Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Қатынас.Көркем әдебиет.Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Қатынас.Көркем әдебиет.Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық

библиотека
материалов

Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Көрнекілігі: Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таны қиядан», кестелер, т.б

Сауалнама

  1. Балаңыз балабақшаға барды ма? (неше жастан)

  2. Баланы кім тәрбиелейді?

  3. Жанұяда күн режимі сақталама? (тұруы, жатуы, тамақтануы, демалуы)

  4. Балаңыздың қиналатын жері бар ма? (киіну кезінде, тамақтануда, жуыну кезінде, ұйықтау кезінде).

  5. Балаңыздың сүйіп тыңдайтын ертегісі, әңгімесі, телехабары, тамағы бар ма? (атап көрсетіңіз)

  6. Балаңыз үй жұмысына көмектесе ме және күнделікті қандай міндеттемелері бар?

  7. Жанұяда кімді тыңдайды? (бәрін, әкесін, шешесін, ешкімді)

  8. Жанұяда баланы тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолданасыз? (мадақтау, шара қолдану, сөгу, түсндіру, талдау).

Баяндама: «Бала тәрбиелеудегі отбасының рөлі»

Баланың мектеп жасына дейінгі кезеңі – баланың жеке басына қажетті ерекшеліктердің бастамасының құрылуы, мінез-құлқының өзіндік ерекшеліктерінің даму кезеңі деп есептеуге болады. Осы кезеңде, мәселен баланың үш жасынан бастап мінез-құлқы қалыптасып, әрекеті күрделене бастайды. Бала өміріне енетін бұл өзгерістерді байқау қиын емес. Балабақшадағы тәлім-тәрбие жұмысы баланың дене жағынан дамуына ғана қарамайды, оның психологиялық таным процесстерінің дамуына назар аударады. Баланың балабақшаға келген күннен бастап баланың өзін дұрыс ұстауын, ортада өзін бір тұлға ретінде көрсетуімен ерекшеленеді. 3-6 жас аралығындағы балаларға қойылатын талаптарды орындау оңайға түспейді. Осы мінез-құлықтың барлығы тек тәрбиелеу арқылы ғана жүзеге асады.

Тәрбиелеу екі жақты болғаны абзал. Ол отбасында және мектепте. Кейбір балалардың әдепсіз болып өсуі отбасы мүшелерінің арасындағы келеңсіз жағдайлардың болуынан, ойланбай айтқан сөздерден де болуы мүмкін. Әрбір ата-ана әрқашан өзінің баласына көп көңіл бөлу керек. Қараусыз қалған баланың болашағынан зор үміт күте алмайтынымыз хақ. Ата-ананың баласы үшін әрдайым құшағы ашық болу керек. Баламен ашық сөйлесіп, балада туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу керек. Әр ата-ана баласына тек алға ұмтылатындай, тәрбиелі болатындай бағыт беру керек деп ойлаймын.Отбасында баланың жан-жақты дамуы үшін еңбектің алатын орны ерекше. Өйткені, бала еңбек арқылы тәрбиеленеді. Ата-ана баласын еңбекке араластырып, үнемі оқуына қолайлы жағдай туғызуы қажет. Ата-ана баласының тәрбиелі ұрпақ болуы үшін өз міндетін толықтай орындау керек. Халқымыз «Жаста берген тәрбие-Жас қайыңды игендей»,-деп бекер айтпаса керек. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі ерекше. Балаға тәрбие дер кезінде берілгені жөн.

Орындаған: Алпанова А.С






















































Ақтөбе қаласы, «Ақбөбек»білім беру орталығы

Алпанова Айнұр- ортаңғы топ тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Қатынас» 
Бөлімі: «ҚМТҚ»
Тақырыбы: « 1- ден 5 ке дейінгі сандар» 
Мақсаты: 1 - ден 5 - ке дейін сандар қайталау . Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту. 
Әдіc – тәсілдері: Сұрақ - жауап, Мақта қыз бен мысық ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс. 
Көрнекілігі: Мақта қыз бен мысық ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер. 

Барысы:
Шаттық шеңбер:
 
Күннің көзі ашылып, 
Көкке шуақ шашылып. 
Құтты қонақ келіпті, 
Төріме міне еніпті. 
- Үлкенге де “Сіз”, 
- Кішіге де “Сіз”, 
- Баршаңызды құрметтеп, 
- Бас иеміз “ Біз”! 
- Сәлеметсіз бе? 
- Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын» деймін. 
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
- Көктем мезгілінде неше ай бар? 
- Қандай айлар? 
- Бір аптада неше күн бар?

Жылулық шеңберге тұрады. Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады. 
Жылы лебіздерін бір - біріне білдіреді. 
Сәлеметсіңдер ме, апайлар! 

Таңғажайып сәт: 
Есік қағылады. Мақта қыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақта қыздың қолында мысықтың құйрығы, Мақта қыз бен мысық балалармен амандасады. 
- Сендерге не болған, неге ренжісіп жүрсіңдер? 

- Балалар мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін. 

- Балалар мысыққа көмектесеміз бе, Мақтақыздың тапсырмасын орындаймыз ба? 

- Ал, енді балалар, мысықтың тапсырмасын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік. Мен сендерге жұмбақ айтайын соны шешсеңдер, мысық кімге баратыны табылады. 
Екі найзасы бар, 
Екі айнасы бар. 
Төрт жылтырмағы бар, 
Бір шыбыртқысы бар. 
- Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық. 
1 - ден 5 - ке дейін сандарды тура және кері санау. 



- Енді мысық сиырдан кейін неге барады? 
Жазда жатсаң, 
Көлеңкесіне алады. 
Қыста жақсаң, 
Жаның рахат табады. 
- Ағаштың тапсырмасын тыңдайық. Пішіндерді атаңдар, түстерін ажыратыңдар. 
Мысық енді кімге барады? 

Қыздардың тапсырмасы: 
«Сұрақ - жауап» 
1. Бір аптада неше күн бар? 
2. Жұлдыздың неше көзі бар? 
3. Адамда қанша көз бар? 
4.  Бағдаршамның неше көзі бар? 
5. Аспанда неше күн бар? 
6. Бір жылда неше мезгіл бар? 
Сергіту сәті: 
Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Гүл-гүл жайнап жанамыз

Жаттығулар жасаймыз

Жақсы сергіп қаламыз
Қыздардан кейін мысық қайда барады? 
Дүкеншінің тапсырмасы: 
«Тез ойлап тап!» 
Есеп: Менде 3 жұмыртқа болды, біреуін жарып алдым. Менде неше жұмыртқа қалды? 
Ермек дүкеннен 5 алма алды, жолда 1 - ін жеді, Ермекте неше алма қалды? 
Д/О: «Автомабиль мен торғайлар» 
- Балалар мысық дүкеншіден кейін кімге барады? 
Тауықтың тапсырмасы: 
«Сандарды сурет бойынша орналастыр» 
Себет - 1, алмұрт - 2, сәбіз - 3, банан - 4, пирамида - 5. 
- Балалар мысық тауықтан соң, кімге барады? 
Мен жұмбақ айтамын, шешуін табындар. 
Өзі егін екпейді, 
Егістен ұзап кетпейді. 
Қарны ток, қайғысы жоқ, 
Мысық қуса жетпейді. 
Тышқанның тапсырмасы: 
«Көршісін тап» 
- Балалар, мысық сендердің көмегімен Мақтақыздың барлық тапсырмасын орындады. Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді. Сөйтіп екеуі дос болыпты.


Біледі: 1 мен 5 аралығындағы сандарды

Игереді: Әрбір тапсырманы мұқият орындауды.

Меңгереді: 1 мен 5 саны көлемінде санауды,заттардан геометриялық фигураларды табуды .




Автор
Дата добавления 20.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров209
Номер материала ДБ-091667
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх