Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз

Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде

Мақсаты: Ауған соғысы жайлы мағлұмат беру, Ауған соғысына қатысқан жерлес жауыңгерлермен таныстырып, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Слайдтар, видео сюжет, буклеттер, фотоапарат,

Өтетін орны: Акт залы

Өту барысы: І. Кіріспе

1 – жүргізуші:Адам баласы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар. Туған топырағынан жаралған әр азаматтың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірі қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ.Бейбіт өмірге жету үшін қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жол тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы бар. Біздің халқымыздың ерлік дастаны ата-бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зобаландарын бастан өткерунен көрініс алады.

Қазақ халқы Ресей империясына 260 жыл тәуелді болды. Осы жылдары, яғни 1978 жылдың желтоқсанында Кеңес – Ауған достастық шартына қол қойылды. 5 мамыр – Түркістан әскери округында «Мұсылман батальоны» жасақталды. Оған Орта Азиялық жастар алынды.

Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. тарих жылнамасынан өзінің қаралы жылдарымен орын алған – Ауған соғысы еді.

2 – жүргізуші: 1979 жылы желтоқсанда Л.И.Брежнев басшылық еткен Кеңес үкіметінің ұйғаруымен ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл соғысқа өзге де Одақтастармен бірге 23 мың қазақстандық қатысты. Соғысқа аттанған өрімдей жастардың алдында үлкен мақсат тұрады. Ол – ауғаныстан жеріндегі дұшмандар басқыншылығына тойтарыс беріп, бейкүнә халықтың тыныштығын қорғау және өзінің Отан алдындағы интернационалдық борышын қалтқысыз өтеу болатын. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз – бүгін біздің ортамызда.

1 – жүргізуші: Бүгінгі кешке қатысушы жауыңгер жерлестеріміз:

  • Белгібаев Батылжан Бейсенұлы

  • Каюпов Секен Имашұлы

  • Өтепов Сайлау Мадбекұлы

2 – жүргізуші: Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күніне арналған бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1 – жүргізуші: Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздерінді жырлап өтеп ұрпағын

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын заманаларға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстары, белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі, бәрінен бұрын жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.

2 – жүргізуші: 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шынырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс барша адамның жадында мәңгілікке жатталды.


1-слайд:

10 жылға созылған Ауған соғысы 1979 жылдың 25 желтоқсанынан –

1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылды.

Өлең оқылады: Қайрат Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»

Ән: хормен 4 класс оқушылары «Бейбіт»

2-слайд:

Елімізден: Ауған соғысына 23 000 адам қатысып, олардың 761 – қаза тапты. 21 хабарсыз кетті.

3-слайд:

Облысымыздан: 2500 адам қатысып, 87 – сі жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында қаза тапты. 3 – еуі хабар – ошақсыз кетті, 71 адам елге мүгедек болып оралды.

4-слайд:

Жерлесіміз Архатбаев Мақсат Абылқасымұлы туралы деректер:

рапа

б

  • 1961 жылы Семей облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

  • Ол алғаш мектеп табалдырығын Калинин, қазіргі Найманбай мектебін 1968 жылы аттап,1978 жылы аяқтаған.

  • 1979 жылы әскер қатарына 1 мамыр айында шақырылған.

  • 6 ай Жамбыл қаласында дайындық жаттығуларында болып, содан ары Ауғаныстанға соғысқа кетті..

  • Сол жерде өзінің ептілігімен, ерен ерліктерімен көзге түсті.

  • Сол үшін “Қызыл жұлдыз” орденімен марапатталды.

  • 3 мамыр 1981 жылы әскери борышын атқарып жүріп Кабул қаласынан 18 шақырым жердегі Хусенкейль елді мекенінде ерлікпен қаза тапты.

  • Қазіргі таңда ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылында арнайы көшенінің аты берілген.

  • Өзі оқыған Әсет Найманбай атындағы орта мектеп те жауыңгерге арнап музей ашылған.

Ән: «Жаса Қазағым»


1-оқушы: Армысындар, ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жаралған жанынды емдер

Өтелгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлендер!

2-оқушы: Азаматтық – ел жүгін атқару ол,

Асулардан аттайтын қатпары мол.

Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым

Алаштың арқа сүйер мақтаны бол!

3-оқушы: Ерлік қылған ағаларым, аспан асты жер үсті,

Біз сәндікке кимейміз деп шалбар менен бөрікті.

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты

Аттандындар, атқардыңдар соғысты.

4- оқушы: Жастығынмен жауға атылдын оқ болып,

Әндететін кезін еді төс керіп.

Жаудың оғы сан мүшенді төрт бөліп,

Кейбіреуін кеттін мүлде жоқ болып.

5-оқушы: Жау дейміз – ау, қолдан жасап жауынды,

Саясаттың солақайы уландырған тамырды.

Бауырына бауыздатып балдай ішкен қанынды,

Заманы еді Кеңестің ол сұрапылды, дауылды.

6-оқушы: Отан үшін оққа тостын кеуденді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.

Бірге аттанған бауырларын жер жастанды жерленді

Жебейді олар әруағымен сендерді.

7- оқушы: Аналардың көл боп аққан көз жасы,

Жетім-жесір тағдырларын ойлашы.

Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз

Елі үшін құрбан болған ер басы.

8-оқушы: Бүгін біздер ұланымыз егеменді қазақтың,

Туды міне жас ұрпаққа ғажап күн.

Артта қалып азапты күн, тозақ күн

Енді атса, тек бейбітшілік таңы атсын.

9-оқушы: Еске алып, құрметтейміз құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсан да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіндер, тірісін!

Ардагер ағаларымызбен сұхбат: (Оқушылар сұрақ қояды)

1. Соғыс не себепті болды?

2. Қандай қиыншылықтары болды?

3. Соғысқа неше жасыңызда бардыңыз?

т/б.

10-оқушы: Бауыржан Момышұлы: «Батырлық – тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз ешкімді де ақтай алмайды»


«Жүректен жүрекке» (Оқушылар ардагер ағаларына өз тілектерін білдіреді


Мұғалім: Ауғаныстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 21 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жан жарасынан айыға алмай келеді. Кезінде қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау, бүгінде өзімізбен бірге Сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері амандықпен дидарласайық.


ән: «Қазақстаным»


14022011617


Кездесу барысында мектеп оқушылармен сұхбат


14022011620






Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі және осы кештің жүргізушісі Тошанова Бибигул Адилгазиевна


сканирование0001



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-330556
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>