Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ауылдық мектеп пен ата-аналар байланысының жаңа бағыттары

Ауылдық мектеп пен ата-аналар байланысының жаңа бағыттары


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

КММ Байет ЖОББМ

Ауылдық мектеп пен ата-аналар байланысының жаңа бағыттары

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

М.Т Жапарова

Білімді ұрпақ егеменді еліміздің болашағы деп жар салудамыз. Ал, сол білімді ұрпақ бүгінгі таңда қаншалықты деңгейде екенін ойласақ кез-келгеніміз мүдіреміз. Өйткені, көп жерлерде бұлт жайт кездеседі. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенімен бұл ауылдық мектептерде жиі орын алып отыр. Ауылдық мектептерде де өте сауатты, білімді, тәжірибелі мұғалімдер бар, әйтсе де олардың еңбегінің бағаланып жатқаны шамалы. Себебі, баланың оқуға қызығушылығының жоқтығы. Осы орайда әрбір ата-ана баласының білімінің төмендігін мектептегі мұғалімдерден іздемей, бір сәт өздерінен сұрап отырса. Көп жағдайда ауылдағы ата-ананың ойы: «Баламның киімі бүтін, тамағы тоқ болса болды» деген ойдан аспайды. «Балам мектепте сабақты қалай оқиды, қандай пәнге қызығады, тәртібі қандай?» деген сияқты сауалдар кейбір ата-аналарды ойландырмайды. Тіпті оқу жылы ағымында мектепшілік өтілетін ата –аналар жиналысына, сынып жиналысына келмейтін ата –аналар кездеседі.Міне осындай, жайттардан сол ата-ананың баласы сабақты нашар оқиды, одан қалса сабаққа келмейді, сөйтеді де тәртібі бұзылады. Тәртіп болмаған жерде білім болмасы барлығымызға аян. Мен бүгінгі баяндамамды алдымен өзекті мәселемен бастағым келді. Мәселе шешілмей білімді қай жақтан жаңғырту мүмкін емес.

Ата-ана дер кезінде мұқият қадағалап, баласының жүріс-тұрысын бақылап, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен тығыс байланыс жасап, нәтижесін тексеріп отырған ата –ана жоқтың қасы. Дұрыс, мұндайда сынып жетекшіге үлкен міндет жүктеледі, бірақ бір сынып жетекші қай жағына үлгереді, өзінің бос уақытында ата-анамен тілдесейін деп үйіне іздеп барса , көбіне оның сәті түспейді. Сөйтеді де жоғарыдағыдай келеңсіз жайттар жиі қайталанып, бала үшін дағдыға айналады. Неге ата–ана өз баласының бойындағы үлкен өзгерісті байқамасқа, неге өз баласымен іштартып ашық сөйлеспеске?! Мұндай кезеңде әр баланың көңіл–күйінің өзгеруі, сабаққа ынтасының жоқтығы бірден сезіледі. Біздің көп ата–аналарымыз өз баласының бойындағы өзгерісті байқамақ тұрмақ, алдымен мектеп ұжымын, сынып жетекшісі мен пән оқытушыларын кінәлап, олардың сыртынан баласының көзінше әр түрлі сын сөздерді айтып отырады.

Оны ата-ана тарапынан естіген бала одан сайын есеріп, «менің осы жүрісім дұрыс екен» деген тоқтамға келеді.

Шындығында ата-ана да, бала да үлкен қателікке жол беріп отырғандарын білмейді. Уақыт өтіп кеткен соң, бәрі кеш екенін кейін түсінеді. Мұғалім бала бойындағы үлкен өзгерісті байқап, кемшіліктерін айтса бітті, ата-ана баласымен қосылып сол мұғалімнің ізінен шырақ алып түсіп, оны қудалап, үстінен арыз – шағым жазуға дейін дайын тұрады. Сондай қателікте ата-ана өзінің үлкен кемшілігі бар екенін сезініп, тәрбие беру барысында қай жерде ағаттық жіберіп, қай жерде мүлт кеттім деп ойланса ғой, шіркін. Міне, жыл бойы баласының білімінен, тәртібінен бір рет те хабар алмайтын ата-ана мұндайда мектепке және басқа құзырлы мекемелерге жүгіріп барады. Осыдан келіп қазіргі таңда жоғарыдағыдай ата-анамыздың түсінігінің қай дәрежеде екенін байқауға болады.

Бәріміз де мектепте оқыдық, білім алдық, тәрбиелендік. Осы 20-30 жыл бұрынғы ата-ана басқаша еді. Ол кезде ата-ана баласын мектепке алғаш алып барғанда «Сіздерге сеніп тапсырдық, еті, сіздікі, сүйегі біздікі» деген сияқты кеңшілік пікір айтатын. Бұл жерде баламды ұрам десең өзің біл деген сөз емес,мұғалімге деген сенімділік. Ол кезде мұғалім баланы ұрмайтын, аракідік ұрған күнде де, бала өз айыбын біліп, оны үйіне айтып бармайтын, сол жерде қалатын. Ал, егер айтып барған жағдайда ата-ана баласының сөзін сөйлеп, жоғын жақтамайтын. «Өзініңнен де кінә бар, өзіңнен бір бәле болмаса не бар?» деп баланы тыйып тастап отыратын. Қазір мүлде олай емес, мұғалім баланы ұрмақ былай тұрсын, сәл ескерту сөз айтса бітті, ата-ана мектептің табалдырығын тоздырып жүргені. Неге сол кезде «Өз баламда кінә бар шығар, мүмкін?!» деп бір сәт ойланбасқа. Міне, осындай ата-ананың баласы емес пе мектепте тәртібі де, үлгерімі де нашар.

Баласының қайда барып, не істеп жүргенін, сабағын қашан, қалай, орындайтынын , уақытын қаншалықты тиімді пайдаланып жүргендігін қадағаласа, мұғалім мен баланың ата-ананың арасында қиын түсінбеушіліктер орын алмас еді.

Мынау жарық дүниеге шыр етіп келген нәрестенің жөргегінен басталатын күтімі мен тәрбиесі оның тәуелсіз еліміздің айтулы азаматы болып өскенше жалғасатынын ескерсек, ең үлкен жауапкершілік алдымен өмірге ұрпақ әкелген ата-анаға жүктеледі. Аяғын тапыл-тапыл басып, тілі жаңа шығып, енді ғана сөйлей бастаған сәбиге деген мейірімі мен әке қамқорлығы өз алдына. Жақсы әке-балаға өмірлік азық. Жақсы ұл әулетке өмірлік қазық деген бар. Соңдықтан тәрбиесі, мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан.

Сонғы 3 жылда ата-аналар мектептің жиналысына және қоғамдық жұмысына жақсы деңгейде қатысуда, алдағы жылдардан гөрі. Мектебімізде ата-аналар жиналысы тоқсан сайын міндетті түрде тақырыпқа сай өткізіледі. Мұғалімнің оқушылардың ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бүрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогакалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.

Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға өте жақсы таныс болғаңдықтан оның екі кезеңіне ғана тоқталу қажет сияқты. Әр сыныптағығы және мектепшілік жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын. Арнайы мамандарды шақырып мысалы ауыл инспекторың, дәргерлерді, психолог, әлеументтік педагог, дінтану пәнінің мұғалімін және қалалық орталықтардың мамандарын СӨСқалыптастыру Смагулова Д.Ж әдіскерін, қалалық жасөспірімдерді тіркеу орталығы басшысының орынбасары Алимов Нуржан Асылбекович және участковый инспектор Тоқтамысов Айдар Кенесұлын кездесу ұйымдастырдық. 7-11 сынып оқушыларына және ата-аналарға конференция өткіздік тақырыбы «Ата-ана бала тәрбиесіне заң алдына жауапты». Бүл кездесуден кейін ата-аналар жиналысына әкелеріде келе бастады, мектептің өміріне жақсы қатысуында көруге болады. Қантар айында қалаға арнайы кездесуге бардық Сыздыков А, Т қалалық жасөспірімдердер тіркеу орталығының бас маманы ата-аналарға және түлектерге құқық бұзушылықтын алдын алу жөнінде сабақ беріп, балаларды полиция қызметкердің қандай міндеттері жалпы жауапты жұмысы бойынша әңгіме айтып оқу бітіргесін бұл маман иесі болуына шақырып, қызығушылығын ояты.

Балалар және ата – аналар үшін әр түрлі шығармашылық конкурстар ұйымдастыру және өткізу, отбасы құндылықтарын насихаттауда, ішкі отбасылық байланысты нығайтуда маңызды құрал болып табылады. Мектебімізде қоғамдық негізінде зейнеткер ұстаздар отбасылық академиясын үйымдастырды. Отбасы академиясының жұмысы биіктер көрінді. Әр түрлі дәрістерімен бірге тартымды іс-шаралар өткізуде. Педагогикалық ағарту тұрғысында жас ата-аналармен, орта жастағы ата-аналамен және ата-әжелермен жеке жұмыстар жүргізуде. Моңымен қатар даму деңгейі жас ерекшілігі өзгерістерді ескере отырып академия бағдарламасы құрылды. Жалпы ата-аналар жиналысына және мектепшілік шараларға 90 пайыз көтерілді.

Ауылда қосымша білім беру жүйесі құқықтық, санитарлық ағарту жөніндегі білім беру бағдарламаларына, дағдарысты жағдайда қалған оқушы жастарға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуге арналған жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталықтарына қатты мұқтаж. Бұл проблемамызды жаңа 2015-2016 оқу жылдарында шешіледі деп ойлаймыз. Ауылымызда тұрақты тұратын инспектор жоқ. Сол себептен біздің ұстаздар ата-аналармен бірігіп әсіресе мерекелік күндерде арнайы рейд жүргіземіз.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері:

  1. Оқушының жанұясына барып тұру

  2. Ата-аналармен хат алмасу

  3. Ата-аналар жиналысы

  4. Ата-аналарға арналған лекциялар

  5. Ата-аналарға арналған конференциялар

  6. Сұрақ-жауап кештері

  7. Ата-аналарға арналған тесттер алу

  8. Мектепте бала мен ата-аналарын араластыра отырып ертеңгілік, кештер, тренинг, жарыстар өткізу

  9. Ашық есік күнін өткізу

Бірігіп көтерген жүк жеңіл дегендей ата-аналармен әліде бірігіп бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуі міз керек.

Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы былай деп мұңайған екен «Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Олай болса сіз болып,біз болып, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұлағатты ұрпақ тәрбиелейік.



Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соңы іледі”, “жапырақ тамырдан нәр алады” дегендей балаға дұрыс мән беріп, жөн сілтейтін тамаша мектеп - отбасы.

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.



Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын! Баяндамаға назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет!


















































Автор
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров247
Номер материала ДВ-212030
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх