Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Научные работы / "Ауған соғысы" ардагерлеріне арналған кездесу кеші
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Ауған соғысы" ардагерлеріне арналған кездесу кеші

библиотека
материалов


Нағарашы орта мектебі












«Ауғанның отты жалыны»

тақырыбындағы Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешінің сценариі









Жауаптылар: Жұматаева Қ.О.

Беделбекова Қ.Қ.




















2015-2016 оқу жылы



hello_html_1cf45218.jpg


Тақырыбы: «Ауғанның отты жалыны»

Кештің мақсаты: Ауған соғысының аяқталуына 27 толуына орай айтулы күнді атап өту, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиғалар туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: буклет, соғыс суреттері, нақыл сөздер

Түрі: әдеби-сазды тарихи кезесу кеші


Кештің жүру барысы:

І-жүргізуші: Армысыздар ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.

Армысызар ағалар, ардагерлер,

Ар сыналған жылдары от кешкендер!


ІІ-жүргізуші: Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер Ауғанның


І-жүргізуші: Құрметті жиналған қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 27 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ауғанның отты жалыны» атты әдеби –сазды тарихи кездесу кешіне қош келдіңіздер!


ІІ- жүргізуші: Кешімізді 2 сынып оқушыларының тамаша «Айгөлек» биімен бастасақ дейміз. Ортаға 2 сынып оқушыларын шақырамыз.


hello_html_m3891ab6a.jpg


І- жүргізуші: 1979 жылдың 25 желтоқсанында басталып 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталған Ауған соғысы 9 жыл 10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы қасірет әкелгені сөзсіз. Сол соғыс туралы мағлұматтар жиынтығын нығайту үшін сөз мектеп кітапханашысы Тоқбаева Гүлжанат Шамиқызына баяндама жасау үшін ұсынылады.


hello_html_4bc89dae.jpg

Баяндама оқылады.


ІІ- жүргізуші: Айтулы күнге байланысты құттықтау сөз тарих пәнінің мұғалімі Байсеркеев Ерназар Нұржанұлына беріледі.


І-жүргізуші: Ортаға 2 сынып оқушыларын өлең-жырларымен шақырамыз.




hello_html_m20b0e250.jpg

1- оқушы:

Армысыздар Ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар араланған жаныңды емдер.

Өткен күндер есіңнен еш кетпейді,

Әрқашан ұзақ жасап дәуірлеңдер.


2-оқушы:

Алысып қас дұшпанмен қасарысқан,

Адалдықпен от кешті жас арыстан.

Лайық бүгін жылдар жылжып өтсе дағы,

Жауынгерлер бар құрмет пен алғысқа.


3-оқушы:

Оралмай сан боздақтар кетті қанша,

Қалды ау талай ғұмыр тау мен таста.

Ауған жері, ауған елін қорғаймын деп,

Жастары жетпеген еді 20 жасқа.


4-оқушы:

Міне өтті қас қағымда 27 жыл,

Еске алып ұрпақтарың жазады жыр.

Ерлерді ешқашанда ұмытпаймыз,

Отанмен әрқашанда жаны бір.


5-оқушы:

Ағаларым жаралған ерлік рухтан,

Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған.

Отан үшін қан майданда жерді құшып,

Бізге күнді, көк аспанды сыйға тартқан.


6-оқушы:

Кеуделерің біздерге кең сарайдай,

Мейірменен қарайды бір тарамай.

Сіздер жайлы толғансам оралардай,

Ойы отты, ұшқынды сөз алаудай.


7-оқушы:

Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,


Дұшпандар айдалады жатыр жайрап.

Қарайды аға батыр айналаға,

Бойынан лапылдайды жігер қайрат.


8-оқушы:

Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардығ ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмытылмайтын,

Тарихта аңыз болып қалары анық.


ІІ- жүргізуші: Жұмағазы Гүлдананың орындауындағы «Ағаларым» әнін қабыл алыңыздар!


Ауған соғысына қатысып, өздерінің азаматтық борыштарын өтеп қайтып, қасіретті соғыстың қиыншылығын көрген қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

Құспанов Айтқұрман Сәрсенбайұлы 1984-1986 жылдар аралығында Ауғанстан Республикасының Герат провинциясында интернационалдық борышын өтеп, «За Отвагу» медалімен марапатталған.


Кешіміздің келесі қонағы бүгінде арамызда жоқ Нұрабаев Қуаныш Тұрлыбайұлының анасы, 5 бала тәрбиелеп өсірген аяулы ана Үмбетова Әлімқан апа.


І-жүргізуші: Өкінішке орай бүгінгі күнге ағамыз жете алмады. Сондықтан ағамыздың қасиетті рухы мен мыңдаған құрбандарды еске алу үшін бір минуттық үзіліс жарияланады. (қайғылы музыка қойылады)


ІІ- жүргізуші: Бүгінгі күні ерліктің даңқын асақататып, өздерінің азаматтық түр тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымыз қашанда, қай кезде де мадақ пен марапатқа лайық жандар. Атақты жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы: «Айбындылық аспаннан түспейді» деп қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Сондықтан Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу біздің азаматтық парызымыз.


І- жүргізуші: Аталған тарих беттерін парақтап, бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымызбен сұхбаттасу үшін ардагерімізді әңгімеге тартайық.


1 – сұрақ: Айтқұрман аға, сіз бейбіт өмірде де «нағыз солдат» болдыңыз. Сондықтан әскери өмір, темірдей тәртіп деген ұғымдар сізге өте тагыс. Сол ұғымдар жайлы ой бөліссеңіз?


2- сұрақ: Ауғанстан жерінде бірге өткізген күндеріңіздегі қарулас жолдастарыңызбен хабарласып тұрасызба?


ІІ- жүргізуші: Келесі сауалымыз Әлімқан апамен жалғасса дейміз.


Әлімқан апа, Қуаныш ағамыз Ауғанстандағы күндері жайлы қаншалықты сырмен бөлісуші еді?





hello_html_45e0a636.jpg


Сұхбаттарыңызға көп рахмет. Қартаймай, көп жасай беріңіздер.


_____________________________________________________________________________


І- жүргізуші: Бүгінгі кештен естелік сыйлықтар табыстау үшін ортаға кеш ұйымдастырушылары ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі Жұматаева Қызжібек Оқабылқызы мен педагог- ұйымдастырушы Беделбекова Қарлығаш Құсайынқызын шақырамыз.

hello_html_m37b0958a.jpg


Соңы.

ІІ- жүргізуші: Сіздер бізге қашанда үлгісіздер,

Тым алысты көретін дүрбісіздер.

Адамзатқа жақсылық әкелуде,

Апырақты саялы бүрлісіздер.


І- жүргізуші: Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бір сөзге сиып тұрар.

Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың,

Өсиетін шүмекпен құйып тұрар.



hello_html_444d6eb6.jpg


ІІ- жүргізуші: Құрметті ардагерлер!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қатарларыңыз сиремей елдің рухын көтеріп, жылдан жылға аман- есен жүре беріңіздер демекпіз. Қош сау болыңыздар!


Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Научные работы
Просмотров709
Номер материала ДБ-008224
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх