Инфоурок География Другие методич. материалыАтажұрт интеллектуалдық ойын сайысы (8 класс)

Атажұрт интеллектуалдық ойын сайысы (8 класс)

Скачать материал

Тақырыбы: «Атажұрт» интеллектуалдық ойыны.

Мақсаты:

Оқушылардың өздерінің ата жұрты, мекені, отаны – Қазақстан туралы алған білімдерін сарапқа салып талдауға, өз елін, жерін қорғай білуге, табиғат байлықтарды көздің қарашығындай сақтауға және топтық жұмыс барысында ұйымшылдыққа, еркіндікке, ізденмпаздыққа баулу.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, экономикалық карталары, интерактивті тақта, видио ролик, суреттер.

Ойынның өткізілу барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

8 кластар бойынша 3 топқа бөлінеді. Әр топта 3 оқушыдан болады.

Ойын бағдарламасы бойынша 1-ші таныстыру кіріспе бөлімнен, негізгі бөлім 5 кезеңнен тұрады. Атап айтқанда: 

1. « Қанат қақты»

2. « Самғау»

3. « Өрлеу»

4. « Шарықтау»

5. «Жерұйық»

Қорытынды бөлімде жеңімпаз атанған топ «Жерұйық» деп аталатын кезеңге қатысады. Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік. Ал енді, 3 топтың топ басшылары бүгінгі ойынға қатысушы топ мүшелерімен таныстырады, кезекті анықтау үшін топ басшыларын ортаға шақырамын.  Үш топтың жан күйерлерімен ойын, өрлеу кезеңінде ойналады. 1-ші кезең «қанат қақты» ойын шарты бойынша әр топтың топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

8 «А» класс тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар

1. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы қалай аталады, шыңды ашқан ғалым. ( Жауабы: Хан тәңірі, П.П. Семенов –Тянь –Шаньский ) 

2. Қазақстан аумағындағы Орал тауының жалғасы ( Мұғалжар )

3. Қазақстан жеріндегі ежелгі платформа ( Шығыс Еуропа )

4. Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы қай қалада орналасқан  (Курчатов қаласы)

5.Астанадағы «Бәйтерек» монументін жобалаған суретші «Қазақстан суретшілер одағының президенті Ақмырза Рүстем»

8 «Ә» класс тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1. Сарыарқаның ең биік нүктесі қалай аталады (Ақсораң)

2. Балқаш көліне құятын өзендерді ата (Іле, Қаратал)

3. Қазақстандағы титан – магний өнеркәсібінің орталығы (Өскемен) 

4.Қазақстандағы алғашқы химия кәсіп орны қай қалада орналасқан, зауыт ащы жусанды өңдеу арқылы қандай дәрі шығарды (Шымкент, Сантонин)

5. Қазақстанның қай қаласы Боливияда өткен «әлемдік қалалар» Халық аралық конференцияда «Бейбітшілік» қаласы атанды (Астана)

8 «Б» класс тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1. Қазақтың тұңғыш Академигі геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым. Қ.И. Сатпаев қай жерде дүниеге келген. (Павлодар облысы Баянауыл ауданы)

2. Аудан территориясында ағатын өзен. Сағыз алабында ұзындығы 58 км. Қарақоға елді мекенінен төмен сағызға құяды. Жер бедеріне байланысты өзен ағысы төмен қарай бағытталған . Осы кері қарай бағытталған өзен қалай аталады. (Терісаққан)

3. «Арал теңізі» еңбегінің авторы кім? (Л.С.Берг)

4. Қазақстан жер бедерінің ең төменгі нүктесі. (Қарақия ойысы –132м )

5. «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген Қазақстан шөлдерінде ғана өсетін (дермене жусаны)

Ойынымыздың келесі «Самғау» кезеңінде әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады, егер жауап бере алмаса қосымша көмек алуға болады. Бірақ қосымша көмек алған жағдайда жарты ұпай кемиді, бір сұрақ 20 балл,

8 «А » класс тобының сұрақтары:

1. Орта Азияның солтүстік батысы мен Қазақстанның оңтүстік батысындағы үлкен аумақты алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі кіреді. Негізінде орта Азия Республикасы жерінде орналасқан. Бұл қандай ойпат? (Тұран ойпаты)
Қосымша көмек: Бұл ойпат көл, теңіз, өзендерінің шөгінді жыныстарынан түзілген. Батыс Сібір жазығымен жалғасады.

2. Бұл үстірт шығысындағы Сарыарқа, Батысындағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, Оңтүстігі Шалқар теңіз ойысына жалғасады, абсалюттік орташа биіктігі 200-300 м 

Қосымша көмек. - Бұл үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзенінің және Торғай қолатының шағын өзендері ағып өтеді. (Торғай)

8 «Ә» класс тобының сұрақтары:

1. 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылған қорық, Маңғыстау облысының Ералы аудынының оңтүстігінде Жаңа өзен қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан аумағы 223 мың 342 гектар (Үстірт)

Қосымша көмек.- Солтүстік және солтүстік – батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Теңіз деңгейінен биіктігі 200 м. (интерактивті тақтадан Үстірт қорығы көрсетіледі)

2. Атырау қаласынан 55 км жерде, Жайықтың оң жағасындағы бір кездегі атақты қала. Қаланың іргесі 11 ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі 13-14 ғасыр аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолында орналасқан. (Сарайшық)
Қосымша көмек. Қаланың екінші атауы Саранджук. Қала Алтын Орда заңдары жерленген қасиетті орынға айналған. 

8 «Б» класс тобының сұрақтары:

1. Қала өткен ғасырдың ортасынан дейін өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір ол тарихи және мәдени орталық. Мұнда мұсылман сәулет өнерінің інжу маржаны, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан көне қала қалай аталады (Түркістан)

Қосымша көмек Айтылып отырған қаламыз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі қала.
2. Өзі аттас өзеннің аңғарында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылған мемлекеттік ұлттық табиғи парк. Алматы қаласынан 193 км қашықтықта орналасқан (Шарын шатқалы)

Қосымша көмек Іле тау аралық аңғарында орналасқан. (интерактивті тақтадан Шарын шатқалы көрсетіледі)

Ойынымыздың келесі «Өрлеу» кезеңінде әр топтың жанкүйерлеріне сұрақтар қойылады, әр сұрақтың жауабына 5 ұпай беріледі, жанкүйірлер өздерінің ұпай санын қалаған екі топтың біріне қосады. 

8 «А» класс тобының жанкүйірлеріне қойылатын сұрақтары:

1.Рахманов термальді бұлағы Қазақстанның қай аймағында орналасқан  (Шығыс Қазақстан)

2.Халық ең көп қоныстанған Қазақстанның ауданы (Оңтүстік Қазақстан ауданы)
8 «Ә» класс тобының жанкүйерлеріне қойылатын сұрақтар 

1. Мұғалжар тауының ең биік жері қалай аталады (Үлкен Боқтыбай, 657 м)

2. Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. (Сайқан)

8 «Б» класс тобының жанкүйерлеріне қойылатын сұрақтар 

  1. Каспий маңы ойпаты кіретін жазық (Шығыс Еуропа).

  2. Қазақстанның аласа таулы өлкелері (Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау).

Ойынымыздың келесі «Шарықтау» кезеңінде тақтада 15 сан ілінген, әрбір топ 5 санды таңдап, соған сәйкес жазылған сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.

1. Қазақстан Республикасының аймағындағы жауын-шашын ең аз түсетін жер, ол Жамбыл облысының территориясында, Балқаш көлінің батысында орналасқан. (Мыңарал)

2. Өзен бойында елімізде егілетін күріштің 80% егіледі, бұл өзен Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының территориясын кесіп өтеді. Өзеннің атауы (Сырдария)
3. Бұл қорық Ақмола облысының территориясына кіреді. Қорық ЮНЕСКО-дан өте маңызды қорғалатын аймақ деген атақ алды.  (Қорғалжын қорығы)

4. Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төменгі ойыс орналасқан жері қалай аталады (Қарақия -132 м, Маңғыстау облысы)

5. Қостанай облысындағы темір кен орындарын атаңыздар  (Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар)

6. Каспийге келіп құятын, бекіре балыққа бай өзен қалай аталады, өзен қай облыс территориясы бойынша ағып өтеді (Жайық өзені, Батыс Қазақстан обл.)

7. Марал, панты, омарта шаруашылығымен айналысатын облысты атаңыз (Шығыс Қазақстан)

8. Никель хром өндірісіне маманданған облыс (Ақтөбе)

9. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Қазақстандағы Алакөлдің қазаншұнқырын қосып жатқан жерді қалай атайды? (Жоңғар қақпасы)

10. Республиканың «Солтүстік қақпасы» атанған Солтүстік Қазақстан облысының орталығы (Петропавл)

11. 17 ғасырда балықшылар елді мекен ретінде іргетасы қаланған Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан қала қалай аталады, қай облыстың орталығы (Атырау)

12. Іле Алатауының баурайында орналасқан еліміздің аса ірі қаласы (Алматы)

13. Бұл Жоңғар Алатауы жоталарынан басталатын Балқаш көлі алабындағы екінші ірі өзен. Оның салалары терең, аңғарлары тар, ағысы қатты. Қай өзен туралы айтылып отыр? (Қаратал)

14. Бір қызығы, бұл желді жергілікті тұрғындар шайтан желі деп атайды. Бұлай деп аталуы желдің күші салт атты адамды ат үстінен ұшырып түсетіндей өте қатты болуынан. Бұл қай жел туралы айтылып отыр? Ол қай жерлерде соғады? (Сайқан желі, Алматы облысы Алакөл ауданындағы, Алакөл ойысы арқылы солтүстік батыстан онтүстік-шығысқа Орталық Азияға қарай соғатын күшті жел).

15. Арыстанды-Қарабас желі соғатын аймақ. (Қаратау жотасының оңт-бат соғады)

Осымен кезеңдер аяқталды, женген топты анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі, женген топ – «Жерұйыққа» жеттіңіздер, ойынды жалғастырсаңыздар бір сұрақ беріледі, жауап берсеңіздер ұпайларыңыз екі еселінеді.

«__________» тобы жеңіске жетті.

Сұрақ: Бұл төбенің баурайы тегіс, айналасында биік тау, тасты төбе жоқ. Тастардың төңірегіндегі 40 метрдей көлемде жан-жағымен салыстырғанда төмен. Тастар үлкенді кішілі 6 бөліктен тұрады. Ені мен үзындығы, көлемі мен биіктігі әртүрлі. Оның ішіндегі үлкен тас айрықша көрінеді. Ел аузында «аспаннан түскен метеорит» деген де ұғым бар. Бұл атйылып отырған қандай жер? (Үйтас)

Қорытынды:

Осымен Атажұрт  географиялық ойынымыз мәресіне де келіп жетті.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытсаңыз бола ма? – деп, сөз кезегін әділ қазы алқаларына береміз.

Бүгінгі қатысып отырған оқушылар, жанкүйерлер және ойынға қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіре отырып, оқушыларымыз білімдерін әрі қарай шыңдай түссін демекпіз!

Қош сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Атажұрт интеллектуалдық ойын сайысы (8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 929
    • DOCX 28.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кушпанова Гулсезим Изгиликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10860
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек