Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Аттанайық, бала шақтан – болашаққа!»

«Аттанайық, бала шақтан – болашаққа!»


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_19795c21.gif

Қарақұдық орта мектебі.















Тақырыбы: «Аттанайық, бала шақтан – болашаққа!».

Өткізген:Бесімбаева Күмісай.

4 «а» сынып











2012 – 2013 оқу жылы.



Сабақтың тақырыбы: «Аттанайық, бала шақтан – болашаққа!»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды болашаққа сара жол мектептен басталатынын, кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттырып оқуға, білімді болуға шақыру.Мектептегі ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, қабырға газеттері.

«Саржайлау» биі орындалады.

Мұғалім: Білім негізі бастауыш сынып. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне – өзі сенімді, интелектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуді мектептен алатын орны айрықша.Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш сынып.

Бұл оқу-тамақ болар қарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас, білім білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда-деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солдарын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттанайық, бала шақтан-болашаққа» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас,күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Жастың өсті санасы,

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

Шақырайық ортаға,

Қоштасар енді кез келді-дей отырып бастауышпен қоштасатын түлектерді ортаға шақырайық. (Оқушылар 2 – 2ден қол ұстасып, сахна төріне жайғасады).

Мұғалім: Шәкірттеріме тілерім: Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды, білімді, ел билейтін ұлы, көркейтер қызы болыңдар дегім келеді.

Мұғалім: Ата-аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғарғы сыныпқа өткені құтты болсын! Балалар бәрімізге қуаныш, бақыт әкелсін!

Мұғалім: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып қошеметтеп түлектерге

Берейік кезекті енді қоштасуға, - дей отырып ортаға қошеметпен жүргізушілерімізді қол соға отырып шақыралық.

1 - жүргізуші:

Елдос: Армысыздар құрметті ұстаздар,ата-аналар!Бастауышпен қоштасу, дәстүрлі мерекемізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле:

Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген бір мұрат

Алдында түсіп ананың

Жүргенін көрген бір мұрат – дегендей, мұны көруге бір бақыт

деп ойлаймын.Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер, 4-ші сынып оқушылары осыдан 4жыл бұрын 6жасар бала болсақ бүгін міне,ес біліп,етек жиған шәкіртпіз.

1 - жүргізуші:

Елдос: Бұл күнге жәйдан-жәй жете салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда қуанышпен еске алатын сәттерімізде аз емес.Бір сәт осы көріністерді тамашалайық.(Слайд корсетіледі)

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап,әліппемен қоштасу,дәстүрлі Наурыз тойлары,аналар мерекесіне арналған ән шашулар,жаңа жыл мерекесі,түрлі сайыстар,әдеби кештер,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары біздің елімізде мәңгі сақталары сөзсіз.

1 - жүргізуші:

Елдос: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін.

Бар қауым тамсана таңдай қағар, - деп келесі сөз той иелеріне беріледі.

1 - оқушы: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар,ұстаздарым қымбатты!

2 - оқушы: Армысыздар аталар мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Фарабидей бабалар!

3 - оқушы: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер,

Бүгін міне бастауышпен қоштасады

Азамат боп кешегі сәби балалар.

4 - оқушы: Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім алған.Келесі шырқалар «Мектебім» әнін мектебімізге арнаймыз.

Ән: «Мектебім» хормен.

5 - оқушы: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танымас азамат бір – бір мықты.

6 - оқушы: Маған ұстаз үйретті

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді

Таптық ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

7 - оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт басын саған иеді.

1 - жүргізуші:

Елдос: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап, Осфан Ақмаржанның орындауында «Ұстазым» әні шырқалады.Қабыл алыңыздар!

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Құрметті ұстаздар, біз оқып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз.Сондықтан әрбір пән мұғалімдеріне біздерге жан – жақты білім бергені үшін алғысымызды білдіреміз.Келесі орындалатын өлең жолдары аяулы ұстаздар сіздерге арналмақ.

Жәния апайға:

8 - оқушы: Нұр жүзіңнен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерді сүйген таза көңілмен.

Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда

Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

9 - оқушы: Маусым, Гүлбану апайларға:

Бойымызда бұла күш,

Еркін өскен ұланбыз.

Оқу – білім үйреткен,

Ұстаздарға мың алғыс. (Хормен).

1 - жүргізуші:

Елдос: Келесі орындалатын тамаша ән ұстаздар, сіздерге арналады.Қабыл алыңыздар!

Ән: «Мектеп вальсі» хормен.

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: «Знать русский язык – значить открыть глаза на мир», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, біз орыс тілінде де жақсы меңгердік.

10 - оқушы: Ана тілімен табалдырықты аттадық,

Орыс тілін қосып бірге жаттадық.

Жаңагүл мен Фариза апай арқасында,

Біз орысша еркін сөйлей бастадық.

11 - оқушы: Әлемде бар талай тіл,

Үйренуге құмармын.

Ағылшын тілі қажет тіл,

Тез үйреніп алармын.

12 - оқушы: «Спасибо скажем вам

За наши знания, за те умения,

Что дали нам

Мы оценими все

Ваши старания

И блогодарны за

Уроки вам.



1 - жүргізуші: Елдос:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырза Әли атамыз жырлағандай келесі орындалар әніміз орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналады.

Ән: « Чему учат в школе»

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Мадақтау сәті. Балалар, кезекті мадақтау сәтіне берелік.

Мұғалім: Оқушыларға, яғни 5 оқушыға диплом тапсырады. (Нұрсәуле, Елдос, Темірбек, Айда, Әсел)

Мұғалім: 4 жыл бойы білім мен тәрбие ала отырып, оқушыларымыз өздерін әр қырынан көрсете де білді.

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Бізде, спортты сүйетін балалар өте көп.Олай болса, ендігі кезек дене, информатика, еңбек, музыка пән мұғалімдеріне арналады.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - дегендей ортаға әнші ұлдарыңыз Саябек пен Темірбекті «Бала тілегі» әнімен қошеметтеп шақырамыз.

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп.

Береді білім нәрін кітап көптеп, - дей келе кезекті оқулықтар сырына береміз.

13 - оқушы: Ойланып есеп шығартып

4 Таңбаны білдірген

Ғалымдардың патшасы

Математика данасы.

14 - оқушы: Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайтын.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.

15 - оқушы: Адамдықты үйреткен,

Жамандықты жиренткен.

Тілімізді ширатқан,

Ана тілі сабағы.

16 - оқушы: Тез үйрендік әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

17 - оқушы: Мектеп – үйім , ұстаздарым – ата- анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Бәрі хормен: Құрбыласпыз,

Бір сыныппыз

20 оқушы күлімдейміз,

Бір бақшаның гүліндейміз.

Талпынамыз, қанаттанып,

Жақсы оқимыз сабақты біз.

Ән хормен: «Бақытты балалық шақ»

1 - жүргізуші: Елдос: Мадақтау сәті.

Мұғалім: 5 оқушыға диплом тапсырады. (Қошкелді, Ботакөз, Мадина, Айтбай, Әдемай).

1 - жүргізуші: Елдос: Нұрсәуле, мен саған бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр, қалай қабылдайсың?

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Елдос, сұрақтарың болса қоя бер.Біз көптеген тексерулер келгенде де мүдірмей жауап беріп, сыннан толық өткенбіз.

1 - жүргізуші: Елдос: Біз нені сүйеміз?

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Отанды, ата – ананы, халқымызды, достарымызды, жақынымыз бен алысымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді.

1 - жүргізуші: Елдос: Біз 4 жыл бойы не үйрендік?

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, би билеуді, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін сақтауды үйрендік.

1 - жүргізуші: Елдос: Бізді болашаққа не бастайды?

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Ұстаздың көрсеткен жолы,

Ата – ананың ақылы

Болашаққа деген сенім.

1 - жүргізуші: Елдос: Осы заманда білім артық па, байлық артық па?

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Әрине, білім.

КВН үзінді.

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Елдос, бүгін анам сөмкемді жинап жатып бір кітапты түсіріп алды.Қарасам 4 – ші сынып деп жазылып тұр.Кеше ғана қолыма алғанда 1 – ші сынып деп жазулы тұр еді.

1 - жүргізуші: Елдос: Сен бұған қуанып кеттің бе?

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Жо –жоқ!

1 - жүргізуші: Елдос: Неге қуанбадың?

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Мен уақыттың сынаптай сырғып өткеніне қынжылдым.

1 - жүргізуші: Елдос: Иә, ата – аналарымыз біздерді оқыту үшін қаншама қиналып, толқыды десеңші.

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Құрметті ата – аналар, балаларыңыз мектепке келгендегі бір қызықты сәттері естеріңізде ме?

Ата – ана: 1 – 2 ананы сөйлету.

1 - жүргізуші: Елдос: Олай болса, айтылар тақпақтар сіздерге арналады, қадірлі ата – аналар!

18 - оқушы: Әкелерді құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен.

Әке – асқар тауымыз,

Көңілдерге гүл ескен.

Өсіреді ой-сананы.

Тура жолға салады.

Әкелерге мың алғыс,

Әлпештеген баланы.

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Құрметті әкелер, шырқалар ән сіздерге арналады.Қабыл алыңыздар!

Ән: «Әке туралы жыр» Сүйеубаева Маусымның орындауында.

19 - оқушы: Әжетайым тірегім,

Кеудемде соққан жүрегім,

Шаттансам шығып қияға,

Қиналсам сенде жүдедің.

Өзің деп білем күн көктем,

Қызметін де көрсеткен,

Бар жылылық бойыңда,

Ұлы едің әже сен неткен!

1 - жүргізуші: Елдос: Осында отырған барлық әжелерге арнап «Асыл әжем» әні Русланов Елдос пен Нұрмағанбетов Айтбайдың орындауында.Қабыл алыңыздар!

20 - оқушы: Арым да,ардағымда анам екен

Ана деген мен үшін атамекен

Түн ұйқысын 4-бөліп берген сүті.

Жүрегімде жыр болып жатады екен.

21- оқушы: Ойымда мейірім,ақ тілек

Бойымда ақ сүт, тәтті ілеп

Анадай пейіл қайда бар?

Бәріне тұрған бақ тілеп.

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле:Келесі орындалатын тамаша ән аяулы,аналар сіздерге арналады.Қабыл алыңыздар!

Ән хормен: « Анаға тілек» хормен.

Ән: « Анама» Шаңытбаева Мадинаның орындауында қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші: Елдос:Мадақтау сәті.

Мұғалім: 5-оқушыға диплом тапсырады.(Айбек, Маусым, Нұр, Айман, Сүндет).

1 - жүргізуші: Елдос: Өнер – білім, егіз ұғым екендігін таныттық,

Бойымызға бар өнерді жиып – теріп дарыттық.

Биін билеп берелік енді, бүгін біздер сіздерге,

Көршілес жатқан туысқан – дос әр ұлттың.

Би: «Испан биі».Нұрсәуле мен Ботакөздің орындауында тамашалаймыз.

22- оқушы: Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,

Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.

Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,

Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз.

23- оқушы: Түрлі – түрлі пәндерді де , оқитын болдық ержетіп, Қателік болса жіберген түзетелік тездетіп, Мықты болса ұстазың,мінді өзіңнен іздегін, Игере алмай қиналсаң,біреуден көріп жүрмегін.

1 - жүргізуші:

Елдос: Бүгін біз көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Сондай – ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

1 - жүргізуші: Елдос: Келесі жыр шумақтары алғашқы ұстазымыз Кумісай Ұзақбайқызына арналады.

Ән: «Ұстазым» хормен.

24 - оқушы: Толқып, қорқып төрт жыл бұрын,

Мектепке біз келгенбіз.

Қоңырауды алғаш естіп,

Сыныпқа біз енгенбіз.

Бірінші сыныптың мұғалімі,

Күмісай апайды көргенбіз.

Жақсы оқып тәрбиелі,

Болуға серт бергенбіз.

25 - оқушы: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз ғылым толастатпас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

26 - оқушы: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүрекпен тең көрді.

27 - оқушы: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

«А» әрпін сізден алғаш жаттадым.

Күмісай апай естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.

Аида мен Маусының орындауындағы «Ұстазым» әні аяулы ұстаз сізге арналады.Қабыл алыңыз!

1 - жүргізуші: Елдос: Нұрсәуле, мен бүгін ұстаз туралы шығарма жаздым.Мына – а – дай!

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Сәл түссейші.

1 - жүргізуші: Елдос: Мына – дай енді!

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Әлі де түссейші.

1 - жүргізуші: Елдос: Мынау енді.Көп нәрсені жазғым – ақ келіп еді, Ұстазым туралы терең ойға батып отырғанда байқамай да қалыппын.

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Иә, ұстаз туралы қанша жазсаң да, қанша жырласаң да артық емес.Өйткені ол Ұстаз – ана!

Ән: «Мұғалім – ол біздің»

1 - жүргізуші: Елдос: Мынау өмір арнасымен ағады

Білімді жан әркез жолын табады.

Сіздерменен 4 – ші сыныптар қоштасып

Көгершіндей самғап қанат қағады.

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Болашақтың үлкен жолын сізден сызып бастадық

Еркеліктің, жалқаулықтың көп түрін біз тастадық.

Жылы жүзбен қарсы алып, бізді баурап алдыңыз

Үйретем деп түрлі білім біраз шаршап қалдыңыз.

28 - оқушы: Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,

Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.

Сусындатып білім беріп үйреткен,

Ұмытылмас дара тұлға алғашқы ұстаз қымбат.



2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Әр отбасы еркесінің бабын таба білдіңіз,

Ұстаздықтың қиын жолын көтеріп сіз жүрдіңіз.

Біз кішкентай болсақ та,сізге үмітпен қарадық,

Басқа ұстаздар алдында енді,оқуға біз жарадық.

29 - оқушы: Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім.

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

2 жүргізуші: Елдос пен Нұрсәуле бірге:

Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,

Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.

Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,

Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.

1 - жүргізуші: Елдос: Бұл әнді сізге арнап 2005 жылғы сіздің түлегіңіз Уайісов Саламат орындаған екен.Енді арада 8 жыл өткеннен кейін мен Русланов Елдос орындағалы тұрмын.Күмісай апай қабыл алыңыз!

1 - жүргізуші: Елдос:Мадақтау сәті.

Мұғалім: 5-оқушыға диплом тапсырады.(Саябек, Самал, Орынбек, Ақмаржан, Нұрдәулет)

1 - жүргізуші:

Елдос: Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле: Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғадым.

Ән: «Бастауышпен қоштасу» хормен.

1 - жүргізуші: Елдос: Бастауышпен қоштасу салтанатымыздың рәсіміне орай сөз кезегін мектебіміздің бастауыш сынып меңгерушісі Жәния Өмірбайқызына береміз.

2 - жүргізуші: Нұрсәуле: Бүгінгі қоңырау үні біз үшін ерекше.Ол біздің бастауыш сыныппен қоштасып, сәби шақтан өмірдің келесі баспалдағына – оқу, білім, ізденіс жолдарына шығарып салатын қоңырау үні.

1 - жүргізуші:

Елдос: Жүректен тыңдап қоңырау үнін

Тұрдың, мұңайып, қолыңда гүлің

Балалық шақтың бақытындай болып,

Қолыңды бұлғап қалдың сен бүгін, - дей келе бастауыш мектебіміздің соңғы қоңырау рәсімі биылғы Аудандық 4 –ші сыныптар арасында өткен олимпиаданың 3 – ші орын жеңімпазы Тұрлыманова Әсел Досымбекқызына береміз.Және 1 – ші сыныптың үздік оқушысы Озғанбаев Махамбетке тапсырылады.

Ән: «Қоңырау үні».

2 - жүргізуші:

Нұрсәуле:

Білімді жан әрқашанда бағалы,

Білім барда ақ шашыңда даналы.

Көрерменім аман сау бол осымен

Ақ көгершін самғап ұшып барады.

Мұғалім: Өздеріңмен адымдап аспандаймын,

Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.

Бастауышты бітірген шәкірттерім

Ал мен тағы да бір белестен асқандаймын.

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым

Орындалсын арман, тіліек талаптарың

Самғаңдар биіктерге қайырылмасын

Енді ғана қатайған қанаттарың.

Би: «Вальс» Қоштасу вальсі.

1 - жүргізуші: Елдос: Өмір бойы біздің ыстық, суығымызға төзетін, түн ұйқысын 4 бөлген ата – аналарымызға сөз кезегін беріп, ақ батасын сұраймыз.

Әнмен хормен аяқтау.

«Қош бастауыш» әні.Бәрі бірге.






Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Аттанайық, бала шақтан – болашаққа!»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды болашаққа сара жол мектептен басталатынын, кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттырып оқуға, білімді болуға шақыру.Мектептегі ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, қабырға газеттері.

«Саржайлау» биі орындалады.

Мұғалім: Білім негізі бастауыш сынып. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне – өзі сенімді, интелектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуді мектептен алатын орны айрықша.Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш сынып.

Бұл оқу-тамақ болар қарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас, білім білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда-деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солдарын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттанайық, бала шақтан-болашаққа» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас,күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Жастың өсті санасы,

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров340
Номер материала 281166
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх