Инфоурок Другое Другие методич. материалыАта-ана құндылығы ашық сабақ

Ата-ана құндылығы ашық сабақ

Скачать материал

«АТА-АНАҢ –АЛТЫН ТҰҒЫРЫҢ»

Өткізілетін мерзімі: 14.09.2015ж.

Өткізілетін орны: Акт залы

Қатысатын сыныптар: 8 «А,Б,В»

Мақсаты: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-         Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;

-         Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

-         Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

КӨРНЕКІЛІКТЕР:

Қанатты сөздер, жүрекшелер, плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар.

Ұйымдастыру:

1.      Кіріспе сөз.

2.      Ой-қозғау (Топпен жұмыс)

3.      Жағдаят шешу.

4.      «Сырымды айтсам» айдары бойынша пікірталас

5.      «Мерейлі отбасы», «Бақытты отбасы», тақырыптарына суретті коллаж құрастыру

6.      Жүректен-жүрекке

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ.

Баяу әуен ойнап тұрады.

Оқушылар әрқайсысы өзін таныстырады. (есімдерін атап, сын есім қосады)

1.      Кіріспе.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілікті күшейтуге тиіспіз. Ата-ана балаларына, ал балалар қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда – еліміз үшін алаңдамауға болады»-делінген. Бұл міндетті шешу үшін отбасылық тәрбиені жақсарту қажет. Отбасылық тәрбие-ұлттық тәрбие негізі. Ал ұлттық тәрбие көрген бала адамгершілігі мол, отбасы, Отаны үшін еңбек етіп, өмір сүретін азамат болары сөзсіз. Бүгінгі күні кіммен пікірлессеңіз де ел болашағы-балаларымыздың салауатты, сыпайы болып өскенін қалайтынын айтады.

Сондықтан болашағымыз баянды болсын десеңдер бүгінгі күні жұртшылықты алаңдатып жүрген жағдайлар жайлы да өз ойымызды ортаға салып отырайық.

Ой қозғау.

«Ана» туралы ән тыңдалады.

ОЙ ҚОЗҒАУ.

-         Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?

-         Өзгенің баласын өзінікіндей сүю кез келген ананың қолынан келе ме? Неліктен?

Батыр да бағлан да, көсем де шешен де, данышпан да ана парызын әке парызынан әлдеқайда жоғары қояды. «Анаңда көтеріп, Меккеге үш барып, үш келсең де перзенттік парызыңнан құтыла алмайсың» деудің өзі-«анаңа мәңгі бақи қарызсың» дегенді аңғартпай ма?

Әке-асқар тау,

Ана-ағып жатқан бұлақ,

Бала-жағадағы құрақ деген халық нақылын айта келе,

-         Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?

-         Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-аналарыңмен еркін бөлісе аласыз ба?

-         Анаң немесе әкең қай уақытта сендерге риза болады?

ЖАҒДАЯТ ШЕШУ.

1-жағдаят

Сыныпта оқитын көп балалардың тұрмысы өте жақсы. Не киемін, не ішемін демейді. Үйлерінде соңғы шыққан техниканың бәрі бар. Ал біз ше? Біз де әлі үй де жоқ. Пәтерден-пәтереге көшіп жүреміз.  Сабағым жақсы..., Бірақ өзімді олардың ортасында төмен сезінемін. Әңгімем де жараспайды.

2-жағдаят.

«Мен әкемді жек көремін. Көп ішеді. Ішкен кезде мамама да маған да тыныштық жоқ. Сабақты да жиі босатамын. Мұндай әкенің барынан жоғы».

3-жағдаят.

Ата-анасына телефон соққан бала (оның бүгін туған күні) құттықтау естудің орнына «ананы істеп қой, мынаны апарып бер» деген тапсырмалар алады. Өздерінің қолдары бос емес, қонаққа кететіндіктерін айтады. Ата-анасына ерегіскен бала үйіне дос баласын шақырады.

Осы жағдаяттар бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар.

 

«Әке арманы» әні орындалады.

 

«СЫРЫМДЫ АЙТСАМ»

«Сырымды айтсам» айдары бойынша өздеріңіздің бастарыңыздан кешкен тәрбиелік мәні бар отбасылық оқиғалармен бөлісуге болады.

СУРЕТТІ-КОЛЛАЖ

Ал енді «Бақытты отбасы», «Баланың басты тәлімгері-ата-ана», «Ата-анам - берік қорғаным» деген тақырыптарға суретті коллаж жасау тапсырылады.

 

ЖҮРЕКТЕН-ЖҮРЕККЕ

Жүректен-жүрекке кезеңінде оқушылар жүрекше стикерде бір-бірлеріне тілек жазады.

 

Қабуснамадан ей,перзентім, ойыңа тоқып алғын: ата-анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі баланың түп негізі-ата-ана болып табылады. «Ата-анамды не үшін құрметтеймін» дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де даяр тұрады... Сен соны білуің керек.

Егер әрбір перзант ақылды, дана болса, ата-анасының мейір-махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды... Ата-ананың міндеті-сендерді тәрбиелеу, өсіру және жақсылыққа үйрету. Ана мен әке алдында шыншыл бол. Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсат ризалығын ал.

Олай болса бүгінгі пікірлесуге белсене қатысып, өз ойларыңды ортаға салып, ата-ананы мейлінше сыйлап, құрметтеу өзіміздің парызымыз екендігін тағы бір мәрте тереңінен түсінгендей болдық.

Қорытынды сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектебімізде «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апталықта өзін-өзі тану пәнінен 8 «А,Б,В» сыныптарының оқушыларымен «Ата-ана алтын тұғырың» атты пікіртелес өтті.

Мақсаты: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-         Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;

-         Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

-         Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

Пікірталас Ой-қозғау (Топпен жұмыс), Жағдаят шешу, «Сырымды айтсам» айдары бойынша пікірталас, «Мерейлі отбасы», «Бақытты отбасы» тақырыптарына суретті коллаж құрастыру мен Жүректен-жүрекке кезеңдерінен тұрды.

Оқушылар үш топқа бөлініп әр кезең бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Жағдаят шешуде де өмірден мысалдар келтіріп, ата-ананың тәрбиесі мен отбасындағы сыйластықтың құндылығын ашып айтты. Әке мен ананың өз өмірлерінен алатын орны, олардың құрметі, бала тәрбиесі жайлы да пікірлесті. Суретті коллаж жасауда балалар Отбасы өздері үшін қандай маңызды орын алатынын, жақын адамдардың татулығы мен сыйластығын бейнелеп сипаттаған. Әке мен ана жайлы ән шырқалып, оқушылар бір-бірлеріне тілек айтты. Пікірлесу өте қызықты да өзекті болды, балалар өз отбасыларының үлгілі болатындай қарым-қатынасын, дәстүрлі әрекеттерін айтып, ой бөлісті. Оқушыларға осындай рухани-адамгершілік бағыттағы әңгімелесулер мен кездесулер өте қажет және жиі ұйымдастырылуы орынды.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-ана құндылығы ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 761 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.09.2015 2068
    • DOCX 545 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жетписбаева Самал Кашагановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жетписбаева Самал Кашагановна
    Жетписбаева Самал Кашагановна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3192
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе