Инфоурок Другое Рабочие программы"Ата-аналарға арналған тәрбие құпияларының негізі" дәріс сабақ

"Ата-аналарға арналған тәрбие құпияларының негізі" дәріс сабақ

Скачать материал

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ГИГИЕНАЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

ТӘРБИЕСІНІҢ КЕЙБІР ҚҰПИЯЛАРЫ

   Баланы ерте бастан денсаулықты сақтау мен күтуге дағдыландырудың өмірлік маңызы зор. Кішкентай кезінде бала неге әдеттенсе, сол әдетті өмір бойы өзімен бірге алып жүреді. Сүтпен сіңген, сүйекпен біткен қасиет бала мінез-құлқының негізін құрайды. Бала денсаулығын көзіңіздің қарашығындай аялау, көгорай шалғындай саялау- ата-аналық міндетіңіз. Бала денсаулығын сақтаудың ең басты жолдары- жеке бас тазалығын, күн тәртібін сақтау және дұрыс тамақтану. Бір қарағанда қарапайым, байырғы, бәрімізге белгілі қағида көрінгенімен, бала денсаулығының құпиялардың кілті де асыл тіні де осынау қарабайыр ережелерді сақтаумен тығыз байланысты. Алғаш денсаулықты сақтауды балаға тісін тазарту мен терісін күтуден бастаған дұрыс. Балаға қолын жууды үйретіп қана қоймай, неге және не үшін жуу керектігін де түсіндіріп айту абзал. Баланы қолын жууға әдеттендіруде этикалық тәрбиенің алар орны зор. Мәселең, «кір қолмен жүру ұят», «қап-қара қолмен қалай жүруге болады?»,  «кір қол қандай жаман» сияқты сөздерді қолдануға болады.

   Бала қашан да ересектерге  еліктегіш келеді. Баланы жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу кезінде де үлкендердің өздері алдымен үлгі көрсеткені нұр үстіне нұр. Біздер ата-аналар көбіне баланың тіс тазалығы мәселесіне баса мән бере бермейтініміз өкінішті болса да ақиқат. Тіс күтімсіздігі адамның барлық ішкі ауруларының қоздауына негіз болады. Тісті жуып қана қою аз, оны қатайтатын қальциймен «Д» дәрумені бар азық-түліктерді жеуі керек. Бала ағзасындағы кальцийге деген қажеттіліктің күнделікті мөлшері бір кесе сүт немесе айран ішумен және кем дегенде 20г ірімшікті құрайды. Біз бала тістерінің бұзылуын көбінесе тәтті мен шекерді көп тұтынғанынан көріп жатамыз. Шын мәнінде де солай ма? Әрине, бала тісінің бұзылу себептерінің ең басты конфетті мөлшерден тыс пайдаланумен байланысты. Балаға кешке ұйықтар алдында конфет-печенье сынды тәттілерді үзілді-кесілді беруге болмайды. Бала түнде аузын ашып ұйықтайды., таңдайдан дәм сезу бездері арқылы бөлінген ас қорыту сөлдері қозғалысқа түспейді, сондықтан ауыз қуысында қалып қойған қалдық тісті бүлдіреді әрі эмалін жояды. Міне. Осындай тіс шіріндісінің алдын алу үшін ұйықтар алдында балаға алма берген дұрыс. Алма қызыл иекті жұмсартып, тісті тазартады.

   Кейбір сәттерде балаларымыз жеке бас гигиенасының маңызын, ағзаға пайдасын жете білгенімен, соған әдеттенбегендіктен, қасақана ұмытып немесе жалқауланып жатады. Баланы жеке бет сүртетін орамал, жеке сабын мен тіс щеткасын сайлап, дағдыландырған жөн. Тіс сықпасын таңдағанда да ересектерге арналған емес, фторы аздау, балаларға арналған тіс сықпасын қолдану бала ағзасына теріс әсер етеді. Тіс пастасын таңдағанда да тісті тазартатынына, түрлі қосындылары бар емдік түріне де назар аудару керек. Балаға арналған тіс пастасын таңдау үшін тіс дәрігерінен кеңес алған да тиімді. Тіс ысқышы да дұрыс таңдау маңызды. Тіс ысқыштын сабының ұзындығы алақаннан аспайтындай және қысып ұстауға ыңғайлы болу керек.

   Адам ағзасының саулығы түрлі факторларға байланысты. Солардың бірі де бірегейі-тамақтану. Ерте заманда-ақ, адамзат дұрыс тамақтану өмірлерінің ұзақ болуына алғышарт екендігін білген. Бүгінгі таңда ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адам денсаулығының бұзылуы көбінесе, ағзадағы жеміс-жидектен алынатын витаминдердің жетіспеуі мен тамақтану тәртібінің сақталмауынан болады екен. Әр адамның жеміс-жидекке деген қажеттілік мөлшері күніне 500-700г құрайды. Тұтынар жеміс-жидектің бір ғана түрі емес, әр алуан түрін пайдалану да маңызды. 6-10жас аралығындағы балаларға міндетті түрде бірінші сұйық тамақты беру қажет. Баланы тамақты асықпай, мейілінше баппен жеуге дағдыландыру абзал.

   Баланың денсаулығының тағы бір кепілі-дұрыс ұйқы мен демалыс. Ата-ана баласының ұйқы мен денсаулығын қамтамасыз ету арқылы оның дені сау азамат болып өсуіне жағдай туғызады. Ұйқы мен демалысқа ішкі және сыртқы жағдайлар да әсер етуі мүмкін. Сыртқы бөгеттер- бөлменің тыншу болуы, жағымсыз иістер, көз қарықтыратын жарық түс т.б. Ішкі бөгеттер- баланы қалжырату, шаршату, көңіл-күйін бұзу, т.б. Бала ұйықтар алдында жарты сағат бұрын ойынды доғарып, жеке бас гигиенасыменайналасуы керек. Аяқ-қол жуу, тіс тазарту, т.б. Сондай-ақ, балаға ұйықтар алдында ұрсып, жекіруге мүлдем болмайды. Баланың ұйқысын бұзу деген сөз, оның тұтастай жүйке жүйесіне зақым келтірумен пара-пар.

6-7 жас аралығында баланың ұйқысының ұзақтығы -11сағат, ал 8-10 жас аралығындағы баланың ұйқысы 10 сағат уақыт мөлшерінде болғанда ғана толыққанды ұйқы деп санауға болады. Ұйқы адам ағзасын дамылдауына, сергуіне, босауына ықпал етіп қана қоймай, жұмысқа деген белсенділік қабілетін жоғарылатады. Жақсы демалыс пен толыққанды ұйқының сақталуы бала ағзасы шаршауының алдын алады.

   Бала үй тапсырмасын орындағанда немесе үстел басында отырғанда дұрыс отыру қалпын меңгеруге аса мән берген жөн. Дұрыс отырмау бала омыртқасының қисаюына алып келеді.

   Балаға теледидарды ұзақ, күні бойы қарауға әдеттендірмеген дұрыс. Аптасына 2-3 хабар көрудің өзі жеткілікті. Бала кішкентай кезінде сенгіш әрі тым әсерленгіш болатындықтан, мүмкіндігінше, қатыгездікке тәрбиелейтін, жан түршігерлік оқиғаларды баяндайтын фильмдерді көруден сақтандырыңыз.

   Кіші жасынан балаңызды күн тәртібін сақтауға және орындауға үйреткен жағдайда ғана, бала соған әдеттеніп, дағды алады. Баланың еске сақтау қабілеті төмен болса, соған бола ренжіп, жүйкесіне тиюдің қажеті жоқ. Еске сақтау қабілетінің бұлай болуының өзі бала ойлау жүйесінің , қоршаған ортаны қабылдау қасиетінің өзіндік ерекшелігі екендігін де естен шығармаңыз. Денсаулықты барынша сақтау керек. Баланы соған әдеттендіруге тек құрғақ кеңес, құнарсыз, құнсыз ақыл айтумен шектелмей, өздеріңіз бас болып үлгі көрсетіңіз нұр үстіні нұр болар еді дегім келеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ата-аналарға арналған тәрбие құпияларының негізі" дәріс сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2017 788
    • DOCX 49.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ашимова Дина Жалбыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ашимова Дина Жалбыровна
    Ашимова Дина Жалбыровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 55711
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой