Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар».

«Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар».

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар».

Сабақтын мақсаты:

  • Әрбір оқушының өз әкелерінің қадірін түсіндіру;

  • Ер балаларға ердің өзіне сай қылықтарын толығынан түсіндіріп өту.

Көрнекіліктер:

Ер адамдар жайлы немесе әке жайлы жазылған мақал – мәтелдер, нақыл сөздер. Елін қорғауда тер төккен ағаларымыздың суреттері.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

    • Амандасу

    • Танысу

    • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  2. Кіріспе

    • Тақырыпты түсіндіру

    • Оқушылармен сұрақ жауап қайтаруын өткізу

    • Мақал- мәтелдермен жұмыс істеу

  3. Сабақты бекіту

  4. Сабақты қортындылау

  5. Оқушылармен қоштасу

Сабақ барысы:

Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатын өткізетін мен, Қоңырова Гүлзада Асықбайқызы. Оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз ер адамдарға байланысты, яғни «Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар» деп аталады. «Жігітке жеті өнер де аз» деп халықымыз бекер айтпаған. Өздеріңіз де білетін шығарсыздар және көріп жүрсіздер, отбасында әкенің рөлі ерекше орын алады. «Әке асқар тау» деп содан да айтылғаны. Жігіттік өнерімен елге танылған Ұлы отан соғысында өзінің болашақ ұрпақтарының еркіндігі үшін күресіп, жанын пида еткен қандастарымыз да өте көп. Біздің осындай жарқын өмірде бақытты өмір кешіп жүргеніміз осы аталарымыздың арқасында. Міне соны біз ердің ісі деп айтпасқа болмас.(Тақтада батырлардың суреті ілініп тұрады). Әсіресе, ер балалар сіздер болашақта әке болғанда оның сырын түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын. Дәл қазір жігіттікті біз сіздердің бойларыңыздан көрсек дейміз. Бірақ, алдымен тәрбиелік сағатымыздың тақырыбының мән-мағынасы неде екенін түсіндіріп кетейік. Қане, кім түсіндіремін дейді?

«Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар» деген сөздің мағынасы – ер бала дүниеге келгеннен бастап өскен шағына дейін әр нәрсенің орнын біліп, әр нәрсеге дұрыс көңілін бөліп, жақсылықтың не екенін ұға білсе, онда оның жақсы ұл болғаны. Ал сондай ары таза, ниетті адам болса ол қандай істі болмасын толығымен түсініп атқара алады

Осы мақалдың мәні түсінікті болуы үшін сіздерге жалғасын айтып жіберейін:

«Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар.

Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар ».

  • Жақсы, ал енді мына нақыл сөздерге назарымызды аударайық.

(Оқушылар тақтада ілініп тұрған нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріп кетеді).

  • Өте жақсы оқушылар. Енді сіздер барлықтарыңыз ер жігіт туралы немесе әке туралы 4 жол өлең шумақтарын құрастырыңыздар. әсіресе, ер балалар сіздер өздеріңіздің жігіттік өнерлеріңізді салып қалыңыздар.

  • Жақсы. Барлығымыз да өлеңді керемет құрайды екенбіз.

  • Енді мен осы ақындарға сұрақ қойғым келіп тұр. Соған қалай қарайсыздар?

(Сұрақ қойылады. Жауап бере алмаса, басқа оқушылардан сұраймын).

  • Дегенмен де сұрақ қойғаным жөн болар. Айтыңыздаршы, сіздер осы болашақта әке болған шақта қандай әке болар едім деп ойлайсыздар?Және ер адамдарға сай мінез құлықтарды сипаттап берсеңіз деймін. Жалпы, ер адам қандай болуы қажет? (Бірнеше оқушыдан осы сұрақтың жауабын сұрап, өздерінің пікірлерін біледік).

  • Рахмет жауаптарыңызға. Иә, біраз түсініктер де беріп кеттіңіздер.

  • Енді балалар сіздерге мен осы тақырыпқа байланысты мақал – мәтелдердің алдыңғы бір жолын оқимын, сіздер оның жауабын айтасыздар.

Мақал – мәтелдер

  1. Болатын жігіт епшіл,

Болмайтын жігіт кекшіл.

  1. Ердің екі сөйлегені өлгені.

  2. Ерді намыс,

Қоянды қамыс өлтіреді.

  1. Ер – елінде,

Гүл – жерінде.

  1. Сегіз қырлы,

Бір сырлы.

Балалар жаңағы өзім оқып кеткен мақалдардың ішінде «болатын жігіт епшіл, болмайтын жігіт кекшіл» деп кеткен едім. Осы бір мақалдың мағынасын сіздер қалай түсінесіздер?

  • Қане осы жайлы бізге тек ер балалар жауап берсінші. Солардың түсініктерін біз де естиік. (оқушылар орындарынан қол көтеріп жауап береді немесе өзіміз атап, жауап беруін сұраймыз).

  • Балалар барлықтарыңыз сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар, бірақ енді біз осы тәрбие сағатымызды аяқтамай тұрып, сіздерге арналған осы бүгінгі тақырыпқа байланысты «Әке аманаты» туралы өлеңді бір оқушыларымыз дайындап келген екен, соны барлығымыз қабыл алайық.

Әке аманаты.

Аттанарда алыс жолға,

Тапсырды әкем аманатын.

Серт етіп мен де алдым қолға,

Әкемнің берген «асыл затын»

Сұстандырған суық лебі,

Соғыс жылы , қыстын кезі,

Әкем сонда аймалап мені,

Азамат еткен мынау еді сөзі

«Тыңда , балам ,тыңда , күнім

Болуға жара қолқанат!

Кәрі анаң , сәби інің ,

Барлығы саған аманат!

Мен де сенің он жасында,

Атадан жетім қалғаным.

Аса ақылда болмасам да,

Аманатын алғаным .


Санамда сіңіп, сақталып,

Әкеңнін сөзі өлмеген.

Болғанша қашан ақталып,

Тұратын бел боп көлденең.

Талпын өмір шыңына,

Жетіп те мүмкін қаларсың!

Анаңның ауыр мұңына

Сергіткіш себеп боларсың!

Сен жас буын, жаңа тал,

Гүлің де өсіп шашырар .

Сарылып оқып, білім ал,

Сөнгенше сәулең асырар »


Деп жан әкем аттанып

Кетті қайта айналмай.

Тек сол сөзі жатталып,

Жүрегімде қалғандай.

Сабақты Баймуханова Айгүлдің өлең жолдарымен аяқтаймыз.

  • Құрметті оқушылар барлықтарыңызға сабаққа қатысқандарыңыз үшін үлкен рахметімді айтамын.Келесі кездескенше сау болыңыздар!



















Нақыл сөздер!

Алыс жол атты сынайды, Ауыр жол ерді сынайды.

* * *

Асылы едің асылдың,

Жасыны едің жасылдың.

* * *

Шырағым, ер жетесің,

Ер жетсең, сірә, не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің.

* * *

Еңбек етсең еріңбей,

Тояды қарның тіленбей.

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атаған ел сақтар.

* * *

Ердің ісі – келіс,

Ездің ісі – керіс.

* * *

Ердің сыншысы – ел.

* * *

Өжет адам өлімді жеңеді.

* * *

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер.

* * *

Жолдас қадірін жорықта білесің,

Дос қадірін соғыста білесің.

* * *

Ердің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.

* * *

Ерлік бірлікте емес, жүректе.

* * *

Еліңді сүйсен, ерлік істейсің.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-163375
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>