Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАта-аналарға кеңес: "Ерке балалармен дұрыс қарым-қатынас".

Ата-аналарға кеңес: "Ерке балалармен дұрыс қарым-қатынас".

Скачать материал

    Ерке балалармен дұрыс қарым-қатынас жүргізу.

 

        Дүниеге келгеннен бастап бала ата-ана махаббатына зәру болады. Алайда оған артық қамқорлық көрсетіп, артық көңіл бөлінсе, болашақта ол мұны сізге қарсы пайдалануы мүмкін. Көз жасы оның ата-анасын өзіне қарату әдісі болып табылады. Оған ата-анасымен арадағы тығыз байланыс өте қажет.  Бірақ әрбір айқайына, көз жасына жүгіріп келіп, оның тілектерін орындай беруге де болмайды. Әйтпесе кейін өсе келе опық жеп қалуыңыз мүмкін.        

          Еркелік жүре келе қалыптасады. Кішкентайынан баланы еркелетіп яғни оған адамдар қарым қатынасы арасында белгілі бір тәртәптің болатынын, түсіндірместен, сенікі қашанда дұрыс деп өбектей беру балаға қашанда кері әсерін тигізеді. Әр баланың өз қалауы бар, өзіндік пікірін қалыптасуға келген бір тұлға.      Сондықтан оған мейіріммен махаббатты сіңіріп, тұлғалық болмысын құрметтей отырып ата-анаға көмегін тигізгені абзал. Балалық шақ қайта келмейді. Сондықтан бұл мезгілде ата-анаың алдында баланың еркелегені дұрыс. Десе де ата-аналр әр нәрсенің өзіндік мөлшері болуы тиіс екенін ұмытпағаны жөн. Соңғы уақытта мамандар балалар бұзықтығының кең етек алғанын байқаған. Сонымен қатар оның нақты себебін де анықтаған екен. Басты себеп бала ата-анасының қасында тым аз уақыт өткізуінде екен. Күндіз бақша мен бала күтушінің қасында болатын бала өзіне бөтен жанның қасында діл ата-анасының жанындағыдай еркін ұстай алмайды. Сағынысып көріскен ең жақын жандарына өзінің бар екенін, ерекше мейірімге бөленгісі келетінін өзінің қиқарлығымен, қыңырлығымен , еркелігімен, қала барді үйдегі бір затты бүлдірумен көрсеткісі келеді. Көп жағдайда жұмыстан шаршап келген ата-ана баланың мұндай « жан даусына» мән бере бермейді. Нәтижесінде бала өзіне мән бергізудің өзге амалдарын қарастыруы мүмкін. Айтса сөз ұқпайтын, айтқаннан қайтпайтын қасиет осындай келенсіз жайттардан пайда болады                                                            

          Балалар ересектердің назарын өзіне аударту үшін қолданатын әдістері өте көп. Мысалы, бала қыңырланып, жанына келуіңізді талап етеді немесе өзі қоса алса да жарықты сізге қостырады, киімін кигіздіріп, түймелетеді. Әдетте, ата-аналар оған мынандай сөздермен әсер еткісі келеді «ыңылдай бермей, доғар енді!», «егер бұл әдетіңді қоймасаң, мен сені бөлмеге қамап қоям», т.б. бірақ мұндай қорқытулар мен ұрыстар ешқандай нәтиже бермейді. Біраз уақыттан соң бала әдетін бәрібір қайталайды.

         Көптеген ата-аналар балалармен әңгімелесуге, оларды тәрбиелеуге уақыттарының жетпейтіндіктерін айтып жатады. Бірақ ең бастысы – қанша уақыт жіберетіндігіңзде емес, сол уақытты қалай пайдаланатыныңзда. Өзіңізде бар мүмкіндіктің барлығын қолдану керек: әр түрлі кештер, демалыстар т.б. ұйымдастырыңыз. Тосын сыйлар жасаңыз. Қымбат немесе дүркіретіп тойлатудың қажеті жоқ. Театрға баруға болады. Немесе қала сыртына демалысқа шығыңыз. Үй шаруасын тастамай-ақ, оларды орындау барысында баламен байланыс жасауға да болады. Тек балаға назар аударыңыз, онымен сөйлесіңіз, әңгімесін тыңдаңыз, бұдан ол өзін бақытты сезінеді.

      Кейде бала өзі ұнататын нәрсені орындауына ата-анасы тыйым салса, мінез көрсетіп жылайды. Сіздің тарапыңыздан жасалатын тиымдардың себебі алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тәттіні көп жегеннен диатез пайда болады, дәрігер біраз уақытқа тәттіден бас тартуын талап етеді. Бірақ мұны кішкентай балаға қалай түсіндіресің?  Немесе сіздің әр бір рұқсат берген әрекетіңізден бала бұзақы, тентек болғанын байқадыңыз, сізді мүлдем тыңдамайды. Балаға «болады» және «болмайды» дене сөзді түсіну қиын. Сол себепті оның мағынасын түсіндіріп беруіңіз қажет. Дамуының әр кезеңәндегі бала психикасының ерекелігін ұмытпаңыз.

      Үш жасқа қарай бала айналасымен танысуға құмар болады.  Енді ол отбасының толыққанды мүшесі болуға тырысады. Барлық үй шаруасына қатысып, көмектесіп, өзінің есейгенін білдіркісі келеді. Бұл кезеңде кейбір ата-аналар не істерлерін білмейді.

     Мен бір отбасын танимын. Онда әлемді «балалардыкі» , «үлкендердікі» деп екіге бөлген. Ата-анасы баласына жеке бөлме бөліп, басқа бөлмелерге кіруіне тиыйм салған, мысалы, ас үйге. Бұл тәрбиелеу мақсатында ойласытырылмаған, тек ата-анасы оның өмірінің қауіпсіздігін қамтамасз еткісі келді. Баланың үстіне қайнаған су төгіледі, теледидар экранының сәулесі денсаулығына зиянды деп ойлайтын. Олар оған тіпті жүгіруге тиыйм салатын. Өйткені құлап қалып, бір жерін ауыртып алады деп зәрелері қалмайтын. Бірақ  қызыққұмар бала бұған көндіге алмай, ата-анасының назары басқа нәрсеге ауған кезде тиым салған орындарға баруға тырысатын. Бірақ әкем мен анам байқап қалмасын деп жылдам қимылдаитын. Ақырында бірдеңе құлап, сынып, жарылатын. Ата-анасы енді оның назарын тәттілер арқылы аулай бастады. Тиым салынған нәрсеге қызығушылығы ояна бастаса, бірден кәмпит беретін. Бала бұған әдеттеніп алып, мұндай әрекеттерді жиі және әдейі жасауға тырысатын. Бұрынғыдан да қатты жылап, айқайлайтын. Бұл-дұрыс емес, әрине. Бала үлкендердің әлеміне енгісі келіп, олардың барлық әрекетін қайталауға тырысады. Үй шаруасында сізге көмекші болсын. Бірақ барлығын ойын түрінде орнатыңыз. Кір жуып жатсаңыз оған да кішкентай леген беріп, өзінің шұлығын жуғызыңыз. Ас үйде тамақ жаярлап жатсаңыз ол да соны істеп, өзінің ойыншықтарын тамақтандырсын. Үй шаруасын бірігіп орындаудың бірнеше оң нәтижиелері бар: біріншіден, бала үнемі сіздің жаныңызда, көз алдыңызда жүреді, екіншіден, кейбір заттардың не үшін қажет, қайсысы қауіпті, пайдалы екенін балаға түсіндіріп беруге мүмкіндігіңіз бар.

       Сіз бала әлі кішкентай, ештеңе түсінбейді деп ойлайсыз. Бірақ қателесесіз. Ол бәріен де түсінеді. Ал еркілігі мен қыңырлығы – сіздің әрекетіңізді тексерудің өзіндік амалы. Мұндай жағдайда сіз берік, шыдамды болуыңыз қажет. Баланы шамалы уақытқа оңаша қалдырып көріңіз, ол өзінің қателескенін түсініп, тәртібін өзгертеді.   

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-аналарға кеңес: "Ерке балалармен дұрыс қарым-қатынас"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 078 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 1504
    • DOCX 15.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразбаева Акерке Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оразбаева Акерке Канатовна
    Оразбаева Акерке Канатовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18972
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 619 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация дополнительного образования детей в условиях дошкольной образовательной организации

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование физкультурно-образовательной среды дошкольной организации в соответствии с ФГОС ДО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе