Инфоурок Физика Конспекты«Атом электр станциясын салудың пайдасы мен зияны».

«Атом электр станциясын салудың пайдасы мен зияны».

Скачать материал

Тақырыбы: «Атом электр станциясын салудың пайдасы мен зияны».

 Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру, өз пікірлерін айта білуге, іздемпаздыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.

 Сабақ формасы: топпен жұмыс істеу.

 Сабақтың түрі: пікір-талас сабағы.

Көрнекілігі: интер белсенді тақта, слайд.

Сабақтың негізгі міндеті: екі сыныптан 2 оқушыдан алынып, берілген тақырып бойынша әр топ кезекпен шығып өз пікірі мен көзқарастарын айтады, мұнда екі топтың көзқарасы екі түрлі болғандықтан ортада пікір талас туады, соңында дұрыс шешімге келеді.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: 2010 жылы 4-қыркүйекте Қазақстанда Ресей технологиясы бойынша атом электр станциясы салынатындығы айтылды.

Қазақстанда атом электр станциясын салуға ең ыңғайлы орын Балқаш көліне жақын Үлкен ауылының маңы болып отыр.

http://bykvu.com/media/k2/items/cache/83a2ea62e0f4cfa71f77de7659289685_L.jpg?t=1429444864

http://img-fotki.yandex.ru/get/4209/gelionsk.86/0_3b580_87dac0d7_orig

Бұл туралы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атом энергиясы комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов мәлімдеді.

"Қазақстан- Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік: Атом энергетикасы инфрақұрылымының дамуы" атты семинарда сөйлеген Шәріпов бұған дейін АЭС-ті Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы мен Ақтау қаласы маңдарында салу мүмкіндіктері қарастырылғанын да айтты.

Балқаш көлі жанындағы Үлкен ауылы электр қуаты тапшы аймақта орналасқандықтан және мұнда станцияның электр қуатын тарататын дамыған желілері болғандықтан АЭС салуға ең қолайлы жер деп саналады.

Шәріповтің айтуынша, АЭС салатын орынды таңдағанда тек аймақтың энергетикалық балансы ғана емес, оған қоса электр қуатын тасымалдау мүмкіндіктері және басқа да факторлар назарға алынған.

       Осы мәселелерге байланысты бүгінгі сабақта екі топ өз пікірлерін білдіреді. 1-топ АЭС - салуды қолдаса, 2-топ бұған мұлдем қарсы олай болса 1-топтың пікірін тыңдап көрейік.

І-ші топтың 1-мүшесі:  

    Қазіргі кезде  әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жай қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті.

    Міне, сол энергия көздерінің бірі ретінде АЭС- пайдаланылуда. АЭС - атом электр станциясы, атом энергиясын электр энергиясына айналдырады. Әлемде қазіргі кезде өндірісте ядро электр энергиясын пайдалану бойынша АҚШ   (836,63 млрд кВт·сағ/жыл), Франция (439,73 млрд кВт· сағ/жыл), Жапония (263,83 млрд кВт· сағ/жыл), Россия (160,04 млрд кВт· сағ/жыл), Корея (142,94млрд кВт· сағ/жыл) және Германия (140,53 млрд кВт· сағ/жыл) өндіріп отыр.

     Осыған сәйкес атом электр станцияларын жылу электр станцияларының бір түрі деп те қарауға болады. Бұл аталған электр станцияларындағы бу-қазан агрегаты, бу немесе газ трубинасы және электр генераторлары сияқты негізгі элементтері бірдей. Әрине, АЭС – тердегі ядролық отындардың жылу бөлгіштік қабілеті кәдімгі органикалық отындардан бірнеше есе артық. 

    Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында атом электр станциясының құрылысы 2018 жылдан басталады. Оған дайындық жұмыстары қазірден жүргізіліп жатыр. Ал, еліміз атом энергиясын мөлшермен он жылдан соң пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл туралы Курчатов қаласында Қазақстан және Жапон елінің ғалымдары арасында өткен халықаралық жиын барысында айтылды.

    "Бұл нысан бізде болса, Семей көркейеді. Өндірістік қала жанданатын еді. Шағын және орта бизнес инфрақұрылымы да алға басатын  еді", - Курчатов қаласының әкімі Дмитрий Гариков.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І- ші топтың 2-мүшесі:  

Атом электр станциясының негізгі құрылысы төмендегі құрылғылардан тұрады:

1.     Ядролық реактор

2.     Су сорғыш насос

3.     Электро генератор

4.     Бу трубинасы

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Жұмыс істеу принципін бейнежазба бойынша түсіндіріп береді).

    Істеу принципі: Ядролық реактор – бұл атом ядросының энергиясының электр энергиясына түрлендіру үшін арналған құрылғы. Уран изотобында жұмыс істейтін реактор баяу нейтрондардағы реактор деп аталады. Арнайы графиктік білік шапшаң нейтрондарды жұтады. Олардың көмегімен реакция барысын басқаруға болады. Реактордың белсенді айтағында реактивті зат тұрады. Әдетте уран немесе плутоний осы атомдардың α – ыдырауының есебінен бөлінетін энергия суды жылытып, қайнатады. Алынатын су буы электр тогы генераторымен жалғастырылатын бу турбинасын айналдырып жылу энергиясын электр энергиясына айналдырады.

Жүргізуші: бұл 1-топтың көзқарасы, ал енді 2-топтың көзқарасын тыңдап көрейік.

    ІІ - ші топтың 1-мүшесі:  

      Қазақстан республикасыда өз кезегінде Маңғыстауда және Балқашта АЭС салатындығын неше мәрте мәлімдеді, сонымен бірге бұл жобаны Ресеймен бірігіп жүзге асыратындығында айтты. Жапонияның «Фукусима-1» АЭС-да болған жарылыстар әлемнің алпауыт елдерінің өздерін әбігерге салып, АЭС-тен бас тартуына әкеліп соқтырғанда, бұл жағдайлар бізді алаңдатты. Қазақстанда АЭС салу мәселесіне әлі де те­рең зерттеулер жүргізілуі керек. Мәселен, Жапонияда бір ғана атом электр станциясында жарылыс бол­ды. Оның зардабын жапон халқы әлі тартып келеді. Ал бірнеше АЭС-та жарылыс болғанда жағдай не болар еді?

    Жапониядағы жарылыстан, Чернобыльде болған апаттан сабақ алуымыз керек. Беретін энергиясының көптігімен қоса, АЭС-тің өзіндік проблемалары жеткілікті. Радиацияның кесірінен көптеген тірі организімдердің құрылысы өзгеріп мутация ұшырауы баршамызға белгілі. Маңғыстау өңірі сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі, егер мұнда АЭС-салынса, тәбиғи зіл-зала бола қалған жағдайда, Жапонияның тағдырын тартуымыз әбден мүмкін. Ал                Балқаштағы жағдай мүлде басқа. АЭС-суды өте көп қажет етеді, онсызда суы тартылып, құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған Балқаштың жағдайын АЭС-арқылы тіпті де ауырлатып жібереміз. Ал, АЭС-тен шыққан қалдықтарды бір жақтылы ету әлемде ешқандай елдің қолынан келмей отыр. Осы жағдайларды ескерсек, АЭС-тің бізге пайдасынан зияны көбірек. Сондықтан АЭС-тен бас тартып, энергияның басқа көздерін тапқанымыз әбден дұрыс болар.

ІІ- ші топтың 2-мүшесі:  

     Қазақстан республикасы үшін алып айтқанда бізге қуат боларлық энергия көздері көп-ақ. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз. Күн сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батареясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады. Халық шаруашылығы, металлургия, ауылшаруашылық, энергетика саласында күн энергиясын пайдалануға болады. Қытайда 18 қабаттан тұратын, тек қана күннен қуат алатын ғимарат былтыр қолданы.

 ал жел электр станцияларының мүмкіндігі одан ондаған есе артық сқа берілді, әрине, мұндай жағдайды бізде де жасауға болады.

     Жел энергиясыда экологиялық тазалығымен тиімді. Оны пайдалану мүмкіндіктері Қазақстанда жүзеге асырылмай келеді, оның тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Шағын жел электр станциялары ауылшаруашылығы үшін өте тиімді. Шығыс қазақстандағы «Жоңғар қақпасы» біз үшін жел энергиясының негізгі көзі болмақ.

Тау өзендеріне салынатын шағын гидростанцияларды да тиімді энергия көзі деп қарауға болады.

    Сарқылмайтын энергия көздері бойынша Қазақстан жан басына шаққанда алдыңғы қатарда. Оңтүстік және оңтүстік шығыс тау өзендерінде жалпы қуаты қазіргі жылу электр станцияларына тең келетін шағын су электр станцияларын салуға болады,..

     Жапониядағы апаттарды көре отырып, тәуекелге бел буғанымыз ойландыратын жағдай. Сондықтан альтернативті энергия көздерін пайдаланып АЭС-тен бас тартқанымыз оң.  Жарты ғасыр Атом бомбасының сынағына айналып азап шеккен қазақ  даласын, енді бір қауіптің мазалауына жол бермейік...

    Жүргізуші: екі жақтың да пікірлерін тыңдадық, олай болса, бір – бірлеріңе әліде қарсы пікірлерің барма? (екі топтың оқушылары бір – бірлеріне сұрақ қояды.)

    Жүргізуші: көрермендер(апайлар, оқушылар) сіздердің пікірлеріңіз қандай? қай топты қолдайсыздар?

    Жүргізуші: Осы айтылғандарды қорыта келе,АЭС – салсақ зор мөлшерде энергия көзіне ие боламыз өмір сүретін ортамыздыда ластамаймыз.

    Бірақ, Жапониядығы “Фукусима-1”,Чернобльдегі зауыттар сияқты жағдайлар туылып жатса,расымен ойламаған дәрежеде зардап шегеміз,олай болса заманауи үлгідегі  қауіпсіз ережелері сақталған, халыққа, табиғатқа зияны жоқ АЭС салынса екен дейміз. 

 

 

 

 

 

 

Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы  орта  мектеп

мектепке  дейінгі  шағын  орталығымен КММ

 

Бекітемін:

Мектеп директоры                      Макашова Э. А.     

 

 

 

 

 

 

 

10«А»,10«Б» сыныбы

 

Атом электр станциясын салудың пайдасы мен зияны

(сыныптан тыс жұмыс)

 

                                                  

 

 

 

 

                                      Физика  мұғалімі: Таңқай Қ.

                                                                                                   .  

 

                                                                              

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Атом электр станциясын салудың пайдасы мен зияны»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2017 32067
    • DOCX 534.8 кбайт
    • 152 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таңқай Қадиша Зарқым. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таңқай Қадиша Зарқым
    Таңқай Қадиша Зарқым
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83985
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 865 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 999 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек