Инфоурок Другое КонспектыАтырау облыстық №3 мектеп-интернатында өткізілген Асыл әжем, ақ әжем сайысының жоспары

Атырау облыстық №3 мектеп-интернатында өткізілген Асыл әжем, ақ әжем сайысының жоспары

Скачать материал

Тақырыбы: Асыл әжем, ақ ажем.

 

                           Асыл әжем, ақ ажем.

 

Армысыздар құрметті көрермендер,шараға қатысушы әжелер.

 

Ана  жанын   әже   болсаң   ұғарсың,
Алдыңда   ол  биік   құзар  шың.
Немере  үшін   кеуде  керіп    мақтанып,
Немере  үшін   биіктен де  құларсың.
Әже  мерейі   күн   көзімен   пара   -пар,
Тұла   бойға   қуат   болып   таралар.
Өмірімізге   шуақ   шашып   әрқашан
Көп   жасаңыз,  ақ  ниетті  аналар.

Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Асыл әжем ,ақ ажем» атты шарамызға қош келдіңіздер.

 

Құрметті әжелер, армысыздар,

Бәріңізде есен-саумысыздар.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.

Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.

Төрлетіңіз қадірменді әжелер

Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге ,-дей отырып ортаға шараға қатысушы әжелерімізді шақырайық.

 

1.     Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Болашақ тобындағы Ерназар мен Жеткізгенің әжелері Гүлнәр әжей мен  Жамал әжейді ортаға шақырамыз

2.      Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүретін Көктем тобындағы Лираның әжесі Сандуғаш әжейді қошеметпен қарсы алайық!

3.         Әже біздің күніміз
    Әжемнің біз гүліміз
    Балаларды қуантып,
    Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып   Еркемай тобындағы Бекзат пен Абдрахим әжелері Маухида әжей мен Марғуа әжейді ортаға шақырайық.

4.     Таусылмайтын өлеңі

      Күнде айтып береді

      Барған сайын бір жаққа

      Кәмпит алып келеді –деп Анелдің әжесі Ания әжейді шақырамыз.

 

 

 

5.     Немере қамын ойлай жүретін балажан әже  Балдәурен тобындағы     

          Мейірімнің  күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі  Тыныштық әжейді ортаға  

          шақырамыз!

Енді әжелерімізбен  таныс болсақ , әділ  қазы алқасымен таныс болыныздар.

 

                                      Кім жеңеді сайыста үміт алда,
                                      Қобалжу бар жүректе күдік барда
                                      Әділ - қазы алқасы атыңды ақта

                                     Жүректерге арман мен бақыт жолда,- әділ  қазы алқаларымен таныстырып өтсем.

1.     Мектеп директоры  Ғали Ақсерік Құлжанұлы

2.     Оқу ісінің меңгерушісі Светлана Сайханқызы

3.     Тәрбие ісінің меңгерушісі Арай Балтабекқызы

 

Әділ қазы алқасымен таныс болсақ, әжелерімізді шарамыздың шартымен таныстырып өтсем.

 

Шартымыз 6 кезеңнен тұрады

1. « Мен,әжемін,ұрпағын әлдилеген » ( яғни,әжелеріміз өздерін таныстырады)
2. « Көтерйік көңілді ән-жырменен» (әжелер өз өнерлерін көрсетеді)

3. «Сыр сандық»сұрақ – жауап бөлімі.
4. Салт-дәстүрден көрініс( ұлттық салт-дәстүрімізден сахналық көрініс қояды)
5. Ою оя білесіз бе?
6. Үй тапсырмасы: Қолөнер бөлімі (үйден дайындап алып келген қолөнерлерімен таныстырады)

 

Шартымызбен таныс болсақ,шарамызды бастаймыз.

 

 

Асылдай әжелерім қартаймашы
Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы
Өздеріңді мәңгілік аялаймыз
Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы. 

1 – кезеңіміз  таныстыру бөліміне берсек,әрбір шараға қатысушы әжелер өздерін таныстырып өтсе.

 

 

Әжемнің саясында ер жеттім мен

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаймын айналсам да жер бетінен,-дей келе,келесі кезекте әжелер өз

өнерлерін көрсетеді,әжелеріміздің өнерін тамашалайық.

 

1.     Болашақ тобындағы Ерназар мен Жеткізгенің әжелері Гүлнәр әжей мен  Жамал әжейдің өнерлерін тамашалайық.

2.     Көктем тобындағы Лираның әжесі Сандуғаш әжейдің өнерін тамашаласақ.

3.     Еркемай тобындағы Бекзат пен Абдрахим әжелері Маухида әжей мен Марғуа әжейдің өнерлерін тамашаласақ.

4.     Жұлдыздар тобындағы Анелдің әжесі Ания әжейдің ортаға

      шақырамыз.

 

 Көп-көп рахмет әжелер  сіздерге .

Келесі кезеңіміз Сыр сандық  деп аталады,яғни сұрақ - жауап ,әжелерімізден  сыр сандықттан билеттер алуын сұраймыз.

 

Әжелеріміз дайын болғанша  ортада Нұрбай Нұрсұлтаның орындауындағы Ақ атам,асыл әжем әнін қабыл алыңыздар.

Анам мені тербетіп,
Өсіп кеттім ержетіп
Сол бесігім үйімде
Сақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу немесе
Жолың болсын деселік
Жолыңа нұр төселік
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кеселік.- деп келесі кезеңіміз  ұлттық салт-дәстүрден көрініске кезек берелік.

5 – кезең

Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсің
Біз айтайық төрелігін соңынан
 

енді келесі кезең  «Ою оя білесіз бе?» деп аталады,ою ою үшін әжелерге қағаз,қайшы беріледі.

 

Енді ортаны ашайық
Інжу маржан шашайық
Ән мен биді шалқытып.
Жанаргүлді тамашалайық!
Жиналған халық таңғалсын
Өнерден күмбез жасайық!

 

Әжелеріміз дайын болғанша ән Жанаргүлдің орындауында Асыл әжем қабыл алыңыздар.

 

Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда

Қол өнер әдемі сәнділікпен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда ,-дегендей біздің  келесі кезегіміз үй тапсырмасы: Қолөнер бұйымын қорғау

 

 

Енді әділқазылар алқасы дайын болғанша асыл әжелерімізге арналған әсем әнді қабыл алыңыздар

 

Қайырымды қасиетті
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес, бал әжем
Аман – есен жүріңізші
Бар тілегім сол әжем – дей отырып,бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Болашақ тобы:

1.     Хасарова Гүлнәр

2.     Бисенғалиева Жамал

Көктем тобы:

1.     Ерғалиева Сандуғаш

Еркемай тобы:

1.     Калхашева Маухида

2.     Ибраева Маргуа

Жұлдыздар тобы:

1.     Тайпанова Ания

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Атырау облыстық №3 мектеп-интернатында өткізілген Асыл әжем, ақ әжем сайысының жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 247 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 759
    • DOCX 21 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Төлегенова Гүлдария Ержанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Төлегенова Гүлдария Ержанқызы
    Төлегенова Гүлдария Ержанқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6120
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой