Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Аты аңызға айналған ұлы тұлға Тәрбиелік шара
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Аты аңызға айналған ұлы тұлға Тәрбиелік шара

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifТақырыбы: Аты аңызға айналған ұлы тұлға.

Мақсаты: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Б.Момышұлының өміріне байланысты деректермен таныстыру,оның ерлігін үлгі тұту ,оқушылардың патриоттық сезiмін қалыптастыру, ерлiкке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлiгiн мақтан тұтуға ,өнегелі істерін жалғастыруға баулу,ұлтжандылыққа,ерлікке,батырлыққа тәрбиелеу

Көрнекілiгi: Б.Момышұлының портретi, батыр өміріне байланысты суреттер, ұлағатты сөздері жазылған плакаттар, интерактивті тақта,слайдтар 
Жүру барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Негізгі бөлім

Жоспары:
1-кезең . «Өмірі жайлы» естеліктер 
2-кезең .Отты жылдарда
3-кезең .Бауыржан ата марапаттары
4-кезең. Батыр жазған туындылар
5-кезең .Ұлағатты сөздері мен аталық өсиеті
6-кезең .Көрініс: Бауыржанның батасы
7-кезең. Бауыржан бойындағы өнерлер
8-кезең. Бауыржан есімінде....

9.Қорытынды


1-жүргізуші:Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар!

Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлына арналған тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

        Бауыржан Момышұлы - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941-1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ-даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Аты аңызға айналған ұлы тұлға атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!


1-оқушы:

Б. Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі-Момыш. Шешесі-Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші ауылындағы орыс мектебінде 1жыл оқып, одан кейін интернатта үш жыл оқып, бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, Қызыл Армия қатарында болады.

2-оқушы:

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды.Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, Ол взвод, батальон, полк және дивизияны басқарды.

3-оқушы:

Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр.Бек «Волоколамск тас жолы» повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

4 оқушы

Бауыржан атамыз 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді.Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.


5-оқушы: Ақ боранда азынаған қақаған
Жаудың қолы Москваға тақаған.
Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ
Мирас еткен батырлықты атадан.


6-оқушы: Оқты қағып құрыш тұлға төсімен,
Туған елі шыққан емес есінен.
Қуды жауды Москваның түбінен,
Қашты дұшпан Бауыржандар елінен.

7-оқушы:

1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.

8—оқушы

Тарихымыздан үлкен орын алған қазақтың дара перзенттерінің бірі Бауыржан атамыздың алған наградалары мен медалдары да жетерлік.Атамыз -«Қызыл ту» ,-«Москваны қорғағаны үшін» «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды . «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен ,Халықтар достығы» орденін иеленген , 1941-1945 ж соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді.,кейіннен Елбасы Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, ал 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды


Хор:

Әрқашан аты ауызда,
Ықпаған батыр дауылдан.
Айналған даңқы аңызға
Момыштың ұлы Бауыржан.

9-Оқушы

Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып әскери академияда сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

10-оқушы

Халықтың дәстүрі, тілі, діні қалпына келмейінше, ұлттық сана да болмайды. Осыны жақсы түсінген Бауыржан Момышұлы өзінің саналы өмірін туған халқының дәстүрін, тілін, дінін, тарихи жадын сақтап қалуға арнап, сол жолда еңбек етті. Барлық рухани күшін осыларды сақтап қалуға жұмсады.



11-оқушы

Қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы өзінің бүкіл өмірін туған халқы мен туған елі рухының еркін самғап, биікте тұруына арнады. Біздің қасиетті Атамекеніміз – тәуелсіз Қазақстанда бұл күндері лек-легімен өсіп-өркендеп, болашаққа бет алып келе жатқан мыңдаған жауынгерлер – сол Бауыржан Момышұлы армандаған қайтпас қаһармандықтың айқын мұрагерлері.


12-оқушы

Жазушы қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» туындылары- жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналар.


13-оқушы. Бауыржан атамыз артынан ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдерін де қалдырып үлгерген. Б. Момышұлының туған жер, Отан, ел, ерлік, бірлік, ынтымақ, достық, адамгершілік тақырыптарында қалдырған ұлағатты сөздері туралы ой өрбітсек.


14-оқушы

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын.


15-оқушы

Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тіке тұрып өлген артық.


16-оқушы

Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.

17-оқушы

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

18-оқушы

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

19-оқушы

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық.

20-оқушы

Отан үшін отқа түс күймейсің.

21-оқушы

Өтірік айту– ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

22-оқушы

Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

23-оқушы

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.


24-оқушы

Қара бет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.


 »

26-оқушы

«

Тәртіпке бас иген құл болмайды!

 »


27-оқушы

«

Отаның үшін отқа түс күймейсің.

 »

28-оқушы

«

Ептілік пен ерлік -
Ерге тән қасиет.

 »



29-оқушы

Осындай нақыл сөздермен жауынгерлерді,жастарды ерлікке,елін,жерін,отанын қорғауға шақырған.Адам бойында ұлтжандылық,батырлық сезімдерін ұялатады.

Мұғалім:

Бауыржан Момышұлының еңбектерін, нақыл сөздерін, басқа қасиеттерін бағалай келе, біз оның халық мұрасын жалғастырушы, әскери педагог-психолог болғанын байқаймыз. Батыр жастарды төмендегі 14 қасиеттен жирендіріп, он бес қасиетке баулуға тырысқанын айқын аңғарамыз

Бауыржан Момышұлы жастарды

  1. Адамгершілікке

  2. Адалдыққа

  3. Батылдыққа

  4. Борыштылыққа

  5. Арлылыққа

  6. Жауапкершілікке

  7. Қайраттылыққа

  8. Ерлікке

  9. Жариялыққа

  10. Елжандылыққа

  11. Ұлттық мақтанышқа

  12. Табандылыққа

  13. Намысқойлыққа

  14. Әділдікке

  15. Әдептілікке

Жирендірген:

  1. Арсыздықтан

  2. Қорқақтықтан

  3. Жағымпаздықтан

  4. Жалғандықтан

  5. Қырсықтықтан

  6. Жауапсыздықтан

  7. Құлықсыздықтан

  8. Жігерсіздіктен

  9. Тұрақсыздықтан

  10. Көре алмастықтан

  11. Мәңгүрттіктен

  12. Қанағатсыздықтан

  13. Сатқындықтан

  14. Малшашпақтықтан

үндеген

Нәтижесінде патриот тәрбиелеу


1-жүргізуші

Көрініс:Бауыржанның батасы.

Автор:

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Бауыржан Момышұлы Бішкек қаласына әскери қызметке жіберіледі. Ол жолшыбай өзінің туған жері – Жуалы ауданында (Жамбыл облысы) 4-5 күн аялдайды. Батыр ағамыздың жанына облыстың, ауданның біраз басшы қызметкерлері еріп жүреді. Ауыл ақсақалдарымен бірге жақсы сөзге жаны құмар жастар да Баукеңнің әңгімесін тыңдайды.
Сапарының соңғы күні Баукең жалғыз баласы соғыста қаза болған қасіретті қарияның бірінің үйінен дәм-тұз татып шықпақшы болады. Қанша үйдің дәмін татса да, астан кейінгі бата беруді ауыл ағалары атқарады. Енді елден аттанар алдындағы дәм-тұздың батасын беруді жұрт Баукеңнен өтінеді. Баукең сәл ойланады да, тебірене түсіп, былайша бата береді.

Е, жаратушы жасаған!

Тiлегiмiздi қабыл ет.

Иманымызды кәмiл ет.

Тозақтағы оттан сақта,

Қаңғыған оқтан сақта.

Парақор соттан сақта.

Кiрлi сумен жуыстан сақта,

Қара жүрек батылдан сақта,

Дәйексiз тiл тақылдан сақта.

Адалдықты арбаған ақыннан сақта.

Ашу жеңген ақылдан сақта.

Қайырымсыз жақыннан сақта.

Адамды қадiрлемес есерден сақта.

Нанды басқан кесiрден сақта.

Татымсыз тұзыңнан сақта,

Ұятсыз қызыңнан сақта,

Мезгiлсiз келген өлiмнен сақта.

Жалқау бала намыссыз,

Ождан жоқ ұлдан сақта.

Түнере атқан таңнан сақта,

Жаңбыры жоқ шаңнан сақта.

Әкiмiнде шапағат жоқ,

Әдiлдiкте шарапат жоқ,

Молдасында шариғат жоқ,

Байларында салауат жоқ,

Кедейiнде қанағат жоқ,

Кiшiсiнде инабат жоқ,

Азаматында ар-ұят жоқ,

Көршiсiнде қошамет жоқ,

Қариясында бата жоқ,

Құр айқай, шат-шәлекей даңнан сақта.

Е, жаратушы жасаған!

Өмiр берсең, жайлы ғып бер.

Дәулетi мен байлығын бер.

Еңбегiмiз өңiстi болсын,

Қамбамыз астыққа толсын.

Көсегемiз көркейiп,

Мыңғырған мал өрiске толсын.

Қарияны кемел, сыпайы ғып бер.

Апаларды мейiрлi ғып бер.

Жезделердi зейiндi ғып бер.

Құдағиды кеңпейiлдi ғып бер,

Қарындасты көрiктi ғып бер,

Iнiлердi бөрiктi ғып бер.

Әйелдi ақ некелi ғып бер,

Баланы қаны толық, шекелi ғып бер.

Жиендердi жетелi ғып бер,

Екi айтпайтын еселi ғып бер.

Келiндердi келiстi ғып бер,

Қыздарды бақытымен

Ұрпағы көп өрiстi ғып бер.

Аттарды желiстi ғып бер.

Төскейде төл көбейсiн,

Жайқалтып дала егiстi ғып бер.

Дәнi толық өңiстi ғып бер.

Ұрпақтарды намысты ғып бер,

Тұлпарларды шабысты ғып бер.

Жомарт болсаң, Жасаған!

Айтқанымның барлығын,

Ағайынды ақаусыз,

Өнегелi өмiрмен тату-тәттi,

Табысты ғып бер! Аумин!


29-оқушы:

Бауыржан Момышұлының бойында өнерлер де аз болмаған.Атап өтсек:

*Құралайды көзге атқан мерген.

*Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.

* Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен атбегілігімен аты шыққан.


30-оқушы

* Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен.Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің „Батька„ , „Ақсақал„ дегендей қошеметтеріне ие болған.

31-оқушы

*Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әнгіме.Генералдарға сабақ берген ұстаздығы да – бөлек әңгіме. ,,Б.Момышұлының соғыс тактикасы „ деген  оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында  оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады.Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс – тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.


32-оқушы

* Кітабы әлемге таралған жазушы..

*Сөзге шешен және тапқыр болған


33-оқушы

Бауыржан Момышұлы ның батырлығы мен ерлігін паш еткен кинофильмдер мен әдеби оқулықтар көпшілікке ұсынылды.

34-оқушы

Алматы,Тараз,Семей,Атырау,Жамбыл ,Астана,Алматы қалаларында көшелерге Бауыржан Момышұлының есімі берілген.Жамбыл облысында Момышұлы атында аудан және мектеп,Алматыда Момышұлы атында мекетеп-интернат бар.

35-оқушы

Астана,Шымкент қалаларында Бауыржан Момышұлының ескерткіші бой түзеген.

36-оқушы:

Ол қаһарман сүйген ерен Отанын,
Халық берген оған батыр атағын.
Ауыр сынның арқалаған азабын
Ерлігінді әнмен алаулатамын

Ән: «Сарбаздар маршы»

1-жүргізуші: Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б.Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.


2-жүргізуші: Бауыржан Момышұлы – елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға. Туған елінің бақыты үшін күрескен қаһарман перзенттерін халқы шексіз сүйіп, өнегесі үлгі-құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайды.



Хор:

Халықтың батыр атасы

Біледі қазақ баласы

Батыр ата Бауыржан

Даналардың данасы

Ерлігіңмен даңқыңды

Мақтан тұтам әрқашан

Мақтанышпен атыңды

1 жүргізуші:Осымен Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлына арнаған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Баршаңызға рахмет айтамыз.



Қорытынды



Бала Бауыржан



Жігіт Бауыржан



Қаһарман Бауыржан



Көпшіл

Зерек

Зерделі

Қайсар

Ұқыпты

Әділ

Сүйкімді ұл








Қайратты

Жауынгер

Айлалы

Майдангер

Атқыш

Спортшы

Гимнаст

Жазушы,ақын

Адал дос

Саяси ұстаз



Майдангер-жазушы

Халқының қамқоршысы

Өнегелі ұстаз

Тәлімгер

Батыр

Ғасыр адамы
















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Мұғалім: Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы

Тақырыбы: Аты аңызға айналған ұлы тұлға.

Мақсаты: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Б.Момышұлының өміріне байланысты деректермен таныстыру,оның ерлігін үлгі тұту ,оқушылардың патриоттық сезiмін қалыптастыру, ерлiкке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлiгiн мақтан тұтуға ,өнегелі істерін жалғастыруға баулу,ұлтжандылыққа,ерлікке,батырлыққа тәрбиелеу

Көрнекілiгi: Б.Момышұлының портретi, батыр өміріне байланысты суреттер, ұлағатты сөздері жазылған плакаттар, интерактивті тақта,слайдтар
Жүру барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Негізгі бөлім

Жоспары:
1-кезең . «Өмірі жайлы» естеліктер
2-кезең .Отты жылдарда
3-кезең .Бауыржан ата марапаттары
4-кезең. Батыр жазған туындылар
5-кезең .Ұлағатты сөздері мен аталық өсиеті
6-кезең .Көрініс: Бауыржанның батасы
7-кезең. Бауыржан бойындағы өнерлер
8-кезең. Бауыржан есімінде....

9.Қорытынды

1-жүргізуші:Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар!

Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлына арналған тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Бауыржан Момышұлы - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941-1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ-даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Аты аңызға айналған ұлы тұлға атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

1-оқушы:

Б. Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі-Момыш. Шешесі-Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші ауылындағы орыс мектебінде 1жыл оқып, одан кейін интернатта үш жыл оқып, бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, Қызыл Армия қатарында болады.

2-оқушы:

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды.Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, Ол взвод, батальон, полк және дивизияны басқарды.

3-оқушы:

Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр.Бек «Волоколамск тас жолы» повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

4 оқушы

Бауыржан атамыз 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді.Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.

5-оқушы: Ақ боранда азынаған қақаған
Жаудың қолы Москваға тақаған.
Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ
Мирас еткен батырлықты атадан.


6-оқушы: Оқты қағып құрыш тұлға төсімен,
Туған елі шыққан емес есінен.
Қуды жауды Москваның түбінен,
Қашты дұшпан Бауыржандар елінен.

7-оқушы:

1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.

8—оқушы

Тарихымыздан үлкен орын алған қазақтың дара перзенттерінің бірі Бауыржан атамыздың алған наградалары мен медалдары да жетерлік.Атамыз -«Қызыл ту» ,-«Москваны қорғағаны үшін» «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды . «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен ,Халықтар достығы» орденін иеленген , 1941-1945 ж соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді.,кейіннен Елбасы Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, ал 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды

Хор:

Әрқашан аты ауызда,
Ықпаған батыр дауылдан.
Айналған даңқы аңызға
Момыштың ұлы Бауыржан.

9-Оқушы

Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып әскери академияда сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

10-оқушы

Халықтың дәстүрі, тілі, діні қалпына келмейінше, ұлттық сана да болмайды. Осыны жақсы түсінген Бауыржан Момышұлы өзінің саналы өмірін туған халқының дәстүрін, тілін, дінін, тарихи жадын сақтап қалуға арнап, сол жолда еңбек етті. Барлық рухани күшін осыларды сақтап қалуға жұмсады.

11-оқушы

Қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы өзінің бүкіл өмірін туған халқы мен туған елі рухының еркін самғап, биікте тұруына арнады. Біздің қасиетті Атамекеніміз – тәуелсіз Қазақстанда бұл күндері лек-легімен өсіп-өркендеп, болашаққа бет алып келе жатқан мыңдаған жауынгерлер – сол Бауыржан Момышұлы армандаған қайтпас қаһармандықтың айқын мұрагерлері.

12-оқушы

Жазушы қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» туындылары- жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналар.

13-оқушы. Бауыржан атамыз артынан ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдерін де қалдырып үлгерген. Б. Момышұлының туған жер, Отан, ел, ерлік, бірлік, ынтымақ, достық, адамгершілік тақырыптарында қалдырған ұлағатты сөздері туралы ой өрбітсек.

14-оқушы

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын.

15-оқушы

Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тіке тұрып өлген артық.

16-оқушы

Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.

17-оқушы

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

18-оқушы

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

19-оқушы

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық.

20-оқушы

Отан үшін отқа түс күймейсің.

21-оқушы

Өтірік айту– ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

22-оқушы

Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

23-оқушы

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

24-оқушы

Қара бет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

»

  • 26-оқушы

«

Тәртіпке бас иген құл болмайды!

»

  • 27-оқушы

«

Отаның үшін отқа түс күймейсің.

»

  • 28-оқушы

«

Ептілік пен ерлік -
Ерге тән қасиет.

»

29-оқушы

Осындай нақыл сөздермен жауынгерлерді,жастарды ерлікке,елін,жерін,отанын қорғауға шақырған.Адам бойында ұлтжандылық,батырлық сезімдерін ұялатады.

Мұғалім:

Бауыржан Момышұлының еңбектерін, нақыл сөздерін, басқа қасиеттерін бағалай келе, біз оның халық мұрасын жалғастырушы, әскери педагог-психолог болғанын байқаймыз. Батыр жастарды төмендегі 14 қасиеттен жирендіріп, он бес қасиетке баулуға тырысқанын айқын аңғарамыз

Бауыржан Момышұлы жастарды

  1. Адамгершілікке
  2. Адалдыққа
  3. Батылдыққа
  4. Борыштылыққа
  5. Арлылыққа
  6. Жауапкершілікке
  7. Қайраттылыққа
  8. Ерлікке
  9. Жариялыққа
  10. Елжандылыққа
  11. Ұлттық мақтанышқа
  12. Табандылыққа
  13. Намысқойлыққа
  14. Әділдікке
  15. Әдептілікке

Жирендірген:

  1. Арсыздықтан
  2. Қорқақтықтан
  3. Жағымпаздықтан
  4. Жалғандықтан
  5. Қырсықтықтан
  6. Жауапсыздықтан
  7. Құлықсыздықтан
  8. Жігерсіздіктен
  9. Тұрақсыздықтан
  10. Көре алмастықтан
  11. Мәңгүрттіктен
  12. Қанағатсыздықтан
  13. Сатқындықтан
  14. Малшашпақтықтан

үндеген

Нәтижесінде патриот тәрбиелеу

1-жүргізуші

Көрініс:Бауыржанның батасы.

Автор:

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Бауыржан Момышұлы Бішкек қаласына әскери қызметке жіберіледі. Ол жолшыбай өзінің туған жері – Жуалы ауданында (Жамбыл облысы) 4-5 күн аялдайды. Батыр ағамыздың жанына облыстың, ауданның біраз басшы қызметкерлері еріп жүреді. Ауыл ақсақалдарымен бірге жақсы сөзге жаны құмар жастар да Баукеңнің әңгімесін тыңдайды.
Сапарының соңғы күні Баукең жалғыз баласы соғыста қаза болған қасіретті қарияның бірінің үйінен дәм-тұз татып шықпақшы болады. Қанша үйдің дәмін татса да, астан кейінгі бата беруді ауыл ағалары атқарады. Енді елден аттанар алдындағы дәм-тұздың батасын беруді жұрт Баукеңнен өтінеді. Баукең сәл ойланады да, тебірене түсіп, былайша бата береді.

Е, жаратушы жасаған!

Тiлегiмiздi қабыл ет.

Иманымызды кәмiл ет.

Тозақтағы оттан сақта,

Қаңғыған оқтан сақта.

Парақор соттан сақта.

Кiрлi сумен жуыстан сақта,

Қара жүрек батылдан сақта,

Дәйексiз тiл тақылдан сақта.

Адалдықты арбаған ақыннан сақта.

Ашу жеңген ақылдан сақта.

Қайырымсыз жақыннан сақта.

Адамды қадiрлемес есерден сақта.

Нанды басқан кесiрден сақта.

Татымсыз тұзыңнан сақта,

Ұятсыз қызыңнан сақта,

Мезгiлсiз келген өлiмнен сақта.

Жалқау бала намыссыз,

Ождан жоқ ұлдан сақта.

Түнере атқан таңнан сақта,

Жаңбыры жоқ шаңнан сақта.

Әкiмiнде шапағат жоқ,

Әдiлдiкте шарапат жоқ,

Молдасында шариғат жоқ,

Байларында салауат жоқ,

Кедейiнде қанағат жоқ,

Кiшiсiнде инабат жоқ,

Азаматында ар-ұят жоқ,

Көршiсiнде қошамет жоқ,

Қариясында бата жоқ,

Құр айқай, шат-шәлекей даңнан сақта.

Е, жаратушы жасаған!

Өмiр берсең, жайлы ғып бер.

Дәулетi мен байлығын бер.

Еңбегiмiз өңiстi болсын,

Қамбамыз астыққа толсын.

Көсегемiз көркейiп,

Мыңғырған мал өрiске толсын.

Қарияны кемел, сыпайы ғып бер.

Апаларды мейiрлi ғып бер.

Жезделердi зейiндi ғып бер.

Құдағиды кеңпейiлдi ғып бер,

Қарындасты көрiктi ғып бер,

Iнiлердi бөрiктi ғып бер.

Әйелдi ақ некелi ғып бер,

Баланы қаны толық, шекелi ғып бер.

Жиендердi жетелi ғып бер,

Екi айтпайтын еселi ғып бер.

Келiндердi келiстi ғып бер,

Қыздарды бақытымен

Ұрпағы көп өрiстi ғып бер.

Аттарды желiстi ғып бер.

Төскейде төл көбейсiн,

Жайқалтып дала егiстi ғып бер.

Дәнi толық өңiстi ғып бер.

Ұрпақтарды намысты ғып бер,

Тұлпарларды шабысты ғып бер.

Жомарт болсаң, Жасаған!

Айтқанымның барлығын,

Ағайынды ақаусыз,

Өнегелi өмiрмен тату-тәттi,

Табысты ғып бер! Аумин!

29-оқушы:

Бауыржан Момышұлының бойында өнерлер де аз болмаған.Атап өтсек:

*Құралайды көзге атқан мерген.

*Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.

* Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен атбегілігімен аты шыққан.

30-оқушы

* Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен.Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің „Батька„ , „Ақсақал„ дегендей қошеметтеріне ие болған.

31-оқушы

*Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әнгіме.Генералдарға сабақ берген ұстаздығы да – бөлек әңгіме. ,,Б.Момышұлының соғыс тактикасы „ деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады.Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс – тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.

32-оқушы

* Кітабы әлемге таралған жазушы..

*Сөзге шешен және тапқыр болған

33-оқушы

Бауыржан Момышұлы ның батырлығы мен ерлігін паш еткен кинофильмдер мен әдеби оқулықтар көпшілікке ұсынылды.

34-оқушы

Алматы,Тараз,Семей,Атырау,Жамбыл ,Астана,Алматы қалаларында көшелерге Бауыржан Момышұлының есімі берілген.Жамбыл облысында Момышұлы атында аудан және мектеп,Алматыда Момышұлы атында мекетеп-интернат бар.

35-оқушы

Астана,Шымкент қалаларында Бауыржан Момышұлының ескерткіші бой түзеген.

36-оқушы:

Ол қаһарман сүйген ерен Отанын,
Халық берген оған батыр атағын.
Ауыр сынның арқалаған азабын
Ерлігінді әнмен алаулатамын

Ән: «Сарбаздар маршы»

1-жүргізуші: Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б.Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.

2-жүргізуші: Бауыржан Момышұлы – елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға. Туған елінің бақыты үшін күрескен қаһарман перзенттерін халқы шексіз сүйіп, өнегесі үлгі-құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайды.

Хор:

Халықтың батыр атасы

Біледі қазақ баласы

Батыр ата Бауыржан

Даналардың данасы

Ерлігіңмен даңқыңды

Мақтан тұтам әрқашан

Мақтанышпен атыңды

1 жүргізуші:Осымен Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлына арнаған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Баршаңызға рахмет айтамыз.

Қорытынды

Бала Бауыржан

Жігіт Бауыржан

Қаһарман Бауыржан

Көпшіл

Зерек

Зерделі

Қайсар

Ұқыпты

Әділ

Сүйкімді ұл

Қайратты

Жауынгер

Айлалы

Майдангер

Атқыш

Спортшы

Гимнаст

Жазушы,ақын

Адал дос

Саяси ұстаз

Майдангер-жазушы

Халқының қамқоршысы

Өнегелі ұстаз

Тәлімгер

Батыр

Ғасыр адамы

Общая информация

Номер материала: 262439

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"