Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / Аталар сөзі – тәрбие көзі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Аталар сөзі – тәрбие көзі

библиотека
материалов

Тақырыбы: Аталар сөзі – тәрбие көзі


Мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыруды, баланын бойына адамгершілік қасиет қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

Көрнекілік: нақыл сөздер

1.Көп жасаған қария 
2.
Ата –салты – ардақты,
Ақылы теңіз дария.

Әрбір сөзі салмақты.
Көп өнегі сөзі бар,

Сол сөздерді ұқпасан,
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.

Тістерсің бір күн бармақты.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты


Сабақтын барысы:


Біздің ата-бабамыздың артында қалған ғибратқа толы тамаша тәлім – тәрбие беретін өсиет сөздері өте көп. Бүгінгі жас ұрпақты осы қасиетті сөздермен таныстырып, оның мән мағынасын жете ұғындыру үлкендердің парызы. Алғыс, тілек айту – адамзаттың сыйластық қарым-қатынасының қалыптасқан тәртібі. Асыл қазынаның бірі – бата.
 

Бата кімдерге айтылады?

Жасөспірімдерге, елге, қарияларға, екі жасқа, зерделі азаматтарға, дастарханға, үй иелеріне, шаңыраққа беріледі.

-Бата - сөз өнерінің бір түрі. «Бата» арап сөзі – бір істің басталуы, ашылуы, кіріспесі дегенді білдіреді. Мұсылманның қасиетті кітабы «Құран» «Бата» деген сөзден, яғни «фатиха» сүресінен басталады. Ендігі әрбір ауылдың бата беру көрінісін тамашалайық. Әскерге шығарып салу батасы.


Әкесі Құдайберген: Қане,балалар! Ертірек аттанатын шағы болды. Әне, көлікте келіп қалды. Ал, балам, жолың болсын!Ата-анаңа хат жазып тұр.


Анасы Сымбат: Жорытқанда жолын болсын! Отанныңың абройлы азаматы бол!

Нұрбол қария: - Уай, уай, шіркіндер, тұра – тұрындар. Мен де Нұржанжанның маңдайынан сүйейін. Кәрі сүйегімді сүйретіп сол үшін келдім ғой. 

Әкесі Құдайберген: - Ал , Нұрбол атасы, балаңызға жол батасын беріңіз!

Нұрбол қария: 

О, Ерікжан, қарағым,

Жортқанда жол болсын.

Жолдасын қыдыр болсын,

Оң болсын, сапарын.

Молықсын дәмін, татарың.

Туған елдін тапсырған,

Парызын өте Отанның.

Барып, келіп жатыр ғой,

Өздеріндей жастар, қатарың.

Халықтың сүйген тірегі,

Сом темірдей білікті.

Арыстандай жүректі,

Ананның сүтін ақтай біл!

Ақ батаны берейін,

Бере гор деп тілекті Әумин.


Құрметті балалар міне халықымыздың әскерге шығарып салу батасын тындадық «жақсы сөз-жарым ырыс» демекші, жақсы іс-әрекетке жетелейтін жақсы сөз – жақсылықтын нысаны. Сондықтан жақсы сөзді айтумен қатар, оны өмірге қолданыумыз керек.

Баланың ерсі әрекеттеріне тыйым салу, тыйым сөздердің мән – мағынасын оның санасына жеткізе білу қажет. Тыйым сөзді бұлжатпай орындау да әдептіліктің белгісі.. Енді балалар қазір сіздерге тыйым сөздерді таратып берем сіздер өздерініздің ойларыңызды айтыңыздар.

Сымбат: Отқа су құйма, түкірме.(Себебі, кезінде ата-анамыз отқа табынған. От -өмір тіршілік көзі деп саналады)

Байлы: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.( Тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып, жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар)

Арман: Қазақ түнде мал, адам санамайды. (кемиді деп есептелген)

Бақыткүл: Пышықтың жүзін жалама, пышақты кезенбе ( қара пышақ ұзарады)

Жанар: Күді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады. Жағынды, белінді таянба, тізеңді құшақтама. (Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады).

Нұрбол: Бас киімді лақтырма, теппе.( басың ауырады).Итті теппе, итке су шашпа,( ит – жеті қазынаның бірі).

Құдайберген: Нанды шашпа, баспа.( Нан - өмір нәрі).

Саламат: Түнде өзенге суға түспе, су алуға барма. (су иесі Сүлеймен түнделетін су сұрағанды ұнаитпайды)

Саяжан: Туысыңа ит, пышық сыйлама (Араз болып қалуың мүмкі)

Бақдаулет: Құысқа үйден құр шықпа, тізеңді бүгіп, дәм ауыз тиіп шық.Жұма күні кір жума.)жұма мұсылман қайымның қасиетті күні)

Марат: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.(Адамға ажал шақыратын ырым)

Айдын: Бос бесікті тербетпе, (басы ауырады.

Рысбек: Дастарханды баспа , аттама.Таңертен міндетті түрде өз үйіннң оразанды аш.( Таңғы тамақ «тәңірден» деген)

Нұржан: Аяғынды көкке көтерме, жүреңнен отырма. Киімді желбегей жамылма. (Тек кемтар адам ғана солай жасайды).

Міне, балалар, сендер тәлім – тәрбие аларлықтай атадан қалған асыл сөз өте көп екен. Соңдықтан, үлкендердің әр сөзіне зер сала қарап, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе, үйдегі ата-әжелерінің, ата-аналарының әр сөзін ұғып, үлкендерден ақыл, өсиет үйреніңдер. Қазір алтын қазынамыз қараттар жайында Мұзафар Әлімбаев атамыздың мына бір өленімен тәрбие сағатымызды аяқтайық:

Атам –кітап, мен – дәптер,

Ақыл толы сөзінде.

Қызығамда әлбетте,

Көшірмеймін өзіме.

Еш дүкенде сатылмас,

Тегін кітап –атамыз.

Қанша оқысаң сарқылмас,

Өмір – кітап – атамыз.

Беттері ашық ұдайы,

Оқытылатын кітап әлі.

Сырын ашып ұдайы,

Тоқылатын кітап ол.

Автор
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров84
Номер материала ДБ-073730
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх