Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ата-аналар жиналысы:"Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы - нәтижелі білім негізі" 11-сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ата-аналар жиналысы:"Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы - нәтижелі білім негізі" 11-сынып

библиотека
материалов

hello_html_m61738f1.gifЕңбек жалпы орта білім беретін мектебі

















Тексерген: Ж.М.Ақболатова

Өткізген: 11-сынып жетекшісі

Д.Б.Казиева









2015-2016 оқу жылы

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы – нәтижелі білім негізі

Мақсаты: баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, пән мұғалімдеріне қолдау көрсете отырып, баланың ҰБТ-ге дайындалуын қадағалау, жеңілдету;

Жоспар:

  1. Тренинг: «Есімдер аллитерациясы»

  2. Сиқырлы таяқша

  3. Ой толғаныс

  4. Жетелейді шәкіртін білім үшін

  5. Кездескенше

Қорытынды

Кіріспе сөз. Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі жиналысымыз сіздердің естеріңізде қалсын, жиналыс арқылы жандарыңызға жылулық ұялату мақсатында аздап болса да, жиналысымызды ерекше сипатта өткізсембе деген ниеттемін. Ол үшін маған сіздердің көмектеріңіз керек.Сіздер де уақытты жақсы өткізуге ат салысарсыздар деген ойдамын. Менімен келісесіздерме?

-Қуаныштымын

Олай болса, құрметті ата-аналар бір-бірімізбен танысып алсақ қайтеді?!Әрине бір ауылдан болғандықтан, бір-бірлеріңізді танисыздар.Дегенмен,бүгін бір-бірімізге бір сынып ата-аналары ретінде бір минуттан болса да, бір-бірімізге уақыт, көңіл бөліп көрелік.

  1. Тренинг: «Есімдер аллитерациясы»

Мақсаты: ата-аналарды бір-бірімен таныстыру, жақынырақ араластыру; Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып,және есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.

Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып, қошеметтеп қояды.

  • Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл күйде отырсыз?

Бүгінгі жиынымыздың әрбір кезеңін өздеріңізге арнап, бөлшек-бөлшекке бөлген болатынмын. Сол жоспармен,яғни бүгінгі күн тәртібіммен танысып өтсек. Экранға зер салайық.

«Сиқырлы таяқша»

Бұл ойында ата-анаға таяқша ұсынылады. «Сиқырлы таяқша» сұрақтар қояды.

  1. Балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?

  2. 11-сыныпқа көшу барысында балаңыздың бойынан қандай өзгеріс байқадыңыз?

  3. Балаңыздың алдағы жоспары қандай?

  4. Күнделікті сабаққа балаңыз қалай дайындалады,қадағалап отырасызба?

  5. Балаңыз есейіп келе жатыр, тәрбиелеуде қиындықтар кездесіп жатырма?

  6. Балаңыздың күн тәртібін білесізбе?

  7. Балаңыздың себепсіз сабақ қалдырған кезі болдыма?

Ой толғаныс

  1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы

  2. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек.

  3. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,

15 жастан асқан соң досыңдай сырлас

Ойларыңызға көп рахмет,құрметті ата-аналар! Біздің бүгінгі жиналысымызға бізбен сізден бөлек бір жұмбақ кейіпкеріміз келген болатын.Сол кісіге уақыт бөліп, тыңдасақ деймін.

Жұмбақ кейіпкер:

  • Мен бүгінгі таңда дипломсыз, жұмыссыз, әлі күнге дейін ата-анамның қолына қарап, солардың зейнетақысына күн көріп жүрген бір азаматпын. Тіпті өзімді азаматпын деп айтуға да қымсынамын. Кезінде мен де мектепте оқығам..Мұғалімдер бастауыш сыныптардан өзімді мақтаушы-еді. Менімен қоса құрдасым Мұратты да. Екеуміз бала кезден дос едік. Мұғалімдер, мені алғыр, ұшқыр ойлы дейтін. Мен мінезімнен тәкәппар,қырсық болатынмын. Жоғары сыныптарға келе, мұғалімдерімді менсінбеуім, олардың сабақтарына дайындалмай келетін болдым. Өзімді мұғалімдерден жоғары қоятынмын. Сөйтіп тәкәппарлықпен,өзімшілденіп жүріп ҰБТ-ға дайындыққа да бармайтынмын. Әке-шешемде ол ісімді құптағандай, үнсіз болды. Түптің түбіне келгенде, ҰБТ-ден дайындық кездерінде жинап жүрген баллдан да аз ұпай жинап, бармағымды тістедім. Ал сол дайындыққа үнемі барып жүрген, деңгейі меннен де төмен болған Мұрат болса, ҰБТ-ден жақсы нітиже көрсетті, кейін оқуға да түсті ...Өзім не өкінерімді, не біреуді кінәларымды білмейм. Мені әлі күнге дейін мазалайтын бір ой: «Мұрат қалайша жоғары ұпай жинады?».

  1. «Жетелейді шәкіртін білім үшін»

Дұрыс тәрбие- балаға өмір бойы азық. «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы – нәтижелі білім негізі» демекші бүгінгі таңда білімді нәтижелеп беретін ол – ҰБТ болып отыр. Құрметті,ата-аналар балаларымыздың ҰБТ-ң нәтижелері көңіл қуантарлық емес.

Экраннан оқушылардың ААБС қорытындыларына тоқталамын.

Мектеп директоры О.Р.Бижановқа сөз беріледі.

«Кездескенше». Ата-аналар жылы шырақты ала отырып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтып, келесі кездескенше қоштасады.

Қорытынды. Құрметті,ата-аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-501168

Похожие материалы