Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Химия КонспектыАуа - газдар қоспасы 9 сынып

Ауа - газдар қоспасы 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауа – газдар қоспасы.
Мақсаты: а) Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім

қалыптастыру.
ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету,

пәнге қызығушылығын арттыру. б) Байқампаз болуға үйрету,

ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Ауаның құрамында қандай газдар және қанша мөлшерде бар

екенін білетін болады. Ауаның біртекті қоспа екеніне көз жеткізеді.

Экологиялық сауаттылығы артады. Пәнаралық байланыс: физика, химия, қазақ тілі, экология, медицина.
Түрі: Жаңа сабақты игеру.
Әдісі: Түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, дидактикалық материалдар
І.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
ІІ.Қызығушылықты ояту.
«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Көшемен келе жатқанда
жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. (3 слайдтан оқушыларға жұмбақ беріледі.)

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа) Мұғалім:Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.
Ауа - газдардың қоспасы. Оның құрамында мынадай газдар болады. Яғни көлемі бойынша ауада 78% азот, 21% оттек, 1% инертті және басқа газдар болады. (4 слайд көрсетіледі және түсіндіріледі) ІІІ.Ой толғаныс

1.Адам тыныс алғанда қандай газды сіңіреді?

2. Қандай газды бөліп шығарады?

3. Өсімдіктер немен тыныс алады?

4.Өсімдіктер не бөледі?

Ауаның қандай қасиеттері бар? Ал балалар енді ауаның қасиеттерімен танысайық. (5 слайд) 2. Оның түсі, дәмі, және иісі болмайды. Ауа қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жай өткізеді. Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көре алуымыз дәлел бола алады.Ауа серпімді және сығылады. Шарды қолымызбен қыссақ , бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Допты жерге серпілетін қасиеттеріне шоршытып ауаның серпілетін қасиеттеріне көз жеткізуге болады. Тәжірибе: Екі бірдей шамды жағып, біріншісін стаканмен жауып,екіншісін ашық қоямыз. Енді салыстырамыз, дәлелдейміз. Нәтижесінде, ашық май шам жана береді. Қалғаны ауа жоқтықтан сөніп қалады. Жануды қолдау ауаның маңызды қасиеті. Мысалы: Үйді жылыту үшін пеш жағамыз. Жануды күшейту үшін не қажет? Ауа. Үрлесең тез жанады. Демек ауа түссіз,иіссіз, серпіледі, сығылады, жануды қолдайды. (дәптерлеріне конспект жазады.) Оқулықпен жұмыс . Оқушылар оқулықтағы суретке қарап ауаның ластануы туралы өз ойларын айтады. Дәптермен жұмыс. І. топ: Өз қаламызда ауа таза болу үшін не істеу керек? ІІ. топ: Сыныптың ауасын қалай тазартуға болады? ІІІ. топ: Ауа қандай жолдармен ластанады? ІV. Сергіту сәті.

Жадыраған күндейміз,

Жайнап өскен гүлдейміз.

Таза болса ауамыз,

Біз бақытты боламыз.

V. Сен білесіңбе? 1. Адам тәулікте 600 л ауа жұтады екен.

2. Адам ауасыз бес ақ минут өмір сүре алады

3. Боинг ұшағы бір кезек ұшқанда ауаға 650 жеңіл көліктің бөлетіндей көмірқышқыл газын шығарады екен.

VІ. Білім шыңы. № 1.  Болашак экологиялық таза және тиімді отын сутектің оттекте жануы екенін және  нәтижесінде су түзілетінін біле отырып, 12 кг сутекті жағу үшін  оттектің қанша массасы қажет екенін есепте.

VІІ. Танымдық сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

1. Ауа не үшін қажет? 2. Ауаны зерттеген ғалымдар? 3. Таза ауа- денсаулық кепілі дегенді қалай түсінесің? 4. Ауа неден ластанады?

Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес . Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ауамыз таза болса денсаулығымыз да мықты болады.

Білімдерін бағалау.

Рефлексия. Оқушылар смайликтер арқылы сабақты қаншалықты меңгергенін жеткізеді.

Үйге тапсырма: «Таза ауа- денсаулық кепілі» тақырыбына эссе жазу.










Хаттама

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать тест к материалу

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 490 250 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал
Скачать тест к материалу

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    Скачать тест к материалу
    • 08.02.2018 414
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегеева Гулден Муздыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Бегеева Гулден Муздыевна
    Бегеева Гулден Муздыевна
    • На сайте: 3 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3265
    • Всего материалов: 4