Инфоурок Информатика Рабочие программы«Ауыл мектебінде жаңалықты енгізуде кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары»

«Ауыл мектебінде жаңалықты енгізуде кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары»

Скачать материал

          Тақырыбы: 

«Ауыл мектебінде жаңалықты енгізуде кездесетін кедергілер                             мен оларды шешу жолдары»

 

         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп бекер айтпаған.   Мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін  нақты  жағдайларды  жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде  қолданылуы тиімді  оқыту элементтерін «реттеп»  отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.                                   

    Мектептегі кез-келген  игі  істердің бастаушысы – мұғалім. Сол себептен мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек деп ойлаймын. Соңғы жылдардағы зерттеулерде  оқу адамның  білім алудағы нақты мүмкіндіктерін  пайдалану  сипатын  қалыптастыратын  жиынтық, яғни  бастан  кешкен  тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер  мен  көзқарастар бейімділіктің  кешенді  үйлесімі  ретінде анықталған.

Адам өмірінің  «алтын бесігі» -  мектептің есігін ашқан  балдырған  жаңаша өмірде  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,  өмір заңдылықтарын үйренеді. Ұстаздың басты мақсаты – оқуға  ынтасы барды да,  ынтасыздарды  да, тәртіптілер мен тәрбиеге  қиындарды да  оқытып, қоғамның  саналы азаматы етіп шығару.

      Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талап та жоғары. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.   

       Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты  білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

·        Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

·        Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

·        Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

·        Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

·        Білімді, іскер, шебер;

·        Мұғалім ұйымдастырушы, нұсқау, бағыт, бағдар  беруші;

·        Оқушы қызығушылығын шығармашылықпен ұштастырушы;

·        Жоспарланған ұлттық механизмді, яғни функционалдық сауаттылықты арттырушы.

  Иә,  осының бәрі ХХІ ғасыр мұғалімдеріне қойылған талаптар. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК  БАҒДАРЛАМАСЫ аясында да айтылған.

    Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.

     Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.

     Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.

      Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр.

      Орта білімге кері әсер ететін факторлар –  ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.

Осылайша, қазіргі бар  проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам  дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына  сәйкес жаңғыртуды талап етеді.

Ауыл мектебін, жалпы ауыл мәдениетін көтеру үшін мемлекет тарапынан көптеген іс-шаралардың жоспарланып жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Үкіметіміздің 2003 жылғы 4 ақпандағы № 128 қаулысымен «Ауыл мектебі» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл ресми құжаттар қазақ елінің қазығы болған ауыл үшін де, жастар үшін де ұтымды ұсыныс екені анық. Өйткені бұл бағдарламаларды іске асыруда тек ауыл ғана емес, мемлекеттің де, ұлтымыздың да ұтары көп.

Сонымен қатар бүгінгі таңда ауыл мектептерінде болып жатқан инновациялық процестер экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және өзге де аса маңызды мәселелерді шешу қажеттілігіне бағытталып, ауыл оқушыларын білім беріп тәрбиелеуде, олардың ой-өрісін дамытуда және мәдениетін қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер беруде.

Педагогикалық инновация жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ойын, ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс береді. Сонымен қатар педагогикалық инновация жеке тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін және қоғамдық бағытын, болмысқа деген көзқарасын қалыптастыратынын ескерсек, зерттеу проблемасының көкейкестілігі нақтылана түседі.

Ауыл мектебі оқушыларына білім беру деңгейін арттыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін қазіргі ауыл мектебінің моделін жетілдірудің және жоғары кәсіптік білім алу үшін олардың түлектерінің бастапқы мүмкіндіктерін теңестірудің қажеттілігі күмәнсыз. Ауылдық жердегі білім берудің мақсаты – оқыту мен тәрбиелеу, мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру, ауылдық және шағын жинақталған мектептердің қызметтерін жетілдіру үшін жағдай жасау қажет. Демек, ауыл мектебі оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы ауыл мектебі оқушыларының педагогикалық инновацияға қызығушылығын арттырумен тікелей байланысты. Ауылдың дамып өркендеуін ауыл мектебінсіз, оның бүгіні мен ертеңінсіз елестетуге болмайды. Себебі ауыл мектебі мәдениет және ағарту мекені, ауылдағы «мәдениет ошағы» болып саналады.

      Ал сол ауыл мектептерінде көптеген кедергілер кездеседі.                             Атап айтсақ, ауыл мектептерінде 70% мұғалімдердің  орта жасы 50-ден асқан, бұл дегеніміз ауыл мектептерінің 70% мұғалімдері ескі әдіснамамен жұмыс жүргізеді.

·        Мұғалім жалақысының төмен болуы,  педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі және ауылдағы тұрмыс-тіршіліктің қиындығына байланысты  ауыл мектептерінде жас мамандар тапшылығы орын алады.

·        Жас мамандардың білім-білік деңгейінің төмендігі.

·        Ауыл мектептерінде қызмет ететін жоғары білікті кадрлардың аздығы.

·        Ауыл мектептерінде  менеджменттің нашар дамуы.

·        Ауыл мектептерінде ақпараттандырудың дұрыс жолға қойылмауы.

·        Ата-ана және оқушылар тарапынан қызығушылық  деңгейінің  төмен болуы.

      Ауыл мектебінің жаңа инновациялық технологияларды меңгеруге жоғарыдағы факторлар кері әсерін тигізері сөзсіз. Оқушылар жаңа технология элементтерімен жұмыс істеуге дағдыланбаған, жаңалықтарды қабылдауға ниет білдірмейді, өз ойларын ашық айта алмайды, қызығушылықтары төмен.

Енді осы кедергілерді жою үшін ауыл мектептерінде белгілі бір нәтижеге жету үшін нақты мақсаттар керек.

Мұғалімдер үшін:

·        Мектеп әкімшілігінде инновациялық қызметті қамтамасыз ету.

·        Мектеп өміріне инновациялық технологияны кеңінен енгізу.

·        Мұғалімдердің құзыреттілігін, білім сапасын және біліктілігін көтеруіне ықпал ету.

·        АКТ-ны кеңінен қолдануға мүмкіндік жасау.

Мұғалімдерді ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлаудың ерекшеліктерінің кестесі:

 

Жеке тұлғаның кәсіби бағыттылығы

Өз мамандығының маңыздылығын түсіну

Ауыл мектебіндегі мұғалімдерін даярлаудың қажеттілігін сезіну

Болашақ мұғалімдерінің ауыл мектептерінде пединновацияны пайдаланудың қажеттілігіне сенімі, қызығушылықтың болуы

Кәсіби білім беру мазмұны

 

Педагогика, психология пәндері бойынша әдістемелік білімдерінің болуы

Ауыл мектебінің ерекшеліктерін, ауылдың психологиясын, әлеуметтік аспектісін білуі

Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану бойынша теориялық білімдерінің болуы

Теориялық білімдерінің пайдалану іскерліктері

Педагогика, психология әдістемесі бойынша алған білімдерін пайдалану іскерлігі

Ауыл мектебінің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемесі бойынша алған білімдерін пайдалану іскерлігі

Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану іскерліктерінің болуы

Диагностика жүргізу дағдылары

Педагогикалық диагностика жасай білу

Ауыл мектебінде педагогикалық диагностика жасай білу

Ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалану бойынша даярлық деңгейлеріне диагностика жүргізу

     Оқушылар үшін:

·        Әр тұлғаның функционалдық сауаттылығын өз бетімен дамытуына жағдай туғызу.

·        Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.

·        Техникалық құралдарды тиімді қолдану.

Қорыта келгенде, ауыл мектебінде жаңалықты енгізуде кездесетін кедергілер жоғарыда айтылып өткендей нәтижеге бағытталған белгілі бір жоспар құруды талап етеді, өйткені кез-келген кедергі, оны шешу жолдары алдыға қойған мақсатқа байланысты. Ал кедергіні шешу білім ұйымдарындағы еңбек ететін әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 

Ұсыныс:

·        Ауыл мектебіндегі әдістемелік қызметті жандандыра отырып, бүгінгі күнгі жаңалықтарды енгізу.

·        Кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдарын қарастыру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ауыл мектебінде жаңалықты енгізуде кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 247 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.10.2015 1523
    • DOCX 57.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имангалиев Ерик Елтаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Имангалиев Ерик Елтаевич
    Имангалиев Ерик Елтаевич
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31918
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 100 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 806 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов