Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Аталар сөзі - асыл қазына" тәрбие сағаты ( 5 класс)

"Аталар сөзі - асыл қазына" тәрбие сағаты ( 5 класс)

Скачать материал

Ашық  тәрбие  сағаты

Тақырыбы: «Аталар  сөзі-асыл  қазына»

Мақсаты:
Оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық  жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дарыту, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағлұмат арқылы рухани байлығын, ұшқырлығы мен ойлау қабілеті дамыту, халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру.

Көрнекілігі: көрнекі жазылған қазақтың нақыл сөздері,  мақал-мәтелдер,  фличарт,  стикер,  маркер, АКТ


Жоспар:

І  Ұйымдастыру

ІІ Топқа  бөлу

ІІІ  Видео-ролик  көрсету, постер  қорғау

ІҮ  Мағұлмат  беру

Ү  Мақал-мәтел айту

ҮІ  Көрініс  «Ата  өсиеті»

ҮІІ  «Аталы  сөздер»  қанатты  сөздер  айту

ҮІІІ  Қортынды

 

І   - амандасу;  шаттық  шеңберін  құру (ыммен  бір-біріне  сыйлық  ұсыну)

 

ІІ  Оқушыларды  мақал – мәтелдер  арқылы   2  топқа  бөлу

 

ІІІ  Мұғалім:Қазақ  халқы  шешен,  ділмар,  жауынгер  халық  болған.  Олар  аттың  жалы,  түйенің  қомында  жүріп-ақ  ұлан-ғайыр  жерді  бізге  мұра  етіп  қалдырды.  Жерді  сақтап  қалу  ер  жүрек  батырлардың,  азулы  шешендердің  үлесінде  болды.  Ел  қадірін  білген  халқымыз  ел  ішінен  шыққан  тума  дарын  шешендерді,  ақылгөй  қарияларды  дәріптеген. Олардан  жас  балалар  өнеге  алған.  Бүгінгі  «аталар  сөзі асыл  қазына»  атты  тәрбие  сағатымызды  ашу  үшін Абай  мен  Ыбырай  бабаларымыздың сөздеріне  кезек  берейік.  Видео – роликтегі  Абай  дана  мен  ағартушы  Ыбырай  сөздерін  көрсету  арқылы  тақырыпты  өзектеу.  Роликті  көру  барысында  естігенін,  көргенін,  өз  ойына  түйгенін  ортаға  салады, сыни  тұрғыдан ойланады.  Аталы  сөздің  не  екенін  түсінеді.  Постер  қорғау  арқылы  бірлесе,  ынтымақтаса  жұмыс  жасайды.

 

ІҮ  Мағұлмат: Адам  баласы  өмір  көшінде  қандай  кезең,  қандай  заман,  қандай  кез  келсе  де,  ұрпақ  қамын,  оның  тәрбиесін  бір  сәтте де  ұмыт  қалдырған  емес.  Өйткені  әркім  өзі  өмірге  әкелген  ұрпағына  ғұмырының  жалғасы,  болашағы  ретінде  қарайды.  Тәрбие  -  адам  тағдырын  шешетін  ұлы  іс.  Халқымыз  ежелден  салт-  дәстүрін,  әдет -   ғұрпын,  тілін,  дінін,  өнеге-өсиетін  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  отырған.  Олай  болса  біз  де  өз  үлесімізді  қоса  отырып,  бабалар  қалдырған  өсиеттердің  мағыналарына  терең  ойлап,  сөз  маржандарының  теңізінде  жүріп  көрейік.  Ата  бабаларымыздан  бізге  жеткен  көптеген  ұлағатты  ғибырат  аларлық,  тамаша  өсиет  сөздері  өте  көп.

 

Ү   «Мақал-мәтел»                                    Ханның  ақылы  тағыда,

Әкенің  ақылы  жанында,

Ғалымның  ақылы  басында,

Ананың  ақылы  жасында,

Жігіттің  ақылы  жақсылығында,

Ақымақтың  ақылы  кім  көрінгеннің  қалтасында.

Күнделікті  өмірде  үлкен  адамдар  айтып  отыратын  мақал-мәтелдерін  біздер  білеміз  бе? Кәне,  кім  көп  біледі,  ортаға  салайық.

 

 

ҮІ  Көрініс  «ата  өсиеті» (1  жігіт,  3  қария)

Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!

Қариялар: Аманбысың, балам!

Қария   Балам,бақытты болу оңай ма?

Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты жанында

1 Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.

Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлең.

Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!

2  Қария:  Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?

Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.

2 Қария: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.

3 Қария: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.

3 Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.

Жігіт: Ой, қандай керемет сөздер!

1 Қария: Балам, достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

1 Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.

Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.

Жігіт: Рахмет,  сіздердің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын! Олай болса  бата  беріңіздер:

    Жігіт: Әумин!

2 Қария:


Ата сөзі дарып мол,

Ақ уызға арып бол,

Абылайдай алып бол,

Шоқан сынды жарық бол,

Абайға ұқсап милы бол,

Құрманғазыдай күйші бол,

Ақандайын сері бол,

Қажымұқандай ері бол,

Сәкен сынды сұңқар бол,

Бағың жанып әрдайым,

Жақсыларға жақын бол,

Атасызға ата бол,

Батасызға бата бол.

Арып-ашқан ғаріптің

Жел жағына жота бол,

Панасызға пана бол,

Кек сақтамас бала бол,

Дос сүйініп, қас сыйлар

Асу бермес дана бол!  Аумин!


ҮІІ  «Аталы  сөздер» қанатты  сөздер  айту. 

Мұғалім:  бүгінгі  тәрбие  сағатымызға  байланысты  сіздерге  үй  тапсырмасы  ретінде  ақылгөй- данышпандарымыздың,  ағартушыларымыздың,  ақын-жазушыларымыздың  даналық  сөздерін  жинақтап  келуге  берген  болатынмын. Қане  кім  дайындалып  келді?

ҮІІІ  Қортынды:

Оқушылар  біз  бүгін  ата-бабаның  мұра  болып  қалған  асыл  сөздерге  тоқталып  олардың  мән  мағынасына  тағы  бір  мәрте  саяқаттап  қайттық.

Енді, бүгінгі  тәрбие  сағатымыздан  не  түйдіңдер,  қысқаша  стикерге  түсіріп,  тақтадағы  адамзат  кемесіне  орната  қойыңыздар.

Суретке  түсінік:  теңіз – өмір,  желкенді  қайық -  адамзат.  Өмір  атты  теңізде аталар  айтқан  өсиетті  жадымызда  мәңгі  ұстап  еш  кедергісіз желкенді  қайықтай   жүзіп  өтейік.  Тәрбие  сағатымыз  аяқталды,  сау  болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Аталар сөзі - асыл қазына" тәрбие сағаты ( 5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 1457
    • DOCX 27.4 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Құлынтаева Наурызгүл Елдесбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3562
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека