Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Атажұрт" танымдық - интеллектуалдық ойын

"Атажұрт" танымдық - интеллектуалдық ойын


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

«Атажұрт» тарихи танымдық ойыны

Мұғалім аты-жөні:

Пәні Қазақстан тарихы

Қатысушы сыныптар: 6А-10А сыныптар


Мақсаты: Оқушылардың өз еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қорғауға, жақсы көруге тәрбиелеу, салт-дәстүрін құрметтеу сезімін дамыту.

«Атажұрт» ойының барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. 6 -10 сынып оқушыларынан және ұстаздардан құралған 3 топ қатысады


1. ____Азат 2. __Алаш_____3.__Болашақ__


Сайыстың шарттарымен таныстыру

Ітур Әр топ өздерін таныстыру


ІІтур «Әріптер сыр шертеді»


Тақтаға 42әріп жазылған плакат ілінеді. Әр топ жеребе бойынша ретін біліп әріп таңдайды, әр әріпте жауабы сол әріптен басталатын жалпы сұрақтар жасырылған. Әр сұрақ 10 ұпаймен есептеледі. Егер таңдаған сұрағын таба алмаса, реті бойынша келесі топқа беріледі.


А- Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым (Археолог)

Ә- 1771жылы қай хан қайтыс болған соң Абылай хан сайланды? (Әбілмәмбет)

Б- Жылқы сүйектері табылған энеолиттік тұрақ? (Ботай)

В-Ежелгі мемлекеттердің бірі? (Вавилон)

Г- Үйсіндердің билеуші лауазымы? (Гуньмо)

Ғ- Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңінде түркілердің арғы атасы кім деп

тұжырымдады. (Ғұндар)

Д-Кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткен ақтар атаманы (Дутов)

Е- Түркістан қай ханның астанасы болды. (Есім хан)

Е- ҚР туының авторы (Ш. Ниязбеков)

Ж-1742ж қазан айында патша үкіметі қай өзеннің бойына мал жаюға тиым салды?(Жайық)

З- Парсы тілді халықтардың көрнекті әдеби шығармасы «Авеста» уағыздаған ілім (Заратуштра)

И- Кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды тездету және әкімшілік билеуді іске асыру

туралы реформаның жобасын дайындаған кім? (Игелстром)

Й- ҚР қай жылы БҰҰ-на мүше болды? (1992ж 2наурыз)

К-Қырғыз манаптарымен болған шайқаста қаза тапқан қазақ ханы? (Кенесары)

Қ-Ж. Баласағұнның ХІ-ға жазған еңбегі (Құтты білік)

Л- Абылай хан Әмірсананы жоңғардың қай билеушісіне ұстап бермеуге қазақ шонжарларын

көндірді? (Лама Доржыға)

М-Әмір Темірдің мемлекеті (Мауеренахр)

Н-Сегіз тайпа бірлестігі (Найман)

Ң- І д.ж соғыстың шығу себебі? (Австро-Венгрия мұрагері Франц Фердинандтың өлтірілуі)

О- Қазақ жасақтары жиналған Оңт. Қаз. тау (Ордабасы)

Ө-Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған хан (Өзбек хан)

П-Тасқа салынған суреттер (Петроглифтер)

Р- Қазақстанға отарлау саясатын жүргізген мемлекет (Ресей)

С-Қасым ханның басты мақсаты қай жердегі қалаларды қазақ хандығының құрамына қосу

болды (Сыр бойындағы)

Т- Ұлы Отан соғысында 2 мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақ ұшқыш

(Т. Бигелдинов)

У- Абылай ханның бас мирасқоры? (Уәли сұлтан)

Ұ- Ұлан байтақ жерлерді жаулап алған Шыңғыс хан өлер алдында 4 ұлына бөліп берген жерлері

қалай аталады? (Ұлыс)

Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға қарап белгілеген? (Үркер)

Ф- Кроманьондық(саналы адам) адам қай жерден табылды? (Франция)

Х- Сырым Датұлы қай жерде дүние салды? (Хиуада)

Һ- Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті? (Қ. Сәтбаев)

Ц- Қазақ хандығына шығыстан қауіп төндірген империя (Цинь империясы)

Ч- Үйсін тайпасының астанасы? (Чигучен)

Ш- Ғұндардың мемлекет билеушісінің титулі? (Шаньюй)

Щ- ҚазАКСР қай жылы құрылды алғашқы президенті? (1920ж С. Меңдешов)

Ъ-1916ж Ұлт азаттық көтерілістің шығу себебі? (25маусым патша жарлығы 19-43жас )


Ы- 1731ж Орыс елшілері келгенде Әбілхайырдың Орадасы қай жерде болды? (Ырғыз өзені)

І- Аңырақай шайқасында қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған Жоңғарлар қай өзенді бойлай

еліне қарай шегінді? (Іле)

Ь- «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен қазақ елін аштыққа

ұшыратқан мемлекет басшысы? (Голощекин)

Э- Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым саласы? (Этнография)

Ю- Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес (Юлдашев)

Я- Оғыз мемлекетінің астанасы? (Янгикент)


ІІІ-тур «Ұлылар айтқан ұлы сөз» 20 ұпай


Бұл турымызда 9 ұяшықта тарих әлеміндегі ұлы адамдардың айтқан нақыл сөздері жасырылған. Алдыңғы турымыздан ұпайы жоғары топ , ұяшық номерін бірінші таңдайды. Әр сұраққа 100ұпай беріледі таба алмаған топтың сұрағы келесі ұпайы жоғары топқа беріледі. Ұяшық нөмері сұрақтың жеңіл ауырлығына қатысы жоқ. Ойлануға 1минут


1) «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген кімнің сөзі (А. Байтұрсынов)

2) «Мәскеу кең, байтақ шегінерге жол жоқ артымызда Москва» деген ұран сөз кімнің сөзі?

(Ключков)

3) «Мені өлтірсеңдер де арманым жоқ, себебі мен елімді, жерімді, Отанымды сендерден қорғап қалдым, енді қайда барсаңдар да өлімнен басқа жол жоқ» (Сақ қойшысы Шырақ)


4) « Біз бұл соғыста сөзсіз жеңеміз, себебі біздің қаруымыз Отанға деген сүйіспеншілігіміз» , «Отан үшін отқа түс күймейсің»

(Б.Момышұлы)

5) «Мен ініңді өлтірсем халқым үшін майданда өлтірдім» деп ақылдылығымен Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен тұтқынынан босаған кім? (Абылай хан)


6) Бүкіл қазаққа Оян, қазақ деп ұрандап өмірден өткен кім еді? (М. Дулатов)


ІҮтур «Жасырынған қалалар»

Бұл турымыздың ережесі тақтаға ілінетін 9ұяшықта Қазақ халқының ежелгі қалалары жасырынған әр сұраққа 1000 ұпай беріледі. Егер сұраққа қиналса қосымша көмек алуына болады көмек алса ұпайдың жартысы қосылады. Егер келесі топ кезек сұрап кезегін берсе кезек сұраған топ жауап берсе ұпайды өзі еншілейді , жауап бере алмаса ұпай кезегін берген топқа қосылады. Ойлануға 2минут уақыт беріледі


1) Сыр бойындағы бұл қала ортағасырларда қатты дамыды. Белгілі ғалым Ақышев бұл қаланы Отырардан кейінгі екінші қала деп атады. Ал Фазлолох ибн Рузбихан қаланың базарында күніне 500түйе сойылып кәуап шашлик жасалса, кешке дейін бір түйірі қалмай сатылып кетуші еді деп жазады. Бұл қала негізінде Ақ Орданың , Әбілхайыр хандығының астанасы, қыпшақтардың саяси орталығы болған. Әңгіме қай қала туралы? (Сығанақ қаласы)

Қосымша көмек: Қала қазіргі Қызылорда қаласымен Түркістан қаласының ортасында Сунақ Ата ауылы деп аталады.


2) ХҮ ғасырдың ортасында бұл қаланың төңірегі елсіз далаға айналып, ХҮІғасырда қала аумағы 1гектардан астам ұлғайды. ХҮІ-ХҮІІғ қала халқы 5500ге жеткен. Қала Оңтүстіктегі ең ірі сауда-өнекәсіп орталығы болған. ХҮІғ Түркістандағы Шайбани әулетінің мекені болған. Қаладан қазу жұмысы кезінде 1655-63жылдары Алексей Михайлович патша тұсында соғылған орыстың мыс тиындары табылған қала әлемді билеуші Шыңғыс ханның шабуылы кезінде қиратылған Ұлы Жібек жолында орналасқан бұл қай қала? (Отырар)

Қосымша көмек: Әлемнің 2-і ұстазы атанған ұлы ғұлама Әбу НасырӘлФараби дүниеге келген




3) Бұл қаланың ірге тасы ІХ-Х ғасырлардан белгілі. Қала Сыр бойында орналасқан. Орта Азияның иек астында Хорезммен Мауеренахр мемлекеттерімен шекаралас орналасқан бұл қала саяси билік құруға ыңғайлы болды. Сығанақ пен Оңтүстік Оралға керуен жолдары осы қала арқылы өтті. Бұл қаланың гүлденген кезі ІХғ екінші жартысында басталады. Ол кезде Жент теңізі маңынан үлкен тұз кені табылып Қытай, Үнді, Иран елдерімен сауда байланысы жасалған. Ғалым Толстовтың пікірінше бұл қала жауға қарсы тұрар биік қамалдың үлгісімен салынған. Бұл қалада Әуелбек Қоңыратбаевтың зерттеулері бойынша оғыз тайпасы өмір сүрген. Әңгіме қай қала туралы? (Жаркент)

Қосымша көмек: Кейбір деректерде бұл қала Жаңа Гузия деп те аталды.


4) Бұл қала ХІІІғ Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі және сауда орталығы діни орталық болған. Тарихшылардың айтуы бойынша «Әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі » атанған. Қытай деректерінде «Ақ өзен бойындағы қала» аталған. Бұл қалада ХІІғ Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келген. Қала Ұлы Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент қаласының маңында орналасқан бұл қай қала? (Испиджаб Сайрам)

Қосымша көмек: Қазіргі осы қаламен аттас Шымкент облысында аудан бар.


5)Бұл қала ҮІІІ-ІХғасырлардан белгілі. Бұл қалада Жібек Жолының бойында орналасқандықтан ірі сауда орталығы болды. ХІғ қаладан күміс дирхемдер шығарылған. Түркеш қағанатының ірі сауда орталығы болған. Талас өзені бойында орналасқан бұл қала сауда мен қатар ірі саяси экономикалық мәдени орталық болған деседі. Деректерде: «Даңқты әрі ізгі ниетті түрік-чаруктардың , көпестердің қаласы атанған. Қараханидтер мен қарлұқтар тұсында ең бай қала болған. Бұл қалада Айша Бибі, Бабаджа хатун,Қарахан кесенелері орналасқан.Бұл қай қала еді?

(Тараз)

Қосымша көмек: Қазір осы қала аттас Қазақстанда ірі қала бар,


6) Бұл қала ортағасырлық ірі қалалардың бірі.Қаланың іргетасы Үғ қаланған. Қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Бір кездері қала қарлұқтар мен қарақытайлар астанасы да болған. Қала бұдан бұрын Ақтөбе деп те аталған. Ұлы Жібек бойында орналасқан бұл қала сауда әлемінде үлкен рөл атқарған ірі сауда орталығы болған. Бұл қалада 942жылы Қарахан әулетінің Сатұқ Боғра хан хандық құрған. Бұл қай қала еді? (Баласағұн)

Қосымша көмек: бұл қалада ұлы ғұламалар Махмуд Қашқари еңбек еткен және Жүсіп Баласағұн дүниеге келген


7) Бұл қала алғашында Шауғар деп аталды. Қала кейінгі қазақ хандығы кезінде қатты гүлденіп қала халқының саны артты. Қазақтың көрнекті ханы Есім ханның астанасы болды. Қала үлкен діни орталық болып Қазақстандағы діни астана дәрежесіне жетті. Қала қамалы қазіргі таңда қайта жөндеуден өтіп туристердің тамашалайтын орнына айналып отыр. Бұл қай қала еді? (Яссы Түркістан)

Қосымша көмек: Бұл қалаға қазақтың жеті ханының мәйіті әкелініп жерленді.


8) Сыр бойындағы бұл қала ХІХғасыр ескерткіші. Қаланың іргетасы 1818жылы қаланған. Қаланың жер көлемі 60979гектар халқының саны 159,4мың 1818-53жылдары Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі болған кездері қалада көшеге ат беру дәстүрі болмаған базар алаңы, керуен сарайы маңы деген атаулармен аталған. Кейіннен 1867жылдары Почтовая, Базарная деген көшелер болды. Арнайы экономикалық аймақ мәртебесін алған қала 1998жылы 180жылдық мерейтойын тойлады. Қазіргі таңда қалада 300ге жуық көше бар. Бұл қай қала?

(Ақмешіт Қызылорда)

Қосымша көмек: Бұл қала экологиялық аймақ ретінде бүкіл әлемге танымал


9) Бұл қала Б.з.д. 10-9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлелерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған. Б.з.д. 7 ғ.-б.з.д. сақ дәуірінде қала сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстардың орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі

ең танымалыЕсік қорғаны, Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде қала аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердің орталығы болған. Бұл қаланың 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен Іле Алатауының етегінде қаласы туралы алғашқы жазба

деректер Рашид ад-Диннің шығармаларында кездеседі.

Қосымша көмек: Бұл қала қазіргі таңда Қазақстандағы ең үлкен халқы көп қала


Ү тур Көрерменге сұрақ

Кезек жанкүйерлерге беріледі әр топтың жанкүйеріне сұрақ қойылады дұрыс жауап берсе ұпай сол топқа қосылады, дұрыс жауап бере алмаса ұпай күйіп кетеді.Сұраққа 100ұпай беріледі


1) Ұлы ғұлама ойшыл Қадырғали Жалайри «Жамиғат Тауарих» (Жылнамалар жинағы) шығармасын 1587жылы «Жалайыр» деген атпен орыстың қай патшасына достық ретінде тарту етті. (Борис Годунов)


2) 1580ж Тәуекел хан Мәскеуге Құл Мұхаммед бастаған елшілерді 2себеппен жіберді қандай?

1. Өзбек ханына қарсы одақ құру 2. Жиені Ораз Мұхаммедті босату



3) 1734жылғы 10маусым Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлық шығарған Ресей

императрица кім еді? (Анна Иоаннова)


4) Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген Жетісу ақындарының алтын діңгегі Жамбылдың ұстазы кім еді? (Сүйінбай Аронұлы)


5) 1916жылы қазақ көтерілісшілерін жазалау мақсатында 20шілдеде Түркістан өлкесіне генерал-губернатор болып кім тағайындалды? (Курапаткин)


6) Патша үкіметі қай жылы құлады? (1917ж 27 ақпан)


ҮІ тур Алғыр көшбасшы

Бұл турда әр топ көшбасшысына лездемелік сұрақтар беріледі. Берілетін 20 сұрақты 1минут ішінде лезде тыңдап жауап беру керек. Ұпайы көп топтың топ басшысы бастайды.

А Ә Б әріптері бойынша таңдайды Әр сұраққа 10ұпайдан беріледі.


А)

  1. Тарихтың атасы - Геродот

  2. Сақ патшайымы- Томирис

  3. Дін уағыздаушы- Миссионер

  4. Жүзім сусынын қайнатушы сақтар-Хаумоварга

  5. Алтын киімді адам қайдан табылды-Есік қорғанынан

  6. Ленинградтық өренім әнінің авторы-Ж Жабаев

  7. Сырт мемлекеттен келген зат- Импорт

  8. ҚР жоғарғы палатасы- Сенат

  9. Шыңғыс ханның ұлты- Моңғол

  10. Абылайдың шын есімі- Әбілмансұр

  11. Кіші жүздің биі- Әйтеке

  12. Үйсін тайпасының билеушісі- Гунмо

  13. ҚР премер министрі- К Мәсімов

  14. Рейстахқа ту тіккен қазақ- Р Қошқарбаев

  15. Ханнан сөз сұрау- Дат

  16. Томирис кімнің басын алды- Кирдің

  17. Қорқыт ата кесенесі қай жерде- Қармақшы ауданы Қорқыт ауылы

  18. 1723-27жылдар аралығындағы тарихи оқиға-Ақтабан шұбырынды

  19. Қазақ хандығы қашан құрылды- ХҮғ

  20. ҚР тәуелсіздігіне неше жыл- 17

Ә)

  1. Қазақстан тарихы кітабының алғашқы авторы-С Асфендияров

  2. Парадарая сағының мағынасы- Теңіздің арғы жағында

  3. Ғұн билеушісі- Шаньюй

  4. Алтын киімді адам сақтың қай тобына жатады- Тиграхауда

  5. Орта жүздің биі- Қазыбек

  6. Қаракерей Қабанбай шын есімі- Ерасыл

  7. Сырт мемлекетке шығатын зат- Экспорт

  8. ҚР төменгі палатасы-Мәжіліс

  9. 2мәрте Кеңес Одағының батыры атанған ұшқыш қазақ-Т Бигелдинов

  10. ҚР неше мемлекетпен шектеседі-5

  11. Абылай Жоңғардың қай хонтайшысында тұтқында болды- Қалдан Серен

  12. Белгілі бір жердің байырғы халқы қалай аталады- Абораген

  13. Отырарды кім күйретті-Шыңғыс хан

  14. Дін адам қайсысы бұрын пайда болды-Адам

  15. Хат жазуға арналған папирус парағы-Карта

  16. ҚР туының авторы- Ш Ниязбеков

  17. Кенесары кімдердің қолынан қаза тапты- Қырғыз манаптарының

  18. 1916ж тарихи оқиға-Ұлт-азаттық көтеріліс

  19. ҚР қорғаныс министрі- Д Ахметов

  20. Біз қай нәсілге жатамыз-Моңғолоид


Б)

  1. ҚР ғылым академиясының алғашқы президенті-Қ Сәтбаев

  2. Шошақ бөрікті сақтар-Тиграхауда

  3. Дін уағыздаушы- Миссионер

  4. 5-ң хаты кімге жолданды-Голощекин

  5. Ұлы жүз биі-Төле

  6. Өз елінен шырақта тұратын халық- Диаспора

  7. ҚР парламенті неше палатадан тұрады-2

  8. Үйсін тайпасының астанасы-Қызыл аңғар

  9. Қазақ жері Шыңғыс ханның қай ұлысына жатты- Жошы

  10. Шоқанның шын есімі- Мұхамедханапия

  11. Қай жылы тәуелсіздік алдық-1991

  12. ҚР білім министрі- Жансейіт Түймебаев

  13. Абылайға кеңесші жырау- Бұхар

  14. Қазақ халқы қай ұлттың отарында болды- Орыс

  15. Қ Яссауи кесенесін кім салдыртты- Ақсақ Темір

  16. Махамбеттің досы- Исатай

  17. Ислам діні қай жерден пайда болды-Арабия

  18. Жерұйықты іздеген-Асанқайғы

  19. 1937-38жылғы тарихи оқиға-Репрессия

  20. ҚР алғашқы президенті- НӘ Назарбаев

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! бүгінгі атажұрт интелектуалды ойынымызды қорытындылай келіп, оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Өз тарихын сыйламаған халық , өзін де сыйламайды » дегеніндей өз халқының тарихын, дінін, салт-дәстүрін естерінен шығармауын сұраймыз. Және тарих сахнасында өз жері үшін қасық қанын қиып, осынау ұлан байтақ Қазақстан жерін алып берген Бабаларымыздың рухын сыйлап, өз жерімізді қорғау , келер ұрпақ біздің міндетіміз деп білеміз. Ойыннан ұтылсаңыздарда, әрқашан өмірде ұтылмаңыздар дей келе, бүгінгі ойынымыздың жеңімпаз тобын анықтап марапаттау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.


Автор
Дата добавления 25.03.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров113
Номер материала ДВ-555543
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх