Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ауыл кеші көңілді" тақырыбындағы сабақ жоспары

"Ауыл кеші көңілді" тақырыбындағы сабақ жоспары

Скачать материал

Таныстырулар

Есімім ............. сері деген жігіт,

Ақкөңіл, ақжарқынмын, жүрем күліп,

Өнердің өрге жүзген кемесімен

Сахнада ойрандаймын, салам бүлік.



.............. деген жігіт мен боламын,

Кешімізде озып шығу бар арманым.

Өзім де ер мінезді ержүрекпін.

Сұқ көздер қарағанда тебіренем.



Армысыз бүгінгі кеш көрермені,

............. қыз мен боламын өнегелі.

Мен бағымды сынаймын бұл сайыста

Маған лайық қай жігіт кез келеді.



...........бын қазақ ұлы қарапайым,

«Ауылға» келіп қалған қалқатаймын.

Ер азамат боп шығу бар арманым.

Мен көктеп келе жатқан бала қайын.



Көңілді кешіңізге келіп тұрмын,

..........пын сұлуы асып тұрған.

Көктемгі қыр гүлімін жауқазындай,

Талай рет жігіттерді еліктірген.



Армысыңдар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыңдар жанкүйер әз қауымдас!

Бүгінгі кешіңізді мен бастаймын,

........ге ал қанекей қол соғыңдар!



Аққудай әдемімін, сұлу жанмын,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңмын!

Жан сұлуы, тән сұлуы тепе-тең ........мын,

Еріксіз өзіме бәрін қаратамын.



Біз бүгін қыз-жігіт боп жарысайық,

................. атыма затым лайық.

Болсам екен ерекше деп отырмын.

Бір көрініп кетпеймін көзден ғайып.



Ақылыма, сәніме кім тап келген,

Өз-өзімді дайындап алып келгем.

Осы кеште бағымды сынау үшін,

...............мын, қыз-жігітті бастап келген.











Тақырыбы: Ауыл кеші көңілді

Күні: 09.12.2011ж.

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен тіл табысу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешеліктерін дамыту, ұлттық құндылықтарды талғамы жоғары жастардың кәдесіне жарату.

Барысы:

  1. «Кел, танысайық».

  2. «Сөзбен жарыс».

  3. «Сұр мерген».

  4. «Сиам егіздері».

  5. «Мода деген не?».

  6. «Бояу аралығы».

  7. Викториналық сұрақтар.

Жүргізуші:

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық

Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ауыл кеші көңілді» атты кешімізге қош келдіңіздер.Біздердің кешке жиналып отырған мақсатымыз – мектебіміздегі жастардың қарым-қатынасы қандай, олардың арасында достық, бірлік бола ала ма? Және олардың ақылдылығын, білгіштігін,әртістігік қабілеттерін, өзгешеліктерін, досшылдығын көру, әрі қалыптастыру.

І Ерке өсіп, ең жайланған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап, жүректен біз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп келіп отырған жастарымызды ортаға шақырайық.

8-класс: Құнақбаев Серік, Құрмет Іңкәр, Изимова Диана және Әметов Өмірзақ.

9-класс:Джабасов Ахат, Қылышбаева Айшабибі, Төлегенов Берік, Алпысбаева Фариза

ІІ Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болсада қашпайық біз.

Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер,

Қанеки, кешімізді бастайық біз.

(Кештің бағдарламасымен таныстыру.)

ІІІ Деген екен қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы»,

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем, достар? Амансың ба? Қалайсың? - дегендей, І тур «Кел, танысайық» бөлімін бастайық.

ІҮ Ендігі сайысымыз «Сөзбен жарыс» бөлімі. Бұл бөлімнің шарты – берілген сөздерді қатыстырып, сөз айтыстыру. Міндетті түрде бір-біріне жауап қайтарып, соңғы сөзді өзің айтуға тырысу керек. Былайша айтқанда сөзталастың «нүктесін» өзің қоюың керек. Ал, кәне, дайын болсаңыздар іске сәттілік.

Берілген сөздер: қалам, шапан, сиыр.

Дәлдеп түсіру нысанаға қиын емес,

Мақсатқа жету үшін күн-түн егес.

Мерген бол көздеп тұрып түсіретін,

Ү Сені ешкім ешқашан осал демес. Келесі байқау «Сұр мерген» деп аталады. Сендер бір топ боп келген соң, келесі тапсырманы бірігіп жасауларыңыз керек. Қазір сіздердің қолдарыңызды байлаймыз. Сол байлаулу қолдарыңызбен атуларыңыз керек, мына байқауымызда сауыт – урна болады, ал жебеміз – кәдімгі пияз болады. Әр топ 3 рет пияз лақтырады. Ал, бастайық.

ҮІ Келесі байқау «Сиамдық егіздер» деп аталады. Сіздер білесіңдер ме, лоар кімдер? Дене мүшелері бір-біріне қосылып туылған егіздерді «сиам егіздері» деп атайды. Енді сіздер сондай егіздер болып біздің тапсырмамызды орындайсыңдар. Біреуіңіздің бос оң қолыңызға қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі. Сіздер осы қағаздан жұлдызша және қошқар мүйіз оюын қиюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер! Кел, бастайық!

(Ойын ойналады)

ҮІІ Келесі кезең – «Мода дегеніміз не?» деп аталады. Біздің жастар өте мәдениетті деп ойлаймыз. Сол себеппен осы тақырыпта өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Ол үшін әуелі мынадай актуальді сұрақтар ға көңіл бөлейік.

  • Мода (сән) дегеніміз не?

  • Стиль (үлгі)дегеніміз не?

  • Мода қуудың қажеті бар ма жоқ па?

  • Жалпы мектеп формасы еңгізілгенін қалар ма едіңдер?

  • Еңгізілген жағдайда қандай ұсыныс жасар едіңдер?

ҮІІІ Келесі байқауымыз – «Бояу аралығы» деп аталады. Бұл байқауда әр топ көздерін байлап, сурет салады. Алдарыңызға құралдар беріледі. Ал, енді сурет салуға кірісейік. (Күн, гүл, үй, сәукеле суреттерін салу)

ІІХ Келесі соңғы тур – «Викториналық сұрақтарға» жауап беру. Жастардың ұлттық ойыны – «Ақсүйектің» шарты бойынша, бұл кезеңнің негізгі құралы мына сүйек болса, ал сіздердің міндеттерің осы сүйек артында жасырылған ситуациялық сұрақтарға жауап беру. Ендеше таңдау жасайық:

1

  1. Құрлықтағы ең ірі жануар? – піл.

  2. Сізді досыңыз дискотекаға шақырды. Ол сізді сағат 8-де алып кетпекші болды. Бірақ ол 1 сағат кешігіп, сағат 9-да келеді. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?

2

  1. Кіп-кішкентай не керек,

Күші бірақ керемет. – құмырсқа.

  1. Сізді досыңыз туған күніне шақырады. Бірақ сіздің ата-анаңыз ол баланы ұнатпайтындықтан, сізге баруға тыйым салады. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?

3

  1. Бет- аузыңнан сүйеді,

Сүйген жері күйеді – аяз.

  1. Сіз телефонмен өз қатарыңызбен танысасыз. Ол сізге кездесу орнын белгілейді. Сіз кездесу орнына барасыз ба, неге?





4

  1. Тас болып туады,

Күл болып өледі. - Көмір

  1. Сіз күні бұрын «Ringo» тобының концертіне билет алып қойдыңыз. Сол баратын күні сіздің өте бір жақын досыңыз түған күніне шақырып қалады. Сіз не істейсіз? Концертке барасыз ба, әлде досыңызға барасыз ба?



ІХ Қорытынды.

Өмір – арман, бәріне де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалындар.

Қуаныш та бар, өкініште бар жолдарда,

Ұстаздар менен достарым менің

Бәріңде аман болыңдар!

Осымен бүгінгі көңілді кешіміз аяқталды, Көріскенше, қош-сау болыңыздар!



























1

1.Құрлықтағы ең ірі жануар?

2.Сізді досыңыз дискотекаға шақырды. Ол сізді сағат 8-де алып кетпекші болды. Бірақ ол 1 сағат кешігіп, сағат 9-да келеді. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?

2

1.Кіп-кішкентай не керек,

Күші бірақ керемет.

2.Сізді досыңыз туған күніне шақырады. Бірақ сіздің ата-анаңыз ол баланы ұнатпайтындықтан, сізге баруға тыйым салады. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?

3

  1. Бет- аузыңнан сүйеді,

Сүйген жері күйеді.

2.Сіз телефонмен өзқатарыңызбен танысасыз. Ол сізге кездесу орнын белгілейді. Сіз кездесу орнына барасыз ба, неге?

4

  1. Тас болып туады,

Күл болып өледі.

  1. Сіз күні бұрын «Ringo» тобының концертіне билет алып қойдыңыз. Сол баратын күні сіздің өте бір жақын досыңыз түған күніне шақырып қалады. Сіз не істейсіз? Концертке барасыз ба, әлде досыңызға барасыз ба?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ауыл кеші көңілді" тақырыбындағы сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 036 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 3804
    • DOCX 23 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аюпова Акзат Рамазановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аюпова Акзат Рамазановна
    Аюпова Акзат Рамазановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12458
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой