Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Ауғанстан - жүректегі жара" тақырыбындағы ерлік сабағы

"Ауғанстан - жүректегі жара" тақырыбындағы ерлік сабағы

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі













ауғанстан – жүректегі жара












/ерлік сабағы 9 «А» және 9 «Ә» сынып/

Сынып жетекшісі: Дильманова Ү.М.













2014-2015 оқу жылы


Ауғанстан - жүректегі жара

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерінен мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: ерлік сабағы

Көрнекілігі:  Тақырыпқа сай слайд, видио-ролик, Интерактивтік тақта. Қанатты сөздер.

Сабақ бағдарламасы:

1.     «Қажетсіз соғыстың қасіреті» баяндама

2.     «Ұлы дала өркениеті» ауған соғысы жайындағы репортаж

3. «Сағынады сіздерді сыздап жүрек» әдеби монтаж

4. Ардагермен сұхбат

5.     Оқушылар толғауы

6. «Бейбітшілік таңы» қорытынды сөз

1-Жүргізуші:

Отан үшін мерт болғанды танып, біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!

Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді,

Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!

Олар – сенің таңғы шапақ, нұрын ғой!

Олар – сенің мәңгі асқақ жырың ғой!

Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,

Бас киімді қолыңа алып гүлін ғой!

2-жүргізуші:

Қара бұлтқа оран басын Күн көкте!

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңе ұста, құрметте.

 Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кешіміздің  аса құрметті қонақтары!

2-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын!

1-Жүргізуші:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

 Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына  байланысты «Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.  Бүгінгі біздің кешіміздің қонағы ауған соғысының ардагері Сакен аға.

2-Жүгізуші:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді?  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Баяндама: «Қажетсіз соғыстың қасіреті». Баяндама оқитын Мұратова Ақбаян.

         КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26-сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан  ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 

1-жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!

Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ” дегендей сіздер мәңгі бізбен біргесіздер. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын өтеп жүріп мерт болған сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алайық!

   2-жүргізуші:

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган  көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым  да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

«Ұлы дала өркениеті» ауған соғысы жайындағы репортаж.   

1-жүргізуші: «Сағынады сіздерді сыздап жүрек» әдеби-монтаж.

Айдана:Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жирмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.

Бауырым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын !
Дәулетбек Қалышкенұлы

Канат:

   Тым ертерек өшті,ағалар,арманыңыз,

   Бейбіт елді сырт жаудан қорғадыңыз.

   Ерлік ісін ұрпаққа үлгі болып,

   Қыран құстай биікке самғадыңыз.

   Жақын еді елге қайтар күніңіз,

   Қуаныштан күлімдеді-ау жүзіңіз.

  Сұм дұшпанның атқан оғы дәл тиіп

  Түнге айналды-ау жарқыраған күніңіз.

Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдап жау тиіп,

Бейбіт күнде басталған.

Отаным еркелеймін енді кімге

Өзіңмен нені болсам көрем бірге

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген кезде.


Сара: Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,

Дұшпандар айдалада жатыр жайрап,

Қарайды аға батыр айналаға,

Бойынан лапылдайды жігер қайрат.

Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардың ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмытылмайтын.

Тарихта аңыз болып қалары анық.

Біліммен қашанда жақсы өлмесін

Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі елім.

Әркімнің көкірегінен көрем ылғи

Ауғанның батырының жас бейнесін

Ант етті осы сәтте күнге батқан.

Ант етті тау суына сыңғыр қаққан,

Ессіз жау сырттан бағып келе жатты

Отанын ,елін жерін бәрін сақтап.







К.Нұрсұлтан. Еркіндікті аңсап өткен ер елім,

Меніңде бар әлі саған берерім

Ел боламыз ынтымақты бірлікті,

Болашаққа ойым таза сенемін.

Өзгелермен терезесі теңескен .

Өтіп кетті талай асу белестер.

Биіктерден әрқашанда көрініп,

Жанды қайта тұлғалары көп өшкен.


Мақпал:
-Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып


Ақбаян:
Отан үшін оққа тос кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

  1-жүргізуші: 

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Табандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

Келесі сөз кезегін бүгінгі кешіміздің ардақты да аяулы жауынгері ______ ағаға береміз.

Оқушылар соғыс жылдары туралы сұрақ қояды.

  1. Бастан өткізген қиындықтарды ұмыту мүмкін емес қой. Ал сіздің әскери борышыңызды өтеу қай жерде басталды, алғашқы кездерде қандай қиындықтар болды? Ауғанстан несімен есіңізде қалды?

  2.Ауғанстанның қай жерінде ұрысқа қатыстыңыз?

3 Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз.Соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?

  1. Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?

  2. Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме?Әлде қару беріп жібере салды ма?

6. Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?

7. Солдат өмірі тек қиындық пен сәтсіздіктерден тұруы мүмкін емес қой, еске алатындай көңілді де қызықты сәттеріңіз болған шығар, соның біреуін еске түсіріп айтып бере аласыз ба?

8.Біздің халқымызда ертеден досқа қол ұшын беру, көмек көрсету – үлкен мәртебе, әрі парыз болып есептелген. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл принцип яғни, адал достық жеңіске жетуге көмектесті. Ал «Достық қиындықта шындалады» дейміз, Ауған жерінде осындай достық жеңістерге жетулеріңізге көмектесті ме?



   2-жүргізуші

   Ән: «Алға қазақ жігіттері». Орындайтын Абдиев Парахат

   1-жүргізуші 

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Абдиев Парахат, Талғатбеков Жамшид, Асқарова Сара, Сибатова Тоғжанның орындауында «Ерке сылқым» күйі.

 2-жүргізуші

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын

1-жүргізуші. Оқушылар толғауы

   Тоғжан:Біз соғысты көрген жоқпыз.Сіз де Отан алдындағы борышыңызды өтеуге дейін ол туралы кітаптан оқып,кинодан ғана көрдіңіз.Ерліктің озық үлгісін көрсеткен,ерлігімен ел есінде мәңгі қалған аға- апаларымыздың есімдерін зор құрметпен еске алып,іс-әрекеттеріне тәнті болып өстіңіз.Бірақ бір кездері өзіңіз де қолыңызға қару алып,тау асып,сонау жат елде-Ауған жерінде соғысқа қатысамын деп ешқашан ойламаған боларсыз.Соғысқа аттанып бара жатқаныңызда сізде “Нар тәуекел,қайтсем де тапсырманы орындауым қажет,себебі ол маған Отан тарапынан беріліп отыр” деген ойдың болғанына сенімім зор.

 Парахат: “Отан үшін отқа түс” деген Бауыржан ата өсиеті мен “Шығыс ұлы,біз ел сенген ерміз,ел намысы,ер намысы үшін жан қиятын бұдан артық болар ма?” деген хатты оқып өскен ұлансыз,біз сізді,сіздің ерлік істеріңізді әрқашан өзімізге үлгі тұтамыз. Аға! Сіз қазақ жастарына ерлігімен де,ерлігімен де үлгі бола алатын алтын тұлғасыздар!

 Айгерім: Қазір елімізде 10 мыңға жуық Ауған ардагерлерді болса,3 мыңдайы мүгедектер қатарында.Майданнан аман оралғандар бейбіт өмірге белсене араласып,бүгінде олардың дәрежесі II Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілді.Ауған соғысы қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі болса да әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай отыр деп айтпаймын.Келешекте бұл соғыс әлі де зерттеліп,өзіндік бағасын алса,соғысқа қатысқан жауынгерлер мәртебесі арттырылса екен деп тілеймін.Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына жиырма жыл өтсе де,ол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыстың жан жарасынан айыға алмай келеді.Кезінде қатерге бел буып,батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп қаһармандық танытқан,өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау,қадірлеп құрметтеу біздің борышымыз.

  Айдана: Құрметті майдангер!

  Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек.Біз сізді мақтан етеміз.

Бану: Сізді Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шыққанына 25 жыл толуына байланысты мерекеңізбен құттықтаймыз.Сізді Отан алдында борышын адал атқарған абзал азамат,өз елінің патриот жауынгері ретінде жоғары бағалаймыз.Сізге мықты денсаулық.ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

(гүл шоғын тапсыру)

Айгерім:
Ұрпаққа аманат
Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазағыма жететін


Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан

Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар - ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

Парахат:

Мен қазақпын ,ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын , тірегімін жерімнің .
Ұланымын туын көкке көтерген ,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.

Қайсар:

Қазақ жері – қонақ жай төрдің жері ,
Қазақ елі- Қас сақтай ердің елі
Елі кедей болмаған – жері байтақ ,
Елі ердей , Бабырдай шерлек елі .
Азат бүгін , байлыққа тұнған жерім
Азат бүгін , ел жоғын қуған ері.
Әділет пен билікке жанын қиып ,
Әділ өткен билердің туған жері.

Ән «Жаса Қазақстан». Орындайтын Абдиев Парахат.

1-жүргізуші: «Бейбітшілік таңы» қорытынды сөз ардагер ағаға беріледі.

2 - жүргізуші:

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.

Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін

Ардагерлер – естелігі соғыстың.


1-жүргізуші: Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Еліміздің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық !


hello_html_m49e3bce0.jpg

hello_html_m49e3bce0.jpg

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров321
Номер материала ДВ-121410
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх