Инфоурок / Физика / Статьи / АҚТ-ны орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде пайдалану
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

АҚТ-ны орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде пайдалану

библиотека
материалов

Бектемисова Сауле Кайсаровна

Акмола облысы

Жарқайын ауданы

Тасөткел негізгі мектебі

физика пәнінін мұғалімі

АҚТ-ны орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде пайдалану

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев

Әрбір ұстаздың негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған байланысты жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр оқытушы, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Менің ойымша физика сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмыс істеу;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде

физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы мол.

Сондықтан да сабақтарда ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдану бұл заманауи қажеттілік дер едім. Қазіргі оқу үрдісінде компьютерлік техниканы, интернет желісін, видео, аудио қондырғыларды , электрондық оқулықтар мен интерактивті тақта мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану арқылы, барлық оқушылардың танымдық белсенділігі артып қана қоймай олардың логикалық ойлау жүйесі қалыптастырып, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасалатындығына көзіміз жетуде. Осыған байланысты АҚТ-ны өз сабағымда қолдануға тырысамым. Мектебімізге физика кабинеті келгеннен беріп, барлық сабақтарымды интерактив тақтамен өткіземім. Өйткені АҚТ - ны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, оқушыны ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай: 1. Олар белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. 3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі мен оқу сапасын арттырады. 4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды  бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.

Қазіргі кезде жоғарғы сыныптарда мен өз тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.  Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау және зерханалық жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды  көрсете отырып,  түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер етеді. Бұл оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.

Мысалы сабақта тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін әр оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады.

Акпаратық технология мен байланысты күнделікті сабақта: 
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды);
 
-зертханалық тәжірибелер;
 
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); 
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры); 
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже 
береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. 
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның физика пәнінен алған білім 
сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты 
арқылы жоғары деңгейдегі материалдарды алып ( жүктеп) пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. 

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде оқушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. 
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
 
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады
. 

Қазіргі заманда оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану  және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Өйткені оқушылар өз бетімен ізденеді, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытады, бұл оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

АҚТ арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп есептеймін..

 «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру  мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. АКТ-ның дамуы білімді бағалау мен пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Соның нәтижесінде оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен әдістемелер, технологиялар жаңарып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұстанымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімге сабақ беруде көмектесетін мағызды құрал болып табылады.

 Осы тақырыпты қорытындылай келе қазір техниканың дамыған заманы . Мектептерде ұстаздар өз сабақтарында АҚТ - ны пайдалану үлкен әдістемелік көмек береді, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынды  деуге болады.

Сонымен интерактивті технология бойынша  ақпаратты оқушылар  мына жолдармен қабылдайды.

  1. Компьютерлік техника арқылы

  2. Интерактивті тақта арқылы

  3. Дистанциялық оқыту

  4. Тесттік бақылау

  5. Электрондық оқулық

  6. Электронды почта

  7. Бүкіл әлемдік байланыс

  8. Интернет

Ақпараттық – интерактивті  технологияны оқыту, тәрбие үрдісінде қолдану оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, білім сапасын арттырып, қабілетті оқушыларды анықтауда және олармен түрлі жағдайду жұмыстануға қосар үлесі мол.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-499236

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"