Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Видеоуроки / Ата - аналар жиналысы: "Отбасы - тәрбиенің ұясы"

Ата - аналар жиналысы: "Отбасы - тәрбиенің ұясы"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Классному руководителю


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

та -аналар жиналысы

Ата- аналар жиналысының тақырыбы:

Отбасы- тәрбиенің ұясы

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Түрі: топтастыру

Көрнекілігі: слайд, «Бала тәрбиесі» жөнінде бейнеролик, қанатты сөздер, карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер сергіту сәті, үлестірмелі материалдар.

Күн тәртібі:

1.«Отбасы-тәрбиенің ұясы» атты коучинг.

2. ІII тоқсанның қорытындысы.

3.Әр түрлі мәселелер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жоспар

1. Амандасу.Топқа бөлу: «Аталар айтқан асыл сөз»

2. Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы бала

3. ІІ тапсырма: Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету

4. Ата - аналармен «Балаңызға деген сүйіспеншілік» атты ойын өткізіледі.

5. ІІІ тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз? Қорытынды.

Мұғалімге сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр. Жиналысымызды бастамас бұрын топ – топқа бөлінейік.

Топқа бөлу «Аталар айтқан асыл сөз» (сөздер жазылған қималарды біріктіріп, мақал мәтелдерді табу арқылы топқа бөлінеді).

Барысы:

І тапсырма: Мақал - мәтел мәнін түсіндіру.

І - топ: Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,

бала - жағасындағы құрақ.

ІІ – топ: Біреу әкеге тартып туады,

Біреу әкеден артып туады.

ІІІ – топ: Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,

Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,

Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.

Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Аналар – шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде» дей келе бүгінгі ата-аналар жиналысын «Отбасы-тәрбиенің ұясы» атты коучинг түрінде өткізсек.

Кіріспе сөз. Ата- ананың басты қуанышы- бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

ІІ тапсырма: Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету

1-жағдаят: Балаңыз сабақты 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан «Екілік» баға алды. «Екілік» алған бала мен ата - ананың диалогі

2-жағдаят: Бала міндетіне салғырт қарау

3-жағдаят:Балаларға қымбат зат алып беру

Ата-аналардың пікірі тыңдалады.

Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.

Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз!

1-қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»

2-қателік: «Не істесең оны істе маған бәрібір»

3-қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,өйткені мен үйдің басшысымын»

4-қателік: Балаларды тым еркелету

5-қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»

6-қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету

7-қателік: Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру,яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау

Міне құрметті ата-аналар,бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп,сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

Ата-ананың міндеті:

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу-

тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай

балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!

3. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

ІІІ тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз? Ата-аналардан сауалнама алынады.

1.Кез-келген өзіңіздің бар ісіңізі тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым- қатынас барысында қателіктеріңізіді мойындайсыз ба?

4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5. Өзіңіз балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кезде, өзіңізді ұстап, игере аласыз ба?

6.Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8. Өзіңіздің басыңыздан өткен, балалық шағыңыздан ескерілетін жағдайды айта аласыз ба?

9.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

10. Баланың жүрегін жарақаттайын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

11. Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға,өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?

12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл

аудармайсыз ба?

13. Баланың еркелеген дөрекі мінезінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

Ата-ананың аты-жөні:

Құрметті ата-ана сіздің шын жүректен жауап бергеніңізге көптен-көп рахмет!

Жауабы: келісемін-3ұпай

Кейде келісемін -2 ұпай

Келіспеймін-1 ұпай

0-16 ұпай: Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен мәселе.Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз
16-30 ұпай: Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тірбиешінің қабілеті бар,бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39 ұпай: Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

«Жүрдек пойыз» музыкалық сергіту

Қаралатын сұрақтар:

IIІ тоқсан қорытындысы (білім сапасы, үлгерімі, БТС қорытындысы)

1) Тақырып бойынша

2) Құқықтық әкімшілік жаңа 2015 жылғы кодекспен таныстыру

3) Әр түрлі мәселелер

Кері байланыс

4.Коучингтің соңындағы көңіл-күйіңіз.

«Бала тәрбиесі» жөнінде ата – аналарға бейнеролик көрсете отырып, ой түйіндеу.

№ 25 жалпы орта білім беру мектебі

Тақырыбы: «Отбасы – тәрбиенің ұясы»

Сынып жетекші: Жумалинова З.А.

1 «Ж» сынып

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Видеоуроки
Просмотров2574
Номер материала 525388
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх