Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Атаның сөзі-ақылдың көзі" тәрбие сағаты 4 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Атаның сөзі-ақылдың көзі" тәрбие сағаты 4 класс

библиотека
материалов

Тақырыбы :Аталар сөзі- ақылдың көзі



Мақсаты: ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қарттардың кеңесіне құлақ түре отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылар өнерін шыңдау.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, үш бидің суреттері, мақал-мәтелдер, тиым сөзер.

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге ,

Құрметпенен біз.

ІІ.Кіріспе

1-жүргізуші

Достым, бүгінгі тәрбие сағаты ерекше сияқты, айналаңа қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонаққа келген ұлағатты ұстаздар мен жолдастарымның алдында бір түрлі қиналып тұрмын.

2-жүргізуші

Несіне қиналып тұрсың? Алдымен амандасайық. «Сөз атасы - сәлем» деген емес пе?

  1. жүргізуші

Армысыздар ұстаздар!

2-жүргізуші

Бармысыздар, балалар! Қош келдіңіздер.

1-жүргізуші

Бүгінгі өткізгелі отырған «Атаның сөзі – ақылдың көзі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

2-жүргізуші

Бүгінгі тәрбие сағатына келгендеріңізге тіпті ренжімейсіздер, ссебебі бүгін көптеген аталы сөздермен, ақылдың кені бабалар өсиетімен танысасыздар.

1-жүргізуші

Иә, туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ.

Ата сөзін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата салты ардақты

Әрбір сөзі салмақты

Сол сөздерді ұқпасаң.

Тістерсің бір күн бармақты.

Ең алдымен тәрбие сағатының жопарымен таныстырып өтейік

1.Ырым-тиымдарды білеміз бе?

2.Ескірмейтін есті сөз

3.Наақыл сөз- ақыл сөз

4.Шешендік сөздер

5.Алтын алма – бата ал

1-жүргізуші

Адамның сәні- өнер-білімі ақылы,

Жердің сәні- жеміс, өнім дақылы.

Сөздің сәні - өнегелі өткір нақылы.

Пікірдің сәні- ең пайдалы мақұлы- деп сөздің сәні мақал-мәтелдер мен тиым сөзер айтамыз

Кезекті оқушыларға берейік

1-оқушы

Отқа су құйма, түкірме.Себебі, кезінде ата-бабаларымыз отқа табынған.От өмір, тіршілік көзі саналған.





2-оқушы

Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

3-оқушы

Қазақ түнде мал, адам санамайды.Себебе, басың кемиді деп есептеген.

4- оқушы

Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе.Себебі, пышақ ұзарып кетеді.

Үйге қараай, үйді айналып жүгірме.

5-оқушы

Күлді., тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама, тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.

6-оқушы

Бас киімді лақтырма, теппе, басың ауырады.

Нанды шашпа, баспа, нан-өмір нәрі.

7-оқушы

Туысыңа ит, пышақ сыйлама.Себебі, араз болып қалуың мүмкін.

Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

8-оқушы

Үш күн айтта кір жууға , шаш, тырнақ алуға болмайды.

9- оқушы

Адамға ажал шақыратын мына ырымдар.Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатуға болмайды.

Мойынға бос арқан салмайды.Қамшының өрімін ұстап сабын жерге сүйретпейді.Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

10- оқушы

Міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып шық.Себебі « таңғы тамақ тәңірден» деген сөз бар.

11- оқушы

Дастарханға баспа, аттама.Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.

12- оқушы

Үлкенді сыйласаң, сені құдай сыйлайды.Үлкеннен алғыс алсаң, бақытты болсаң.Біреуге қиянат жасама, қиямет көресің.

Біреудің сыртынан ғибадат сөз айтпа.







hello_html_397834a1.jpghello_html_m4b547cbf.jpg













ІІ. Ескірмейтін сөз деп аталады.

1.Таппасаң сөзің жүйесін, отына өзің күйесің.

2.Ақылдының сөзі қысқа, көпке болар нұсқа.

3.Шешен сөз бастар, батыр қол бастар.

4.Қылыш жарасы бітеді, сөз жарасы бітпейді.

5.Жігіт жігіт - аспандағы жұлдыз,

Жақсы қыз жағадағы құндыз.

6.Ақылың ағаңда болсын, құндызың жағаңда болсын.

7.Өткір тіл дарын, ұзын тіл жауың.

8.Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

9.Ақыл сөз атқан оқтай жай кетпейді,

Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.

  1. жүргізуші

Аталы сөз кімге керек?

  1. жүргізуші

Аталы сөз ақындарға керек.

  1. жүргізуші

Жоқ, аталы сөз бәріне керек.Есіңде болсын, ақылдыға- аьталы сөз дана болу үшін керек, жақсыға- ақылды болу үшін керек.Өмірде аталы сөз ақылдыдан шығады.

2-жүргізуші.

Ақымаққа ақыл айтсаң мазақ қылады, ақылдыны мазақ қылсаң жалтақ болады.Өнер талантты қсіреді, өсек талантты өшіреді.Өмірде аталы сөз бәріне керек.Ата ақиқатты айтады, әке адалдықты айтады, ана жақсылықты айтады.

ІІІ –бөлім Нақыл сөз - ақыл сөз деп аталады.





  1. оқушы

Ей, тәкаппар дүние

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы.

2-оқушы

Сәулелі сөз сөне ме?

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім өнеге

Ақ тілеуі атаның.

3-оқушы

Атам менің әманда

Әдепті жан бол деген.

Атам сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем

4-оқушы

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

5-оқушы

Атам менің әманда

Әділетті бол деген.

Атам сөзі санамда,

Жүрем тура жолменен.

6-оқушы

Қалдыратын ұятқа

Жалған сөге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа

Тек шындықты көздеймін.

7- оқушы

Тегін кітап атамыз

Жаңарғанын сананың.

Ұмытады мұны кім?

Мұра тұттық біз бүгін.

ІҮ бөлім Шешендік сөздер.

  1. жүргізуші

Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық.Би шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған.Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпйтын, тура сөйлейтін нағыз шешен, әрі ақылгөй болған.

  1. жүргізуші

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл тас

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқыса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

1-оқушы

Жерден ауы не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?





  1. оқушы

Жерден ауыр дегенім- ақыл-білім,

Судан терең дегенім -оқу-ғылым.

Оттан ыстық дегенім- адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.

  1. оқушы

Не жетім?

Жаңбыр жаумаса - жер жетім.

Басшысы болмаса - ел жетім .

Ұқпасқа айтылған - сөз жетім.

  1. оқушы

Неде қасиет жоқ?

Бал болмаса ара қасиетсіз,

Жанбай қалған шала қасиетсіз,

Әдепсіз болса бала қасиетисіз,

Көк шықпаса жер қасиетсіз,

Ойсыз болса ер қасиетсіз,

Жылуы болмаса түбіт қасиетсіз,

Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.

  1. оқушы

Не қиын?

Арадан шыққан жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаса дер қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзіңе түскен өрт қиын.

Ү- бөлім

Көрініс.Алтын алма- бата ал деп аталады.Бата беру рәсімдерінен көрініс.

  1. жүргізуші

Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған.Қазақ тарихында сөздің орны ерекше.Бітпес даудың, бітуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған.Сондықта сөзден асқан құдірет те, күш те жоқ.

  1. жүргізуші

Суырып салма ақын, өткір сөзді шешен адамадар көп болған.Біздің халқымыз сөзді айта және тыңдай білген адамдарды ерекше құрметтеген.

  1. оқушы

Жақсы адам – елдің бас серкесіндей.

Жұғымды болар елдің еркесіндей.

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда

Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.

  1. оқушы

Жақсыға үлкен- кіші – бәрі жақсы.

Жасынан бірге өскен көкесіндей.

Жақын адам алысты жақсы етер

Беттескен екі таудың өркешіндей.

Хормен.Жаңғырғанын сананың

Ұмытады мұны кім?

Өсиетін атамның

Мұра тұттық біз бүгін - дей келе «Атаның сөзі - ақылдың көзі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Осы тәрбие сағатынан аз да болса ғибрат алсаңыздар біздер бақыттымыз.

Бата беріледі.



Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров526
Номер материала ДБ-030068
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх