Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Ата-баба дәстүрі, ұрпаққа аманата".

"Ата-баба дәстүрі, ұрпаққа аманата".


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат».


Мақсаты:  Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

1.Даналық ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, салт-дәстүрлерді дәріптеуге, тәрбиеленушілердің өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәлім-тәрбие беру.


Міндеті: Атаның қасиетті сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын тәрбиеленушілерге ұғындыру.


Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, буфер.


Қазақстан  Республикасының -  әнұраны  орындалады.

Тәрбиеші  сөзі: Құрметті   қонақтар, көрермендер, ақ  жаулықты  аналар  мен  ақылгөй дана  қариялар!

Бүгінгі  ортаңғы «Өркен» тобының «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты  ашық  тәрбие  сағатына  қош  келдіңіздер!


Дүниеге келер бір рет, 
Дария кеуде, тау мүсін,
 
Құрыштан құйған құдірет,
 
Қарттарым аман – саумысың ?
 
- Армысыздар, ардақты аталар мен әжелер, қымбатты тәрбиешілер!
 
- Халқымыз «Қария – даналы қазынамыз», деп айтады; ал Ана- үйдің алтын қазығы, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің; Қария болса – ағып жатқан дариямен тең.
 
- Дана халқымыз «Қарты бар үйдің- қазынасы бар» дейді. Осылайша, қазақ халқы көнеден бері, қарияларын асыл қазынаға теңеп, қадір тұтқан. Бұл дәстүр ұмытылмай, бүгін де әр қазақ шаңырағы қартын құрметтеп отыр.
 
- Құрметті, тақиялы аталар мен ақ жаулықты апалар! 1-қазан Қарттар күніне ұйымдастырылған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
 

«Ауылыңның  маңында  төбе болса,  ерттеулі   тұрған  атпен тең. Ауылыңда  ақылгөй  қария  болса , жазып  қойған  хатпен  тең»  деген  екен  біздің  бабаларымыз. Иә, өткенімізді  осы  үлкендерсіз  елестету  мүмкін  емес. Біздің  бүгінгі  нұрлы  өміріміздің, алаңсыз  күлкі,  тәтті  ұйқымыздың  да  бейбіт   сақшысы  бола  білген,  самайларын  қырау  шалып,  жүздерін  уақыт  әжімі  торлаған  данагөй  қарияларымыз  бен ақ  жаулықты  әдемі  әжелеріміз  емес  пе?

Тақпақ:

Ардақты аталар мен әжелер! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп, ән жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы кішкентай немерелеріңіздің жаттап келген тақпақтарын тыңдап көріңздер: 

1.

Әжем  менің  әлі  де,

Ұқсамайды  кәріге.

Шай қайнатып  береді,

Қажет  болса  бәріне.

2.

Әжем  менің ақ  әжем,

Көп  жасаған,  жан  әжем,

Ауырғанда  мен  үшін,

Бір  сүйгені  дәрі әжем.

3.

Аппақ  күміс сақалды,

Жақсы  көрем  атамды.

4.Жансая;

Менің  әжем  бал  әжем,

Айтқан  сөзі  дәл  әжем.

5.

Балауса бал жырымды 
Әжетай Сізге арнадым.
 
Қасында сенің жүргенімде,
 
Басқаға алаң болмадым.
 
6.

Сыйлап сәлем беремін, 
Көрші атамды көргенде.
 
Ізетті боп білемін,
 
Үйге қонақ келгенде.
 
Әдепсіз деп сөкпесін,
 
Әжеме айтып өкпесін.
 

7.
Аймалайды күнім деп,
 
Мейрімді жүзі күлімдеп,
 
Тәтті – ақ дейді немере,
 
Бал шырындай үнің деп.
 

8.
Ата – үлкен кәріміз,
 
Қуат берер дәріміз.
 
Әулиедей аялап,
 
Ардақтаймыз бәріміз.
 
9.

Бойға қуат береді, 
«Әй, жарайсың» дегені.
 
Мен атамнан әр кезде, 
Соны естігім келеді.
 
10.

Ойнаймыз, күлеміз 
Жарқылдап жүреміз.
 
Ата – әжені сыйлаймыз,
 
Айтқанын тыңдаймыз.
 
11.

Әжем – асыл ардағым, 
Атам – дана қорғаным.
 
Мен-бақытты ұланмын,
 


12.

Көп жасаған қария- 
Ақылы теңіз дария.
 
Көп өнеге сөзі бар,
 
Сөзі соқпақ, сөзі- нәр.
 

13.

Әжем ұйықтар алдында

Ертегі айтып береді.

Еркелеп ойнап жатқанда

Ылғи ұйықтап қаламын.

14.

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!

15.

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.

Ән: «Қошақаным». Сарсенов Айбек.

1.Жазда  апамның  ауылына,

Барып едім  қыдырып.

Бір  қошақан  алдымнан,

Шыға келді  жүгіріп.

Қайырмасы;

Ақ  маңдайы  Ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім  оны  сағынып,

Қошақаным  қайда екен.


2.Анаң  кетті жайлауға,

Оны іздеп қайғырма.

Анаң  бізге  келеді,

Ақ сүтінен  береді.


Қайырмасы;

Ақ маңдайы  Ай  ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім  оны сағынып,

Қошақаным қайда екен.


«Ата көрген  оқ  жонар».

Сайыскер  қарттар   немерелерімен  бірге  келіп  мұндағы  мақал- мәтелдің бірінші  жолы  айтылады,  оны  сайыскер  қарт пен  немересі  жалғастыруы  керек.

1.Атадан  жақсы  ұл  туса,

Есіктегі басын  төрге  сүйрер.

Атадан  жаман  ұл  туса,

Төрдегі  басын  көрге  сүйрер.

2.Туған  жердей  жер  болмас,

Туған елдей   ел болмас.

3.Өзге  елде сұлтан  болғанша,

Өз  еліңде  ұлтан бол.

4.Білімдіден  шыққан сөз,

Талаптыға болсын  кез.

5.Заманың  түлкі боп қашса,

Сен тазы боп  шал.


Тәрбиеші сөзі: «Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Тәрбиеші сөзі: Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз. Келгендеріңізге зор алғысымызды білдіреміз! 

Тәрбиеші сөзі: Құттықттау  сөз  кезегін  балабақша әдіскері Г.У.Джанузакиеваға беріледі. Келесі сөз кезегі бүгінгі мерекеміздің иелері аталар мен әжелерге беріледі. Осымен  «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат»  атты  ашық  тәрбие   сағатымыз  аяқталды. Келгендеріңізге  көп   рахмет!




Автор
Дата добавления 09.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров39
Номер материала ДБ-247681
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх