Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Ата Заң аясында" Сыныптан тыс іс-шара

"Ата Заң аясында" Сыныптан тыс іс-шара

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_53405de0.gif

3 «Ә» сынып.


өзіндік шеш әрекеттерін дамыту білуге үйрету,

.
Мақсаты :  1. Балаларға  Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын

3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын аясында Тақырыбы :  Ата Заң ім қабылдай алу сүйетін ұлтжанды
ұрпақ тәрбиелеу.
Әдісі :
Жүру барысы : І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
Құрметті ұстаздар! Бүгінгі 3 « Ә» сыныбында өткелі отырған
« Ата Заң аясында » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,-деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды бірлесе отырып тренинг түрінде өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған  Заңы – Конституциясы бар.

Мемлекеттік Гимн орындалады.

Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 23 жыл толғалы отыр.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Тренинг
— Оқушыларды 2 топқа бөлу.

—     Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
—     Бір-бірімізді тыңдаймыз.
—     Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
—     Уақытты үнемді пайдаланамыз.
—     Ойлануға 3 минут, пікір қорғауға 2 минут, толықтыруға 1 минут.
І – бөлім «Постер құрау». «Тәуелсіз ел», «Ата Заңға».

ІІ – бөлім «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң »
1- топ  Қазақстан елі қандай ел?

2- топ  Оқушы қандай міндеттерді білуі керек ?

ІІІ – бөлім « Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным   »

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының  негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Мұғалім : Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi.
    9-бап

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері  — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.

14-бап

1.    Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап .
1.    Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

34-бап
2.    Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
Хормен « Көк тудың желбірегені !»


36-бап
1.    Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.

38-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

ІV бөлім – « Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң »
Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.

Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.
Бастайтын болашаққа бас кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес.

Vбөлім « Мектеп заңына бағынайық! »
(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелеріне тоқталып өтеді )

І. Оқушылардың құқықтары:
— Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірін білдіруге;
— Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
—  Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б шараларға қатысуға;

ІІ. Оқушылардың міндеттері:
— Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындау, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
— Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту
— Мінез-құлық ережелерін сақтау:
Үлкендерді құрметтеу
Басқа адамның ар-намысын қадірлеу
Құқық бұзушылыққа жол бермеу
Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
— Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

ІІІ. Оқушының мектепке келуі
— Әр оқушы мектепке сабақ басталардан 15 минут бұрын келуі керек.
— Мектепке кірерде аяғыңды сүртіп кір
— Мектептің есігінен кірерде бірінші болып кіруге асықпа, мұғалімдерге, кіші класс оқушыларына жол бер. Ер балалар есіктен кірерде қыздарға жол беру керек.
— Мектепке келген соң дәлізде жүріп қалмай, бірден өз кабинеттеріңе кіру.
-Сабақты бір күн қалдырсаң да дәрігерден анықтама әкел.



ІV. Оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібі.
— Мектеп ішіндегі тәртіптілікпен реттілікті сақта: жай сөйле, дәліз бойында жәй жүр.
— Дәлізде оң қанатпен жүр, жүгірме, секірме.
— Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдес.
— Мұғалімнің, балалардың артынан жүгірме.

V. Асханадағы мінез-құлық.

Асханаға кезекшілердің рұқсатымен кір.
— Тамақ ішкен кезде тыныштық пен тәртіп сақта.
— Асхана мүлкіне ұқыптылықпен қара.
— Тамақтанған соң, ыдыс-аяқты жинап, орныңды тәртіпке келтір, асханада себепсіз жүрме

VI. Оқулықтар, күнделіктер және дәптерлерге қойылатын талаптар.
— Барлық оқулықтар мен күнделіктерді мұқият қапта.
— Дәптерлеріңді бөгде суреттермен былғама
— Дәптерге анық, айқын етіп жаз.
— Үй тапсырмасын күнделікке мұқият және толық жаз.

VІ бөлім . Қорытынды
Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің!

Еңбек ет, еркін жүр деген,
Асыр сап, ойнап-күл деген.
Ата Заңым менің!

Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата Заңым менің!

Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым менің!

Тәуелсіз, еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата Заңым менің!

Санама құйған таң нұрын
Бақытым, бағым, тағдырым –
Ата Заңым менің!

Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.

Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
Ата Заңым жасасын!
Хор «Бақытты балалық шақ »

Мұғалім : Ата  заңым!
Арман  әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным
Тәуелсіздігімізге 2
3 жыл толғалы отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын!,- дей отырып, «Ата Заң аясында» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тексерілді

ДТІЖО: Жаңабаева Ы















«Қараөзек» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



БЕКІТЕМІН Бастауыш сынып ӘБ ДОІЖО:___________

Мектеп директоры: жетекшісі:_____Идрисова Ж Жаңабаева Ы

________Қ . Абдуллаев



Ашық тәрбие сабақ






constytut

Дайындаған: Абдиева Шекер Отарбаевна



2014-2015 оқу жылы

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 003.jpg

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров464
Номер материала ДВ-344669
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх