Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Атажұрт интеллектуалдық сайысы. тақырыбы: "Тәуелсіз Қазақстан Республикасы"

Атажұрт интеллектуалдық сайысы. тақырыбы: "Тәуелсіз Қазақстан Республикасы"


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Жампеисов Ерлан Турсбекұлы

Зырян қаласы, №9 орта мектебі

география пәнінің мұғалімі


«Атажұрт» интеллектуалдық ойыны

( сабақтан тыс өткізіледі )


Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

Мақсаты: 1) Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың білімдерін дамыту.

2) Қазақстанның табиғаты , жер бедері және халқы туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.

3) Оқушыларды Отанын, оның табиғатын, халқын сүйе білуге тәрбиелеу.


Ойынның өтілу барысы:

1.Р. Рымбаеваның «Атамекен» әнін қоюдан басталады.

2. Ойынға қатысатын командаларды таныстыру.

а) Ойынға қатысатын командаларды ортаға шақыру;

ә) Командалардың аты;

б) Командалардың ұраны;

в) Командалардың төс белгісін қорғауы;

3. Ойынның кезеңдерімен таныстыру.

а) «Өткел» капитандар сайысы, сайыс 5балдық жүйемен бағаланады, қойылған сұрақтарға капитандар тез жауап беру керек.

ә) «Белес» (командаға 1 минут ойлануға уақыт беріледі, қосымша көмек алуға болады, егер қосымша көмек алса 1 балдары кемйді, 5 балдық жүйе )

б) «Бекет» ( көрермендермен ойын,қосымша көмек берілмейді, әрбір сұрақ 5 балдық жүйемен бағаланады )

в) «Асу» ( 14 облысқа байланысты сұрақтар болады, қосымша көмек алуға болады, әрбір сұрақ 5 балдық жүйемен бағаланады, ойын соңында екі команданың ұпайлары есептелініп ең көп ұпай жинаған команда келесі ойынға шығады )

г) «Жерұйық» ( қиындатылған сұрақ, қосымша көмек берілмейді, 5 балдық жүйе )

3. «Қазақстан» сөзіне ассоциация құру. ( әрбір топ )

І. «Өткел» ( капитандар сайысы )



«Атамекен» тобы


«Қазақ елі» тобы

1.

Ақмола облысы -

1.

Маңғыстау облысы -

2.

Павлодар облысы -

2.

Қостанай облысы -

3.

Алматы облысы -

3.

Жамбыл облысы -

4.

Батыс Қазақстан облысы -

4.

Солтүстік Қазақстан облысы -

5.

Атырау облысы -

5.

Ақтөбе облысы -


ІІ. «Белес» ( бүкіл командамен ойын )



«Атамекен» тобы



«Қазақ елі» тобы

1.

Еуразияның ортасы Қазақстанда орналасқан. Қазақша, орысша және ағылшын тілінде жазылған пирамида Еуразияның кіндігі деп аталады.

Сұрақ: Еуразияның кіндігі қай облыста, қай елді мекенде орналасқан?

Жауабы: Ш.Қ.О, Жидебай елді мекені


1.

Қазақстанда ерекше статусы бар қала бар. Бұл қаланың әкімшілігін Қазақстан мен Ресей бірігіп тағайындайды. Әкімшілік ғимаратында екі елдің де жалауы ілінген.

Сұрақ: Бұл қай қала?

Жауабы: Байқоңыр қаласы


2.

2009 жылы 25 ақпан және 6 наурыз аралығында ҚР ұлттық санағы өтті. Деректерге сүйенсек 16 млн. 402 мың сайлау қағазын толтырыпты.

Сұрақ: 2009 ж. санақ бойынша Қазақстанның неше пайызы ер адам, неше пайызы әйел адам?

Жауабы: 48 % ер адам, 52 % әйел адам


2.

Демографтар бірінші баланы – әкенің баласы дейді, екінші бала – шешенің баласы дейді.

Сұрақ: Жанұядағы үшінші бала кімнің баласы?

Жауабы: Балалары жоқ отбасының баласы.



ІІІ. «Бекет» ( көрермендермен ойын )



«Атамекен» тобы


1.

Қазақстанның ең биік нүктесі қалай аталады?

Жауабы: Хантәңірі – 6995 м.


2.

Орталық Азия аймағына қандай мемлекеттер кіреді?

Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан.


3.

Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қанша?

Жауабы: 15 мың км.


4.

Қазақстан қандай сағаттық белдеулерде орналасқан?

Жауабы: 4-ші және 5-ші сағаттық белдеулерде.


5.

С. Қазақстан экономикалық ауданына қандай облыстар кіреді?

Жауабы: С.Қ.О, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстары.




«Қазақ елі» тобы

1.

Қазақстанның ең төмен нүктесі қалай аталады?

Жауабы: Қарақия ойысы -132 м.


2.

Қазақстан қандай әкімшілік топтарға бөлінеді?

Жауабы: Республикалық маңызы бар қалалар, облыстар, аудандар, округтер.


3.

Қазақстандағы халықтың орташа тығыздығы қанша?

Жауабы: 1 км² - 6 адамнан


4.

Қазақстан қандай елдермен шектеседі?

Жауабы: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай.


5.

О.Қазақстан экономикалық ауданына қандай облыстар кіреді?

Жауабы: О.Қ.О, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары.



ІY. «Асу» ( әрбір команда сұрақтарды таңдайды ) Сұрақтардың барлығы Қазақстандағы әрбір облыстарға байланысты даярланған.


1

2

3

4

5

6

7


8

9

10

11

12

13

14



1. Павлодар облысы. Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туып өскен аудан қалай аталады?

Жауабы: Баянауыл

2. Шығыс Қазақстан облысы. Ш.Уәлиханов Ыстық көлге сапары кезінде Ш.Қ.О бір өзені туралы көптеген қызғылықты деректер жинаған. Бұл қай өзен туралы айтылған?

Жауабы: Аягөз өзені

3. Атырау облысы. Атырау қаласынан 55 км жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі осы қаланың орны жатыр. Қаланың іргесі 11 ғ. қаланған. Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орын. Бұл қай қала?

Жауабы: Сарайшық

4. Жамбыл облысы. Қазақстанның орта ғасырлық ірі қалаларының бірі. 2ғ. Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. Бұл қай қала?

Жауабы: Отырар

5. Қарағанды облысы. Компьютерден «Сарыарқа» күйін ойнату. Оқушыларға анықтату.

6. Ақмола облысы. Есіл өзенінің оң жақ саласында орналасқан елді мекен. Сондай-ақ бұл Қазақстанның ең суық нүктесі болып саналады.(-57ºс) Бұл қандай елді мекен?

Жауабы: Атбасар

7. Алматы облысы. Компьютерден «Алматым» әнін қосу.

8. Маңғыстау облысы. Биіктігі 200 м жуық биіктік үстіндегі жазық, солтүстік-батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі, тек осында ғана кездесетін жабайы қой Муфлон мекендейді. Бұл қай жер бедері?

Жауабы: Үстірт

9. Батыс Қазақстан облысы. Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат қалай аталады?

Жауабы: Жалпы Сырт

10. Қостанай облысы. Асбестің ең ірі кен орны қай жерде өндіріледі?

Жауабы: Жітіқара

11. Қызылорда облысы. Орта Азияның солтүстік-батысы және Қазақстанның оңтүстік-батысында едәуір жерді алып жатқан ойпат қалай аталады?

Жауабы: Тұран ойпаты

12. Ақтөбе облысы. Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатқан үстірт. Абсолют биіктігі 100-300 м. Бұл қай үстірт?

Жауабы: Жем үстірті

13. Оңтүстік Қазақстан облысы. Оңтүстік Қазақстандағы негізгі өзен Сырдарияның басты саласы. Бұл өзен туралы Ш. Қалдаяқовтың әні де бар. Ол қалай аталады?

Жауабы: Арыс өзені

14. Солтүстік Қазақстан облысы. Орал тауларынан Алтай тауларына дейін созылған ұзынша өңірді қамтиды. Бұл жазықтың жер бедері бірыңғай тегіс. Бұл қай жазық?

Жауабы: Батыс Сібір жазығы


Y. «Жерұйық» ( финалға шыққан командаға сұрақ )


1999 жылдың 12 қазанында ғаламшардың 6 миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. БҰҰ бұл ең құрметті демографиялық атақты кімге берді? Қай елдің азаматы?

Жауабы: Қазақстандық Рәбия Ермұханова


YІ. «Қазақ елі» бейнефилімін көрсету.


YІІ. Ойынның қорытындысын шығару, ойыншыларды марапаттау.



«Атажұрт» сайысын бағалау парағы

( әрбір сұрақ 5 балдық жүйемен бағаланады )


«Атамекен»

тобы

Жинаған ұпайлары

«Қазақ елі»

тобы

Жинаған ұпайлары


І.«Өткел» капитандар сайысы


І.«Өткел» капитандар сайысы



1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

5-сұрақ

Қорытынды ұпай:


1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

5-сұрақ

Қорытынды ұпай:



ІІ. «Белес»


ІІ. «Белес»



1-сұрақ

2-сұрақ

Қорытынды ұпай:


1-сұрақ

2-сұрақ

Қорытынды ұпай:



ІІІ. «Бекет» көрермендермен ойын


ІІІ. «Бекет» көрермендермен ойын



1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

5-сұрақ

Қорытынды ұпай:


1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

5-сұрақ

Қорытынды ұпай:



ІY. «Асу»


ІY. «Асу»



1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

5-сұрақ

6-сұрақ

7-сұрақ

Қорытынды ұпай:


1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

5-сұрақ

6-сұрақ

7-сұрақ

Қорытынды ұпай:



Жалпы қорытынды ұпай


Жалпы қорытынды ұпай



Y. «Жерұйық»


Y. «Жерұйық»











Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров108
Номер материала ДВ-412574
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх