Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Аталар мұрасы - халық қазынасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Аталар мұрасы - халық қазынасы

библиотека
материалов

Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: аталы сөзден өнеге, үлгі алуға баулу.
б. Дамытушылығы: оқушыларды тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Жүру барысы:

Айтөре: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
Қарашаш: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Айтөре: Қазақтың даласы қандай кең байтақ болса, ғасырлық тәжірибелерінен жинаған өнеге-өсиет, дана сөздері де сондай ұшан-теңіз. Қарапайым ғана естілер сөздің түпкі мағынасы талдауға келгенде терең мәнге ие болады. Өмірдің мәнін ұғына біліп, ұрпағына сабақ болсын деп талай тағылымды сөздерін айтқан. 90 ауыз сөздің тобықтай түйіні деп ойлы сөзге ұйыған ата-бабамыздың сөзі түсінер жанға ақыл.

Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздері өте көп.
Қарашаш: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне 1 топқа сөз кезегін берейік.

Назерке: Қазақ халқы – шешен, ділмар, жауынгер халық болған. Олар аттың жалы, түйенің қомында жүріп-ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етін қалдырды. Жер болғанда қандай жер?! Жерді сақтап қалу ер жүрек батырлардың, азулы шешендердің үлесінде болды. Ел қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қарияларды дәріптеген. Олардан жас балалар өнеге алған.

Аэлита:Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сиған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ – дегендей сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілмес.


Тайман:

Сөзден тәтті нәрсе жоқ.

Сөзден ащы нәрсе жоқ.

Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.

Сөзден ауыр нәрсе жоқ.

Сөзді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.

 Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт.

Қай жерде, қай кезде сөйлейтініңді біл,- деген екен Бөлтірік  шешен.


Бекжан: Ақылдың көзіне айналған ғибрат аларлық аталы сөздерді айтып тауыса алмассын. Осындай сөздердің бірнешеуіне тоқталып өтейік.


Қайрат етер кезіңде жүк көтерер нардай бол,

Ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол! 
                                                      Бауыржан

Думан: Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; 
  Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. 
  Бай болып пайдаң тимесе, 
  Батыр болып найзаң тимесе, 
  Жұрттан алабөтен үйің күйсін! 
                                            Әйтеке би


Азамат: Ел қарамас сүйкімсіз, қабағы түскен сараңға,

        Тура жүр – атың қалады ертеңгі халық-жаранға.( Қашқари )

Назерке: Тәкаппарлықты тәңірі сүймес. ( Қорқыт )

Аэлита: Білмегенді сұрап үйренген – ғалым,

       Арланып сұрамаған – өзіне залым. (Науаи 

Тайман: «Ел болам десең, бесігіңді түзе».

Азамат: Міне, тәлім-тәрбие аларлықтай «Ақыл сөз, нақыл сөздер» өте көп екен. Ия, атадан балаға мұра болып келе жатқан, тәлім тәрбие аларлықтай аталы сөздер қаншама десеңші. Осы ұлағатты сөздердің мән мағынасына біреулер түсініп жадына түйсе, біреулер түсіне бермейді. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле білуіміз керек деп ойлаймыз.

Айтөре:: Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.

Қарашаш: «Домбыра» биі

Айтөре:

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.

Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Қарашаш:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты- дей отырып «Ата салтым-асыл қазынам» бөлімінде 2 топқа сөз кезегін береміз
.

Айсәуле: Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.

Бекзат:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті.

Бексұлтан:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.

Айкөркем:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

Али:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі.
Бексұлтан::
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Бекзат:
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

Айсәуле: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған


Ән «Қазақтың дәстүрлері ай»

 Қарашаш: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді  назарларыңызға ұсынамыз  Көрініс Келесі кезекте «Ескірмейтін есті сөз»

Жігіт:
Ата! Қол бастау қиын ба,
Жол бастау қиын ба,
Сөз бастау қиын ба?

Қарт:Е, балам!
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соныңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.

Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт: Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.

Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.

1 - жүргізуші::

Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ – деп ендеше «
Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.

Айсәуле: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.

Айкөркем: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.

Айсәуле: Айкөркем, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

Айкөркем: Байғазы берсең, көрсетем.

Айсәуле: Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.
Айкөркем: Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін,көрсетші.
Айсәуле: (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

Али: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.
Али:Айкөркем, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.
Бекзат: Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
Али: Егер, ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.

Бексұлтан: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

Бекзат: Айсәуле, бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?
Айсәуле: Бұл – Айкөркем. Жақын да көшіп келген көршіміз.
Бекзат: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Айкөркемді бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Айкөркеммен бірге. (Бәрі шығып кетеді.)
Би
Айтөре: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші.
Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас..

Қарашаш:.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз. Олай болса келесі «Аталар өсиеті» бөлімінде бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонақтарына «қош келдіңіздер»- дей отырып, сөз кезегін береміз.

Нәсіпті әже бата туралы айтып берсеңіз.


Айтөре: Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті..

Қарашаш: Бүгінгі шарамызға қатысып отырған қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлбану апайдан «Атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұрамыздың бірі – тіл туралы ой шертуіңізді сұраймыз.

Айтөре: Өз ойларыңызды ортаға салып, бойымызға сіңірерліктей жақсы ақыл тілек тілеп жатырсыздар. Рахмет.

Қарашаш: Ән «Ана»

Бейнеролик көрсетіледі.

Қарашаш: Балалар, бейнероликтен қандай тәлімдік ой түйдіңдер? Осы нақылға деген өмірлік көзқарстарың қандай?

Думан: Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі

Назерке: Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түйген.

Айкөркем: Береке түбі — бірлік,
Жеңіліс түбі — шерлік,
Жеңіс түбі — ерлік деген екен Майқы би

Тайман:: Күшті ұлт болуүшін - алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық
қажет.

Бексұлтан: Бірлігі күшті ел азбайды,
Пішуі кең көйлек тозбайды

Бекжан: Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады..

Айтөре: Ия, бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі.

Қарашаш: Біз осындай бейбіт және тату елде тұрып жатқанымызды мақтаныш тұтамыз. Өңірді мекендейтін халықтардың барлығына да тілін, салт-дәстүрін дамытуға, мәдениеті мен дінін ұстануға жағдай жасалып отыр. Мұның бәрі Елбасының көрегенді саясатының арқасы екенін түсінеміз.

Айтөре: О-о, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы.Санының аздығына қарамай шойын білекті, арыстан жүректі бабаларымыз «еңкеу-еңкеу жер салып, егеулі найза қолға алып» ұлан-ғайыр сары даласын сан ғасыр жаудан қорғап, бізге, мына саған, мұра етіп қалдырған.

Қарашаш: Ата-бабаның бұл мұрасы аз ба? Жоқ аз емес, көп дер едім. Көп болғанда да досың сүйсініп, дұшпаның күйінетіндей мол мұра, үлкен сыбаға.

Хор «Атамекен»

(шеңберге тұрамыз) Жүректен жүрекке Ата мұрасын сақтаймыз, дамытамыз»

Аталар сөзімен өсіп-өнген,

Бабалар бұлағынан нәр алған,

Даналар өсиетінен тәрбие алған,

Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: аталы сөзден өнеге, үлгі алуға баулу.
б. Дамытушылығы: оқушыларды тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Жүру барысы:

Айтөре: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
Қарашаш: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Айтөре: Қазақтың даласы қандай кең байтақ болса, ғасырлық тәжірибелерінен жинаған өнеге-өсиет, дана сөздері де сондай ұшан-теңіз. Қарапайым ғана естілер сөздің түпкі мағынасы талдауға келгенде терең мәнге ие болады. Өмірдің мәнін ұғына біліп, ұрпағына сабақ болсын деп талай тағылымды сөздерін айтқан. 90 ауыз сөздің тобықтай түйіні деп ойлы сөзге ұйыған ата-бабамыздың сөзі түсінер жанға ақыл.

Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздері өте көп.
Қарашаш: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне 1 топқа сөз кезегін берейік.

Назерке: Қазақ халқы – шешен, ділмар, жауынгер халық болған. Олар аттың жалы, түйенің қомында жүріп-ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етін қалдырды. Жер болғанда қандай жер?! Жерді сақтап қалу ер жүрек батырлардың, азулы шешендердің үлесінде болды. Ел қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қарияларды дәріптеген. Олардан жас балалар өнеге алған.

Аэлита:Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сиған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ – дегендей сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілмес.

 

Тайман:

Сөзден тәтті нәрсе жоқ.

Сөзден ащы нәрсе жоқ.

Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.

Сөзден ауыр нәрсе жоқ.

Сөзді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.

 Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт.

Қай жерде, қай кезде сөйлейтініңді біл,-  деген екен  Бөлтірік  шешен.

 

Бекжан: Ақылдың көзіне айналған ғибрат аларлық аталы сөздерді айтып тауыса алмассын. Осындай сөздердің бірнешеуіне тоқталып өтейік.

 

Қайрат етер кезіңде жүк көтерер нардай бол,

Ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол! 
                                                      Бауыржан

Думан: Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; 
  Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. 
  Бай болып пайдаң тимесе, 
  Батыр болып найзаң тимесе, 
  Жұрттан алабөтен үйің күйсін! 
                                            Әйтеке би

 

Азамат: Ел қарамас сүйкімсіз, қабағы түскен сараңға,

        Тура жүр – атың қалады ертеңгі халық-жаранға.( Қашқари )

Назерке: Тәкаппарлықты тәңірі сүймес. ( Қорқыт )

Аэлита: Білмегенді сұрап үйренген – ғалым,

       Арланып сұрамаған – өзіне залым. (Науаи 

Тайман: «Ел болам десең, бесігіңді түзе».

Азамат:   Міне,  тәлім-тәрбие аларлықтай «Ақыл сөз, нақыл сөздер» өте көп екен. Ия, атадан балаға мұра болып келе жатқан, тәлім тәрбие аларлықтай  аталы сөздер қаншама десеңші. Осы ұлағатты сөздердің мән мағынасына біреулер түсініп жадына түйсе, біреулер түсіне бермейді. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле білуіміз керек деп ойлаймыз.

Айтөре:: Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.

Қарашаш: «Домбыра» биі

Айтөре:

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.

Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Қарашаш:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты- дей отырып «Ата салтым-асыл қазынам» бөлімінде 2 топқа сөз кезегін береміз.

Айсәуле: Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.

Бекзат:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті.

Бексұлтан:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.

Айкөркем:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

Али:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі.
Бексұлтан::
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Бекзат:
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

Айсәуле:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған

 

Ән «Қазақтың дәстүрлері ай»

 Қарашаш:Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді  назарларыңызға ұсынамыз  Көрініс Келесі кезекте «Ескірмейтін есті сөз»

Жігіт:
Ата! Қол бастау қиын ба,
Жол бастау қиын ба,
Сөз бастау қиын ба?

Қарт:Е, балам!
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соныңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.

Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт: Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.

Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.

1 - жүргізуші::

Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ – деп ендеше «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.

Айсәуле: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.

Айкөркем: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.

Айсәуле: Айкөркем, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

Айкөркем: Байғазы берсең, көрсетем.

Айсәуле: Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.
Айкөркем: Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін,көрсетші.
Айсәуле: (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

Али: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.
Али:Айкөркем, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.
Бекзат: Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
Али: Егер, ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.

Бексұлтан: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

Бекзат: Айсәуле, бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?
Айсәуле: Бұл – Айкөркем. Жақын да көшіп келген көршіміз.
Бекзат:  Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Айкөркемді бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Айкөркеммен  бірге. (Бәрі шығып кетеді.)

Би
Айтөре
: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші.
Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас..

Қарашаш:.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз. Олай болса келесі «Аталар өсиеті» бөлімінде бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонақтарына «қош келдіңіздер»- дей отырып, сөз кезегін береміз.

Нәсіпті   әже бата туралы  айтып берсеңіз.

 

Айтөре: Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті..

Қарашаш: Бүгінгі шарамызға  қатысып отырған қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлбану апайдан  «Атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұрамыздың бірі – тіл туралы ой шертуіңізді сұраймыз.

 

Айтөре: Өз ойларыңызды ортаға салып, бойымызға сіңірерліктей жақсы ақыл тілек тілеп жатырсыздар. Рахмет.

Қарашаш: Ән «Ана»

Бейнеролик көрсетіледі.

Қарашаш: Балалар, бейнероликтен қандай тәлімдік ой түйдіңдер? Осы нақылға деген өмірлік көзқарстарың қандай?

Думан:  Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың,

Автор
Дата добавления 02.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1283
Номер материала 471962
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх