Инфоурок Другое СтатьиАуыл шаруашылығы малдарын чиптеу

Ауыл шаруашылығы малдарын чиптеу

Скачать материал

«Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжі» МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы малдарын чиппен белгілеу

 

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі: а.ш.ғылымдарының

 магистрі Ұ.С.Махмутова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2018

 

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАЛДАРЫН ЧИППЕН БЕЛГІЛЕУ

 

 

Конференция жұмысының мақсаты: Ауыл шаруашылығы малдарын, асыл тұқымды шаруашылықтарда және жеке шаруа қожалықтарда жаппай чиппен белгілеуді енгізу.

Ауыл шаруашылығы малдарын чиппен белгілеу (электронды түрде таңбалау) – электронды сәйкестендірудің қазіргі заманғы технологиясы. Жануарларды таңбалаудың әр түрлі тәсілдері көптеген жылдар қатарынан практикада қолданылып келеді, сондықтан малға ен салу, сәйкестендіру қажет екені сөзсіз. Алайда тек чиппен белгілеу ғана барлық қойылатын талаптарға сай келеді – енді қолдан бұрмалап салу, нөмірін ауыстыру мүмкін емес, нөмір малмен бірге өмір бойы сақталатындығына кепілдік беріледі, чип малдың денсаулығына еш залал келтірмейді, ресім өте тез орындалады.

Чиппен белгілеуді әр түрлі жастағы ұрғашы, еркек малға, жаңа туған төлге немесе ересек малға, дене массасына, жыл мезгіліне қарамастан, кез келген уақытта, кез келген малға қолдануға болады. Бұл өте қарапайым және ауыртпай жасалатын ресім, анестезияны қажет етпейді, күрделілігі жануарларға екпе жасағанмен бірдей.

Электронды таңбалау жүйесі үш бөліктен тұрады:

·                     Микрочип 

·                     Сканерлеуші құрылғы (сканер)

·                     Деректер қоры

 

1

 

 

 

Чип – щприцтің ішінде, стерильді қаптауышта болады, соның арқасында мал басын чиптеу жұмысы өте ыңғайлы болып келеді. Әр чипте жапсырғыш штрихкодтары болады яғни бұл есеп карточкасына немесе басқа да құжаттарға жапсыруға ыңғайлы.

Чиптеу - әр жасағы, түрдегі, салмақтағы малдарға арналған және оны кез-келген уақытта енгізуге болады.

·           Тері асты аппликаторлы чип ISO стандарты бойынша ICAR-да сертификатталған

·           Бір рет қолданылады, стерильденген, стандарты ISO 11784/85

·           Өлшемі 2,2 х 12 мм

·           Салмағы 0,1 гр

 

Чиппен белгілеу шаруашылықтарға, әсіресе асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын қожалықтарға мал басын 100% есепке алуға, әр малдың күйін бақылап отыруға мүмкіндік береді.  Жануарларды ауыл шаруашылығында электронды таңбалау жүйесі табындағы әр малға жеке күтім жасауды қамтамасыз етеді. Микрочиптер көмегімен сәйкестендірілген малды тани отырып, олардың ішінде қайсысы бөлек емдеуді қажет ететіндігін тиімді анықтауға болады, салмағы мен өнімділігін ескере отырып, жеке азықтандыру тәртібі мен ем қолданып, сау және таза тұқымды мал өсіруге мүмкіндік жасалады.

Ауыл шаруашылығы малдарын чиппен белгілеудің бірнеше мүмкіндіктері бар:

- Микрочиптерді тері астына енгізу малдың барлық түрлеріне, ірі қараға, қойларға, шошқаларға, бұғыларға, балықтар мен басқаларына қолданылады. Шағын көлемді микрочиптермен салыстырғанда биоүйлесімді шыныдан жасалған капсуладағы микрочип индуктивтілік шарғысының үлкендігімен ерекшеленеді, бұның өзіндік практикалық маңызы бар (алыс қашықтықтан оқуға болады). Салыстыратын болсақ, егер ұсақ үй жануарлары үшін сәйкестендіру қашықтығы сканер типіне қарай 12-20 см болса, ауыл шаруашылығы малдары үшін 45 см-ге дейін. Микрочипті ауыл шаруашылығы малына енгізу жолы үй жануарларына қолданғанмен бірдей. Мүйізді ірі қара мал мен ұсақ мал (қой-ешкі) үшін микрочип енгізудің мынадай тәсілін қолдануға болады: микрочип құлақ түбіне (шошқа, қой, ешкілерге) немесе құлақ ішіндегі қалқанша тәрізді шеміршекке (ірі қара малға) немесе мына сызбаларға сәйкес енгізіледі:

 

 

Түрлі жануарлар ағзасына микрочипті инъекция арқылы енгізу сызбалары
Ірі қара: Тері астына. Мойынның оң жағындағы төменгі алқымына;

Ұсақ мал: Тері астына. Мойынның құлақтың артындағы жоғарғы бөлігі;

Жылқы: Бұлшық етіне. Жалының астындағы мойынның орта тұсына малдың көлденең тұрқына перпендикуляр түрде.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Республикасының сандық коды:
398 – Қазақстан 
804 – Украина
643 – Ресей


Жануарлардың жеке коды Микрочиптің 15 таңбалы сандық коды болады. Мұндағы алғашқы 3 сан – елдің сандық коды, келесі 4 сан – өндірушінің коды, одан кейінгі 8 сан – жануарлардың жеке коды. Чиптер ISO 11784 және ISO 11785 стандарттарына сәйкес келеді, ондағы чиптің алғашқы 398 деген саны – Қазақстан Республикасының сандық коды.

 

 

 

 

 

 

 

398       0981    0000 1234,Өндірушінің немесе Чип маркасының коды: 0981 – жобаның чип нөмірі
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Чиппен белгілеу малшыларға мынадай қолайлылық пен үнемділік жағдайларын ұсынады:

·                     қайтадан сәйкестендірудің қажеті болмайды;

·                     әр малға жеке күтім жасауға болады – емдеу, азық беру кезінде т.б.;

·                     жануарларды ауыстыру немесе ұрлау мүмкін емес.

·                     Микрочип жадына енгізілетін код жануардың «өмірлік паспортына» айналады, өйткені бұл ақпарат ешқашан өшірілмейді, кодты қайтадан бағдарламалау мүмкін емес.

·                     Чиппен белгілеу ресімі өте қарапайым. Бұл стандартты түрде ауыртпай жасалатын ресім. Ресімді орындар алдында мал дәрігері жануарды қарап шығып, чиптің жарамдылығын растайды. Содан соң имплантация жасалатын орынды зарарсыздандырғыш құраммен өңдейді. Осыдан кейін арнайы шприцтің көмегімен микрочип жануардың денесіне  (жануар түріне қарай тері астына немесе бұлшық етке) енгізіледі. Бұдан кейін жануар мен оның иесі туралы ақпарат деректер қорына енгізіледі.

·                      Малды белгілеу үшін ішіне микрочип орнатылған құлақ таңбалар қолданылады. Бұндай таңбаларға көзбен қарап тез сәйкестендіруге арналған нөмір жазылады. Бұл өте қарапайым және көрнекі тәсіл. Чиппен белгілеуге арналған құлақ таңбалар бағдарламаланады, әр таңбада оқу-жазу  микросхемалары болады, олар клиенттің қалауы бойынша ISO 11784/85 сәйкес 15 таңбалы сәйкестендіру нөмірімен кодталуы мүмкін, әр белгінің ISO 11784/85 сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі (15 таңбалы) болады. Барлық биркалар (құлақ таңбалар) рұқсатсыз ашу кезінде іске қосылатын хабаршымен жасақталған. Бирканы бекіту діңі созылмайды, жарылмайды, бөлінбейді, өте берік. Бирканың сусымалы және шағын көлемі сымдарға, жіптерге, бұтақ-шөптерге ілініп қалудан қорғайды. Таңбалау әдісі барлық ауыл шаруашылығы малдарына бірдей қолайлы және қолдану тәсілі тым қарапайым.

·                     Жануардың тері астына чип енгізілгеннен кейін немесе микрочипі бар құлақ таңбалары қолданылып, сәйкестендіру жүргізілгеннен кейін ақпаратты әрі қарай оқу үшін сканер пайдаланылады.

·                     Ауыл шаруашылығы малдарымен жұмыс үшін арнайы жасақталған  сканерлер ұзартылған сырық-антеннамен жабдықталады, ол мал жайылып жүрген кезде де, қыста бір орында тұрған кезде де өте қолайлы. Жинақталған деректер сканерден шұғыл түрде компьютерге жөнелтіледі.

·                     Ақпаратты жөнелту тәсілі мынадай: біршама қашықтықтағы сканирлеуші құрылғы (сканер) индукциялық шарықтың жұмысын электромагнитті сигнал көмегімен іске қосады, ал шарық өз кезегінде  сканерге цифрлық кодты жібереді. Сканердің қуаттылығына және микрочиптің өлшеміне қарай ақпаратты оқу қашықтығы 12-45 см-ге дейін. Код сканер дисплейіне шығарылып, сканер типіне қарай сканер жадысына енгізіледі немесе серверге жөнелтіледі немесе сканер  дисплейінен деректер қорына қолмен енгізіледі.

·                     Малды стационарлық  сканерлермен жабдықталған қақпадан өткізген кезде мал басын, оларды ұстау орындарын, салмағы мен басқа да ақпаратты есепке алу үшін микрочип нөмірлері шаруашылықтың компьютерлік деректер қорына жөнелтіледі. Компьютер арқылы басқарылатын электр қақпалар автоматты түрде қажетті жануарларды арнайы, жеке бағыттарына қарай бөліп, емдеу, егу, сою топтарын қалыптастырады.

·                     Сканердің компьютерге жалғануы жануарлардың күйі туралы электронды жазбаларды жүргізіп, ветеринариялық есепке алуды жеңілдетіп, жүйелеуге мүмкіндік береді.

·                     Сканерлермен жабдықталған алдыңғы қатарлы мал сою орындары микрочиптерді әр тұтас етті (төшкені) өңдеу процесінде жеке бақылау үшін қолданады,  бұл шаруашылық жеке есепке алуды және өнім дүкендерге жөнелтілгенше өнім сапасын бақылауға алуды қамтамасыз етеді. Тауардың тәрелкеге дәмді тағам түрінде келіп түскенінен фермаға дейінгі жолын қадағалап білуге болады, осылайша толық санитарлық бақылау қамтамасыз етіледі.

·                     Чиппен белгілеу технологиясы Ресейде бірнеше жыл қатарынан табысты түрде қолданылып келеді. Қазақстан Республикасында «Ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру ережелері» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес жасалған, ол ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендірудің тәртібін айқындайды. Бұл Ережелерге сәйкес барлық ауыл шаруашылығы малдары жеке нөмірмен таңбалау, чиппен белгілеу, ен салу арқылы сәйкестендіріліп, жануарлар туралы деректер бірыңғай деректер қорына енгізіледі.

·                     Мал өсірушілерді практикалық жұмыстарында микрочиптерді белсенді қолдануға шақырамыз!

 

Қоянның сканер арқылы нөмірін қарау

 

Қойдың нөмірін тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ауыл шаруашылығы малдарын чиптеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 452 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Доклад на тему" Принципы выявления и пути развития одаренных детей"
  • Учебник: «Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.
  • Тема: Глава 4. Каковы законы взаимодействия с властью? (сфера политики)
  • 15.12.2018
  • 1455
  • 7
«Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.12.2018 1459
    • DOCX 687.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махмутова Ұлпан Серікқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махмутова Ұлпан Серікқызы
    Махмутова Ұлпан Серікқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6965
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе