Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Ата-аналарды педагогикалық сауаттандыру "

"Ата-аналарды педагогикалық сауаттандыру "



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ата-аналарды педагогикалық сауаттандыру



Балабақша ата-аналар алғаш байланыс орнататын және олардың жүйелі түрде педагогикалық сауаттануы басталатын тәрбие мекемесі.

Бұл кезеңде педагогтың отбасыларымен жұмыс істеуінде ұйымдастырушылық және кәсіби-тұлғалық себептермен байланысты қиындықтар туындайды.

Қиындықтар себебін талдау отбасымен өзара әрекеттесу кезінде тәрбиешіге көмек көрсету бойынша мақсатты әдістемелік жұмысты жүзеге асыру қажеттілігін көрсетеді.

Ата-аналармен жұмыс нысандары:

  • ақыл кеңестер;

  • семинарлар;

  • педагогтық кеңестер;

  • кездесулер мен сұхбаттар.

Оқу жылы ағымында тәрбиешілер күн сайын отбасымен жұмысты жоспарлайды:

  • балалар- ата-аналар арақатынасы сипатын және ата-аналармен кездесу және қоштасу сәттеріндегі балалардың мінез-құлқы ерекшелектерін бақылау;

  • баланың дербес дамуын талқылау жөніндегі ата-аналармен жоспарлы сұхбаттар;

  • балалар қызметінің әр түрлерін ата-аналардың қарап шығуы (сурет салу, қол еңбегі және т.б. жұмыстар);

  • оларды балалар қызметіне тарту: бірлескен шығармашылық жұмыстар, отбасылық газеттер, жобалау тұсаукесері;

  • бала бақшадан олардың күтуін зерделеу мақсатында сұраулар, сауалнамалар жүргізу.

Ата-аналармен жұмыс кезіндегі әдістемелік көмек ерекше және бірнеше кезеңнен тұрады:

  • диагностика;

  • жоспарлау;

  • бақылау.

Күн ағымында тәрбиенушілерінің өмір сүру қызметін ұйымдастыру цоклограммасында міндеттер көрсетіледі:

  • баланың дамуын кешенді сүйемелдеу;

  • мектеп жасына дейінгі баланың жетістіктері мен проблемаларын ескере отырып, отбасына ұсынымдырдың тура бағытталуын қамтамасыз ету;

  • түрлі бағыттарда баланың дамуы туралы ата-аналарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • баланың тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде отбасының педагогикалық мәдениетін арттыру;

  • отбасылық тәрбие тәжерибесін зерделеу және жалпылау;

  • балабақша өміріне қатысуға ата-аналарды тарту.

Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін отбасымен өзара әрекеттесудің формальды, сонымен қатар бейформальды нысандары жоспарланады:

  • Ата-аналар бұрышына көрнекі ақпараттар кіреді: біздің сабақтар, балабақшадағы күн тәртібі, ата-аналарға арналған ережелер, құттықтаулар, алғыстар, балабақшадағы тәрбиеленуші қызметінің негізгі бағыттары бойынша әзерленген жарнамалық парақтар: «Сіздің балаңыздың достары», «Мен және менің отбасым», «Әустенулер» және т.б.

  • Ата-аналарға арналған ақыл-кеңестер жекелей, нақты баланың тәрбиелену және даму проблемасы бойынша, сонымен қатар ата-аналар тобымен де жүргізіледі.

  • Бірлескен шығармашылық көрмелері- ата-аналар және балалар орындаған жұмыстар, тақырыптық сипатта болады: «Күз кереметтері», «Қыс қызықтары» т.б.

  • Отбасылық газеттер шығару- отбасылық тәрбие тәжірибесі, мерекелерге арналған отбасылық фотоальбомдар көрсетіледі.

  • Бірлескен ертегі мерекелері.

  • Бірлескен науқандар ұйымдастыру: «Ең әдемі алаң»- балабақша аумағын абаттандыру, көгаландыру және жинастыру т.б.

  • «Педагогикалық шығармашылық апталығы» ата-аналармен сабақтарды, қосымша білім беру педагогтарының үйірмелік жұмысын қарау мақсатында жүргізіледі.

  • «Ашық есік күндері»- балабақшада өткізілетін барлық режимдік сәттерге ата-аналардың баруы (ас ішу, сабақтар, таңғы жаттығу, серуендер, ойын-сауықтар).

  • Жобалық қызмет.

  • Ата-аналар жиналысы тақырыптық сипатқа ие, балаларды тәрбиелеу және дамыту проблемаларына арналған. «Отбасылық қонақжай» нысанында өткізіледі. Кездесулер тақырыптамасы жыл басында жоспарланады.

  • Ата-аналар конференциясы- атқарылған жұмыстар туралы педагогикалық ұжымының өзіндік есеп беруі. Жылына екі рет: қазан және мамыр айларында өткізіледі.

  • Балабақша сайтының жұмысы: мектепке дейінгі ұйым жұмысы туралы ақпарат, ата-аналарға арналған кеңестер орналастырылады.



Әдістемелік кабинетте келесі бағыттар бойынша материалдар жүйелендіріледі:

  • Бала бақшаның және отбасының әрекеттесу ерекшелітерін айқындайтын нормативтік құжаттар, баланың құқығын туралы құжаттар.

  • Ата-аналармен жұмыс мазмұны, нысандары, әдістеріне қатысты тәрбиешілерге ұсынымдар.

  • Ата-аналармен араласу нысандары бойынша материалдарды жүйелендіру: көрнекілік-ақпараттық, отбасылық қонақжай сценарийлері, жекелей және топтық сұхбаттардың тақырыптамалары, сауалнама нұсқаулары.

  • Педагогтардың кәсіби икемін арттыру.

  • Ата-аналармен жұмыстың жылдық жоспары.

Әдістемелік жұмыс жүргізудің аяқтаушы кезеңі бақылау болып табылады. Ол оң динамиканы анықтай отырып, педагогтар мен ата-аналарға қайтадан сауалнама жүргізу ретінде өкізілу мүмкін.

Жүргізілген жұмыс көрсеткіші бөлінеді:

  • Ата-аналармен кездесулер мазмұнына педагогтардың қыхғушылық танытуы. Осындай іс-шараларға тыңғылықты дайындалу, кездесуді қызықты өткізуді қалау.

  • Тақырыптама мен кеңестердің мазмұны бойынша пікірсайыстардың, әдіскердің және педагогтардың шығармашылық тобымен ата-аналарға арналған ақпараттың пайда болуы.

  • Өздігінен білім алу қажеттілігі.

  • Ата-аналармен араласудың авторитарлық стилинен бас тарту.

  • «Топ жұмысы туралы пікірлер мен ұсыныстар» дәптерлерін жүргізу, онда ата-аналар тәрбиешілерге алғыс айтады, өздерінің ұсыныстарын енгізеді және оның алдағы жұмысын айқындайды.

Отбасымен өзара әрекеттесу жетістігі педагогтың түйсігімен, бастасымен және шыдамдылығымен, оның ата-аналармен араласуды кәсібиииииии түрде құра білуімен айқындалады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров148
Номер материала ДВ-333422
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх