құқығымыз бар.

Дос болуға құқығымыз бар. Тағы сол сияқты балалардың құқықтаы туралы жауаптар.

Мұғалім: балалар, сендердің айтқан құқықтарын осы Ата Заңда жазылған. Ал енді, балалар, Тынышбай Рахимовтың «Біздің заң» өлеңінен алынған өлең жолдарын қабыл алыңдар.

Оқу оқы, еңбек ет

Демал, досқа бер көмек.

Отанды сүй, адал бол

Өнегелі адам бол!

Дейді алтын заңымыз,

Бақыттымыз бәріміз.

Барлық ұлттың өкілдері

Бірдей перзент отанға!

Барлығы бір жанұя,

Кең отанның иесі.

Дейді алтын заңымыз,

Бақыттымыз бәріміз!

Мен бақытты баламын

Қазақстан елінде.

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.

Мен бақытты күніме,

Масайрамын, мақтанам.

Қазақстан жеріндей

Үлкен ана жоқ маған!

Сергіту сәті: Күнді көрген бақыт па?

Бақыт, бақыт, бақыт.

Ананың күлгені бақыт па?

Бақыт, бақыт, бақыт.

Доспен тату болған бақыт па?

Бақыт, бақыт, бақыт.

Тыңдайық-ойланайық

С.Оспановтың «Бақыт деген не?» өлеңін оқып беру

-Айтшы, білсең егер де,

Папа, бақыт деген не?

-Бақыт деген, шырағым,

Мына әсем тұрағың.

Ну ормандар, гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны.

Бақыт- дәні далаңның,

Алақаны анаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің

-Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

Адал еңбек етесін!

Сонда ғана жетесің!

-Көрінбейтін көзіңе, сонда оның өзі не?!

Бақыт деген, сөзім шын-

Айналайын, өзіңсің!

Енді, балалар, Конституция ережелері мен баптары туралы өз ойларынды ортаға салындар.

1-бап.Қазақстан Республикасының демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, оның ең қымбат қазынасы-адам және оның құқықтары мен бостандықтары екендігін айтылған.

2-бап.Қазақстан Респуликасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі айтылған және мемлекетке сырттан қол сұғылмауы қамтамасыз етілген.

3-бап.Мемлекеттік билік халықтың қолында, оны халық сайлау арқылы жүзеге асыра алады делінген. Ал 7-бапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі екендігі жазылған. Ал орыс тілі ресми түрде қолданылады.

10-бап.Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады,ол қандай негізінде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады делінген.Ал оны ешкімнің айыруға немесе өзгертуге құқығы жоқ.

12-бап.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды.Осыған орай әр азамат өз міндеттерін атқара алады.

14-бап.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе кез- келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

15- бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16- бап.Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

17- бап. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.

19- бап. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы.

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар.

20- бап. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.

21- бап. ҚР аумағындағы еркін жүріп- тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. (Оқушылардың мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық марапаттарын көрсету)

27- бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы.

Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қмқорлық жасауға міндетті.

29- бап. ҚР-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

35-бап. Заңды түрде белгіленген салықтарды , алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады.

Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциядан:

Мемлекет әрбір баланың ама-есен сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Әңгімелесейік

Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бақытты болу үшін не істеу керек?

/балалардың пікірлері/

Мұғалімнің қортындысы: бақытты болу өте маңызды. Бақытты болуды үлкен де, кіші де қалайды. Өйткені адам бақытты болу үшін туылды емес пе. Адамның өмірге келуінің өзі– бақыт; ата-ана, туыстар мен достардың қасында болуы- бақыт; ағаш, гүл отырғызу- бақыт; досыңа көмектесу де бақыт. Бақытты болу өзіңе байланысты.

«Әлем қандай тамаша!» жер сызбасын әшекейлеу.

Мұғалім: кәнеки, балалар, орнымыздан тұрып, үстел үстінде жатқан қималарды қолданып, жүректен шыққан тілектерімізді айтып, «Әлем қандай тамаша!» атты жер сызбасын әшекейлейік.

Балалардың шығармашылық жұмысы:

Күніміз жарқырай берсін! /күннің көзін жапсырады/

Аспанымыз ашық болсын! /көк аспанның қимасын жапсырады/

Жерде жасыл шөп өссін! /шөптің қимасы жапсырылады/

Гүлдер гүлдене берсін! /гүлдің қимасы жапсырылады/

Ағаштар жайқала берсін! /ағаштардың қималары жапсырылады/

Бейбіт құсы ұша берсін! /көгершіннің қималары жапсырылады/

Зәулім үйлер салына берсін! /үйлердің қималары жапсырылады/

Балалар бақытты болсын! /балалардың силуэттері жапсырылады/

Жерімізде тыныштық, достық, махаббат болсын! /жүректердің қимасы жапсырылады/

Мұғалім: балалар, қараңдаршы, міне біздің әлеміміз сендердің айтқан тілектеріңмен қандай тамаша болды!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ата Заңның беттерінен" білім күніне арналған патриоттық тәрбие сағаты"

Настоящий материал опубликован пользователем Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 09.09.2020 329
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы
    Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

    Бастауыш сынып мұғалімі

    • На сайте: 10 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 54905
    • Всего материалов: 33

    Об авторе

    Место работы: 5 школа-лицей КММ
    Мен Ләззат Дәрменқұлова Жұмамұратқызы бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілім жиырма жыл. Санатым- жоғары. Отбасылы, төрт баланың анасымын. Қазіргі таңда 2 в сыныбының сынып жетекшісімін. Сыныпта жиырма сегіз оқушым бар. Үлгерімі 100 пайыз, сапасы 88 пайыз. Мен кітап оқығанды, ән айтқанды жақсы көремін.

Карточки по теме "Түстер" (túster) – Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • pptx
60318
112
09.06.2024
«Инфоурок»

Материал разработан автором:

Бакенова Зарина Азаматовна

Педагог дополнительного образования

Об авторе

Место работы: МБУ ДО "ДДТ Нижегородского района"
Здравствуйте! Меня зовут Зарина Азаматовна, и я — преподаватель иностранных языков. Я специализируюсь на обучении студентов всех возрастов, начиная с детских садов и заканчивая старшими классами, а также предоставляю услуги репетиторства. Мои ключевые преимущества: – Владею опытом работы с начальной, средней и старшей школой, а также с дошкольными образовательными учреждениями и учреждениями ДО. – Обладаю сертификатами TEFL и TESOL, подтверждающими мои компетенции в преподавании английского языка как иностранного. – Применяю коммуникативный подход, современные методики и технологии, а также игровые технологии, что делает обучение увлекательным и эффективным. – Создаю уникальные и эффективные учебные материалы, которые помогают студентам достигать своих целей в обучении иностранным языкам. Если вы ищете педагога или ментора, который поможет вам или вашему ребенку овладеть иностранным языком быстро и эффективно, мои учебные материалы и индивидуальный подход к каждому студенту — это именно то, что вам нужно. Присоединяйтесь ко мне на путь изучения иностранных языков и откройте для себя новые возможности!
Подробнее об авторе
Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер Карточки для введения и закрепления темы "Түстер". Карточки с цветами для занятий с дошкольниками, 1 классом и обучающимися начального уровня. – Лаконичный дизайн – оформление не будет отвлекать обучающихся от самого материала; – Печатный формат – карточки можно (и даже нужно) отпечатать с друх сторон для отработки новой лексики; – Ничего лишнего – набор из 12 основных цветов для отработки темы _________________________________________________________________________________ "Түстер" тақырыбын енгізуге және бекітуге арналған карточкалар. Мектеп жасына дейінгі балалармен, 1-сынып оқушыларымен және бастауыш деңгейдегі білім алушылармен сабаққа арналған түстері бар карточкалар. - Қысқа дизайн-Дизайн студенттерді материалдың өзінен алшақтатпайды; - Баспа форматы - жаңа лексиканы пысықтау үшін карточкаларды екінші жағынан басып шығаруға болады (және тіпті қажет) ; – Артық ештеңе жоқ-тақырыпты пысықтауға арналған 12 негізгі түстер жиынтығы

Краткое описание методической разработки

Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер

 

Карточки для введения и закрепления темы "Түстер". Карточки с цветами для занятий с дошкольниками, 1 классом и обучающимися начального уровня.

 

– Лаконичный дизайн – оформление не будет отвлекать обучающихся от самого материала;

– Печатный формат – карточки можно (и даже нужно) отпечатать с друх сторон для отработки новой лексики;

– Ничего лишнего – набор из 12 основных цветов для отработки темы

 

_________________________________________________________________________________

 

"Түстер" тақырыбын енгізуге және бекітуге арналған карточкалар. Мектеп жасына дейінгі балалармен, 1-сынып оқушыларымен және бастауыш деңгейдегі білім алушылармен сабаққа арналған түстері бар карточкалар.

 

- Қысқа дизайн-Дизайн студенттерді материалдың өзінен алшақтатпайды;

- Баспа форматы - жаңа лексиканы пысықтау үшін карточкаларды екінші жағынан басып шығаруға болады (және тіпті қажет) ;

– Артық ештеңе жоқ-тақырыпты пысықтауға арналған 12 негізгі түстер жиынтығы

Развернуть описание
Смотреть ещё 5 764 курса

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 289 554 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 259 912 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Великие имена русской литературы: жизнь и творчество

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии эффективного обучения: запоминание, чтение и ведение заметок

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Принципы безопасности на рабочем месте и механизмы контроля их соблюдения

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 764 курса