1661015
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокДошкольное образованиеДругие методич. материалыАТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ, ЕСТИЯР ТОБЫ,

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ, ЕСТИЯР ТОБЫ,

библиотека
материалов

Коммуналдық мемлекеттіқ қазыналық кәсіпорын

9 «Радуга» бала бақша – гимназиясы

















Теориялық жинақтама

Ата-аналармен жұмыс

hello_html_72513a62.png









Ойыншықтардың шығу тарихы


Баланың ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген. Бізге белгіле ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған.

Өкінке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді.Ежелгі ойыншықтарды ағаштан,саздан,сүйектен және металдардан жасаған. Ежелгі славян халқында көтпеген жылдар бойы табиғат анаға құрбандық шалу рәсімі болған. Құрбандыққа тек әйелдерді шалған. Осындай азаптан әйелдерді құтқару үшін бір шебер адам құрбандыққа тірі әйелдің орнына қуыршақ шалуды ұсынады. Сөйтіп ең алғашы славян халқының қуыршағы осылай пайда болған.

Ойыншықтар қашан пайда болды? Болжамдар бойынша ойыншықтар алғашы адамдар дәуірінде пайда болды деуге де болады. Архелогтар қазба жұмыстары кезінде көне молалардан адамдармен бірге әр түрлі ойыншықтардың да жерленгені анықталды. Ежелгі грек балаларының сүйікті ойыншықтары ат бейнесі ағаштан,саз балшықтан жасалынған.

Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар адамдардың құдайларға сенуімен басталды. Киелі заттар баланың қолына түскесін,әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан жасалды. Біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырларда ежелгі гректер саз балшықтарды

күйдіріп жасалған. Сол заманда Сордис қаласы Персиға баратын скуда жолында орналасып, ойыншықтар орталығы атымен танымал болған қала. Ежелгі грек қыздары тұрмысқа шыққанша қуыршақтарымен ойнап, тұрмысқа шығу салтанатында Гера, Артемида және Афродита құдайларына қуыршақтарын сыйға тарттқан.












Ойыншықтардың сапасы

Қазіргі заманда балардың ойнайтын ойыншықтары сын көтермейді. Көптеген фирмалар ақша табу мақсатында ойыншықтардың сапасына мән бермейді.Техниканың дамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Педагог және психологтардың зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі ойыншықтар тек баланың денсаулығына зиян келтіріп қоймай,оның жүйкесіне де әсер етеді. Мысалы: Дүкен сөрелеріндегі толып тұрған неше түрлі құбыжық ойыншықтарды көресің. Бала түгел үлкен адам да ойыншықтарды қолға алуға қорқады. Осындай ойыншықтар дамып келе жатқан баланың санасын уламай ма,ойлау қабілетін тежемей ме?

Соңғы кездері әдемі қуыршақтардың бет-бейнесі де өзгерді. Оларды қазіргі замандағы мултфильм кейіпкерлері алмастырды. Бұрынғы Чебурашка, Буратина,Карлсон ойыншықтарының орнына Бетмон,Өрмекші адам,Шректер келді.Бұл ойыншықтар балалардың сүйіп көретін мультсериалдардың кейіпкерлері. Сонымен бірге қорқынышты гномдар, трольдар, мутанттар, пакемондар баланың санасын уламай ма?

Біздің елімізде ойыншық сатуда Қытай елінің ойыншықтары жаулап алды десек де болады, Өйткені олар арзан болғандықтан, барлық адамдар осындай ойыншықтар алады.Ал екіншіден ата-аналар балаларына алатын ойыншықтың сапасына көп көңіл аудармайды. Сапалы ойыншықтар әрине, қымбат тұрады. Қазақстанға ойыншықтар 30 жуық елдерден әкелінеді. Соның ішіндегі бірінші орында Қытай ойыншықтары. Өткен жылдың қортындысы бойынша біздің елімізге шет елдерден келген 180 мың ойыншықтардың гигеналық талаптарға сай жасалмағаны анықталды. Соның ішінде 93 мыңның 242 ойыншықтың түрі сауда айналымынан алынып тастады.

Бояуы тым қанық, алыстан «мен мұндалап» тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын эелменттері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал. 








Қазақ халқының ойыншықтары


Ойыншықтар ерте заманнан келе жатқан құрал. Ойыншықтар әр түрлі болады.Ойыншық баланың ой-өрісін дамытып ,қызығушылығын арттырады. Қазақ халқының ойыншықтары қазіргі уақытта ұлттық нақыштарымен байланысты. Мысалы: айта кететін болсақ ер бала мен қызбаланың ойыншықтары. Қыз бала қуыршақпен ойнаса, ұл балалар атпен ойнайды. Бұл ойыншықтардың мысалы қуыршақтар қазақ халқының балаларына ұлттық киімдерді көрсетеді Балалардың ұлттық киімдерді тануға көп ықпал жасайды. Ал енді ұлттық баспана ойыншығы -киіз үй. Ол біздің ата бабамыздың қасиетті ұлттық баспанысын насихат етеді. Ұлттық баспаның ішіндегі ұлттық бұйымдар Мысалы: сандық ойыншығы әжелеріміз ерте заманда құнды заттарын сақтаған Дөңгелек үстел- үстел үстіндегі ұлттық тағамдар,ұлттық ыдыс аяқтар туралы мәлімет алады. Осының барлығы қазақ халқының негізінен алғанда ұлттық ойыншықтардың тәрбиелік мәні зор. Ойыншықтың бала өмірінде алар маңызы ерекше. Баланың ойыншыққа деген қажеттілігі кішкентай күнінен қалыптасады.Әр түрлі ойыншықтапрды қолдану арқылы баланың таным қабілеттері артып ,ойлау қабілеттері дамиды. Ойыншықтың материалы неғұрлым қарапайым, солқылдақ болғаны жөн. Мұндай үлгідегі ойыншықтар баланы ешқашан жалықтырмайды. Мысалы, доп кубик, қуыршақ тәрізді ойыншықтар үнемі бүлдіршіннің қолынан түспейді. Егер ойыншықтың материалы ажарлы болса, ол соғұрлым бала мінезінің жақсы қалыптасуына, жаттығуына дағдыландырады. Және тағы да ескеретін жайт, кейде балалар жаңа сатып әперген ойыншықты сындырып, ішкі құрылысымен танысқанды жақсы көреді. Мұндай сәтте ашуланбаған жөн. Ойыншық балаға ұнаса, оны бірден бөлікке бөліп, ішкі құрылысына үңіледі., осылай бүлдіршін өз ойымен түзетуді, қайта құрастыруды үйренеді. Сәбидің жас ерекшеліктеріне қарай ойыншықтар да түрге бөлінеді. Сондықтан ойыншық сатып аларда бала талғамына, жасына қараған жөн.











Заманауй ойыншықтар



Йо-йо ойыншығы

Йо-йо әлемнің ең ежелгі ойыншықтарының ішінде 2-ші орынды алады, ал бірінші орын қуыршақтарға тиесілі. Йо-йо ойыншығын біздің эрамызға дейін ежелгі Грекияда ойлап тапқан. Ол өзара осьтері арқылы байланысқан екі дисктен тұрады, олардың ортасына арқан байланған.

«Монополия»

«Монополия» – ең танымал экономикалық ойындардың бірі, оны 1932 жылы еш жерде жұмыс істемейтін Чарльз Бэрроу ойлап тапқан. Буффалолық клубтың мүшелері су астында ойнау ұзақтығы бойынша абсолюттік рекорд орнатқан, ол 1080 сағатқа созылған. Рекорд 1983 жылы тіркелген.

Пүліш аю

Алғашқы пүліш аю 1894 жылы пайда болды. Бұл ақпарат оның табанына тігілген жапсырмамен расталады. Таңқаларлық жайт, алайда алғашқы пүліш аю әлі күнге дейін бір отбасында өмір сүріп келеді.



Микки маус

Ең қымбат кейіпкер – Микки Маус, ол 1939 жылы шығарылған. Бұл қуыршақ 1998 жылы бір аукционда 83,5 мың долларға сатылған. Сатылған мүсін Микки Маустың қазіргі бар түр-тұлғасынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Ойыншықтың қолдары ұзын, бет-әлпеті де басқаша және құлақтары да сол типтегі заманауи ойыншықтардағыдай емес, басқаша орналасқан.

Картоп бас

Ең алғашқы балалар ойыншығы – «Картоп бас», оның жарнамасы 1952 жылы теледидар арқылы көрсетілген. Бірінші жылы 4 миллионға жуық жиынтығын сатуға қол жеткізген.

Кубик Рубик

Кубик Рубикті Венгрияда мүсінші болып жұмыс істейтін Эрно Рубик ойлап шығарған. Әлемде осындай кубиктердің 300 миллионға жуығы сатылған. Егер олардың барлығы бір қатарға тізіп қоятын болсақ, онда олар Солтүстік полюстен Оңтүстік полюске дейін созылады екен.





Барби қуыршағы

Барби қуыршағын жасап шығарушы – Руд Хэндлер оны өз қызының құрметіне атаған, ал Кен атауы ұлының құрметіне қойылған.

Лего

Әлемдегі ең танымал құрастырушының ұйымы – Lego шамамен 320 миллиардтай тетіктерді сатылымға шығарған. Бұл дегеніміз, әрбір адамға 52 тетіктен келеді деген сөз. Әлемдегі ең ірі шина өндіруші – Lego компаниясы. Жыл сайын шамамен 120 миллиондай кішкентай шиналар шығарады.





Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени педагога-воспитателя с учетом требований ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование декоративно-прикладного искусства в работе с детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Личностное развитие дошкольника в социальной среде в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом»
Курс повышения квалификации «Организация в ДОО «Школы для родителей»: формирование психологической грамотности»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.