Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Ата Жұрт" тарихи-танымдық сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

"Ата Жұрт" тарихи-танымдық сайысы

библиотека
материалов

«Ата жұрт»

Тарихи - танымдық ойынының сценариі.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Арқалық қаласының 60 жылдығы мерекелеріне арналған Туған өлке тарихы мен мәдениетін оқып, үйрену мақсатындағы «Ата жұрт» тарихи танымдық ойынына қош келіпсіздер!

Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.

Туған жеріміздің тарихы, табиғаты, мәдениеті мен өңірден шыққан танымал тұлғалардың өмір тарихы жайлы өскелең ұрпақ жақсы біліп құрметтеуге міндетті. Бұл сендердің туған жер алдыңдағы парыздарың, тарихқа деген құрметтерің. Бүгінгі ойынның да басты мақсаты сендердің туған жер тарихы туралы біліктілік пен сүйіспеншіліктеріңді анықтау. Олай болса туған өлке тарихы жайлы интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Атам қазақ заманнан,

Тауып келген жалғасын.

Таныстырайын сіздерге,

Әділқазылар алқасын.

дей отырып, бугінгі ойынымызға әділ төрелігін айтып, жөн сілтер әділқазылар алқысымен таныс болыңыздар:

1.________________________________________________________

2. ________________________________________________________

3. ________________________________________________________

Мінеки, әділқазылармен де таныс болдыңыздар. Енді алдыларыңызға

Бұлда ертеден, көнеден,

Жалғасқан салттың бір түрі.

Топтармен таныс болайық,

Жақсы оқитын үлгілі-

дей отырып, ортаға мектебіміздің 10 «а» сыныбынан жасақталған .

«АРЫС» тобын қарсы алыңыздар. «АРЫС» тобының мүшелері:

  1. топ басшысы: ______________________________________

  2. ___________________________________________________

3. ____________________________________________________

4.____________________________________________________

жақсылап жайғасыңыздар.

Бүгінгі ойынымызда «АРЫС» тобына қарсы тұратын 11 «А» сыныбынан жасақталған «ОРДА» тобын ортаға шақырамыз.

«ОРДА» тобының мүшелері:

1.топ басшысы: ________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

4._________________________________________________________________

Мінекей, ойыншылар құрамымен де таныс болдыңыздар. Ойыншылар жайғасып болса, «Ата жұрт» тарихи-танымдық ойынының барысымен танысып өтсек.

  1. кезең. “Қанат қақты” – мұнда әр топ басшысына 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

  2. кезең. “Самғау” – мұнда әр топқа 2 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 20 ұпай.

  3. кезең. “Шарықтау” – мұнда әр топтың жанкүйерлеріне 1 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 50 ұпай.

  4. Шырқау” – мұнда 6 терезе берілген, әр топ кезектесіп терезе таңдайды және сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

5. кезең. “Жерұйық” – мұнда екі топқа бір ортақ сұрақ жасырылады, егер

жауап берсе бұрынғы балдары екі еселенеді.

Ойынның шарты түсінікті болса енді

I-кезең. «Қанат қақты»

мұнда әр топ басшысына 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

1-ші «Орда» тобының топ басшысына сұрақтары

Уақыт шектеулі, сондықтан да 1 минуттын ішінде осы сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берулеріңіз қажет.

  1. Керей мен Жәнібек ең алғаш қазақ хандығының туын тіккен жер? Қозыбасы

  2. Қазақстан БҰҰ –на қашан мүше болды? (1992ж)

  3. Қазақстан Солтүстік батысында және батысында қай мемлекетпен шектеседі? (Ресей)

  4. 1997 жылғы Президент жарлығымен Қазақстанның астанасы қай қалаға көшірілді? (Ақмола)

  5. Арқалық қаласының құрылған жылы? (1956ж)

  6. Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)

  7. Қазақстанның 1920 ж астанасы (Орынбор)

  8. Кенесары көтерілісі қай жылдарда болды. (1837-1847)

  9. Қазақ даласындағы қызыл керуен, экспедициясын кім басқарды?

(Ә. Жангелдин)

  1. Ғұн мемлекетінің басқарушысын қалай атайды. (Шаньюй)


2-ші «Арыс» тобының топ басшысына сұрақтары.

  1. Қазақ хандығының құрылған жылы? 1465 ж

  2. Ленинградтық өрендерім өлеңінің авторы кім? (Ж.Жабаев)

  3. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге шыққан жыл? (1993)

  4. Қазақстан шекарасы шығысында қандай мемлекетпен шектеседі? (Қытай)

  5. Торғайда ең алғаш мектеп ашқан тұлға? (Ы.Алтынсарин)

  6. Арқалық қаласының бұрынғы атауы? (Қызылқозы)

  7. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс болған жылдар? (1836-1838)

  8. «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторы (Тәуке)

  9. Ақтабан щұбырынды жылдары ( 1723-1728)

  10. Үйсін мемлекетінің басшысын қалай атайды? (Гуньмо)


Бәрекелді бірінші кезеңнен аман-сау өттік, енді келесі кезек екінші кезеңде.

II-кезең. «“Самғау”

Бұл кезеңде әр топқа екі сұрақтан беріледі, әр топ өздеріне берілген сұрақтарға нақты және дұрыс жауап беруі керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

Орда” тобынына сұрақ

1. 1726 жылы қазақтың үш жүзінен біріккен жасағы Торғай даласының “Қара сиыр” деген жерінде жоңғарларға ойсырата соққы беріп жеңіске жеткені сіздерге тарихтан белгілі.

Сұрақ: Осы шайқас тарихқа қандай атпен енді? (Қалмаққырылған)

Арыс ” тобынына сұрақ

1. 1730 жылы Әбілхайырдың бастауымен Аңырақай түбінде үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді.

Сұрақ: Бұл оқиға тарихта қалай аталады? (Аңырақай шайқасы)

Орда” тобының екінші сұрағы

Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы автономиялық қазақ үкіметінің басшысы Айқап, Қазақ, Қазақстан газеттеріне мақалалар жазып тұрған тарихи тұлғаны атаңыз. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы автономиялық қазақ үкіметінің басшысы Айқап, Қазақ, Қазақстан газеттеріне мақалалар жазып тұрған тарихи тұлғаны атаңыз?

(қосымша көмек) 1864 жылдары Тобылда және Омбыда түрлі қызметтер атқарған. 1897-1903ж .Дала генерал –губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада банк директоры болған.

(Ә.Бөкейханов)

Арыс” тобының екінші сұрағы

Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орынаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. Көрнекті орыс тарихшысы В.И. Левшин, ол билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгер Ликургке теңеген. (Осы тарихи тұлғаны атаңыз) (Тәуке хан)

Қосымша көмек.

Осы тұста қазақ еліне Орыс мемлекеті. Жоңғария, Орта Азия хандықтары көз тігіп қауып төндірді.

Ой бәрекелді, жарайсыздар!

Тарихтың жадында даусың қалсын,

Дала өзіңді жарылқап, тау шыңдасын.

Баста бізді бақытқа, көзіңдегі,

Елге деген мейірім таусылмасын!-

дей отырып, үшінші кезеңімізді бастаймыз.


ІІІ кезең. “Шарықтау”

мұнда әр топтың жанкүйерлеріне 1 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 50 ұпай беріледі.

1-ші. «Орда» тобының жанкүйерлеріне сұрақ.

Ресей алдындағы айрықша еңбегі үшін патшайым Екатеринаның Шақшақ Жәнібекке берген әскери-әкімшілік атағын атаңыз?

(Тархан)

2-ші. «Арыс » тобының жанкүйерлеріне сұрақ.

Торғай даласында батырлығымен қатар теңдесіз мергендігі арқылы халық жадында қалған, Аманкелді Имановтың жан жолдасы болған батырды атаңыз? (Құлан Кейкі батыр)



Жарайсыздар, сұраққа жақсы жауап бердіңіздер. Қанаттарыңыз талмасын дей отырып, келесі кезеңімізді бастаймыз.



IV-кезең. «Шырқау»

Ойын шартына тоқталсақ, мұнда 6 терезе берілген, әр топ кезектесіп терезе таңдайды және сұраққа дұрыс және нақты жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Мына есепті шығарып, шыққан жылды сөйлетіңіз?

Есеп: 1008 х 2 - 25=?жыл (1991ж, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды)

2. 1890ж Қызылорда қаласында дүнеге келген. Ташкент гимназиясын, Петербург университетінің заң факултетін бітірген. Ол ағылшын, орыс, француз, поляк тілдерін меңгерген. 1917ж Құрылған Түркістан автаномиясының М. Тынышбаевтан кейінгі президенті болған тарихи тұлғаны атаңыз. (Мұстафа Шоқай)

Қосымша көмек.

1935ж «Түркістан Кеңестер билігінде» атты кітабы жарық көрді.1940 ж неміс фашистерінің қолына түсіп, Берлинде қайтыс болды.

3. Мына екі тұлға кімдер және оларды қандай саяси қызмет біріктіреді? Алаш партиясы

4. Арнайы сұрақ Оюшы, қолөнер шебері Ш.Байдилдин: «Қазақ оюының негізі қандай оюдан бастау алады?» (қошқар мүйіз)


5. Мына әуенді тыңдап, атын және авторын атаңыз?

(Туған жер, Торғайым. Б.Сәуекенов)

6. 1885 жылы Торғай уезінің Сарықопа ауылында дүниеге келген, “Бақытсыз Жамал” романының авторын атаңыз? (Міржақып Дулатұлы)


Ой бәрекелді, көп рахмет!

Көшелері құрғақ өзен арнасындай,

Қала едің кәрі шуда нар басындай.

Ішіне оқиғаны тиеп-сықап,

Тарихтың қойып кеткен арбасындай.-

деп Ғафу Қайырбеков атамыз жырлағандай Торғай өңірі табиғатымен ғана емес, арқалы ақын, атақты батырларымен де аты шыққан өлке. Олай болса келесі кезеңімізді бастайық. Бұл, соңғы шешуші кезең:

V-кезең. «Жерұйық»

Ойын барысымен таныс болайық, мұнда екі топқа бір ортақ сұрақ жасырылады, егер дұрыс жауап берсе бұрынғы балдары екі еселенеді.


1. Арнайы сұрақ (Желтоқсан оқиғасы)


Жарайсыңдар балалар! Барлық кезеңдерден сүрінбей өттіңіздер, енді жеңімпаздарды анықтау әділқазыларымыздың еншісінде.

Құрметті ойыншылар және көрермендер, әділқазылар жеңімпаздарды анықтағанша, әсем әнге кезек берсек.

(өлең айтылады)


Құрметті көрермендер, «Ата жұрт» ойынының жеңімпаздары анықталды. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


(әділқазылар сөйлейді)

Көп рахмет!


Ел басына төнген шақта қара аспан,

Ер азамат бір-біріне қарасқан.

Еркіндік пен Елдік үшін Торғайдай,

Шырылдаған Торғайсың сен о бастан,-

деп, қазақтың айтулы ақыны Қадыр Мырзалиев жырлағандай, Торғай өлкесі кейінгі ұрпақ үшін үлкен тарих болып қала береді. Өткен тарихымызды қастерлеп, тарихи-мәдени ескерткіштерімізді қорғап, табиғаты бай туған өлкеміздің гүлденуі сіздер мен біздердің қолымызда.

«Тарихымызды қастерлейік» ағайын,-дей отырып, «Ата жұрт» тарихи танымдық ойынымызды аяқтаймыз. Ойынымызға қатысып, көңіл бөліп қатысқандарыңызға көп, көп рахмет!!!
























Б. Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін профильді мектеп









hello_html_5cb244a1.gif







Тарихи-танымдық

сайысы















Өткізген: Қожықов Жанатбек Тұрғынбекұлы


















Арқалық қаласы

«Ата жұрт» тарихи-танымдық ойынының жоспары


1. кезең. “Қанат қақты” – мұнда әр топ басшысына 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.


2.кезең. “Самғау” – мұнда әр топқа 2 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 20 ұпай.


3.кезең. “Шарықтау” – мұнда әр топтың жанкүйерлеріне 1 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 50 ұпай.


4. кезең. “Шырқау” – мұнда 6 терезе берілген, әр топ кезектесіп терезе таңдайды және сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


  1. кезең. “Жерұйық” – мұнда екі топқа бір ортақ сұрақ жасырылады,

егер жауап берсе бұрынғы балдары екі еселенеді.










«Ата жұрт» тарихи-танымдық ойынының жоспары


1. кезең. “Қанат қақты” – мұнда әр топ басшысына 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.


2.кезең. “Самғау” – мұнда әр топқа 2 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 20 ұпай.


3.кезең. “Шарықтау” – мұнда әр топтың жанкүйерлеріне 1 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 50 ұпай.


4. кезең. “Шырқау” – мұнда 6 терезе берілген, әр топ кезектесіп терезе таңдайды және сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


  1. кезең. “Жерұйық” – мұнда екі топқа бір ортақ сұрақ жасырылады,

егер жауап берсе бұрынғы балдары екі еселенеді.





«Ата жұрт» тарихи-танымдық ойынының

сұрақтары.


I-кезең. «Қанат қақты»

мұнда әр топ басшысына 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

1-ші «Орда» тобының топ басшысына сұрақтары

1.ҚР-ның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекетті ата? (Түркия)

2.Қазақстан БҰҰ –на қашан мүше болды? (1992ж)

3.Қазақстан Солтүстік батысында және батысында қай мемлекетпен шектеседі? (Ресей)

4.1997 жылғы Президент жарлығымен Қазақстанның астанасы қай қалаға көшірілді? (Ақмола)

5.Арқалық қаласының құрылған жылы? (1956ж)

2-ші «Арыс» тобының топ басшысына сұрақтары.

1.Ленинградтық өрендерім өлеңінің авторы кім? (Ж.Жабаев)

2.Қазақстанның ұлттық валютасы теңге шыққан жыл? (1993)

3.Қазақстан шекарасы шығысында қандай мемлекетпен шектеседі? (Қытай)

4.Торғайда ең алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

5.Арқалық қаласының бұрынғы атауы? (Қызылқозы)


II-кезең. «“Самғау”

Бұл кезеңде әр топқа екі сұрақтан беріледі, әр топ өздеріне берілген сұрақтарға нақты және дұрыс жауап беруі керек. Әр дұрыс жауап 20 ұпай.

Орда” тобынына сұрақ

1. 1726 жылы қазақтың үш жүзінен біріккен жасағы Торғай даласының “Қара сиыр” деген жерінде жоңғарларға ойсырата соққы беріп жеңіске жеткені сіздерге тарихтан белгілі.

Сұрақ: Осы шайқас тарихқа қандай атпен енді? (Қалмаққырылған)

Арыс ” тобынына сұрақ

1. 1730 жылы Әбілхайырдың бастауымен Аңырақай түбінде үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді.

Сұрақ: Бұл оқиға тарихта қалай аталады? (Аңырақай шайқасы)

Орда” тобының екінші сұрағы

2. Мына ескертекіш кімдерге арналған және бұл ескерткіштегі екі кісіні қандай саяси қызмет біріктіреді?(Ахмет пен Міржақып. Алаш партиясы)

Арыс” тобының екінші сұрағы

1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Иманов 4-ші рет қай жерде жерленген? (Амангелдіде, осы ескерткіш тұрған жерде).



ІІІ кезең. “Шарықтау”

Мұнда әр топтың жанкүйерлеріне 1 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 50 ұпай беріледі.

1-ші. «Орда» тобының жанкүйерлеріне сұрақ.

Ресей алдындағы айрықша еңбегі үшін патшайым Екатеринаның Шақшақ Жәнібекке берген әскери-әкімшілік атағын атаңыз? (Тархан)

2-ші. «Арыс » тобының жанкүйерлеріне сұрақ.

Торғай даласында батырлығымен қатар теңдесіз мергендігі арқылы халық жадында қалған, Аманкелді Имановтың жан жолдасы болған батырды атаңыз? (Құлан Кейкі батыр)


IV-кезең. «Шырқау»

Ойын шартына тоқталсақ, мұнда 6 терезе берілген, әр топ кезектесіп терезе таңдайды және сұраққа дұрыс және нақты жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.Мына есепті шығарып, шыққан жылды сөйлетіңіз?

Есеп: 1005 х 2 - 24=?жыл (1986ж, Желтоқсан оқиғасы)

2. Бұл тақтың иесі кім? (Шақшақ Жәнібек батыр)
3. Суретте осы жылы қалпына келтірілген өткен ғасырдағы саяси

қайраткердің үйі бейнеленген. Қайраткердің атын атаңыз?

(А.Байтұрсынов)

4. Біздің дәуірімізден бұрын II ғасырдан басталған, Еуропа мен Азия, Батыс пен Шығыстың арасын жалғастыратын көпір болған күрделі құрлыстың атын атаңыз? (Ұлы Жібек жолы)

5. Мына әуенді тыңдап, атын және авторын атаңыз?

(Торғай қызы, Болат Хамзин)

6. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?


Көкте – күнмін, көпке нұрым шашамын,

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын,

Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,

Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.


Жалынмын мен, келме жақын, - жанарсын,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, жемірлісін жер, уайым жоқ,

Көз қырымен күліп қана қарармын.... (М.Жұмабаев. Мен кім?)

V-кезең. «Жерұйық»

1. Шақшақ Жәнібек батырдың жерленген жерін атаңыз? (Түркістан)






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.11.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров115
Номер материала ДБ-343409
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх