Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Қатынас және пропорция" 6 сынып

"Қатынас және пропорция" 6 сынып

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

hello_html_m761e28f1.gifhello_html_39e270b2.gifhello_html_m235e33f1.gif13 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ 


Тақырыбы: Қатынас және пропорция І тарау.


Бөлшек, бөлінді, қатынас ұғымының арасындағы байланысы.

Мақсат:

Жаңа білім

Бөлшектің негізгі қасиетін еске түсіру арқылы «қатынас» ұғымын таниды.

Жаңа түсінік

Берілген сандардың қатынасы екі санның бөліндісі екенін түсінеді.

Қолданым әрекеті

Қатынасты бөлшек немесе бөлінді ретінде қолданып, сол арқылы есептер шығарылады.

Талдау әрекеті

Бөлінді мен қатынас ұғымдарының байланысын анықтайды.

Шығармашылық әрекет

«Қатынас» ұғымы мен қасиетін пайдалана отырып, оның күнделікті өмірмен байланысын анықтап, бұл ұғымның қолданбалылығы туралы ой қорытады.

Бағамдау әрекеті

Жаңа сабақтың маңыздылығын түсінеді және бағалайды.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу. (8 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту. (7 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру. ( 18 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру. (7 мин.).

V. Бағамдау - бағалау. (5 мин.).

Оқыту әдісі:


Репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:


Белсенді танымдық.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:


Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ҚҚ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға қатысу.

Оқушыда дағды қалыптастыру:


Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау. Берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:


Қатынас, бөлшектердің негізгі қасиеті, пайыз

Ақпарат көздері:


1.Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова. Алматы: «Мектеп» баспасы

2. Математика. Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова.

3. Алдамұратова Т.А, Байшоланова Т.С. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылым. Алматы, Атамұра

4.Алдамұратова Т.А., Тупаева В.И. А-40 Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

5. М-29 Математика жұмыс дәптері, №1: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алдамұратова Т.А., Хабылбекова А.Қ., Алешина Н.Ф., Сатемирова С.Р. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 64-б.

Сабақты бағалау:


Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша баға ШӘ блогы үшін беріледі.


САБАҚ БЛОКТАРЫ 



і. аҚПАРАТ алмасу


Бөлшектің негізгі қасиетін еске түсіру.

Тақырып жоспары:

1. Бөлінді мен «қатынас» терминінің арасындағы байланыс.

2. Қатынастың берілуі тәсілдері.

3. Екі санның қатынасын процентпен өрнектеу.

Слайдтар:

1- слайд Бөлшектің негізгі қасиетін еске түсіру.


2- слайд Бөлшектің негізгі қасиеттері.

hello_html_53bc64a4.gif

Егер бөлшектің бөлімінде алымында нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, немесе бөлсек, онда бөлшектің мағынасы өзгермейді.


3- слайд 1 тақырыпша

Бөлінді мен «қатынас» терминінің арасындағы байланыс


4-слайд

Екі шаманың өлшемдерін бөлінді түрінде салыстыру үшін қатынас ұғымын қолданады.

АНЫҚТАМА.

Екі санның бөліндісі түріндегі өрнек сол сандардың қатынасы деп аталады. hello_html_m4ac288a0.gif

Мұнда а және в қатынастың мүшелері деп аталады.

а - қатынастың алдыңғы мүшесі, в - қатынастың соңғы мүшесі

Оқылуы: «а санының в санына қатынасы немесе а - ның в - ға қатынасы»


5- слайд


Бөлінді = Қатынасhello_html_m477e525d.png


6- слайд Мысалы (салмақпен келген жағдайда):

Әдетте жидек тосабын дайындау үшін жидек пен құмшекердің мынадай қатынаста 1:1 алады. Егер 5 литр жидек тосабын сапалы дайындау үшін неше литр жидекке неше килограмм құмшекер қосу керек?

Тапсырманы оқыңыз

1:1 қатынасты қалай түсінесіз?


7- слайд

Мысалы: Оқушы тор көзбен жол көз дәптерлерін 2:1 қатынасындай сатып алды. Егер оқушы 24 тор көз дәптерін сатып алған болса, онда оқушы қанша жол көз дәптерін сатып алған?

  • Тапсырманы оқыңыз

  • 2:1 қатынасты қалай түсінесіз?

Тор көз – а hello_html_6a4e9964.gifhello_html_m38e3af02.gif Жол көз - в

8-слайд Бөлінді hello_html_m5a09f867.gifқатынас емес (бөліндінің мәні). Қатынас hello_html_55edcb55.gif Бұл hello_html_m45cc12ef.gif болса hello_html_2b5d1cbb.gifболатынын айқындайды. Бұдан бөлінді мен қатынас жазылуы тұрғысынан бірдей болғанымен мағынасы өзгеше.


9- слайд Қатынас екі санның бөліндісі түрінде болғандықтан, бөліндінің негізгі қасиеті қатынаста да орындалады.

Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады.

Мысалы: hello_html_m785053e6.gif, яғни hello_html_m3d6fc140.gif бірдей 4 санына көбейіп, нәтижесінде hello_html_32ec8518.gifалдық.


10- слайд Қатынастың осы қасиетін пайдаланып, берілген қатынасты қысқартуға болады. Мысалы: 10:12=5:6.

Демек, 5:6 қатынасы- 10:12 қатынасының қысқартылған түрі.


11- слайд

  1. «Қатынас» ұғымын пайдаланып, берілген өрнекті оқыңыз.

hello_html_m2812ac6b.gif

  1. Бөліндінің мәнін анықта: hello_html_4a0a0331.gif

  2. Қатынастарды қысқартыңдар. hello_html_m23573264.gif


12- слайд Қатынастың негізгі қасиеті. Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады.

Мысалы: hello_html_74125c41.gif қатынасының екі мүшесін де 2 санына көбейтсек, онда hello_html_4e464db2.gif қатынасы шығады, мұндағы hello_html_m179c9f5b.gif - тең қатынастар, яғни hello_html_5bdc3ca7.gif

Енді hello_html_34184dda.gif тең қатынасының қалай орындалатынын ойланып, түсіндіріңдер.

hello_html_490ad473.gifқатынасы hello_html_m1cbcd574.gif қатынасына кері қатынас.

Кері қатынасқа осындай мысал келтіріңдер.


13- слайд Берілген қатынасқа кері қатынасты қалай жазуға болады?

Егер берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа кері қатынас алынады.

hello_html_7bf85b4d.gifқатынасы hello_html_1974d74c.gif қатынасына кері қатынас.

Мысалы:

hello_html_m72a26dca.gifқатынасы hello_html_m3a31a8f6.gif қатынасына кері қатынас; hello_html_m33bb90db.gif қатынасы hello_html_69038279.gif қатынасына кері қатынас. Кері қатынасқа осындай мысал келтіріңдер.


14- слайд

Екіден артық мүшесі бар қатынас 2:3:5- үш мүшелі қатынас. Бұл үш шаманың сәйкес мәндерінің ара қатынасын білдіреді. hello_html_mfaafa7c.gif теңдігі а, в, с шамаларының сәйкес мәндері hello_html_m3e76fb2d.gif түрінде өрнектелетінін білдіреді. hello_html_m5300db98.gif


5




іі. алғашқы бекіту


11-13 слайдтарға негіздей отырып қорытынды шығар.

Бөлінді мен «қатынас» терминінің арасындағы байланыс.

Берілген қатынасқа тең және кері қатынас.

Екі санның қатынасын пайызбен өрнектеу.




Қорытынды:___________________________________________________________


ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. №90 а саны в санынан қанша есе үлкен немесе қанша есе кіші болатынын табыңдар.

Жауабы: 1) 5 есе 2) 4 есе 3) 6 есе 4) 50 есе.

2. №92 Санның қандай бөлігін құрайды? Жауабы: 0,9.

3. №94 Санның қандай бөлігін құрайды? Жауабы: hello_html_m69e06196.gif

4. №96 Санның қандай бөлігін құрайды? Жауабы: hello_html_m749ec940.gif

5. №97 Санның қандай бөлігін құрайды? Жауабы: 1) hello_html_60cc2889.gif 2) hello_html_m7a87afbf.gif

6. №98 Санның қандай пайызын құрайды? Жауабы: 1) hello_html_m4c5aacf6.gif 2) hello_html_ma5f4445.gif

ІІ деңгей тапсырмалары

Қатынасты бөлшек немесе бөлінді ретінде шығар.

7. №100 Санның қандай пайызын құрайды? Жауабы: 1) hello_html_m4c5aacf6.gif 2) hello_html_m6ea870c0.gif

8. №103 Санның қандай пайызын құрайды? Жауабы: 1) hello_html_5b5af2d6.gif ға дейін 2) hello_html_59d7748d.gif

9. №104 Санның қандай бөлігін құрайды?

ІІІ деңгей тапсырмалары

Бөлінді мен қатынас ұғымын пайдаланып, есептер шығар, түсіндірмесін бер.

10. №106 Санның қандай бөлігін құрайды ? Жауабы: 1) hello_html_909395.gif 2) hello_html_m5f887b34.gif


іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

Сынып екі топқа бөлініп, келесі тапсырманы орындайды.

Қатынас ұғымын пайдалану арқылы есепті шығарыңдар, өмірде қатынас ұғымдарының қолданбалылығы туралы ой қорытады.

І топ

Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің қабырғаларының қатынасы hello_html_5f8e4497.gifға тең. Оның ұзындығы hello_html_6f563b32.gifм. Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің ауданы неше гa?

Нұсқау. Ұзындығыhello_html_4af1ad71.gif ені hello_html_713248dd.gif болатынын айқындап есепті шеш.

Жауабы: 11,34 га.

ІІ топ

Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің қабырғаларының қатынасы hello_html_577fdd70.gifке тең. Оның ұзындығы hello_html_m197748a9.gifм. Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің ауданы неше гa?

Нұсқау. Ұзындығыhello_html_5fd3f181.gif ені hello_html_m58b570cc.gif болатынын айқындап есепті шеш.

Жауабы: 21,952 га.


V. бағамдау-бағалау


Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.


VІ. Үй жұмысы



1. Оқулықтағы: 91;99;102;105;

Бөлме мен оған төселген кілемнің ұзындықтары 8:6, ал ендері 4:3 қатынасындай кілем бөлменің қандай бөлігін алып жатыр? Аудандарының қатынасын тап.


Общая информация

Номер материала: ДВ-030958

Похожие материалы