Тақырыбы: Жат жердің жазы да жауратады
Мақсаты: а) Оқушыларға Ауған соғысы
туралы тереңірек мәлімет беру;
ә)
Ержүрек ағалардың ерліктерін болашақ жас ұрпаққа насихаттау;
б)
Оқушылар бойында патриоттық сезім қалыптастыру;
Көрнекіліктер: Шарлар,ұлағатты
сөздер жазылған плакаттар.
«Жат
жердің жазы да жауратады»,
«Әскери
қызымет – абыройлы міндет»,
«Құс
ұясын қорғайды, адам Отанын қорғайды».
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын!
Ағайын тілін табайын.
2-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар,
Өкпе жоқ бізде бауыр бар.
1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар.
2-жүргізуші: Қойдан да жуас қонақтар,
Құрметке ие үлкендер,
Алда жүзген желкендер.
1-жүргізуші: Кешке
келген сайланып,
Отырам деп жайланып,
Көрермендер аман ба?
Отырған мынау ойланып?
2-жүргізуші: Онда кешті бастайық,
Екеуіміз асып-саспайық.
Келесі кезкгімізді,
Кездесу кешіне тастайық.
1-жүргізуші:Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына
24 жыл толуына орай ұйымдастырылған «жат жердің жазы да жауратады»
тақырыбындағы кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
(ҚР
гимні орындалады)
2-жүргізуші:Ауған соғысында қаза тапқан батыр
ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!
Таныстыру:
1-жүргізуші:Алғашқы сөз мектебіміздің директоры
??????????? ??????????? ????????? беріледі.
(артынан
жетекші сөйлейді,қонақтармен таныстырады)
2-жүргізуші:Соғыс кинодан қарағанда қызық, ал
өмірде бұл мүлде керісінше.
Соғыс
– жан алып, жан беру. Соғыс - халықтың басына клген қасірет,жұт.
1-жүргізуші:Иә,дұрыс айтасың. Ауған елінде
1979-1989 жылдары 10 жыл бойы ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысына
Қазақстаннан 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты,21-і хабар-ошарсыз
жоғалды. Ауған соғысының аяқталғанына 24 жыл болсада жүректегі соғыс жарасы әлі
де сыздап ауырады. Біздің ауданымыздан да осы Ауған соғысына бірнеше азаматтар
қатысты.
2-жүргізуші: Армысың, ауылымның адамдары
Мейір
гүлін шашатын маған бәрі
Ащы
терді аямай сендер үшін
Әнге
қосып жүремін өзіңді әлі
1-жүргізуші: Сол Ауғанда талай досты
жерледік
Қарлы
шыңға күн-түн демей өрледік
Сұрапылда
ерледік те, шерледік
Намыс
туын қолдан бірақ бермедік
2-жүргізуші: 1)Баяндама «Ауған соғысы»
2)Күй
«ерке сылқым»
1-жүргізуші: Еліміздің азаматтары Ауған елінде,
қан майданның өтінде күн сайын емес, сағат сайын қауіп-қатермен беттесті-ақ...
Ендеше сол батыр ағаларымызға неге ән арнамасқа?!
ӘН:
2-жүргізуші:Өзі батыр, өзі қайсар төзімді
Бір полкқа ерлігімен өзі үлгі
Оралғалы Ауғанстан елінен
Талай болды көрмегелі өзіңді.
1-жүргізуші:Келесі сөз кезегін қонақтарымызға
берейік.
2-жүргізуші:Өлен 1) «Қанды тұман» оқитын
..................... ..........................
1-жүргізуші:Біздің батыр алған беттен
қайтпайды
Бір сөйлейді, сірә екі айтпайды
Тұса мейлі қылша мойын тұзақта
Тіс жармайды, қимас досын сатпайды.
1)Ән
«Қазақтың жігіттері» ............... ........................
2)күй
«Алатау» .......................... ..............................
2-жүргізуші:Келесі кезекті сұрақ-жауапқа
берейік. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын ардагер ағаларына қойсын.
Сұрақ барма?
1-жүргізуші:Сенен табам асыл үлгі іздесем
Сен деп білем алтын бесік – ел көсем
Өткен күннен белгі болар тарих бар
Мекенімді бабалармен тілдесем.
1)Би
шашу: «Қазақ биі» ..................................
................................
2)
2-жүргізуші:Бізге ыстық көргеннен соң көзіңді
Екі етпедік әрбір айтқан сөзіңді
Жазылмастай жара салып жүрекке
Талай боздақ бөтен елде көз ілді
1)Ән:
«Сарбаздар» .................. ......................................
1-жүргізуші:Самғап жүрсек бостандық жыр-әнім
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім
Ән:
«Атамекен» орындайтын ..............................
..............................
2-жүргізуші:Гүлін жарып, жайқалып үміт бағы
Таңдарым ата бермек күліп тағы
Бізге мәлім жылжып жыл өткен сайын
Қырғи қабақ соғысты ұмытпағы.
1-жүргізуші:Дүниені достықтың орап әні
Көңіл сандық шаттыққа толды әні
Өмірде шырын еміп өскен ұрпақ
Ащылықты білмейтін болады әлі
2-жүргізуші:Өтеді жаз, өтеді талай күз кеп
Кірпішін сәнді өмірдің қалаймыз көп
Сенемін «бомба» сөзін кейінгі ұрпақ
Түсінбей сөздіктерден қарайды деп
1)
Би: «Ата толғау» ................................. ........................
2)Ән:
«Елім менің» ................................ ................................
1-жүргізуші:Тіршілік тұтқасы – күн сөнер
Дегенге айтыңдар кім сенер?
Әлемде тыныштық тұрса егер
Біздерміз өмірге нұр себер.
2-жүргізуші:Сойқанды соғыс – өрт, кіл апат,
Ол-қайғы, ол-үрей, алапат.
Бейбіт
күн береке баршаға
Тыныштық, тыныштық – бір рақат!
1)
Ән: «Әлия» орындайтын ....................... .......................
2)
«Біздер жеңдік» .............................. .......................
1-жүргізуші:Кең дала, көк өзен армысың
Армысың,
Алатау, қарлы шың!
Осы алып кеудеңде мәңгілік
Тыныштық сәбидей қалғысын!
2-жүргізуші:Сұм соғыс – қанды ажал, сор, қайғы
Ажалдың дегені болмайды!
Әкелер баласын қорғайды
Әлемде тыныштық орнайды.
1)
Ән: «көкпар» орындайтын ....................... ......................
2)
Күй: «Торы жорға» .................................
...........................
1-жүргізуші:Рас, қайғы қасіреті бар қаптаған,
Тұмырлар бар батқан және батпаған
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған
2-жүргізуші:Жанды жансыз бар табиғат түнерген
Әр кеудеде бір шер барын білем мен
Қан майданда ерлік етсе біреулер
Қарсы жауға бізде шықтық түренмен
1-жүргізуші:Аңыздардан тере жүріп масақты
Рас, рас, көзімізден жас ақты
Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар
Бәрмізден бір-бір батыр жасапты.
2-жүргізуші:Батыр жұртым сол жылдарды өткердің
Сонда да сен жақсы көрдің жек көрдің
Қара емендей қатып қалған әжеңді
Кейінгі ұрпақ батыр емес деп көргін!
1-жүргізуші:Кейінгі ұрпақ саған салған
өткелдің
Сағасында өткен жастық, өткен күн
Қаршадайдан қара шаруа атанған
Сен әкеңді батыр емес деп көргін
2-жүргізуші:Сол жылдарға қарғыс айту жат маған
Ағалардың ерлігіне мақтанам
Балғын ұрпақ сенің блашағыңды
Мына отырған ағаларың сақтаған!
(«Әнұран»)
1-жүргізуші:
Қорытынды сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
........................... ................................... ................................
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.