Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Аттандық бала шақтан- болашаққа!"

"Аттандық бала шақтан- болашаққа!"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа!»

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік

ашатынын сезіндіру.

Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға білімді болуға шақыру.

Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Ата-анасының, Отаныныңадал ұл-қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу.

Бастауыш сынбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұсаздарымен қоштаса отырып,

жоғары сынып мұғалімдеріне әр баламен өз ерекшелігімен таныту, сәт-сапар тілеп

табыстау.

Түрі: ертеңгілік

Көрнекілігі: Слайд презентациясы, «»Мені танисың ба? Шарлар мен гүлдер, торт, ұлағатты сөздер

Барысы:

Залда А. Еңсеповтің күйі «Балалық шақ» әуені ойнап тұрады.

-Сынып жетекшісі келген қонақтарды отырғызып, кіріспе сөз сөйлейді:

-Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдыық аттаған балапан едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп танытқан білімнің негізі- бастауыш сатысымен де қоштасар сәт те таянды. Адам өміріндегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шақ-балалық шақ.

Ендеше осы балапан шақтарын экраннан тамашаласақ...

(Мен кіммін?Оқушылардың бөпе кезіндегі суреттерін көрсету) деп аталады.

Құрметті ата-аналар балаларымыздың қалай есейіп қалғанын байқаған боларсыздар!

-Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындақан, өмірде де өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мерекелік кешті әрі қарай жалғастыру үшін 4-жыл өзім тәрбиелеген сұлу да ақылды, білімді, оқушыларыма сөз тізгінін берсем деп отырмын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

(Екі жүргізуші ортаға келеді. Олар шыққан кезде салют атылып, музыка ойналады.)

. Рақымжан:

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Айжан:

-Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар!

Рақымжан:

-Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғанар!

Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді

Би билейік, ән де бүгін шырқалар!

Айжан:

Сонымен, бүгінгі «Аттандық бала шақтан-болашаққа!»атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер

(Осы жерде сиқырлы әуен естіледі және ертегілер әлемінен періште ұшып келеді. Арқасында нөкерлері болады. Олар, үлкен сиқырлы кітапты көтеріп келеді.)

Нұрай: Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар) жне 4-сынып бітіруші достарым!

Жарық сәуле көбейсін!

Қадірменді қонақтар, мені барлығыңыз танып отырған боларсыздар, мен сіздерді желеп-жебеп жүретін періштелеріңізбін

Мен бүгінгі сіздердің мерекелік кештеріңіздің қалай өтетінін алдын ала біліп отырдым және мына кітапқа түсіріп отырдым.

-Ал, кітаптың бірінші беті ашылсын.

Рақымжан:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда

Мұнда күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,

4-сынып оқушыларын ортамызға

(Кітап ашлады. Сол кезде ортаға 4-сынып оқушылары вальс биіне шығады)

Айжан

Ажырамай мектептен бір елі сіз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз,-дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін, бізге деген ақ тілегін білдіру үшін, сөз-білім ордамыздың басшысы-Шеримбетов Болат Сарыбайұлына беріледі.

(Директор сөйлейді)

Рақымжан:

Басшымыздың ақ тілегіне арнап оқушыларымыздың классикалық биән тамашалаңыздар!

(Носса» биі)

Айжан:

-«Бір күн таныстыққа, қырық күн сәлем» демекші, біз осы қай мектепте оқимыз

-Біз осы қай мектепте оқимыз?

-№256 орта мектебінде

Рақымжан:

«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!

Бүгін ,міне қоштасады бстауышпен балбұлақ,

Әніменен жырларына тарландарым, сал құлақ,

Кеше сәи, бүгін міне , жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың, шамшырақ.

-кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойларымыз толысып, оң мен солымызды танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйреген достарымыздың ұстаздарымызға арнаған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.

-Кітаптың келесі беті ашылсын:

Гүлмарал:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер,

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат кешегі сәби еркелер

Бекзат:

Армысың сен алтын ұя мектебім

Саған айтар жыл алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім



Айжан: дұрыс айтасың Бекзат! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді менде мектептен тәлім алудамын.


Рақымжан:

-Олай болса Айжан! Алтын ұя мектебімізге арнап Ажар мен Сұлтанның орындауындағы «Мектебім» әнін тыңдасақ

Айжан:

Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.

Бекзат:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Аслан:

Мектебім білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сезім артты санам.

Баулығн 4жыл бойы ата-анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған

Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,

әр күні балалықтай біл жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттеріңнің серті деп біл!

Келесі кезекті біздің артымыздан еріп келе жатқан іні қарындастарымыздың бізге арнапдайындаған биін қабыл алсақ!

3-сынып оқушыларының биін тамашалайық

(3-сынып билейді)

Рақымжан:

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға алам ұстап, оңымызбен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нірімен сусындатқн, мектептегі анамыз-ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған арнауларын тыңдамас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Азидулла?

-Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім-мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Айжан:

  • Дұрыс айтасыңдар, ғылым иесі ғалымда, ел қрғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі ұстаздан білм мен тәрбие алған

  • (оқушылардың апайларға арнаған арнаулары.)

Рақымжан:

-Айжан, ата-аналарымызды да шарамызға араластыра отырайық! Кітаптың келесі беті ашылсын

Қазір сахнаға 5 ата-ана шықсын.

Ойын «Ананың ең сүйікті баласымын» деп аталады.

Шарты:

Ата-аналардың көзін байлап, өз балаларын тапқызу.

Дайын болсаңыздар бастаймыз

(Әр ата-ана өз баласын табу қажет ешкім сөйлемеуі керек, тек қолын ұстап табады.)


Айжан:

-ия, ата-аналарыңыздың сүйікті ұл-қызы болып жүре беріңіздер

Осыдан төрт жыл бұрын, біз6 жастағы сәби-балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік

Рақымжан:

-Енді сол 6жасар іні-қарындастарымыз бізге қонаққа келген екен. Солардың ақтілектерін тыңдасақ!


Гүлбану және нұрғали

(Өз өнерлерін көрсетеді)

Айжан:

Сендерге көптен көп рахмет Сендерде ел қорғайтын үлкен азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз

Рақымжан:

Пайғамбарымыз өз үмбетіне білім үйренудің маңыздылығын өте көп аманат еткен. Қытайға барсаң да, білім үйреніп қайт –дегенді осы жолда алыс-жақынға да асқан қиыншылыққа да қарамай бөлімге көңіл бөл деген мағынаны блдіреді емес пе?

Айжан: Сонымен білім сонша бағалы екенін тсіндік. Бірақ білім мен тірбие қатар жүретіні барлығыңызға белгілі.

-Ендеше даналық сөздерге тоқталсақ.

Көрініс: «Әке мен бала»

Міне адамның асыл мұраты бай болу емес, адамгешілікте, тәрбиеде.


Рақымжан:

біздің жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырып жүрген-біздің ата-анамыз.

Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көлегіміз көк болып жүруіде сол кісілердің арқасы.

Айжан:

-Ыстық-ау кім-кімге әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген,деп ата-аналарымыздың құрметіне арнап

Қалила Нұршаттың орындауындағы «Ана» әнін қабыл алыңыздар


Рақымжан:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіңдей болса шіркін барша ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын,-дей келе келесі құттықтау сөз кезегін

Директорымыздың орынбасары Жұманова Күланда апайға сөз кезегін береміз. Біздің үздік оқушыларымызға лента тағу салтанатын ұсынамыз

Нұрай:

«Аттандық бала шақтан-болашаққа» атты кітаптың соңғы бетіне де келіп қалдық

Айжан:

Енді осы оқушыларымыздың 4жыл бойы жетістіктеріне тоқталсақ

(Слайдтан көрсету)

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Тосын сый!

Бітіруші түлектерге арнап сонау ертегілер елінен періштенің арнайы әкелген сиын сахнаға әкеліңіздер! Торт кесу салтанаты.

Міне керемет, Бізге әкелген сыйлығы үлкен торт екен. Ал, бастауышпен қоштасатын түлектер тортты кесіп бірінші ұстаздарға, ата-анларға, және артымыздан еріп келе жатқаніні-сіңіліміздерге таратып берейік!

Нұрай: Мені сыртта ақ көгершіндерім күтіп тұр мен кетуім керек.

Рақымжан:

Олай болса, біз өзіміздің тілектерімізді жазып құсыңызға беріп жіберейік

Тілегіміз орындалсын.

Ендігі қорытынды сөзді Тірбие ісі жөніндегі орынбасарымызға және ата-аналарымызға береміз


Айжан:


Ата-аналар, мына қорапшаның ішіне өздеріңіздің жылы лебіздеріңізді жазып салуларыңызға болады.

Осымен бүгінгі «Аттандық бала шақтан-болашаққа атты» кешіміз аяқталды

Сау болыңыздар!

-










Автор
Дата добавления 04.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров48
Номер материала ДБ-066065
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх