Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Рабочие программы / "Ауғанстан - жүректегі жара"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

"Ауғанстан - жүректегі жара"

библиотека
материалов

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,sam_0914 - копия.jpg

Қаратоғай селосы, Қаратоғай орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі Еримбетов Рустем Калбайулы





Кездесу тақырыбы: «Ауғаныстан – жүректегі жара»

Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, оқушыларға түсіндіру. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету .

Әдісі: еске алу сабағы.

Сценарий түрі: тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру)

Сценарий көрнекілігі: интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар

Жоспары:

І. Ерлік сабағының ашылуы

ІІ. Қонақтарды таныстыру

ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғаныстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет.

ІҮ. Майданда туған жыр.

Ү. «Ардагермен сұхбат»

ҮІ . Қорытынды.

Барысы: І. Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

 Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!

Соғыс жан алып – жан беру.Соғыс халықтың басына келген қасірет, ұлы жұт.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына  байланысты «Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы еске алу кешімізді ашық деп жариялаймыз!

ІІ. Қонақтарды таныстыру

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің бірі біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныс болыңыздар – Ауған соғысының ардагері, асқан ерлігі үшін Ауған халқының «Алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарымен» марапатталған, «Әскери ерлік көрсеткені үшін» медалімен марапатталған Кузембаев Асылбек Абылгазович.

1989 жылы, ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді?  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз бен сіздер жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтуымыз қажет.

ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғаныстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет.

Жүргізуші: Ауғаныстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік. Алдымыздағы ақпанның 15 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына тура 26 жыл болады. Ауғанстанға әскер енгізу туралы шешім не үшін және қандай мақсатта болғаны жайлы қысқаша мәлімет алайық.

«Ауған соғысы» КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы (КОКП) және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген «халықтық –демократиялық үкіметті» қолдап, көршілес елдің социалдық бағытпен дамуын көздеп, «интернационалдық әскери жәрдем береміз» деген себеппен оның ішкі істеріне араласты. Бұл КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жыл қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық демократиялық партиясы(АХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. «Хальк» тобын Н.М.Тараки мен Х.Амин, ал «Парчам» тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен АХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі АХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда Кеңес үкіметінің қолдауымен АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларда қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. жергілікті халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталып кетеді. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып, (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Осындай жағдайда билік басына Нұр Мұхамед Тараки бастаған әскери топ келді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсіп елде азамат соғысы осылай басталады. Тараки өз билігін орнату мақсатында Кеңес Одағынан әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Көмек көрсету, көрсетпеу деген сұрақты Политбюрода қарастырылды. Брежнев өз наразылығын былай депті: «Біздің кеңес әскерінің Ауғаныстанда соғысуы біздерге ауыртпалық түсіргенімен, ең бастысы олардың жағдайын күрт өзгертіп жіберуі мүмкін» деп өз сөзін аяқтаған болатын. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартыстың нәтижесінде 1979 жылдың қыркүйекте АХДП мемлекет басына Амин отырды. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МҚК Аминді қызметінен шеттетіп әрекеттенді. Сөйтіп, 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес одағы басшыларының шағын тобы (Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов, А.А.Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.

Сөйтіп, 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Бұл жағдайды АҚШ Президенті Р.Рейган КСРО-ны «қанды империя» деп айыптайды.

Қауырт соғыстың тарихи маңызы

1986 жылдың ақпанында болған КОКП 27-ші съезінде Михайл Сергеевич Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. Әрине мұндай шешім Горбачевке оңай болмағаны ақиқат. Сол уақыттағы белді тұлғалар мен кейбір генералдар Горбачевтың мұндай шешімін сатқындық деп бағалады. Алайда, 1989 жылы ақпанның 15 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.

«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз».

«Афганский излом» видеороликке кезек берейік.

ІҮ. Майданда туған жыр.

Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде мектебіміздің 10 «Б» класс оқушысы Бұхашева Гүлжанның «Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз.

Ұрпаққа аманат

Баласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып

Көкпенен бірге жайнасып

Көршімен тату, жауына қату

Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін

Жайнаған дархан мекенім

Бар ма екен шіркін жалғанда

Қазағыма жететін

Осындай елді құраған

Бабадан қалған мұрадан

А теперь ученица 9 «А» класса Иванько Евгения прочитает нам стих

Жүргізуші: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІҮ. «Ардагермен сұхбат» - Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз? - Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз? - «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

Ауған ардагерінің сөзі...

«Афганский излом» видеоролик.

Жүргізуші:

Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Борис Громовтың шығуы еді. Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге ауылымыздың көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Рахмет отырыңыздар! 

Ендігі кезекте тақтаға назар аударыңыздар! Ауған соғысында мерт болған барлық сарбаздарға арналады...

ІҮ. Қорытынды сөз. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағамыз Асылбек Абылғазович уақыт тауып келгеніңізге рахмет! Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!

Бүгінгі еске алу кешімізді позитивті нотада аяқтау үшін алдарыңызға 8 «Б» класс оқушысы Жарылқанов Райымбекті «Ұландар шеруі» әнімен шақырғым келіп тұр. Қарсы алыңыздар!


Краткое описание документа:

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,

Қаратоғай селосы, Қаратоғай орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі Еримбетов Рустем Калбайулы

 Кездесу тақырыбы:  «Ауғанстан –  жүректегі жара»

Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, оқушыларға түсіндіру. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету .

Әдісі: еске алу сабағы.

Сценарий түрі:  тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру)

Сценарий көрнекілігі: интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар

Жоспары:

І. Ерлік сабағының ашылуы

ІІ. Қонақтарды таныстыру

ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғаныстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет.

ІҮ. Майданда туған жыр.

Ү. «Ардагермен сұхбат»

ҮІ . Қорытынды.

Барысы:  І. Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

 Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!

Соғыс жан алып – жан беру.Соғыс халықтың басына келген қасірет, ұлы жұт.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына  байланысты«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы еске алукешімізді ашық деп жариялаймыз!

ІІ. Қонақтарды таныстыру

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің бірі біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныс болыңыздар – Ауған соғысының ардагері, асқан ерлігі үшін Ауған халқының «Алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарымен» марапатталған, «Әскери ерлік көрсеткені үшін»  медалімен марапатталған Кузембаев Асылбек Абылгазович.

1989 жылы, ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді?  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз бен сіздер жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтуымыз қажет.

ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғаныстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет.

Жүргізуші: Ауғаныстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік. Алдымыздағы ақпанның 15 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына тура 26 жыл болады. Ауғанстанға әскер енгізу туралы шешім не үшін және қандай мақсатта болғаны жайлы қысқаша мәлімет алайық.

«Ауған соғысы» КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы (КОКП) және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі  нәтижесінде билікке келген «халықтық –демократиялық үкіметті» қолдап, көршілес елдің социалдық бағытпен дамуын көздеп, «интернационалдық әскери жәрдем береміз» деген себеппен оның ішкі істеріне араласты. Бұл КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жыл қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық демократиялық партиясы(АХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. «Хальк» тобын Н.М.Тараки мен Х.Амин, ал «Парчам» тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен АХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед  Дауд үкіметі АХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда  Кеңес үкіметінің қолдауымен АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларда қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. жергілікті халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталып кетеді. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып, (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Осындай жағдайда билік басына Нұр Мұхамед Тараки бастаған әскери топ келді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсіп елде азамат соғысы осылай басталады. Тараки өз билігін орнату мақсатында Кеңес Одағынан әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Көмек көрсету, көрсетпеу деген сұрақты Политбюрода қарастырылды. Брежнев өз наразылығын былай депті:  «Біздің кеңес әскерінің Ауғаныстанда соғысуы біздерге ауыртпалық түсіргенімен, ең бастысы олардың жағдайын күрт өзгертіп жіберуі мүмкін» деп өз сөзін аяқтаған болатын. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартыстың нәтижесінде 1979 жылдың қыркүйекте АХДП мемлекет басына Амин отырды. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МҚК Аминді қызметінен шеттетіп әрекеттенді. Сөйтіп, 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес одағы басшыларының шағын тобы (Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов, А.А.Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.

Сөйтіп, 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.      Бұл жағдайды АҚШ Президенті Р.Рейган КСРО-ны «қанды  империя» деп айыптайды.

Қауырт соғыстың тарихи маңызы

1986 жылдың ақпанында болған КОКП 27-ші съезінде Михайл Сергеевич Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. Әрине мұндай шешім Горбачевке оңай болмағаны ақиқат. Сол уақыттағы белді тұлғалар мен кейбір генералдар Горбачевтың мұндай шешімін сатқындық деп бағалады. Алайда, 1989 жылы ақпанның 15 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.

 «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар  тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз».

«Афганский излом» видеороликке кезек берейік.

ІҮ. Майданда туған жыр.

Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде мектебіміздің 10 «Б» класс оқушысы Бұхашева Гүлжанның «Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз.

Ұрпаққа аманат

Баласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып

Көкпенен бірге жайнасып

Көршімен тату, жауына қату

Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін

Жайнаған дархан мекенім

Бар ма екен шіркін жалғанда

Қазағыма жететін

Осындай елді құраған

Бабадан қалған мұрадан

А теперь ученица 9 «А» класса Иванько Евгения  прочитает нам стих

Жүргізуші: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІҮ. «Ардагермен сұхбат» - Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз? - Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз? - «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

Ауған ардагерінің сөзі...

«Афганский излом» видеоролик.

Жүргізуші:

Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Борис Громовтың шығуы еді. Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге ауылымыздың көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Рахмет отырыңыздар! 

Ендігі кезекте тақтаға назар аударыңыздар! Ауған соғысында мерт болған барлық сарбаздарға арналады...

ІҮ. Қорытынды сөз. Жүргізуші: Құрметті  ұстаздар, оқушылар!

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағамыз Асылбек Абылғазович уақыт тауып келгеніңізге рахмет! Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!

Бүгінгі еске алу кешімізді позитивті нотада аяқтау үшін алдарыңызға 8 «Б» класс оқушысы Жарылқанов Райымбекті «Ұландар шеруі» әнімен шақырғым келіп тұр. Қарсы алыңыздар!

 

 

Автор
Дата добавления 18.02.2015
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1288
Номер материала 395534
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх