Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ата-аналарға арналған коучинг. Тақырыбы: "Отан отбасынан басталады"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ата-аналарға арналған коучинг. Тақырыбы: "Отан отбасынан басталады"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Ата-анамен коучинг тақырыбы: «Отан-отбасынан басталады»

Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Мектеп ұжымы мен ата-аналрдың бірлескенн іс-әрекеті арқылы ынтымақтастық ортаны қалыптастыру, жаңашылдыққа ынталандыру.

Күтілетін нәтиже: Ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс нығаядды, мектеп өміріне деген қызығушылықтары арады.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.

Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.

Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.

Осындай формада мектеп психологымен бірлесіп өткізілген ата-аналар жиналысының үлгісін сіздермен өткізсек.

Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын… Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасу үшін топқа бөліну (каропкадан бір суреттен алу арқылы топқа бөлінеміз)

Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр

Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып

Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы, сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин

Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?

Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.

Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.


(Видео. Отан отбасынан басталады) Қос жазба күнделік әдісі.

Не таң қалдырды ?

Нелікен?





- (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)

3. Ой қозғау:

Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.

Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?

Балаңыздың шығармашылыққа деген ұмтылысы мен қабілетін қалай ашасыз?

Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

Балаңыздың өмірінде салаутты өмір салты қаншалықты маңызды деп түсінісіз?

Нәтижесі: Бүгіннен жарқын болашағыма не қажет?

Шульманның «үш көмекшісі» ілімі бойынша,

«Бас»-кәсіби түсінік

«Қол»- оқытудың тәжрибелік дағдылары

«Жүрек» - кәсіби-адамгершілік тұтастық

Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады!

Мақсат, Әрекет, Құрал, Уақыт, Нәтиже.

4. Аялы алақан (тренинг):

Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.

4 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)

Балаңызды қалай таныдыңыз?

Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?

Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?

Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

5. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді «Бессаусақ» кері байланыс арқылы көрсетейік.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.


Коуч: Кенесбаева А.А.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-501778

Похожие материалы