Инфоурок Другое КонспектыАта-аналарға арналған баяндама "Тәрбие толғауы"

Ата-аналарға арналған баяндама "Тәрбие толғауы"

Скачать материал

 

«Тәрбие толғауы»

          Біраз жасаған адам өмірде де, өз ісінде де ой-тәжірибе топтап, соған сүйеніп, үлкен бір тоқтамдарға келеді екен. Сондықтан өмір бойы бала оқытқан ұстаздың бала тәрбиесі туралы көптеген тұжырымдар жасауы табиғи болса керек. Ең алдымен нақты айтатын нәрсе - сабырлы ой еңбегіне бейім бала бар да, оған керісінше, тынымсыз қимыл-қарекетке бейім бала бар. Түбінде бұл екі бейімді бір-біріне қарсы қою қате пікір шығар, бірақ бұл балалардың мінез-құлқы тіптен басқаша екені анық. Ой-қиялға бейім баланың негізінен дене бітімі нәзіктеу, қимыл-қарекеті баяу, бос. Ал қарекетшең баланың негізінен дене бітімі бекем, қуатты, қол еңбегі мен спортқа бейім болады, бірақ ой еңбегіне жоқ. Бұл, мүмкін, адамның жаны мен тәнінің таразылануының белгісі шығар – бірінің қиындықта-рын екіншісі көтеріп кететін. Адам жан мен тәннің тепе-теңдігі емес пе, бірақ оған жету қиынның-қиыны. Жан мен тәннің тепе-теңдігі адамға нағыз бақыт сезімін береді, бірақ оған жету жолында адам жанын да, тәнін де терең тәрбиеден өткізуі тиіс болады. Бұл шығыстық философиялардың түп негізі. Сондықтан да, кез-келген баланың тәрбиесінде о бастан ескеретін негізгі мәселе – оның өз жаратылысын, яғни тәни және рухани бейімін неғұрлым ертерек анықтап, оқу-тәрбие ісін соған негіздей жүргізу. Мысалы, бала ой еңбегіне, яғни ой-қиял дүниесінде өмір сүруге бейім екен, оның ақыл-ой, қиял-парасатын барынша ұштап, осы қабілеттерінің барынша толық ашылуына жағдай жасау керек. Міне, осы бала болашағы ғылым-білімнен айрықша нәтиже бере алады. Әрине, дайындықтың ішіне оның тәни тәрбиесі де кіреді. Өйткені тән саулығы – жан саулығының алғы шарттарының бірі. «Тән саулығы» дегенде тек денсаулықты ғана емес, тәннің түрлі қимыл-әрекеттерге икемділігін, дүниедегі құбылыстарға сергектігін, сол құбылыстармен бірге қимылдай алатын еркіндігін де түсіну керек шығар. Тән ауру-сырқаудан таза, сергек те еркін және бақуат болмаса, сана-сезім де ұзаққа бармайтыны анық. Тән саулығы жанға жігер-қуат береді. Ал енді, бала тәни дүниеге, көзге көрініп тұрған кеңістік пен уақытта өмір сүруге, қимыл-қарекетке бейім екен, оның да осы бағыттағы өз бейімдерін барынша жетілдіріп, қабілет-дарынын дамыту қажет.  Міне, бұл істің өзегі – оның рухын, ақыл-парасатын дамыту. Рухсыз тән – тоғышар да тар маңдай, күнделікті күйбеңінен аспайтын жердің құрты. Міне, осы пайымдауларымызға сай, оқу-тәрбие ісі әрбір баламен түбегейлі жеке дара, өз бағдарымен жүргізілуі тиіс еді. Дарын деген солардың ішіндегі дарасы, бірегейі. Нағыз дарындардың сирек туылатыны бесенеден белгілі. Шын қасиет қонған бала жарқ етіп, өзі-ақ бір жерден шығары анық. Өз орнын табары хақ. «Асыл алмас, қап түбінде қалмас». Қуатты дарын баланың бар сана-сезімін, күш-қуатын «байлап» алып, өз жолына салады да тұрады. Ондай бала сондықтан да былайғы тірішілікке бейімсіздеу, өзінің ішкі дүниесімен өмір сүреді. Осы тұста оған да сүйеу, қолдау қажет. Дарынын мәпелеп, тірішіліктің кір-қоңынан, ыпласынан қорғаштап, баптайтын айрықша күтім керек. Әрине, ең алдымен, дарынына «жұқ» болар қуатты білім көзі, дарынды, ақылдас-сырлас ұстаз керек. Бабы келмесе, тұлпар да шаппайды. Дарынның жолы бөлек. Ал басқа балаларды қайтеміз? Басқа бала да әртүрлі. Әрбіріне өзіндік көзқарас, тіл, парық-пайыммен қарай білу керек. Айрықша дарын болмағанмен, көңілін тапса, алға тырмыса ұмтылып, ерекше еңбекқорлық пен табандылығының арқасында небір биіктерге шығар, жоғары қабілетті ұл-қыздарымыз аз емес. Бірақ олардың тағдыры көп мәселелерге

 

тікелей байланысты. Ең алдымен оларға тиянақты тәрбие қажет. Тәрбиесіз білім тұл. Тәрбиенің түп қазығы – отбасы. Ата-ана. Тегі. Бұл мәселенің маңызын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ең алдымен, әрбір балаға әке-шешеден, ал оларға ата-бабадан қанмен өткен ақыл-парасат, сана-сезім, түйсік деңгейі болады. Біреуде бұл өзекті қабілеттер жоғары, айқын болса, ал басқа біреуде төмен, бұлыңғыр. Мұны «тегіне тартты» дейді.  Әрине, бұл кесіп айтар әңгіме емес. Баланың бойынан әйтеуір соның бірінің қасиет-қарымы қалқып шығары анық. Сондықтан «тегіне тарттыдан» гөрі «жетесіне берсін» деген сөз әлдеқайда шындыққа сай келсе керек. Баланың қандай болып туылуы және қалыптасуы тікелей әке мен шешенің, яғни алдыңғы буынның биіктігіне тікелей байланысты. Әке-шеше отбасында қандай орта, қандай ауа қалыптастырса, бала сол ортаның шеңберінде, сол ауаны жұтып өседі. Мысалы, кейбір отбасында үлкендердің барлығы дерлік кәдімгі шаруамен – мал, егіншілік, сауда және т.с.с. шұғылданады, жұмысқа барып келеді, бүкіл әңгіме-дүкен де сол айналада. Мұндай отбасылардың балалары негізінен шаруаға бейім болып өседі.Ал жалпы оқу-білімнің тіпті «иісі» де жоқ, ол айналада тұщымды әңгіме де айтылмайды. Ата-ана көбіне білім мен мәдениетке құмартып, асығып тұрған жоқ. Ашығын айту керек және бұл сыр да емес – ауылда көбіне осындай отбасылар тірішілік етеді.Мұндай отбасында білім - өгей. Қалай ғана бұл үйдің балалары білімге ұмтыла алады, «білім» деген құдіреттің не екенін білмей өссе? Мұндай ортада дарыны асып туған баланың өзі дарынына азық таппай, білімге шөлдеп-сусап өседі. Ата-ана шын «Білім» дегеннің не екенін өздері де біле бермейді, сондықтан балаларына ол туралы жөн де сілтей алмайды.Ұстаздармен жиі сұхбаттас, ақылдас болыңыз, балаларыңыздың ішкі дүниесін, ішкі талабын білуге тырысыңыз, соған сай рухани азық беріңіз, кішкентайдан таза рухани азықпен тойынбаған бала ешқашан және ешнәрсеге көңілі толмайтын, ешбір қанағатсыз, ешкімнің және ешнәрсенің қадірін білмейтін тоғышар болып шығады. Міне, сондайлардан қазіргі надандар, қатігездер, парақорлар, қылмыскерлер, пасық байшыкештер пайда болуда. Әр баланы өз бейіміне сай кәсіпке баулыңыз, түрлі мамандықтар жөнінде балаларыңызбен күнделікті ақылдас-сұхбаттас болыңыз. Баланың бастауы отбасында екенін еш ұмытпаңыз. Бала отбасындағы басты тұлға. Оны тек «асырау» тіптен жеткіліксіз (кешіріңіз, қойды да асырайды ғой), оны адамшылық пен заманауи білім-мәдениет биігіне көтеруге талпынайық, Өркениет көшіне қосайық. Балаға отбасынан кейінгі «тәрбиеші» - сыртқы орта. Үйден және мектептен тыс орта баланы кішкентайынан өз құшағына ала жөнелуге дайын тұрған, теңіздей толқынданған бір алапат ағыс. Өмір даңғылы. Көше. Оның балаға, бала түгілі ересекке, ықпалы орасан. Отбасы тәрбиесімен өскен және көшеде еркін кезіп жетілген балаларды көзіңізге елестетіңіз, айырмасы жер мен көктей екенін бірден ішіңіз сезеді. Бір қарағанда көше баласы өмірге өте бейім, икемді көрінеді. Бірақ біраз әңгіме-сұхбат жасап, араласып көрсеңіз, оның санасының сол көше аумағынан шықпайтын саяз екенін, ешбір білім-мәдениеттен жұрдай, рухани жағынан жабайы  деңгейде қалғанын бірден-ақ білесіз. Дәл осы сәтте қиялымда күтімі жақсы, тәтті де ірі жемістерін адамдарға силайтын баудағы алма ағашы мен ащы да ұсақ өнімі жерге төгіліп таусылатын жабайы алманы елестетіп отырмын. Дұрыс, көше балаға адамдармен араласуды, жақсы мен жаманды ажыратуды біршама үйретеді, өмірге және өзіне шынайы көзқарас қалыптастырады. Бала ерте есейеді, қатаяды. Бірақ көше баланы тобыр деңгейінде ғана тәрбиелейді – «күшті жеңеді, қу озады, көптің ішінен бөлінбе, көп не істесе, соны істе, өзіңше ойланба, өзіңше істеме» және т.с.с. Көше баланың жекедаралығын, өзіндік мінезін өшіреді, сана-сезімін көше аумағымен шектеп, ақыл-парасаты тұрмыстық деңгейде қалып қояды. Қарасаң қимыл әрекеті, сөздері кісі сияқты, ал тереңдесең – пиғыл-көзқарасы, дүниетанымы «ойыншыққа таласқан» бөбектің деңгейінде. Мұндайды психологияда инфантилизм

 

дейді. Бұл қазіргі кездегі жастарымыздың психологиясындағы негізгі дерт дер едім –  отызында да есі кірмеген, үйленбеген, үйленсе, бір отбасын икемдей алмай, ажырасқан, рухани өте жұтаң, ешнәрсеге қызықпайтын нигилист жастарымыз көп. Осының бәрі, ең алдымен, көшенің тікелей әсері Бала неге көшеге шығып кетеді?!. Иә, отбасының және мектептің ықпалы төмендеген сәтте, баланы көше магниттей өзіне тартып ала қояды. Түбінде, отбасы мен көше бір-біріне қарсы қоятын дүниелер емес, бір таразының екі басы. Өмір таразысы. Баланы «үйде қамап отыр» деген сөз емес, көшеге де шығу керек. Тек, көшедегі тірішілікке баланың көзқарасы үйде қалыптасуы тиіс. Көшедегі ғана емес, отбасындағы не мектептегі де әрбір уақиға ата-ана мен бала арасында күнделікті сұхбат-талқыға түсіп, өз бағасын алып, айқындалып отыруы тиіс. Уақиға адамгершілік, қоғамдық тұрғыдан, ақыл-парасаттық және білім-мәдениеттік мазмұны жағынан жіктеліп, оның ақиқат мәнісі балаға ұғындырылып отыруы тиіс. Бала біртіндеп «жақсы» мен «жаманның» ақиқат ара жігін дұрыс ажыратуды үйренеді. Бірақ бұл жолы ол терең ақыл-парасаты мен біліміне сүйенеді. Көше еріккенде уақыт өлтіретін немесе ойнап келетін ортадан баланың мықты тәрбиешісіне, тәжірибе жинақтау алаңына айналады. Отбасының балаға ықпалы қалай төмендейді? Жоғарыда айтқандай, кейбір отбасында бәрі шаруабасты, тіпті, кейбір ата-ана не үйде жоқ, не түзде жоқ. Осы жүрістерін олар «бала-шағаның қамы» деп өздерін ақтағысы келеді. Ал баланың оқу-білім, мінез-құлық жағдайы, ішкі жан дүниесінің рухани талаптары ұмытылып, қараусыз қалады. Бір мезгіл отырып, түрлі мазмұнды кітап оқымаған соң, ата-анамен не басқамен салиқалы ой-пікірталас, сұхбаттар жасамаған соң, күнделікті де тиянақты білім нәрінен сусындамаған соң баланың ой-өрісі, ақыл-парасаты дамымайды, тұрмыстық деңгейден аспайды. Бала үйден таппағанын көшеден іздейді. Бірақ көше өз заңдарын ұсынады.Көшенің өмірі қалай қалыптасады? Оны да бөтен біреулер емес, өзіміз жасаймыз. Көше –  өмір алаңы. Оның ең басты ерекшелігі – қоғамның «жақсысы» мен «жаманын» ашық, яғни ақиқат бейнесін көрсетеді. Әрбір үйдің баласы ең алдымен көшеге өз отбасының бар тәшпіші мен мәселелерін дестелеп бірге ала шығады. Әке-шешеден жеген «таяғын», естіген былапыт сөзін, бейқасиет мінез-қылықтар мен ұрыс-керісті, отбасының материалдық және рухани жұтаң тұстарын, бәрін бала «тамағы сіңбеген, асқазаны бейжай» адамдай көшеге құсады. Мұндай көбейіп кетсе, көшенің тірішілігінен шынымен-ақ құсқың келеді. Көше бейқасиет, дөрекі де бұзақы, қулық-сұмдық ортасына айналады. Ал егер, материалдық та, рухани да хал-ахуалы жоғары, адамшылық-мәдени реңі кірген отбасылар көбейе түссе, көшенің де бет-бейнесі бірден өзгеріп, жадырап шыға келеді. Көше – қоғамдық-әлеуметтік барометр. Оған қара да, әлеуметтің ахуалын біле бер. Көшені жөндеу үшін әрбір отбасының ахуалын мәдениет пен өркениетке жеткізу қажет. Әрбір отбасыны бір-бір мемлекет десек, оның ішкі саясаты мен идеологиясын түбегейлі жолға қою қажет, бала тәрбиесі оның ең өзекті мәселесі болуы міндетті. Отбасы - келешек ұрпақ үшін. Міне, сонда ғана өз көшемізден өзіміз қорықпаймыз. «Өз көлеңкемізден өзіміз үрікпейміз».Келесі тәрбие баспалдағы – мектеп. Баланың отбасынан кейінгі үйі. Баланың бар өмір-тағдыры сеніп тапсырылған оқу-тәрбие ордасы.Ең қуанатыны – «баламды мектеп үлкен адам етіп шығарса, білімі мен мәдениеті қатарынан еш кем болмаса» деген үкілі үмітпен өмір сүретін, бауыр еті баласын мектепке сол үміт-арманымен қоса тапсыратын ата-аналар баршылық. Мектеп және мұғалімдермен жиі байланысып, тұрақты түрде баласының хал-ахуалы туралы ақыл-кеңес жасап тұратын, бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын ата-аналарды білемін

Бастауыш сынып мұғалімі  Жауыр Гүлбаршын Тынышбайқызы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-аналарға арналған баяндама "Тәрбие толғауы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 929 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 2403
    • DOCX 29.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жауыр Гүлбаршын Тынышбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жауыр Гүлбаршын Тынышбайқызы
    Жауыр Гүлбаршын Тынышбайқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15853
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой