Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «Атадан қалған –асыл мұра»тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

«Атадан қалған –асыл мұра»тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Меңдібай Қарашаш Андақұлқызы.Қызылорда облысы,Қазалы ауданы ,Ақтан батыр ауылы

Сабақтың тақырыбы: «Атадан қалған –асыл мұра»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға музыкалық аспап туралы түсінік беру, қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстыру және ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә)
дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, жылдамдыққа үйрете отырып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б)
тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

  2. Қазақ халық музыкалық аспаптары туралы мәлімет ( 8 минут)

  3. Сайыс шарттары

  • Ойымды тап (4 мин)

  • Жеті түрлі сұрақ, жеті нота (10)

  • Жүзден жүйрік (3 мин)

  1. Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар екі топқа бөліп сабаққа дайындау.      

Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған.

Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.   

Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады. Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады. Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады. Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап.

Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады. Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады.
    Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.

    Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі.
         Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.

      Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі.
     Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады.

  1. Ойымды тап (4 мин). Сайыс шарты: әр топтан бір оқушы шығыда. Қалған оқушылар слайдта көрсетілген суреттерді 1 мин ішінде ишара, ымдап тусіндіреді.

  2. Жеті түрлі сұрақ, жеті нота (10 мин). Сайыс шарттары: слайттарда жеті нота арқылы берілген ұяшықтар тұрады. Оқушылар кезек –кезек ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.

  • Домбыраның құрылымын ата: Басы, құлағы, пернелері, мойны, ішек, тиек, шайтан тиек, шанағы, беті, түймесі.

  • Саз аспабында күй шертетін адамды кім деп атайды? (Күйші)

  • Дауылпаз, дабыл қандай аспаптар тобына кіреді? (Ұрмалы аспаптар тобына)

  • Қазақ музыка аспаптарының түрлері: Ішекті, үрмелі , дабылды-шулы, сарнамалы

  • Қазба жұмыстары кезінде Отырардан табылған. Саздан жасалған үрмелі аспап.:Сыбызғы

  • «Отрар сазы» оркестрін кім құрған?: Нұрғиса Тілендиев

  • Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап.

  1. Жүзден жүйрік (3 мин). Сайыс шарттары: 1 мин ішінде он сұрақ оқылады. Сұраққа иә немесе жоқ деп қысқа жауап қайтарады. Сайысқа бір ғана оқушы қатысады.

1 –топ.

  1. Асатаяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап (иә)

  2. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты қуыс мойын, шіңкілдік деп аталатын түрлері де бар (иә)

  3. Дауылпаз үрлемелі аспаптар қатарына жатады. (жоқ)

  4. Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді (иә)

  5. . Қылқобыз – екі ішекті, үрлемелі аспап (жоқ)

  6. Сазсырнай аспабының пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасайды (иә)

  7. Музыкалық аспаптар 3 –ке бөлінеді (жоқ)

  8. Асатаяқтың ұзындығы -110-130 см (иә)

  9. Домбыра ағаштан ойылып немесе құралып жасалады (иә)

  10. Қобыздың үш, төрт ішекті «нар қобыз», «Жез қобыз» аталатын түрлері бар (иә)

2 –топ.

  1. Дауылпазды бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған (иә)

  2. Домбыраның пернелері әртүрлі (иә)

  3. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз».

  4. Шертер аспабының ішегі ешкі ішегінен жасалады (жоқ)

  5. Қазақтың ұлттық аспаптарының саны 20 –дан асады (иә)

  6. Сазсырнай жұмыртқа пішіндес, іші қуыс үрлемелі аспап (иә)

  7. Қазақ музыка аспаптарының 3 түрі бар (жоқ)

  8. Сырнай- парсы сөзінен “керней” – мүйіз, үрлейтін түтікше деген мағынаны білдіреді (иә)

  9. Дабылды-шулы аспаптарға: ауызсырнай, домбыра, қобыз (жоқ)

  10. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады (иә)

Қорытындылау және марапаттау












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров954
Номер материала ДВ-395927
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх