Инфоурок Классному руководителю КонспектыАта-аналар жиналысы "Адам ұрпағымен мың жасайды"

Ата-аналар жиналысы "Адам ұрпағымен мың жасайды"

Скачать материал

«Адам ұрпағымен мың жасайды»

Кештің мақсаты:  ата-аналар  мен  сынып   жетекшісінің  және  оқушылардың  арасында  тығыз  байланыс қалыптастыру, оқушылардың  адамгершілік  қасиеттерін, сана-сезімін  дамыту. Ата-анасын  қадірлей  білуге, құрметтеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  сынып  оқушыларының фотоларынан презентация.

Барысы:

Мұғалім:

           Құрметті ата-аналар! «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп,оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді ? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде?

Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек?

           Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Адам ұрпағымен мың жасайды»атты кешімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

           Мен бүгінгі кешті Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.

Қипақтайды  қит етсе анаң,әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем,

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен

Ойым емес,оллаһи,біздікінің...

Енжарлығы елде жоқ алабөтен

Туа сала тұлпардың жалын тартқан;

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау

Болмаса да топ жарған дара бөтен.

Мүше тістеп мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?

....Үміт пенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен!

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап , «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың арманы  баласымен бірге жасайды екен.

            Алдымен мына экранға назар аударсақ.

            «Өмір-өзен» атты презентация жүреді.

            Құрметті ата-аналар ! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп елбасы Н.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелту   үшін бірігіп ат салысайық!

-Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Бала жақсы болса солардан,-деп Жүсіп Баласағұн  айтпақшы,  келесі кезекті балаларыңызға берейік .

1-жүргізуші:

   Ұлың  өсіп  ержетті  жігіт  болып,

   Қызың   өсіп  бой жетті үміт  болып.

             Мың   алғыс ата-анаға  біз  арнаймыз,

            Өнерлі  боп  өстік  біз  ақыл  толып.

           

2-жүргізуші:

            Жыр  арнап, ой  қозғаймыз  кең  көлемде, 

            Балаларың  бейім  ғой  әр  өнерге.

            Бас  иіп  ата-анаға  алғыс  айтып,

            Қосамыз  біз  сіздерді  енді  өлеңге.

            Баймолдина Сабинаның орындауында ән «Әсем қала  Астана». Қабыл алыңыздар.

Ән орындалады

1-жүргізуші:

             Сізсіз   әке-ең  ақылды,ең  шыншыл,

   Сізсіз  әке-ең  жақыным,ең  сыршыл.

   Шуақ  шашқан  қашанда  асыл  жүрегің,

   Қабыл  алғын   бала  жүрек     тілегің.

Тоқсанбаева Әсел «Әкеге арнау»  мәнерлеп оқу

Әкем біреу, анам да біреу менің,

Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.

Олар барда мереке көрген емен,

Қабақтарын шытқанын түнергенін.

Менің досым әкесін жек көреді,

«Бізбен  ісі жоқ оның »  деп сөгеді,

Жамандайды  сыртынан,  тістенеді,

Бір-біріне бітпейді  өкпелері.

Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,

Әке жалғыз,  табылмас  ақшаға да,

Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,

Жақсы әкесін бере ме басқа бала.

Әке – білек, саусағы – балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары,

Ана – тамыр, бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.

 

2-жүргізуші:

             Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

             Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

             Иықтан шашын, төгіліп жерге,

             Күмісті шашбау, жарасып белге  –демекші, ендігі кезекте қазақтың

«Қара Жорға»  биін қабыл алыңыздар.

Би. «Қара Жорға»

1-жүргізуші:  

             Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім

              Жанымды жадыратып күлдіретін

              Сендегі маған деген махабатты

              Нұр толы қос жанарың білідіретін.

              Бар ана туған елдің гүлі дер ем

              Анажан қайғың болса күңіренем

              Таусылмас тау суындай ақылың бар

              Сен барда менің әр бір күнім өлең.

Нұрекенова Мадина «Анаға  арнау»

Анам менің өзіңсің сүйенерім,

Жақса – жақсын өзгелер күйелерін.

Мейлі жансын өзгелер мейлі күйсін,

Мен бәрібір өзіңді сүйер едім.

 

Ыстық екен мейірімді сезімдерің,

Бір мен үшін, түндерде көз ілмедің.

Шыдадың еркелеген қылығыма,

Жан анашым сен қандай төзімді едің.

 

Жаныңды мен түсінемін, ұғамын,

Бұл өмірдің қиынына шыдадың.

Ақтаймын үмітіңді, арманыңды,

Болашақта адам болып шығамын.

2-жүргізуші:

               Дүниедегі ең кемеңгер дананы

               Ана табады, аялайды, бағады.

               Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

               Құрметтейік қасиетті ананы.-деп, қыздарымыздың келесі өнері өздеріңізге арналады.

 

Мукашева Аружан,Темірханова Аружан, Аяжан, Тоқсанбаева Әсел. Қобыз.

1-жүргізуші:

Бала деген адамның өмір гүлі
Бір марқайтар сәбидің көңілді үні
Қабағыңды, шыныңды білмейсің-ау
Апа сендей көрмедім өмірдіні

Апа сен қартаймайсың, қартаймайсың
Қартайдым деп ойлама, әр тайғасын
Ортамызда отырсаң бала болып
Әрдәйім дастарханың ортаймасын

Дауысыңда балаға жоқ қой ызғар
Тентектерің сонда де сені тындар
Жастығын да солар-ғой шаттығың да
Ойлашы апа бақытты сенен кім бар?

2-жүргізуші:

Азамат қуат алар ақ сүтіңнен

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең

Әжелік махаббатың кәусәр-бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. – деп, көңілді  балаларыңыздың өнері  өздеріңізге арналады. Қарсы алыңыздар.

8 «Ә» сыныбының ұлдарының орындауында  әзілдер.

1-жүргізуші:

          Сәулелі сөз сөне ме ?!

          Орны бөлек батаның.

          Бізге тәлім, өнеге-

          Ақ тілеуі атаның

2-жүргізуші: Сыныбымыздың орындауындағы жастар биін тамашалаңыздар.

Жастар биі.

1-жүргізуші:

Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,

Екі ортаға алтыннан жол салайық.

Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен

Рахмет айтып біздер де қоштасайық!

2-жүргізуші:

 Құрметті ата-аналар, ұстаздар!     

Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымыздың  атынан тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-аналар жиналысы "Адам ұрпағымен мың жасайды""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2016 1872
    • DOCX 20.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаяхметова Данара Бекболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8878
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 941 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 178 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе