Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыАта-аналарға арналған психологиялық тренинг: "Шаттыққа толы жүрекпен"

Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг: "Шаттыққа толы жүрекпен"

Скачать материал

Ата - аналарға сауалнама

«Адамның қолымен жасалғанның бәрі әдемі» атты  педагогикалық кеңеске  дайындық мақсатында ( балаларға көркемдік - эстетикалық тәрбие беру және  балабақшада  сол үшін қолайлы жағдай туғызу)  ата – аналарға сауалнама ұсынылды. Мақсаты: Балалардың  кішкентай  кезінен бастап  бейнелеу  өнері  қызметі бойынша  шығармашылық  қабілеттерін  айқындау.

Ата-аналардың аты-жөні.________________________________________________________________

1. Сіздің  ойыңызша  балабақшада  балалардың   бейнелеу  өнері  қызметіне  көңіл аударыла  ма?: - күнделікті сабақтар  жүргізіледі______________________________________________________ - алдын-ала жұмыстар жүргізіледі_____________________________________________________ - жүйелі  түрде  жүргізілмейді________________________________________________________ - сабақ жүргізілмейді______________________________________________________________

2. Өзіңіздің  балаңызды  таныстырасыз  ба: -  өнер  туралы  шығармалармен (суреттер  репродукциясын қарау)________________________ - фольклор  түрімен (өлең-жырлар, тақпақ өлеңдер)__________________________

 3. Қалай  ойлайсыз,  балалардың   бейнелеу  өнерінде  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыруға  бола  ма ? Иә. Жоқ. _________________________________________________________

4.  Балаларды  кішкентай   кезінен бастап  бейнелеу  өнеріне  үйрету керек пе (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру) ?________________________________________________________________________

5. Бейнелеу өнерінің  кішкентай балаларға  тигізетін көмек  әсері: -  тіл дамытуға; -  елестетуді, қиялдауды  дамыту; -  ойын ойнау қызметіне; -   дене шынықтыруды  дамыту;(астын   сызу)

 6.  Балаңызға  сурет  салу үшін керекті   материалды  өздері таңдап  алуына  мүмкіндік бересіз  бе? Иә.  Жоқ.

 7.  Балаңыздың   бейнелеу  өнерімен айналысуына    қандай  материалды  қолдануға  бересіз?(астын сызу) - бояулар: гуашь, акварель,  түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, №18-20 қылқаламдар, ермексаз, балшық,ақ қағаз, сурет салуға арналған альбом, түрлі –түсті қағаз, түрлі-түсті картон;

8. Қалай ойлайсыз, балаға неше жастан  бастап  беруге  болады:

 - қарындаш – ? _____________________________________________________________

 -  бояу және қылқалам?______________________________________________________

9. Балаңыздың   қолымен жасаған, салған шығармашылық  жұмысын  бірге  талдап, қарайсыз ба?          Иә.   Жоқ

 10. Балаларыңыздың   балабақшадағы  бейнелеу  қызметі бойынша  өтілетін сабақтарына  қандай  тілектеріңіз бар?  Қысқаша  ашып  ойларыңызды  жазыңыздар.__________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала жанының әдемілігін түсін, Ана! (Тренинг)
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық тестілеу
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд , маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар, тесттер;


Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу

I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу.Тыныштық сәті. Әуен тыңдату.
II. Барысы:
1. Психологиялық ойын.
«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу.
Барлығы бір - бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының есімін шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау. Әркім өзін таныстырып, өзі жайлы бір - екі ауыз сөз айтып, онан соң оң жақтағы көршісі де солай жалғастырады. Қатысушылар түгел танысып болған соң, топтағы көңілі қалаған екі - үшеуіне ата - аналардың есімін ретімен атап шығу

- Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде болдыңыз?
Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бұдан былай үнемі бір-бірімізге қарап сөйлегенде есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайық
2. Топтастыру.
Ата - аналарды үш топқа бөлу. Әркім өзі қалаған жеміске барып отырады. Ата - аналарды тренинг ережесімен таныстыру.
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу

2. «Ми шабуылы»
1 топ.
1) «Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4 науқас жатыр.
1. Нәресте 6 айлық
2. Үйі жоқ бомж
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды бала. Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?

2 топ. Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздердің келесі әрекеттеріңіз қалай болмақ?
3 топ. Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі - өнеге көрсетесіз?
3. Ата - аналарға сауалнама тест тарату.
Сіз қандай ата - анасыз?
«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата - ана бола аламыз ба?» деген сауал төңірегінде ойланып көрдік пе?
Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді тексеруге болады

3. «Ән айтайық» жаттығуы
Балаларыңыз жақсы көретін әнді айтасыздар.
4. Шығармашылық жұмыс Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
Топқа тапсырма:
І топ. «Менің баламның жүрегі» Бұл жүрекке не керек?
ІІ топ. Өмірде сіздер үшін не маңызды?
ІІІ топ. Бала келешекте белгілі бір мамандық иесі болу үшін?
Плакатқа тапсырманы орындап, әр топ қорғайды.


Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана құдайдан перзент тілеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған. Содан кейін «Баламның табанына кірген шеңге менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр»,- деп құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау.
Өз кезінде Шал ақын былай деген екен:
Босағасын алтыннан соқсаң дағы
Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас
Әсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да - Ана. Ана жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе біл!

«Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.
«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.
Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?


5. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.
6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек - кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)
8. Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.
Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады
8. Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер
Сол бағдарламаның артында жүрекше, күн, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.
- Осы белгілер бойынша оқушыға,ата-анаға,мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады

 

1.  Балаңыздың көңіл - күйі - қандай?
А) Көңілді
Ә) Мазасыз
Б) көңіл - күйі төмен

2. Балаңыз қалай ұйықтайды?
А) тез ұйықтайды
б) тыныш
Г) тынымсызӘ) жай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.

 

1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?

а) оған айғайлайсыз;

ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;

б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;

в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;

г) желкесінен ұрасыз;

д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;

е) басқаша іс-әрекет жасаймын (қандай) ___________________________________________

2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?

а) жиі;

ә) сирек;

б) ешқашан;

в) айту қиын;

г) басқаша (қандай) ____________________________________________________________

3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге, ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:

а) тәрбиелеуге ұмтылу;

ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;

б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;

в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;

г) балам мені ренжіткенде;

д) ұрып-соғу үшін;

е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;

ж) түсіндіре алмаймын;

з) басқа себептер (қандай) _______________________________________________________

4. Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?

а) иә;

ә) жоқ;

б) ешқашан;

в) айту қиын;

г) басқа (қандай) _______________________________________________________________

5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?

_____________________________________________________________________________

6. Жазып көрсетіңіз:

Жасыңыз қаншада? ____________________________________________________________

Отбасыңызда неше бала бар? ____________________________________________________

Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________________________________

7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:

а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;

ә) үндемейтін;

б) желкемнен соғып қалатын;

в) ұрып-соғатын;

г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;

д) басқаша ____________________________________________________________________

8. Үйдегі мерекелерді, қуанышты сәттерді жазып көрсетіңіз: ______________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ата-ананың аты-жөні: __________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарға арналған сауалнама: "Сіз қандай ата-анасыз?"

Нұсқау: «Қазір сіздерге 13 сұрақ оқимын, сіздер бұл сұрақтарға «келісемін», «кейде ғана келісемін» немесе «келіспеймін» деген жауаптармен жауап беріңіздер»

1.     Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.     Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3.     Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.     Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.     Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.     Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.     Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8.     Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.     Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?

12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба?

13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

 

Жауабы:

1.     Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл

2.     Кейде ғана келісемін – 2 балл

3.     Келіспеймін -  1 балл

 

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг: "Шаттыққа толы жүрекпен""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 854 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 13670
    • DOCX 28.1 кбайт
    • 63 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дуйсембаева Гульден Батыкожаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17981
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретические основы детской и подростковой психиатрии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 104 человека

Курс профессиональной переподготовки

Детская психология: диагностика особенностей развития, психологическая помощь и психокоррекция

Психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 777 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 116 человек

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь при тревожных расстройствах

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 209 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 53 человека