Инфоурок Школьному психологу КонспектыАта-ана, бала, қоршаған орта

Ата-ана, бала, қоршаған орта

Скачать материал

Тақырыбы: «Ата-ана, бала, қоршаған орта»

Уақыты:10.07.2017ж

Өткізілу түрі: шебер класс.                             

Қатысушылар: ата-аналар аудиториясы.

Мақсаты мен міндеттері: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: АКТ, А3 парақ, флипшарттар, маркерлер, қаламдар, аудио, видео көріністер, суреттер.

І-бөлім. Кіріспе. Сәлемдесу. «Шеңбер»  тренинг

Тренингтің барысы:

Қайырлы күн, ардақты ата-аналар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Бүгін біз тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Тәрбие беру үрдісін болжап айту қиын әрине. Мұнда ата-аналардың да, ұстаздардың да өкілдері бар. Барлығымызда тіршіліктің қамымен, елімізде болып жатқан әртүрлі жаңалықтармен, каникул, демалыс болғанмен ешқандай демалысты, қол үзуді күтпейтін бір жақсы нәрсе бар, ол біздің жүрегіміз  сияқты еш уақытта демалмайтын, үздіксіз тіршілік көзі, ол «бала тәрбиесі».Сіздер тәрбие берудің әр түрлі баррикадасында емес, бір топтасыздар. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз. Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып  бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.

 Олай болса мен сіздерді ортаға шақырамын.

Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден-деп шеңберге жиналайық.

Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?-деп ойлайсыз.(киіз үй)

   Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше Өз есімімізді айтып, таныстырып, содан кейін «О» - әрпінен басталатын жаңалықтарымызбен бөлісейік.

 Мысалы: Отбасымдағы үлкен қуанышым, ол балам магистратура бітірді. Т.б.(барлық қатысушылар өз қуаныштарымен бөліседі.

       Отбасы- кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. «Отан-отбасынан басталады»

Рахмет. Орындарыңызға жайғасуларыңызды өтінемін.

Теориялық  білім:

Өмірде ата-ананың ең қымбат нәрсесі – өздерінің балалары. Баласы жақсы жағынан көрінсе – мақтанады, жаман жағынан көрінсе – аяп, қимайды. Оның себебі, бала «бауыр еті», «іштен шыққан шұбар жылан» демекші,оны дүниеге алып келген соң, ата-ананың ел алдындағы, отбасы алдындағы парызы өз ұрпағын өсіру, тәрбиелеу,  лайықты білім беру,  қоғамға қосу. Айтуға оңай, дегенмен, баланың әлеуметтену процесінен өту жолы біраз уақытқа созылады, соның ең күрделі кезеңі отбасында өтеді.

  Орыс педагогы В.А. Сухомлинский айтқандай: «Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз – қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз» . Осыны есте сақтай отырып ұрпақты дұрыс тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Балаларға жақсы тәрбие берудің түрлі жолдары бар. Ең бастысы – тәрбиенің негізі отбасынан, ананың сүтінен, әкенің қамқорынан басталатынын ұмытпағанымыз жөн.   Ұлы Абай «Дүние – үлкен көл,

 Image result for көлдің суреті 

заман – соққан желImage result for желдің суреті

Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, баяғыдай көрінер», – деп дүние бірқалыпты тұрмайтынын, бір ғасыр бір ғасырды ауыстыратынын, ұрпақ ұрпаққа жалғасатынын айтып кеткен. Қазақ халқының көне мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін ұрпақ тәрбиесіне пайдалану қазіргі ата-аналардың басты міндеті болуы  тиіс. 

Ал  М.Әуезовтың: «Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен.

 Ата – ананың  балаға деген махаббаты    

ол ана әлдиі, әже ақылымен, ата қамқорымен ұштастырып отырғанImage result for бала тәрбиесі туралы картинкиImage result for бала тәрбиесі туралы картинки

қазақ отбасының тәрбиесі дастархан басында басталған, яғни бала бойына ас арқылы мейірімділікті, сүйіспеншілікті, шынайылықты, сабырлылықты сіңіріп отырған.  Әкеден -ақыл, анадан –мейірім шуағын алған балалар, өмірде  үлкенге ізет, кішіге қамқор бола білген. Ал қазір ше , осы тәрбие үрдісі қалай  жалғасын тапты ма?

 Image result for бала тәрбиесі туралы картинки          

Осы ойды нақтылау үшін  әрбір ата-ана өз міндеттері мен жауапкершілігін, отбасындағы рөлін  білуге  міндетті.  Слайд

-          Баланың бойына өз елінің салт-дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу

-           Баланы отбасында Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.

-           Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау.

-           Баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту.

-           Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

-           Отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, дене, еңбек, адамгершілік, имандылық) дамыту.

-           Отбасында баланы жеке-жеке тұлға ретінде қарау.

-           Баланың өзін-өзі басқаруы (қаржы, іскерлік).

 Баланы табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт- бағдар беру.

Ата – ананың жауапкершілігі:   слайд

1.                  Балаға арамза  әрекет жасағаны үшін жауапты;
2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
4. Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;
5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

2.         Image result for инстаграм картинка         Image result for инстаграм картинка 

Ал қазір қалай бұрын қоғамда интернет желісі болмады, ал қазір бар  «Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасын қазіргі уақытта «Ел боламын десең экраныңды түзе» дегенге ауысып кетті, себебі тәрбиенің бәрі экранға  келіп тірелді. Бала ертеңнен кешке дейін экранға телміріп отырады. Бала түгел ата-ана өзімізде сол телефонсыз өмір сүре алмайтын қалге жеттік. Телефонның  қуат көзі таусылып қалса қиналып қаламыз. Бұл уақыт талабы болды. Бұрын визуальды қарым-қатынас жасайтын болсақ, енді вертуальды қарым-қатынас орын алды, бұл дегеніміз ата-ана мен баланы, қоршаған ортаны  бір- бірінен алшақтатып жіберген  сияқты.  Ал осы уақытта бауыр еті балаларды  экран дұрыс тәрбие беріп жатырма?  Бір сәт ойланып көрейікші. (ата-аналар жауабын күту) Сіз өз ойыңызбен бөсіңізші? (ата-анаға өтініш тастау)Бұл дегеніміз күнделікті біздің қажеттіліктерімізге жарап жүрген: телевизор, телефон, планшет құралдарымен «контакт, фейсбук, инстаграмм, вацав.түрлі жағымсыз жарнамалар, Т.б»

 Мына сурет туралы не айта аласыз? (аудиторияға сұрақ)

                          Image result for бала тәрбиесіне көгілдір экранның әсері  картинка        Image result for бала тәрбиесі туралы картинки

 

 Психолог сөзі: «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.   Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады 
«Ана – үйдің берекесі, 
Бала үйдің – мерекесі. 
Бұтағымен ағаш сымбатты, 
Ұрпағымен адам қымбатты. -деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Соңғы кезде бала тәрбиесінің мәні төмендеген сияқты. Дөрекі сөйлеу, ата-ананы тыңдамау, үлкенді сыйламау сияқты жағымсыз қылықтар орын алуда. Баланың басты ұстазы –ата-ана. Қазіргі кезде ата-аналары балаларына көп көңіл бөле бермейді.  Сіздің назарларыңызға мына бейне роликті ұсынамын. «Бала мен әлеуметтік желі»

-  «Балаңды дүниеге әкелген екенсің, оны баули да біл!» Ғабиден Мұстафин осы ұлағатты сөздің астарын қалай түсіндірер едіңіз? (аудиториямен байланыс)

- Сіз өз балаңызды неге баули алдым деп ойлайсыз?

- Сіз баулыған,үйреткен нәрсеге  балаңыздың  қаншалықты қызығушылығы бар?

Психолог сөзі:     Әрине әлеуметтік желінің зиянды жақтарымен қатар пайдасы да бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Интернеттің жеке - дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады.    Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн шығар.

  Ұрпағымызды экран тәрбиелеп жатқан уақытта, ата-ана мейірімділігіне қанбай жан дүниесі «рухани аш» балалар кімнен жылылық сезінеді. Әрине өзін қоршаған ортадан, қоғамнан іздейді. Ол дегеніңіз достары, көшедегі жолдастары, т.б. бой бермей еліктіретін алып күштер иесі. Мына суреттерге қарап не айтар едіңіз? слайд 9.

  Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Әрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның айтқандарын орындауға тырысады. Өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.

ІІ. Практикалық бөлім:

1.      «Уақыт және Кедергі» психологиялық тренинг. «Ана, әке қамқорымсың» ән орындалып тұрады.

Мақсаты: Отбасындағы кедергілерді жоюға психологиялық қолдау көрсету. Сенімділік,шынайылық, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Нұсқау: Ортаға үш –төрт адам шақырылады, олар бірі ана-әке , екіншісі бала, уақыт рөлінде болады.  Бала дүние есігін ашқанда тек анасымен қарым-қатынаста болады,ананың құшағында аяланады, жылылықты сезеді. Ешқандай кедергі жоқ. Уақыт өте келе бала мен ананың ортасында кедергілер пайда болады. Ол болу керек, себебі ол уақыт талабы, өмір заңдылығы. Қандай кедергілер болады? (аудиторияға сұрақ) Мысалы:(уақыт) екінші сәбидің дүниеге келуі, бала бақша, ананың жұмысы, достары, интернет, жарнама. Т.б. Кедергілер көбейеді, әрбір кедергі бір адам деп аламыз. Солай ойын жалғаса береді. Соңында ана баласын, бала анасын құшақтай алмайтындай, яғни қолы жетпейтіндей  кедергілер пайда болады.

Қорытынды: Осы кедергілерді ескере отырып, өмірде  шығу жолдарын қарастыру қажет.

-          Сіз  ойлаған  кедергіден  қалай құтылар едіңіз? Кімнің көмегі қажет деп ойлайсыз?

 

2.      «Үстел» психологиялық тренинг

Мақсаты: Отбасы ынтымақтастығын нығайту.

Нұсқау: Отбасы мүшелері толық сапқа тұрып, шеңбер жасап тұрады. Бірінші адам өзінен кейін бір адам үшінші адамның иығына екі қолын қояды. Солай жалғаса береді.Барлық ойыншы нұсқауды толық орындағанда, жүрелерінен отыруға белгі беріледі.

Нәтижесінде отбасы жарастығы мен татулығы, бірлігі,ынтымақтастығы бір-бірін қолдаудан көрінеді.

Қатысушылар ойымен бөлісу.

-          Жаттығу қиын болды ма?

-          Отбасында да осындай қиындықтар, ойыңыз жеткен жерге қолыңыз жетпейтін жағдайлар болады ма?

-          Оған  себеп не деп ойлайсыз?

3.«1000 шар» видео ролик көрсетіп ой бөлісу.

Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді 

                                                                                                                 Сенека Луций Анней

 

ІІІ- Қорытынды бөлім.  Рефлексия. «Құлып пен кілт»

Үлкен құлыпты  кішкентай кілт ашады. Әр құлыптың өзінің кілті болады. Ол кілт сіздің қолыңызда. Баланың жан дүниесін ашатын қандай кілт оны сіз білесіңіз.

Өз ойларыңызда балаларыңызға айта алмай, жеткізе алмай жүрген, яғни сізді толғандырып, балаларыңмен қарым-қатынасқа кедергі болып жүрген ойларыңызды мына кілттерге жазып, құлыпты ашайық. Сіздің ойыңыз (анонимно)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-ана, бала, қоршаған орта"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2018 1707
    • DOCX 455 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сисенгалиева Бимару Мендибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3491
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика и коррекция задержки речевого развития у детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 238 человек

Курс повышения квалификации

Психологическое развитие эмоционального интеллекта у детей

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 232 человека

Курс повышения квалификации

Основы спортивно-психологического консультирования

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов