Ата-аналар
жиналысы
«Отбасы
- тәрбие бастауы» атты дөңгелек үстел
Мақсаты:
ата-аналарды пікір айтуға ынталандыру, ортақ шешімді
анықтау, болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата-аналармен
бетпе-бет кездесе отырып, жас ұрпақ тәрбиесі туралы пікір алысу.
Барысы:
Кіріспе
сөз: Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының
бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып
қалыптасуында ата-ананың, сынып жетекшінің, мұғалімнің рөлі зор.
«Тәрбие
дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту»,
«Сезімді тәрбиелеу», яғни, баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық
әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу» деген сөз.
«Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету». Әр ата-ана өз перзентін
мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата салтын, ана тілін
қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата-аналық міндеті
деп түсінуі керек. «Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы
тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы Эпиктет.
І. Ой қозғау.
v «Балам
- менің болашағым» дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?
v Бала
деген кім?
Ата - аналар жауабы:
Бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, сүйенішіміз, өмірімнің жалғасы, асыраушым,
ізбасарым, мұрагерім, көмекшім, ақылшым, жанымның саясы, бақытты қарттығымыз,
қайғымыз, қасіретіміз.
Біздің өз ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай
болса, біз тәрбие үрдісінде баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын
қадағалауымыз керек. Жағымсыз мінез деген сөзге мән беріп көрейік.
v Қандай
жағымсыз қылықтарды балаңызға тілемейсіз?
Ата - аналар жауабы:
Еріншектік, сараңдық, жалқаулық, мақтаншақтық, ызақорлық, ашуланшақтық.
Біздің балаларымыздың адамгершілік,
моральдық бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде
ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала - өзінің болашағы екенін
ұғынатын әр ата-ана өз баласына көп көңіл бөлуі қажет. Әрбір баланың іс-әрекеті,
тәрбиесі отбасында ата-ананың жағымды өнегесінен қалыптасады. Сондықтан баланың
бас ұстазы - ата-ана.
ІІ. «Ел
боламын десең, бесігіңді түзе».
v
Қайтсек ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты
болады? (ата-аналар пікірі тыңдалады.)
Қорытынды:
Әр бала - дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала
көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі
болуы керек. Сонда ғана білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Пікірталасымызды ұлы Абайдың
сөзімен аяқтаймыз: «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен
қарым-қатынасы». Үнемі өмірде, қарым-қатынаста тату болыңыздар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.