Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Аудандық семинар: "Абайды білмек парыз ойлы жасқа"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Аудандық семинар: "Абайды білмек парыз ойлы жасқа"

библиотека
материалов
панорамалық сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің...
Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылы...
Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу....
Тәрбиелік: Оқушыларға Абайдың ұлылығын , оның поэзиясының тереңдігін түсінуі...
дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс, ауызша журнал
Сабақтың әдіс - тәсілдері: «топтастыру» стратегиясы, «ассоциациялық аймақ» к...
 Оқыту түрі бірлескен ұжымдық іс – әрекет
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылғ...
 Пәнаралық байланыс қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес. Мені мен...
Ауызша журнал бірінші бет: Абайдың өмірбаяны, балалық шағы екінші бет: Абай...
«Ой қозғау» стратегиясы
бірінші бет Абайдың өмірбаяны, балалық шағы
Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала ке...
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғ...
Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Ш...
Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түс...
 «Ассоциациялық аймақ» кестесі Абай
Абай
екінші бет Абай - лирик ақын
Абайдың өлеңдері Абай және ғылым. Абай және қазақ елі. Достық – махаббат тақы...
Достық – махаббат лирикасы “Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат” “Кейде ес...
Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп...
Абайдың өлең үлгісіне енгізген жаңалықтары 1) Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға...
үшінші бет Абай – білім жаршысы
Абай және ғылым Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Ғылым таппай, мақтанба. Инт...
Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғ...
Ақынның айтпақ өсиеті Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңд...
Ғылым таппай мақтанба Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып...
Білімдіден шыққан сөз 	Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез.   Нұрын, с...
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі се...
төртінші бет Абай-сазгер
Абай - сазгер “Көңіл құсы құйқылжыр” “Құлақтан кіріп бойды алар” “Көзімнің қа...
Абайдың әнге деген сүйіспеншілігі Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтт...
Көзімнің қарасы Көзімнің қарасы, Көңлімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық...
бесінші бет Абай-аудармашы
Абай және орыс ақындары А. Пушкин М. Лермонтов И. Крылов
алтыншы бет Абай-философ
Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін с...
Абайдың қара сөздері 1-сөз. 7-сөз. 31-сөз. 37-сөз.
«Топтастыру» стратегиясы Абай туралы не білдік?
1845 1857 1886 1904 1890-1898 1888 «Сандар сыр шертеді» кестесі
Хронологиялық кесте 1845	Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келге...
«Еркін жауап» стратегиясы 1.Ғылым таппай мақтанба, ( ... ... ... ... ... .) 2...
«Жұлдызды сағат» ойыны 1.Абай Құнанбаев кім? 2.Ол қай жылдары өмір сүрді? 3.А...
«Автор орындығы» стратегиясы Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат тура...
51 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 панорамалық сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
Описание слайда:

панорамалық сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботанова Г.О.

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылы
Описание слайда:

Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып білу. Сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу. Мәтіндерді оқу, өлеңдерін айту, әндету. Қазақ тілінде анық сөйлеу машықтарын қадағалау. Сабақтың мақсаты:

№ слайда 5 Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу.
Описание слайда:

Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу. Оқушылардың ой еркіндігін , эстетикалық сезімін ояту, өлеңді талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.

№ слайда 6 Тәрбиелік: Оқушыларға Абайдың ұлылығын , оның поэзиясының тереңдігін түсінуі
Описание слайда:

Тәрбиелік: Оқушыларға Абайдың ұлылығын , оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып , нығайту. Еңбекқорлыққа , талаптылыққа , білімқұмарлыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.

№ слайда 7 дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс, ауызша журнал
Описание слайда:

дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс, ауызша журнал

№ слайда 8 Сабақтың әдіс - тәсілдері: «топтастыру» стратегиясы, «ассоциациялық аймақ» к
Описание слайда:

Сабақтың әдіс - тәсілдері: «топтастыру» стратегиясы, «ассоциациялық аймақ» кестесі, «сандар сыр шертеді» кестесі, хронологиялық кесте, «еркін жауап » стратегиясы, «жұлдызды сағат» ойыны, «автор орындығы» стратегиясы, сұрақ – жауап, ой бөлісу, мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығармаларын талдау, әндету, қосымша білім көздерін насихаттау арқылы өздігінен білім алуға баулу.

№ слайда 9  Оқыту түрі бірлескен ұжымдық іс – әрекет
Описание слайда:

Оқыту түрі бірлескен ұжымдық іс – әрекет

№ слайда 10 Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылғ
Описание слайда:

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер, ақын жайлы жазылған құнды пікірлер

№ слайда 11  Пәнаралық байланыс қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих
Описание слайда:

Пәнаралық байланыс қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих

№ слайда 12 Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес. Мені мен
Описание слайда:

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес. Мені мен, менікінің айырылғанын, “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

№ слайда 13 Ауызша журнал бірінші бет: Абайдың өмірбаяны, балалық шағы екінші бет: Абай
Описание слайда:

Ауызша журнал бірінші бет: Абайдың өмірбаяны, балалық шағы екінші бет: Абай - лирик ақын үшінші бет: Абай – білім жаршысы төртінші бет: Абай-сазгер бесінші бет: Абай-аудармашы алтыншы бет: Абай-философ

№ слайда 14 «Ой қозғау» стратегиясы
Описание слайда:

«Ой қозғау» стратегиясы

№ слайда 15 бірінші бет Абайдың өмірбаяны, балалық шағы
Описание слайда:

бірінші бет Абайдың өмірбаяны, балалық шағы

№ слайда 16 Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала ке
Описание слайда:

Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

№ слайда 17 Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғ
Описание слайда:

Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

№ слайда 18 Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Ш
Описание слайда:

Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.

№ слайда 19 Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түс
Описание слайда:

Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.

№ слайда 20  «Ассоциациялық аймақ» кестесі Абай
Описание слайда:

«Ассоциациялық аймақ» кестесі Абай

№ слайда 21 Абай
Описание слайда:

Абай

№ слайда 22 екінші бет Абай - лирик ақын
Описание слайда:

екінші бет Абай - лирик ақын

№ слайда 23
Описание слайда:

№ слайда 24 Абайдың өлеңдері Абай және ғылым. Абай және қазақ елі. Достық – махаббат тақы
Описание слайда:

Абайдың өлеңдері Абай және ғылым. Абай және қазақ елі. Достық – махаббат тақырыбы. Абай және сөз өнері. Табиғат лирикасы.

№ слайда 25 Достық – махаббат лирикасы “Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат” “Кейде ес
Описание слайда:

Достық – махаббат лирикасы “Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат” “Кейде есер көңіл құрғырың” “Бір дәурен кемді күнге бозбалалық” Табиғат лирикасы. Азаматтық-саяси лирикасы “Жаз” “Қыс” “Күз” “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай” “Қалың елім, қазағым” “Болыс болдым, мінеки” “Сегіз аяқ”

№ слайда 26 Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп
Описание слайда:

Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп аталатын өлеңнің бір шумағын есімізге түсірейік …

№ слайда 27 Абайдың өлең үлгісіне енгізген жаңалықтары 1) Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға
Описание слайда:

Абайдың өлең үлгісіне енгізген жаңалықтары 1) Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. Қызықтан өзге қалсаң бос, Әйелің, балаң, досың бар. 2. Алыстан сермеп,  Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған, Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл.

№ слайда 28 үшінші бет Абай – білім жаршысы
Описание слайда:

үшінші бет Абай – білім жаршысы

№ слайда 29 Абай және ғылым Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Ғылым таппай, мақтанба. Инт
Описание слайда:

Абай және ғылым Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Ғылым таппай, мақтанба. Интернатта оқып жүр. Әсемпаз болма әрнеге.

№ слайда 30 Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғ
Описание слайда:

Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған.

№ слайда 31 Ақынның айтпақ өсиеті Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңд
Описание слайда:

Ақынның айтпақ өсиеті Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.

№ слайда 32
Описание слайда:

№ слайда 33 Ғылым таппай мақтанба Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып
Описание слайда:

Ғылым таппай мақтанба Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да, ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де-өзі, мал да -өзі Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне, Махаббатпен ерсеңіз...

№ слайда 34 Білімдіден шыққан сөз 	Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез.   Нұрын, с
Описание слайда:

Білімдіден шыққан сөз Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез.   Нұрын, сырын көруге Көкiрегінде болсын көз.   Жүрегі — айна, көңiлі — оят,   Сөз тыңдамас ол баяу.   Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?   Әблет басқан елерме Сөзге жуық келер ме?   Түзу сөзге сенер ме Түзелмесін білген ез?   “Айтшы-айтшылап” жалынар,   Ұққыш жансып шабынар.   Ұқпай жатып жалығар Ұйқылы-ояу бойкүйез. Жас баладай жеңсікқой, Байлаулы емес ақыл ой, Ойлағаны — айт пен той, Ыржаң-қылжаң ит мінез„ Сұлу қыз бен я батыр   Болмаған соң, тәңірі алғыр, Шығып кетер, я қалғыр, Оған ақыл — арам без. Жақсыға айтсаң, жаны еріп,   Ұғар көңіл шын беріп,   Дертiң ішіне ем көріп, Неге алтынды десін жез. “Ой, тәңір-айшыл” кер есек,   Қулық, сұмдық не өсек   Болмаған соң, бір есеп —  Мейілі қамқа, мейілі бөз.

№ слайда 35 Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі се
Описание слайда:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңіліңнің көзі ашық, сергек үшін. Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен соң, мұнда сөзді бұрын көрмей. Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей. Сөз айттым «әзірет Әлі, айдаһарсыз», Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз». Кәрілікті жамандап, өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз. Әсіресе қызыл емес деп, жиренбеңіз, Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз. Батырдан барымташы туар даңғой. Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елермелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алтымисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қиналмай, қызыл тілім, кел тілді ал, қой! Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге. Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ, Есіл өнер қор болып кетер түзге...

№ слайда 36 төртінші бет Абай-сазгер
Описание слайда:

төртінші бет Абай-сазгер

№ слайда 37 Абай - сазгер “Көңіл құсы құйқылжыр” “Құлақтан кіріп бойды алар” “Көзімнің қа
Описание слайда:

Абай - сазгер “Көңіл құсы құйқылжыр” “Құлақтан кіріп бойды алар” “Көзімнің қарасы” “Желсіз түнде жарық ай” “Айттым сәлем Қаламқас”

№ слайда 38 Абайдың әнге деген сүйіспеншілігі Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтт
Описание слайда:

Абайдың әнге деген сүйіспеншілігі Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген

№ слайда 39 Көзімнің қарасы Көзімнің қарасы, Көңлімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық
Описание слайда:

Көзімнің қарасы Көзімнің қарасы, Көңлімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы Жылайын жырлайын, Ағызып көз майын. Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын, Өзi де бiлмей ме, Көп сөйлеп созбайын?

№ слайда 40 бесінші бет Абай-аудармашы
Описание слайда:

бесінші бет Абай-аудармашы

№ слайда 41 Абай және орыс ақындары А. Пушкин М. Лермонтов И. Крылов
Описание слайда:

Абай және орыс ақындары А. Пушкин М. Лермонтов И. Крылов

№ слайда 42 алтыншы бет Абай-философ
Описание слайда:

алтыншы бет Абай-философ

№ слайда 43 Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін с
Описание слайда:

Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.

№ слайда 44 Абайдың қара сөздері 1-сөз. 7-сөз. 31-сөз. 37-сөз.
Описание слайда:

Абайдың қара сөздері 1-сөз. 7-сөз. 31-сөз. 37-сөз.

№ слайда 45 «Топтастыру» стратегиясы Абай туралы не білдік?
Описание слайда:

«Топтастыру» стратегиясы Абай туралы не білдік?

№ слайда 46 1845 1857 1886 1904 1890-1898 1888 «Сандар сыр шертеді» кестесі
Описание слайда:

1845 1857 1886 1904 1890-1898 1888 «Сандар сыр шертеді» кестесі

№ слайда 47 Хронологиялық кесте 1845	Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келге
Описание слайда:

Хронологиялық кесте 1845 Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1857 12 жасынан бастап өлең жаза бастаған 1886 Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын аудара бастаған 1888 “Желсіз түнде жарық ай” өлеңін жазған 1890-1898 Қара сөздерін жазған. Саны: 45 1904 Қазақ халқының ұлы ақыны дүние салған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Жидебай қонысында жерленген

№ слайда 48 «Еркін жауап» стратегиясы 1.Ғылым таппай мақтанба, ( ... ... ... ... ... .) 2
Описание слайда:

«Еркін жауап» стратегиясы 1.Ғылым таппай мақтанба, ( ... ... ... ... ... .) 2.Талап, еңбек, терең ой, (… … … … .) 3.Досы көппен сырлас (… … … … .) 4.Өсек, өтірік, мақтаншақ, (… … … … .) 5.Сен де бір кірпіш дүниеге (... ... ... ... .)

№ слайда 49 «Жұлдызды сағат» ойыны 1.Абай Құнанбаев кім? 2.Ол қай жылдары өмір сүрді? 3.А
Описание слайда:

«Жұлдызды сағат» ойыны 1.Абай Құнанбаев кім? 2.Ол қай жылдары өмір сүрді? 3.Абайдың неше қарасөзі бар? 4.Абайдың шын аты кім? 5.Жеңгелері қалай атаған? 6.Ұлы ақынның руы кім? 7.Абай неше жасынан бастап өлең шығарды?

№ слайда 50 «Автор орындығы» стратегиясы Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат тура
Описание слайда:

«Автор орындығы» стратегиясы Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгің келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап ізлеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

№ слайда 51
Описание слайда:

Краткое описание документа:

Панорамалық  сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»

Сабақтың мақсаты:

білімділік :  қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып білу. Сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.Мәтіндерді оқу, өлеңдерін айту, әндету. Қазақ тілінде анық сөйлеу машықтарын қадағалау.

дамытушылық :  Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу. Оқушылардың  ой еркіндігін , эстетикалық сезімін ояту, өлеңді талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.

тәрбиелік :  оқушыларға Абайдың ұлылығын , оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып , нығайту. Еңбекқорлыққа , талаптылыққа , білімқұмарлыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс,  ауызша журнал.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: «топтастыру» стратегиясы, «ассоциациялық аймақ» кестесі, «сандар сыр шертеді»  кестесі, хронологиялық кесте, «еркін жауап » стратегиясы, «жұлдызды сағат» ойыны, «автор орындығы» стратегиясы, сұрақ – жауап, ой бөлісу, мәнерлеп оқу,  жатқа айту, шығармаларын талдау, әндету, қосымша білім көздерін насихаттау арқылы өздігінен білім алуға баулу.

Оқыту түрі: бірлескен ұжымдық іс – әрекет.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер, ақын жайлы жазылған  құнды пікірлер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру сәті

Қызығушылықты ояту.  Мұғалімнің сөзі (Абай әндерінің баяу сазымен):

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

Мені мен, менікінің айырылғанын,

“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

       

                                             Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

                                            Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы

 

Өлмейтұғын  артына сөз қалдырған?

Абай туған халқының , болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің , қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.

Сабақтың мақсатын қою

Жаңа сабақ

Бүгінгі біздің сабағымыз қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Сабағымыз ауызша журнал ретінде өтеді.

Олай болса, Абай өмір сүрген кезеңге көз жіберейік.

«Ой қозғау»  стратегиясы:

«Абай кім? Абай туралы не білеміз?»  деген сұрақтарға жауап жазады.

Журналымыздың бірінші беті: Абайдың өмірбаяны, балалық шағы (интерактивті тақтадан слайд көрсетіліп, слайд бойынша оқушылар әңгімелейді).

Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол Телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көрелік.

            Абайдың бар өмірі өзі   туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталады.

Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға  сиынудан басталды.

(Оқулықпен жұмыс, сөздікпен танысу)

«Ассоциациялық аймақ» кестесі. Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы  білетіндерін жазады, әңгімелейді.

Бірінші беттің қорытындысы.

Абай балалық кезінде ақылды, көп оқыған, ізденімпаз бала болған. Мен сендерге Абайдың осындай қасиеттерін тілеймін.

Журналымыздың екінші беті: Абай - лирик ақын (интерактивті тақтадан слайд көрсетіліп,слайд бойынша оқушылар әңгімелейді).

Абай он екі жасынан бастап өлең жазған. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе, жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениеттілікпен жазылған жырлар.

Балалық шағымыздан-ақ «Күз»,  «Жаз»,  «Жазғытұры»,  «Қыс» өлеңдерін жаттап өстік.

Абай лирикасын түсініп оқу арқылы табиғат құдіретіне ғашық болмай өсу, сүйсінбеу мүмкін емес.

Сондай-ақ, ғашықтар арасындағы сүйіспеншілік лирикасы да жастарды кіршіксіз таза сезімге, шынайы махаббат иесі болуға баулиды.

Махаббатсыз – дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар- деп, махаббатты тірліктен жоғары қойса, келесі өлеңінде; Ғашықтың тілі – тіл, Көзбен көр де ішпен біл, - деп, махаббатты таза, кіршіксіз, әдептен озбайтын, ішкі таза нәзік сезім, сыпайы сыйластық болған жерде ғашықтық, сүйіспеншілік болатынын айшықтап тұрады.

Оқушылар білетін өлеңдерін естеріне түсіріп, жатқа айтады.

Журналымыздың үшінші беті: Абай – білім жаршысы

Журналымыздың  бұл санында кемеңгер ақын жас қауымды білім-ғылым  іздеуге өзінің ғибратты өлеңдерімен ұран етіп, ерінбей оқып, білуге шақырады. (интерактивті тақтадан слайд көрсетіліп,слайд бойынша оқушылар әңгімелейді).

Абай ақын сияқты өлең шығаруға сендер де талпыныңдар.

Журналдың төртінші беті:  Абай-сазгер

Абай ақын  ғана емес, сонымен бірге, сазгер – қазақтың халық музыкасын терең білген адам.

Абайдың табиғатты суреттейтін өлеңдерінің ішінде «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің орны ерекше.  Өлеңде айлы түн мен жайлаудағы елдің түнгі тіршілігінің сұлу да сырлы көріністері табиғи қалпында суреттелген. Өлең 1888 жылы жазылған.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй .

(Абайдың әнін тыңдату).

Төртінші беттің қорытындысы.

«Ән-күйсіз адам өмірін елестету қиын» деп Абай атамыз айтқандай, сендер де ән мен күйді сүйіп, айтып үйренуге тырысыңдар.

Журналымыздың бесінші беті: Абай-аудармашы (слайд көрсету).

Абай Құнанбаев 1886  жылдан бастап Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Абай 1892 жылы «Қараңғы түнде таң қалғып» өлеңін М.Ю.Лермонтовтың «Из Гёте» өлеңінен аударған.

Бесінші беттің қорытындысы.

Абай Құнанбайұлы қазақ және орыс мәдениетін жақындастырған аудармашы. Сендер де Абай атамыздай орыс тілінен қазақ тіліне, ағылшын, т.б. тілдерге еркін аударма жасап, мемлекеттік тілімізді жақсы меңгеруге талпыныңдар.

Журналдың алтыншы беті: Абай-философ (слайд көрсету).

Абайдың қарасөздері 1890-1898 жылдары жазылған. Абайдың қарасөздерінің саны – 45. Абай – философ, оған дәлел – оның жазған 45 қарасөздері.

Алтыншы беттің қорытындысы.

Ибраһим мырза – данышпан философ кісі болған.

Абайдың мақсаты: наданды өнерлі, ақылсызды ақылды, жалқауды еңбекқор, епсізді епті, берекесізді берекелі ету еді. Сондықтан да  Абай атамыздың асқақ арманын жүзеге асыруымыз керек. Абай – бізбен мәңгі бірге, ол – өлмек емес!  «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп бекерге айтылмаған.

«Топтастыру» стратегиясы

Ұлы жазушы туралы алған білімдерін кластер бойынша толтырады.

«Сандар сыр шертеді» кестесі. Оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен қызметіне шолу жасайды. Бүгінгі сабақта алған білімдерін бекітеді.

Хронологиялық кесте

1845 жыл

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.

1857 жыл

12 жасынан бастап өлең жаза бастаған.

1886 жыл

Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын аударуды бастаған.

1888 жыл

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жазған.

1890-1898 жылдар

Қарасөздерін жазған. Саны : 45

1904 жыл

Қазақ халқының ұлы ақыны дүние салған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Жидебай қонысында жерленген.

 

«Еркін жауап»  стратегиясы. Оқушылар Абай Құнанбайұлының асыл сөздерінің жалғасын табады.

1.Ғылым таппай мақтанба,

    ( ... ...          ...       ...   ... .)

2.Талап, еңбек, терең ой,

   (…          …      …   … .)

3.Досы көппен сырлас

   (…     …    …    … .)

4.Өсек, өтірік, мақтаншақ,

   (…     …    …    … .)

5.Сен де бір кірпіш дүниеге

   (...     ...    ...      ...  .)

Сабақты бекіту

«Жұлдызды сағат» ойыны.

1.Абай Құнанбаев кім?

2.Ол қай жылдары өмір сүрді?

3.Абайдың неше қарасөзі бар?

4.Абайдың шын аты кім?

5.Жеңгелері қалай атаған?

6.Ұлы ақынның руы кім?

7.Абай  неше жасынан бастап өлең шығарды?

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма

Ұлы ақын туралы мәнжазба жазу, тұсаукесер  дайындау.

Сабақты қорыту

«Автор орындығы»  стратегиясы. Ортада Абай. Болашаққа өсиет айтып тұрған кейіпте. (музыка естіліп тұрады). Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгің келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап ізлеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1048
Номер материала 308120
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх