Инфоурок Начальные классы КонспектыАуызша көбейту және бөлу тәсілдері

Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Скачать материал

Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Жарияланды 29-01-2014, 18:22 Категориясы: Бастауыш сынып 

4 - сынып Математика
Cабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы түсінік беру. Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімді игерту. Тиімді тәсілмен есептеуді үйрету.
Ә) Тәрбиелік: Есептеулер арқылы оқушыларды бір - біріне көмек бере білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тапқырлыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың есептеу, есте сақтау қаблетін, ой - өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: Аралас сабақ (ребус шешу, мақал - мәтелдер айту, ойын ойнату)
Сабақ әдісі: Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, дүниетану, ана тілі
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, тақта, бор, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кестелер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Пәнге бағыттау

2. Психологиялық дайындық. « Шаттық шеңбері»
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн дүйсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.

3. Сыныпты топқа бөлу. Ребус шешу «Достық», «Бірлік»
Ұрандарын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
№9 тапсырма
ІІІ. Оқушыларды жан - жақты тексеру:
1. «Қызықты төрттік» ойыны
10 40
30 20
20 10
40 30

ІҮ. Жаңа сабақ:
- Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхат жасай отырып, қай топтың белсенді екендігін байқаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп алайық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айында ағаштарда қандай өзгерістер болады?
- Жапырақтар неге сарғаяды?

Ендеше жапырақтарды жинау арқылы
№1 тапсырманы орындайық.
Кестені толтыру.

а 200 15 6 120
в 30 30 40 5
с 5 9 100 15
d 4 2 4 3
(а+в+с)*d

- Ендеше балалар, ертегіге саяхатқа шығуға болады. «Бауырсақ» ертегісін білмейтін бала бар ма?
- Бауырсақ қояннан құтыла алмайды делік. Ол үшін қоянның тапсырмасын орындайық. №2 тапсырманы түсіндіре отырып орындату.
1. Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.
(а+в)*с=а*с+в*с
с*(а+в)=с*а+с*в
22341*2
123200*3
111202*4
2. Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.
(а+в): с=а: с+в: с

44682: 2
369600: 3
444804: 4

Ү. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.
- Енді Бауырсақты қасқырдан құтқару үшін, қасқырдың тапсырмасын орындайық.
Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындап шығайық.

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Енді бауырсақты аюдан құтқару үшін №4 тапсырманы орындайық.
Есепті шығар.

ҮІІ. Сабақты бекіту.
Енді Бауырсақты түлкіден құтқару үшін №6 тапсырманы орындайық.
309*2+516: 4
295: 5*3+4 093
9 800 - 408: 2
7 809 - 29*4+7 700
10 000 - 623+420: 2
45*(145 - 136)- 219
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
ІХ. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар

Жарияланды 23-02-2013, 14:25 Категориясы: Ұстаздарға 

Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар.
«Оқушыны оның берген жауаптарына емес, саған қойған сұрақтарына қарап бағала” Вольтер.
“Бала жайлы әділетті де дұрыс ойлау үшін біз оны өз өрісінен біздің өрісімізге алып келуге тиіс емеспіз. Қайта оның рухани әлеміне көшуге тиіспіз ”. Н.Н.Прогов.
“Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы” орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өзін өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұгалімнің педагогикалық шеберлігімен білімділігін, әдіскер шығармашылығын талап етеді.
“Білім Заңында” мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу, олардың ақыл - ой, танымдық шығармашылық қабілеттерін айқындау міндеттері айтылған.

Мектептегі жеке тұлғаны дамыту үшін ұстаз тұлғасына қойылатын негізгі талаптар:
1. Шәкірт жанын түсініп, оны зерттей білу шеберлігі,
2. Шәкірттің жеке тұлға екенін мойындауы.
3. Өзіне сын көзбен қарай алуы. және өзіне айтылған сынды қабылдай алуы.
4. Шәкіртке ықпал ете білуі
5. Шәкірттен шындық айта білуді талап ете алуы.
6. Шәкірт бағалай алатындай білімдарлық, адамгершілік қабілеті
7. Ойлау, сөйлеу шеберлігі
8. Шығармашылық ізденгіштік қабілеті болуы шарт.

Ұлы Орыс педагогі К. Д. Ушинский педагог мамандығын жоғары бағалай келіп:
“Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істердің бірі” деген.

Мұғалім халқымыздың болашағы болып саналатын өскелең ұрпақтың интеллектуалды негізін салушы, рухани дүниесін қалыптастырушы, және ол ұрпақтар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізі факторы - өздігінен білім алу болып табылады,
Бұл бағытта әрбір мұғалім озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі кітапханалардан әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істеуі міндетті.
Өздігінен білім алуда атқаратын қызметтері ретінде: М. Князеваның мынадай топтамасын келтіруге болады:
1. Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау.
2. Компенсаторлық - мектептік білімнің олқылықтарын толтырып, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.
3. Бағдарлық - мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.
4. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.
5. Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.
6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыстарды орнату.
7. Шығармашылық - шығармашылыққа үйрену.
8. Жаңашылдық - қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою және жаттандылықтан арылу.
9. Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.
10. Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.
Бүгінгі күні ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің және іскерліктің керектігін талап етеді. Сол себепті де - оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, оқушының табиғи дарындылығын пайдалана отырып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін дамыту керек.
Шығармашыл адам - ол жасампаз тұлға. Ол өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға әсер ететін факторлар:
- жүйелі жұмыстар
- сабақ оқыту тәсілдері
- үйірме жұмыстары
- ғылыми жұмыс
- оқу құралдары
- оқулық
- электрондық оқулықтар
- желілік байланыстар.
Шығармашылық іс - әрекет шәкірттің білімге, нәтижеге жетуге деген өте белсенді, дербес танымдық іс - әрекеті.
Шығармашылық дегеніміз - алынған ақпаратты түрлендіріп, тапқырлық танытып бірыңғай ойларды қорыта білуі, оралымды ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.
Оқушының шығармашылық іс әрекеті қалыптасуының негізгі кезеңдері:
1. Айқын дұрыс қойылған мақсат
2. Қосымша мәліметтер іздеу
3. Нәтижені жан жақты тексеру.
Шығармашылықтың пайда болуының негізгі шарттары:
1. Пәнге үйретудің еркіндігі.
2. Білім кеңістігінің әр бағытты болуы.
3. Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.
Шығармашылықты дамытудың алғы шарттары:
1. Оқушының шығармашылық деңгейін анықтау.
2. Оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. Оқушының мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып, зерттеу.
5. Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
6. Мұғалімнің өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізуі.
Оқушы шығармашылығын дамыту мынадай үш кезеңмен анықталады:
1. Анықтау кезеңі: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің бастапқы деңгейін анықтау, оқушыларды қабілет деңгейіне қарай топтау.
2. Қалыптастыру кезеңі: Шығармашылық тапсырмалар жинақталған әдістемелік нұсқау жасап, оның тиімділігін оқу үрдісінде тексеріп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, білім деңгейлерінің артуын қамтамасыз ету керек.
3. Бағалау, қорыту кезеңі: Алдыңғы жасалған жұмыстар нәтижесінде оқушының шығармашылық әрекетке деген тұрақты қызығуы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімдер құра білуі тиіс.
Шығармашылық тұлғадағы ең басты фактор: білуге құмарлық, терең түрлі сипатта қабылдағыштық, меңгеруге икемділік, ақыл - ой белсенділігі, зейін, ой ұшқырлығы.
Оқушының шығармашылық қызығушылығына әсер ететін факторлар:
1. Оқу мазмұны.
2. Оқушының бағыты мен жоспарына меңгерілетін білімнің сәйкестігі.
3. Оқу материалының мазмұны, қызықты болуы.
4. Мұғалімнің шеберлігі.
5. Жеке тұлғаның ерекшелігі.
6. Оқу үрдісіндегі жағымды қарым - қатынас.
Оқушының шығармашылық қызығуының дамуы, жеке
тұлғаның қалыптасуы барысында дамитындықтан оқушының жас ерекшелігіне аса мән берілуі керек.
ҚР “Білім туралы” заңының 41 бабында “Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағдыны қамтамасыз етуге, шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы міндетті”- делінген. Сондықтан оқушыларды шығармашылыққа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін сыныптан тыс жұмыстардың рөлі зор.

 

 

 

Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыру.

Жарияланды 20-08-2013, 18:02 Категориясы: Математика 

Білім берудің басты шарты оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алуға талаптандыру болып табылады. 
Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытуды математикалық сөзжұмбақ шешудің маңызы зор.
Оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруде, білім сапасын арттыруда топқа бөліп оқытудың маңызы зор. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Математика пәнін оқуыту процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсаты жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көз қарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін жетелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану әрі қарай шығармашылыққа үйлеседі.

Алдымен математика сабағында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағыт беретін тақырыптарды таңдап алу қажет. Ол үшін алдымен оқушының деңгейін анықтап, дарынды оқушыны білу керек. Дарынды оқушыны білу үшін мыналарды ескеру керек: оқушыны зерттеу, оқушыны қызықтыратын тақырыптар, пәнге деген қызығушылығы. Осы үш мәселені пайдаланып, оқушыларға анкета сұрағын қойып, нәтижесінде дарынды оқушыны анықтау керек.
Оқу процесінде оқушыны зерттеу әдістемесін қолданған тиімді. Бұл әдістеме бойынша оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Оқушының қандай тапсырма алуына шек келтірілмейді. Оқушылар өзінің тапсырманы алу позициясын төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.

Сұрақ: Не себептен бұл тапсырманы таңдап алдың?
Өзімді сынағым келді.
Пән бойынша мүмкіншілігімді білгім келді.
Пәнге деген қызығушылық.
Осы ғылым саласында көп білгім келді.
Келешектегі білім алуыма осы пән қажет.
Пән бойынша жетістікке жететініме сенемін.
Оқу жеңіл.
Қиыншылықты жеңгім келеді.
Мұғалімге ұнау.
Көп білетін білім адам болу.
Өз бетімен өмір сүруге дайын болу.
Мәдениетті, жан дүниесі бай, қоғамға пайдалы адам болу.
Оқушы математика пәнінен шығармашылығын қалыптастыру үшін мынадай талаптарды орындау қажет:
Оқулықтағы материалды оқу.
Тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгеру.
Бір тақырып бойынша баяндама жасау.
Бақылау жұмысына, сынаққа, емтиханға жақсы дайындалу.
Таңдап алынған тақырыпқа өз бетімен зерттеу жүргізу.
Тақырыптағы құбылыстарды түсіну.
Тақырып бойынша есептерді немесе проблемаларды шешу.
Сынақтан жақсы баға алу.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология түрлерін қолдануға болады. Олар деңгейлеп оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және тағыда басқалар.

Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерін көтеру процесі төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - мұғалім оқушының қарапайым таным әрекетімен танысады. Ұлы адамдардың есептерін, тарихи есептерден, ертегі есептерді шығару әдістері көрсетілген есептерді жинақтап рефераттар дайындауға үйретеді. Логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есепті жеңілдерінен бастап тақырыпқа жетелейтін әзіл есептерді шығару барысында пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. Оқушының әрбір басқан қадамына көңіл бөліп бақылап отырған жөн. Сонда оқушы өз мүмкіндігіне сеніп, қызығушылығы артады. Кейбір жеке есептерді шығару барысында кітаппен жұмыс істеуге, шығарылған есептерді оқып түсінуге, соған ұқсас есептерді тауып шығара білуге көмектеседі. Есептердің шығарылуына нұсқау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік береді.

Екінші кезең - бұл кезеңде мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен шығарылуын талап етеді. Кейбір жаңа материалды оқушының өз бетімен оқып, әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды оқу құралдарын, анықтамаларды пайдаланып, шығару керек. Есептерді шығарудың қалыптан тыс әдістерін қолдана білуге үйретеді.

Үшінші кезең - бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы кезеңде оқушы негізгі деңгейге шығады. Мұнда оқушы сыныптан тыс қосымша оқуға жалпылама қорытынды жасай білуге үйрену керек. Оқушылар өз жұмысна анализ жасап, қателерді болдырмау үшін нені әлі жетік білмеймін деген мақсатта өз жұмысын қорытындылап, алдағы жұмысына жоспар құра білуді үйрену керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Санамақтар,жұмбақ, есептер

Яндекс.Директ

http://avatars-fast.yandex.net/get-direct/7INwt96QJ7D1Fo5wNxVs9w/y150Отели в ИшгльСравните цены на отели в Ишгль сразу!tripping.com

Санамақ түрлері:

1.    Саусақ санамақ.

2.    Сан санамақ.

3.    Ұлттық санамақ.

4.    Күн санамақ.

5.    Тағы да басқа.

Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ.

Кел санайық, санамақ,

Саусақтарды даралап

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы,

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы,

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.

 

Мен базарға бардым

Ысқырық сатып алдым.

Қызыл, жасыл, көгілдір

Қайсысын алсаң өзің біл.

 

Ойын ойнаған  басшы таңдау үшін айтылатын санамақ.

Бірім, екім,

Алма текім

Сапар айым,

Сары шымшық

Балтаңды ал да

Жүгіріп шық.

 

 

Алма кетті домалап

Көше бойын жағалап

Кім алманы табады

Сол ойыннан шығады.

Санамақтар,жұмбақ, есептер, Қол маторикасын дамытуға

Яндекс.Директ

http://avatars-fast.yandex.net/get-direct/st2lbtVNwzqaNndWpJhmzA/y150Горнолыжный инструктор в АвстрииИшгль Зёлден Китцбюэль Майрхофен и Другие. VIP-технологии обучения по радио 6+omegaski.comАдрес и телефон

                                Жаңа санамақ    

Бір- таңертең тұр.

Екі- шынығып бекі.

Үш- тазала тіс.

Төрт- сабындап жу бет.

Бес- сүртін тез

Алты – үйді жина жалпы.

Жеті- киін енді.

Сегіз- асыңды жеп, іш.

Тоғыз- ыдысты жу тегіс.

Он- сабақ оқы.

Осыдан соң, бұл санамақ жаңа

Күнде өстіп сана.

 

 Саусақ  санау ойыны.                               Санамақ.

 

Қуыр-қуыр қуырмаш,                             Бір  дегенің – білеу,

Балапанға бидай шаш!                           Екі дегенің – егеу,

Тауықтарға тары шаш!                          Үш дегенің – үскі,

Төрт дегенің – төсек,

Бас бармақ,                                                   Бес дегенің — бесік

Балалы үйрек,                                            Алты дегенің — асық

Ортан терек,                                               Жеті дегенің — желке

Шылдыр шүмек,                                       Сегіз дегенің — серке

Кішкене бөбек.                                           Тоғыз дегенің — торқа

Он – дегенің оймақ

Сен тұр – қойыңа бар!                             Он бір – қара жұмбақ.

Сен тұр – қозыңа бар!

Сен тұр – жылқыңа бар!

Сен тұр – сиырыңа бар!

Сен тұр – түйеңе бар!

Ал сен алаңдамай,                                  Бір дегенім — бесік

Қазан түбін жалап,                                 Шықтық содан өсіп

Үйде жат.                                                     Екі дегенім — елім

Мына жерде құрт бар,                           Дала, тауым, көлім

Мына жерде май бар….                        Үш дегенім — үміт

Мына жерде қатық бар…                      Үміт артар жігіт

Қытық , қытық!                                           Төрт дегенім – төзім

Төзе білем өзім

Бес дегенім — бақыт

Бағалайтын уақыт.

1 дегенім – баспақ

Бұзауды жүр бастап

2 дегенім — ешкі                                         1 дегенім — бірлік

Ешкі қойдан есті                                      Онсыз болмас — тірлік

3 дегенім — үлес                                        2 дегенім – еңбек

Үлес үшін – күрес                                    3 дегенім — үйрек

Жем бер қолға үйрет                              Еңбек бәрін жеңбек

4 дегенім — тайлақ                                    4 дегенім – терме

Тайлақты қой байлап                             Тұрған жақсы ерте

5 дегенім — бие                                           5 дегенім – белең

Құлыныма — ие                                           Сан үйреніп келем

6 дегенім — атан

Мініп жүрсін атам

7 дегенім – жорға

Жорғаны мін жолға

8 дегенім – сиыр

Сиыр тұзға үйір

9 дегенім – тоқты

тоқты жемді соқты

10 дегенім — осы

төрт түліктің досы.

1.  1 – білім алдым.                                     1 дегенім — білмек

2 – есік салдым                                             2 дегенім – еңбек

3 – үй көшірдім                                             3 дегенім – үлгі

4 – төл өсірдім                                              4 дегенім – төзім

5 – белге шықтым                                       5  дегенім – бестік

6 – асық тіздім                                               6 дегенім – алғыс

7 – желім жақтым                                      7 дегенім – жеңу

8 — серке бақтым                                          8 дегенім – сену

9 – тойға бардым                                         9 дегенім – тоқу

10 – отын жардым                                     10  дегенім – оқу.

 

2.   10 рет – ойланып                     1 дегенім – бөрік,кисең бойға көрік

9 рет – толғанып                             2 дегенім – етік, киер сәнді етіп

8 рет – сызып                                     3 дегенім – ішік , теріден тігер пішіп

7 рет – бұзып                                     4 дегенім – тымақ, қыста кисең жылы- ақ

6 рет – қарап                                      5 дегенім – байпақ, іші жылы жайлы-ақ

5 рет – санап                                      6 дегенім – алқа , мойныңа тақ алда

4 рет – түйме қадап                        7 дегенім – жейде , кір болмасын кейде

3  тал үкі тағып                                8 дегенім – сеңсең,жылысы тонның кисең

2  қолым талып                                9 дегенім – телпек , болма бала тентек

1 бөрік тіктім                                    10 дегенім – оймақ , жүрме босқа ойнап

әрең біттім.

 

3.   Сан санайық мүдірмей                   4. Бір үйде біз нешеуміз?

Бар ма қане талапкер                                 Кел санайық екеуміз

Ал, келе ғой мүдірмей                               Бас бармағым — әкем

10 ға дейін санап бер                                   Балалы үйрек – анам

Ойланайық бір мезет                                  Ортан терек – ағам

Абайлайық , қарайық                                   Шылдыр шүмек – мен

Санды енді тізбелеп                                    Кішкене бөбек — сен

Кері қарай санайық

10 –нан төмен бөгелмей                         Бір үйде біз нешеуміз?

Бере алады кім санап.                              Бір үйде біз бесеуміз.

 

1             Бәрі нешеу                                   Далада тұр екі ешкі,

Түйе, түйе маң басқан,                          Қорада тұр екі ешкі.

Төрт аяғын тең басқан.                         Болады бары неше ешкі.  ( 4)

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос қозылы, екі қой

Бәрі нешеу айта ғой.   ( 10)

Бір-бірімен жарысқан

2 аю, 1 арыстан,

4 қоян, 3 түлкі

Бәрі нешеу ойлан сен ( 10 )

Дүкеннен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.                     Бір алманы 4-ке бөлдім,

Екі дәптер, бір қарындаш,                    Бір бөлігін жеп те көрдім.

Тіс ысқышты тағы алдым.                    Қалған үлкен 3 бөлігін,

Есептеші сонда бәрін                              Қасымдағы 3 досыма бердім.

Қанша болады қолда барым.               Қолымда менің не қалды.   ( 0 )

( 6)                    Н. Хасанов.

 

Мұз айдындағы 7 бала                         Табақта 5 алма

Асыр сап жүр сырғанап.                     Қолымда 2 алма

Сырғанамай 2 бала                                 Барлығын қосқанда

Жағалауда тұр қарап                             Болады неше алма   ( 7 )

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң жарадың. (9 )

 

Бір алманы беремін атаңа                     Біз көппіз ол жалғыз

Біреуін беремін апаңа                              Апельсинді бөлеміз

Екеуін беремін әпкең мен ағаңа          Мына бөлік-  түлкіге

Нешеуін алады, нешеуі қалады.         Мына бөлік- көжекке

( 4 алады, 3 қалады)                                   Мына бөлік- тиінге

Мына бөлік- аюға

Ал қабығы — қасқырға

Апельсинді нешеге бөлдік. ( 5 )

 

Қазда бар екі аяқ                                     5 алманың үшеуін

Тауықта бар екі аяқ                                Досың сұрап алады

Екеуін қосып санасақ                            Айтшы сонда нешеуі

Болады сонда қанша аяқ ( 4)              Өз қолыңда қалады     ( 2)

 

Туысқан бес кісі                                       Қонжық екеу

Бірінен бірі кіші                                       Табаны нешеу. ( 8)

Бәрінің аты бар

Ең кішісі шеткісі  ( 5 саусақ)                Үш қоянда қанша құлақ ( 6)

 

Досым келе жатып 5 теңге тауып алды, екеуміз бірге болсақ, неше

Теңге тапқан болар едік. 5)

Алма ағашында 6 алма өсіп тұрды. Жел соғып біреуі үзіліп түсті.

Қанша  алма қалды. ( 5)

     Сандар   жыры

1 .   Мені келсе білгің                            3.  екіден соң әрқашан

Мен таяқша бірмін                                       Үшінші мен тұрамын

Сандарға жол бастап                                  Қағазға сызып түсірсең

Ең бірінші тұрмын.                                       Екі ирек саламын

 

2.Бірден кейін тұрамын                           4.   3 қашанда тақ саны

Бірден кейін тұрағым                                Жұп болғанға не жетсін

Бірді бірге қосқанда                                   Төрт дегенің баяғы

Мен шығамын қарағым                             Төрт түліктің аяғы.

5.Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті

Төртеуін бүгіп санасаң

Табасың оңай бесті

 

Табақта 5 алма

Қолымда 2 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

(7 алма)

 

Көлден ұшты 6 қаз

Қайтып келді екі қаз

Қонбай кетті қанша қаз

Шешуін кім табады тез

(4 қаз)

 

Тал басында тізіліп,

10 жапалақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті екеуі

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы 5-еуі

Тұр әлі де ілініп

Жапалақтың нешеуі?

(үшеуі)

 

Шығармақ боп кеше есеп

Жиналғанда 5 есеп

Үшеуі ұйықтап отырды

Ынталысы неше есеп?

(екеуі)

 

Бір-бірімен жарысқан

2 аю, 1 арыстан

2 қоян, 3 түлкі

Бәрі нешеу ойлан сен?

(жетеу)

 

Нанбасаңыз сұраңыз

Бір аулада тұрамыз

3 Ардақ, 2 Бауыржан

4 Медет, 1 Сабыржан

Тез есепте дәл санын

Сонда біздер қаншамыз?

 

1 бүтін дөңгелек екіге бөлгенде 2 жарты шығады. 2 жарты дөңгелекті қосқанда 1 бүтін дөңгелек шығады.

Үстел үстінде 5 альбом жатыр, оның екеуінің беті жабық, неше альбомның беті ашық тұр?  (3 альбом ашық)

Анам 8 алма және 4 алмұрт әкелді. Қайсысы көп, алма әлде алмұрт па?

 

Ыдыста жеміс-жидектер салынған, оның 5-еуі алма, 1 алмұрт, 2 банан. Барлығы нешеу болды. (8)

12. Сөреде 4 кітап тұрды. Оған әкеп бірнеше кітаптар қостық, сонда барлығы 7 кітап болды. Сонда неше кітап қосқан екен.  (3)

13. Әжей немерелеріне 2 шапка, 2 шарф және 4 қолғап сатып алды. Әжейдің неше немересі бар?

14. 5 — 4 алайық

қанша қалды қарайық

қарайық та санайық

санайық та табайық     (1)

 

15. Беспайда бар 5 іні

Естайда бар екі іні

Қоссақ бес іні мен екіні

Қанша болар шешуі?   (7)

16. 17 санының ішінде неше ондық, неше бірлік бар?  (1 ондық, 7 бірлік)

17. Көп аққу қаз ұшып барады

2 алда, 1 артта

екеуі артта, біреуі алда

Барлығы қанша?    (3)

18.Неше үшбұрыш және төртбұрыш бар?  (2-төртбұрыш, 6-үшбұрыш)

19. 100 – ім (жүзім)

күр – 3   (күріш)

20. 3, 5, 8 семіз-семіз сөзі артық

қалағы математикалық сандар

21. Үш сиырдың неше мүйізі бар? (6)

22. Сенің қолың нешеу? (2)

23. Мұз айдында 7 бала

асыр сап жүр сырғанап

Сырғанамай 2 бала

Жағалауда тұр қарап,

Енді осы баланың

Санын айтсақ жарадың  (9)

24. Мына сандардың арасына белгі қою керек?

3          9           9          11           16         13

12        8                                       ( ><)

25. Үстел үстінде 2 алма тұрды, оның біреуін алып ортасынан бөліп, орнына қойды. Неше алма болды? (3)

26. Дүкеннен анам төртбұрышты 2 доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды?  (төртбұрышты доп болмайды)

27.  Апай сау бол дейміз де

Бет түзейміз енді үйге

Бұл қай мезгіл, бұл қай кез

Атай қойшы ал тез   (Кешкі кез)

28. Атам, әжем, аға мен әкем, інім және мен анам және енесі, енесінің бөлесі отыр едік шәй ішіп, жеңгем кірді майысып?     (10)

29. Үш май шам жанып тұр еді, екеуін өшірсе, нешеуі қалады?       (1)

30.  Балалардан сұрау:

Осы қай мезгілі?         (Күз)

31. Қай айда жаз аяқталып, күз мезгілі басталады? (қыркүйек)

32. Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі – қайың астынан.

Біреуі – терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке? (3)

 

33. Алты қонжық орманға

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын тез айт,

Қанша қонжық кетті алда?(5)

 

34. Алдында есік күшік отыр,

Күнге төсін тосып отыр.

Тағы бірі келді шауып,

Қатарласты, ебін тауып.

Енді қанша күшік болды? (2)

 

35. Пісіп тұрған төрт алмұрт,

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратхан.

Қанша қалды алмұрттан? (2)

 

36. Зауза қоңыз болған екен,

Бұтатүбін қылған мекен.

Ұл мен қызы, әке, шеше, —

Сонда қоңыз екен неше? (4)

 

37. Төменде үш қаз ұшады.

Үшеуі бұлтты құшады.

Өзеннен көрдік екеуін.

Айтқын, қаз нешеу екенін?(5)

 

38. Тиін отыр арбада,

Жаңғақ сатып базарда:

Түлкі-бикеш пысыққа,

Торғай менен

Қонжыққа,

Ұзын құлақ көжекке.

Мақтап қойып

Жаңғағын

Салып берді алғанын.

Сонда тиін неше

Жаңғақ сатты? (4)

 

39. Қасқыр қақты қақпаны.

Ашыңдар, тез! – айтқаны.

Сол-ақ екен лақтар –

Титтей-титтей шұнақтар

Жан-жағына жүгірді,

Жасырынып үлгерді:

Бірі – төсек астына,

Бірі – пештің қасына,

Бірі – сәкі астына,

Бірі – астына кереует,

Бірі – тапқыр керемет,

Отыр бөшке түбінде.

Қанша лақ бар бұл үйде? (5)

 

40. Дейді Күлтай:

Қуыршақтар,

Ойыншықтар, тұршы қатар:

Екі аю мен Буратино, —

Әрі көңілді Чипполино!

Көжек пенен пілтай да!

Көмектесіп Күлтайға,

Бәрін, қане қосып шық,

Неше екен ойыншық?(6)

 

Қосу мен азайту

Қосу менен азайту –

Ойды анық, таза айту.

Сөз қысқа да, ой нұсқа,

Нәтижесін дәл айту.

 

Шөлдің кері – теңіз бе?

Арық емес, семіз бе?

Ал азайту қарсы амал –

Қосуменен егіз бе?

 

Көжектер мен балапан

Ішпейді екен көжені,

Қоянның қос көжегі.

Бұған тағы қосайық

Дән шоқитын шөжені.

 

Екі көжек балапан –

Бәр қанша, балақан?

Қателессең байқамай,

Тағы қайта санатам.

2+1=

Тиіннің жаңғағы

Үшеу еді қолында,

Бірі қалды оның да.

Неше жаңғақ, есепте,

Түсіп қалды жолында?

3-1=

Батыр бақалар

Үш құрбақа батыр ма,

Үш ноянға татырма?

Қоян көріп жағадан,

Қашып бара жатыр ма?

 

Медеттің кәмпиттері

Алты кәмпит көп еді.

Сараңдығым жоқ еді.

Бір кәмпитім атаға,

Бір кәмпитім апаға,

Екі кәмпит мамаға,

Бірін берсем көкеге,

Өзіме де жете ме?

Жауабы: жетеді, өйткені

6-1-1-2-1=                     >0

Неше үшбұрыш бар?

Мұқияттау қарайық,

Үшбұрыштар санайық.

Үлкені мен кішісі –

Бәрі қанша? Табайық….

Қосу-алу – қос амал,

Егіз қозы дос амал.

Талаптыға оп-оңай

Алынатын қос қамал.

 

Бір амалды білейік.

Білмегенге күлейік.

Ғылым қуар балаға

“Жолың болсын” тілейік.

Қанша шырақ қалды?

Үш шырақ жанып тұрды.

Бір шырақ өшіп қалды.

Неше шырақ қалды?

 Үй тапсырмасы:

Аспанда бес үйрек ұшып бара жатты.

Аңшы бір үйректі атып алды.

Неше үйрек қалды?

Әжесі мен Медет

Әжесі Медетке

Үш алмұрт берді.

Медет бір алмұртты

Жеп қойды.

Неше алмұрт

Қалды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. (1-3 сыныптарға арналған әдістемелік құрал)

18.04.2015

Әдістемелік көмек0

2888

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 20 орта мектебі М.М.»

 

 

 

Бастауыш   сыныптарда математикадан  жүргізілетін

сыныптан тыс жұмыстар.

(1-3 сыныптарға арналған

әдістемелік құрал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Елтаева Гүлсім Арыстанбайқызы

 

 

Қостанай  2008 ж.

 

 

Елтаева  Гүлсім  Арыстанбайқызының

«Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар»  әдістемелік құралына

 

Пікір

 

Бұл құралда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің әдістемелік негіздері, сондай-ақ нақтылы материалдар негізінде үйірме отырыстары, газетті шығару мен кешті өткізу үлгісі және қажетті кейбір жұмыс түрлері- есептерге, виториналарға, математикалық монтаж, өлеңге, жұмбақ, жаңылтпаштарға, ребустарға, турнирге, ойындарға, үйірмеге түсініктеме беріліп, кейбіреулеріне нақтылы мысалдар келтірілді. Ойындардың түрлері- сан  мен әр түрлі заттармен ойындар, фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шығу),сөзжұмбақтар  ұсынылған. Олардың көбісі өмірмен байланыстырылған.       Осы құралды таңдауда пәнаралық байланыстар ескерілді.  Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыс түрлерін жүргізуге қажетті қосымша ойындар (жүз ойыны, 18 таяқша  ойыны,ойша өшірілген  цифр ойыны) берілген.  Барлық материал оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін арттырып, психикалық процестерін дамытуға бағытталған. Кейбір әзіл есеп, өлең есеп,математикалық ойындарда оқушылардың қабылдау процестерін көрсек, кейбірінде ойлаудың абстрациялық жолдарын,пікірлерін және ой қортындыларын көруге болды. Жалпы алғанда бастауыш мектеп оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі берілген. Бұл құралдың оқу тәрбиелік мәні зор.

Ұсынылып отырған құрал бастауыш мектеп  мұғалімдеріне, педагогика

институттары мен  колледж студенттері мен  оқытушыларына  арналады.

 

 

 

 

 

Пікір беруші,

Физика –математика

ғылымдарының кандидаты,

ҚМПИ  доценті                                                Бөрібай Қасымханұлы

 

 

 

 

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

Құралда бастауыш сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарға тоқталып, оларды ұйымдастыру тәртібі келтірілген. Бастауыш мектеп оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі алғашқы құрал болғандықтан, мұнда жалпы сипаттағы материалдармен қатар нақты мәселені қалай ұйымдастыру керектігі талқыланып, қажетті деген қосымша материалдар берілген. Атап айтқанда, сыныптан тыс жұмыс түрлері —есептерге, викториналарға, математикалық монтаж, өлеңге, экскурсияларға, жұмбақ, жаңылтпаштарға, ребустарға, турнирге, сайысқа, кешке, газетке, ойындарға, үйірмеге түсініктеме беріліп, кейбіреулеріне нақтылы фактілермен мысалдар келтірілді. Олардың үлгілері көрсетілді. Газетті шығарудың әдістемелік нұсқауы, мазмұны айтылып, ашылған. Ойындардың түрлері – санмен, әр түрлі заттармен ойындар, фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шығу), сөзжұмбақтар ұсынылған. Олардың көбісі практикалық мазмұн алып, өмірмен байланыстырылған. Үйірме жоспары жеке отырыстар арқылы берілген. Отырыстар бірінші, екінші және үшінші сыныптарға арнап белініп, оларды ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары мен оқу-тәрбиелік сипаты келтірілген. Әрбір отырыстардың мазмұны және материалдары берілген. «Қызықты математика» атты кешті ұйымдастыру үлгісі көрсетілген.

Материалдарды таңдауда пәнаралық байланыстар ескерілді. Сондай-ақ келтірілген сыныптан тыс жұмыс түрлерін жүргізуге қажетті қосымша материалдар — ойындар (жүз ойыны, 18 таяқша ойыны, ойша өшірілген цифр ойыны) берілген. Ойынның ережесі, қажет әдістемелік нұсқаулар көрсетіліп, материалдың оқу-тәрбиелік сипаты ашылды. Жаттығулардың, есептердің, жұмбақтар мен викториналардың жауаптары келтірілген.

Ұсынылып отырған құрал бастауыш мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық колледж студенттері мен оқытушыларына арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЫНЫПТАН  ТЫС  ЖҰМЫС  ТҮРЛЕРІ

 

«Математикадан сыныптан тыс жұмыстар» деп қатысуға еріктілік принципіне негізделген және идеялық-саяси тәрбие сипатында мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысын тереңдететін, сондай-ақ оқушылардың математикалық оқу-тәрбие дәрежесін арттыратын сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстарды түсінеміз.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы — басты мәселе. Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушының талап-тілегін, қызығатын мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік табады.

Математикадан үлгірмеудің, бір себебі — оқушылардың пәнге аз қызығатындығы. Әрине, сабаққа деген қызығуды мұғалім оны жүргізу үстінде тудырса, ал жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бұны одан әрі дамытуға себепші болады.

Оқушылар сабақта, ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру — мұғалім мін-деттерінің, бірі. Осы мағынада түрлі жаттығулардың — математикалық есептердің, математикалық сөзжұмбақтардың, ойындардың рөлі зор. Белгілі  педагог В. А. Сухомлинскийдің басқаруындағы мектеп тәжірибесі көрсеткендей, оқушыларды еліктетіп, жігерлендірмейінше, тәрбиенің нағыз өз мәнінде болуы мүмкін емес. Міне, сондықтан да сабақ үстінде іздену мәселесін міндет етіп қойып, оны шешуде түрлі ойындарды пайдалансақ, сабақтан тыс шұғылданыстар бұларды толықтыра түсуге арналады.

Алдымен математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны өткізудің әдістемелік негіздері мынада екендігін ескерген жөн:

  1. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
  2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі тиіс.
  3. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.

Мұғалім ол үшін жүйелі, әрі жоспарлы жұмыстар жүргізеді. .

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері де көздеген мақсаттарына қарай: сергіту минуттарындағы қызықты математика элементтері, математикалық газет, математикалық бұрыш, математикалық үйірме, математикалық кеш ұйымдастыру, математикалық жарыстар, экскурсиялар, математикалық ойындар болып бөліне береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік негіздері мен мақсаттары айқындалғаннан кейін, оқушылар коллективімен жүргізілетін жұмыстың түрлері таңдалады. Ол мәселені мұғалім сынып тілегі, материалдың көлемі, оқушылардың қатысымдылығы сияқты фактілермен айқындайды. Енді жұмыс түрлеріне, оларды ұйымдастыру мәселелеріне, оқу-тәрбиелік сипаттарына тоқтайық.

Қызықты есептер. Сыныптан тыс жұмыстар кезінде шешілетін есептер мына бағытта болуы керек. Математикадан бастауыш сыныпта етілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын артыратындай, түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай-ақ есеп өмірден алынатындығын таны-татындай болуы қажет.

Қызықты есептер өлең, әзіл, ермек, викторина түрінде де жазыла береді.

Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырылады. Онда не белгілі, белгісізі не екендігі айтылады. Олар есепті ше-шуде байланыстырылады. Табылған жауаптың дүрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау, оқушыны әдеттегіден тыс күйге түсіріп, өзіне баурап алады. Өлең есеп оқушыларды ұжымдыққа, адамгершілік қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді. Өйткені математикалық ұғымның, өлеңде тұрмыстық мағынасы кеңірек ашылады.

Әзіл есептер өлең түрінде де, қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты дұрыс берілгенімен, қорытындысы әзіл түрінде ұшқары айтылады. Алайда, есеп-дұрыс есеп болғандықтан, оның астарлы сыры болады. Сондықтан жауап тез талап етіледі. Соңынан жауап талданып, жауаптың дұрыстығы дәлелденіп керсетіледі.

Логикалық есептер – кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарым-паз болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.

Математикалық тақпақ мәнерлеп оқылады. Оны оқудың үлгісін мұғалімнің өзі көрсетеді. Сондықтан мұғалім тақпақ сөзін оқушыға жаттатқаннан кейін, дұрыстап оқуды үйретеді. Тақпақ арқылы математиканың өмірден алатын орнын, қоғамды дамытудағы ролін сипаттаймыз. Кейде ол арқылы оқушының мінезқұл-қын, оның кемшілігі мен жетістіктерін сынаймыз. Мұндай әдіс нәтижесі әсерлі келеді, оқушыларды ұжымдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, Отанды сүюге, математиканы кұрметтеуге, адал еңбекті бағалауға, достыққа тәрбиелейміз.

Математикалық жұмбақ жауабына немесе оның тұжырымдалуына математикалық ұғымдар, символдар, терминдер енеді. Жұмбаққа қойылатын талаптар мұнда да сақталады. Жұмбақтар өлең-ұйқас түрінде де, ребустар, викториналар түрінде де келтіріледі. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымны қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді. Оқушы қиялының дамуына елеулі әсер етеді. Жұмбақ жауабы да, осыдан, түрліше болуы ықтимал.

Математикалық жаңылтпаш үйірме отырыстарында тіл ұстарту үшін қолданылады. Тіл — ой көркі. Сөйтіп, әр нәрсеге байыппен қарап, батыл сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады. Халық тілін меңгеруге, халық қазынасына құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Математикалық монтажды бір сыныпта немесе сыныпаралық кеште ұйымдастыруға болады. Математикалық монтаж әдеби монтаж сияқты белгілі тақырыпқа арналып өткізіледі. Монтажға қатысушылар тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында өлеңді, қара сөзді кезектесіп, мәнерлі, көтеріңкі, ырғақты дауыспен орындайды. Бұлай орындау, екінші жағынан, ойдың мазмұнын ашу үшін де керек. Осындай жаттығу, орындау үстінде, оқушы ойды түсінуге, дұрыс сөйлеуге, ұстамдылыққа, сыпайылыққа үйренеді. Математиканы құрметтеуге басқаларды үгіттейді.

Математикалық турнир – командалық жарыс. Турнир бір сыныптағы жұлдызшалар немесе параллель сыныптар арасында ұйымдастырылады. Турнир болатындығы алдын ала хабарланады. Оған команда мүшелері бірігіп даярланады. Турнир белгілі бір тақырыпқа арналады. Мәселен, жануарлар мен жәндіктер,  өміріне транспорт түрлерінің техникалық сипаттарына, халық шаруашылығындағы табыстарға, кейде есептерге арналады. Турнирде талданған тақырып оқушыларды қызықтырып, олардың білімін толықтыруға тиіс. Турнирді ұйымдастырудың тәрбиелік мағынасы да ұмытылмауы тиіс. Турнир болатын күн хабарланып, оны салтанатты ашу турнирдің ұйымшылдықпен өтуіне көмектеседі. Командаларды қамқорлыққа алған сынып оқушылары даярлайды. Командаларға берілетін сұрақтар, есептер алдын ала іріктеледі. Оны мұғалім анықтайды. Турнирге қатысатындар команда бойынша нөмірленіп, бірегей нөмірлер өзара жарысады. Көп ұпай жинаған команда озады. Жеңімпаздар суреті газеттен орын алады. Турнирге берілген есептер, сұрақтар үйірме отырысында талданады. Әдетте турнирді жабу кезеңінде қорытынды жасалады.

Математикалық сайыстар турнирмен мазмұндас. Тек мұнда қарсы командаға берілетін есептерді, сүрақтарды оқушылар даярлайды. Бірақ оны мұғалім қарап шығып, толықтырады. Бұл жарысушыларға бірыңғай талап қоюга мүмкіндік жасайды. Екіншіден, сайысқа қатысушылар біріне-бірі тапсырманы күні бұрын береді. Тапсырманы орындау мерзімін мұғалім тағайындайды. Тапсырма тексеріліп, соның нәтижесі бойынша жеңімпаз команда айқындалады. Кей жағдайда сайысқа қатысушылардың математика дәптері де үлгі ретінде қарастырылып, оған ұпай белгіленеді. Мұндай жағда оны мұғалім жыл басында-ақ хабарлап қояды. Сайыстар оқушыларды қиындыққа төзуге, ұстамдылыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, ұжымдыққа тәрбиелейді.

Математикалық экскурсия арнайы үйымдастырылмайды. Алайда, дүниетану пәнінен ұйымдастырылатын экскурсия кезінде математика элементтеріне көңіл аударылады. Мәселен, ағаштың жасын анықтауға, жапырақ пішініне, гүлдің пішініне, клумбадағы өрнекке, құрт-құмырсқаның пайдасы мен зиянына, колхоз-совхоз, өндіріс орындарының табысына т. т. Экскурсияда ойға түйгендер викториналар құрастыруда, оны шешуде ойға түсіріледі. Мәселен:

  1. Шортан — жыртқыш балық. Ол 1 кг салмақ жинау үшін 22 килограмдай ұсақ балықтармен қоректенеді. Шортан 300 жылдай өмір сүреді.
  2. Дала көкегі орта есеппен күніне 40 шақты қырық-аяқ, 40 шақты шапшыма, 5 зауза қоңызы личинкасын жейді. Сондықтан ол пайдалы.
  3. Қайың 250 жылдай, қарағай 600 жылдай өмір сүреді. Қайыңның сөлі пайдалы. Қарағай қылқан жапырақтылар класына жатады. Одан желім даярланады.

Экскурсия табиғаттағы үйлесімдікті тануға, оның байлықтарын сақтауға, деңсаулығын жақсартуға, Отанды сүюге тәрбиелейді. Аңғарымпаздыққа үйретеді.

Математикалық викторина — жарыстың түрі. Оны кеште, жиында, үйірме отырысында пайдалануға болады. Ол сұрақ түрінде де, есеп түрінде де өткізіледі. Басқарушы есепті, не сұрақты дауыстап көпшілікке оқиды. Сондықтан оны жиынға қатысушының кез келгенінің шешуге мүмкіндігі бар. Кім бұрын қолын көтерсе, содан жауап алынады. Егер жауап дәл немесе толық болмаса, онда басқадан сұралады. Жауаптарға байланысты ұпай қойылады. Дұрыс жауапқа комиссия 2 ұпай, толық емес жауапқа 1 ұпай береді. Көп ұпай жинаушы жеңімпаз атанады. Сұрақтардың саны 3-4 -тен аспағаны жөн. Егер сұраққа ешкім жауап бере алмаса, оның жауабын басқарушы немесе мұғалім айтады. Викторина түрлі мазмұнды материалды қамтиды. Сондықтан ол оқушының білімі мен даярлығы болуын талап етеді. Мұғалім осыны ескеріп, газет бетінде материалдар жариялап, не жеке параққа жазып шығарып отырады. Параққа әуелі сұрақтар, кейін оның жауаптары жазылады. Оқушының викторинаға арналған дәптерінің болғаны да артық емес.

Викторинанық кейбір есептерін жазу үшін тақта, плакаттар да қажет. Викторинаға тұжырымдалуы қысқа, көп есептеуді талап етпейтін, ауызша шешуге ыңғайлы, қарапайым есептер беріледі.

Оқушы викторинаны шешу арқылы білімін кеңейтіп, жан-жақты дамитын болады. Сұрақ қойып, сөйлеу мәдениетіне үйренеді. Көзқарасын жақтауға баулынып, өз бетінше жұмыс істеуге, аңғарымпаздыққа тәрбиеленеді.

Математикалық кеш – сыныптан тыс жұмыстардың көбін қамтитын жұмыс түрі. Сондықтан ол ойластырылып, жоспарлы түрде өткізіледі. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды, қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады. Математикалық кешті, негізінен, үйірме мүшелері даярлайды. Үйірме мүшелігіне басқа оқушыларды тарту мақсатында оларға да азды-көпті тап-сырмалар беріледі. Өздерін жақсы жақтарымен көрсеткен оқушылар үйірме мүшелігіне алынғандығы кеш соңында хабарланады. Мұндай игі істер үйірме мүшелерінің беделін көтеріп, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырады. Көпшілік алдында өз баласының табысын керген ата-ана да мектеппен жиі байланыс жасайтын болады. Математикалық кешті жарты жылдық қорытындыға ұйымдастыруға болады.

Кеш еткізу — күрделі мәселе. Сондықтан оған даярлық 2 айдай бұрын жүргізілгенімен, материал жинау жыл бойы болады. Кешті өткізудің негізгі мақсаты — оқушылардың математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын арттыру болғандықтан, оған оқушыларды көбірек тарту керек.

Залды жабдықтау үшін фотомонтаж шығарылып, оқушылар дәптерлерінің көрмесі ұйымдастырылады. Ребустар, есептер, суреттер ілінеді. Иллюстрацияларды эпидиаскоп арқылы кітаптан, журналдан түсіріп алуға болады.

Кеш мазмұны түрліше болады. Онда тақпақ, хабар, монтаж, сөзжұмбақ, есеп, скеч, интермедия, фокустар болуы мүмкін. Кітапшада бір кештің өткізілуін келті-реміз.

Математикалық газет – математикаға қызығушылардың, сондай-ақ бүкіл мектеп окушыларының айнасы. Оның бетінен тәуір үлгірімді оқушылар суреттерін, әр звеноның үлгірімдік диаграммасын, оқушылар шығармашылығын, қызықты есептерді, математикалық жарыстар нәтижелерін, математика тарихы элементтерін, дидактикалық және басқа ойындарды табуға болады. Аталған мәселелер қысқа, қызықты, әрі көрнекі етіліп, түрлі шрифтерді пайдаланып, бояу, тущь және пламастермен өрнектеледі. Кейде иллюстрациялық материалды газет-журналдардан қиып алуға болады. Тек оларды жапсырғанда білдірмей, орынды пайдалану керек. Газет материалдары үйірме отырысы және кеш материалдары-мен қабысып, астарласып жатады. Тақырыптары да «Ойлан да тап!», «Сен білесің бе?», «Сөзжұмбақ», «Есептер», «Бүл не?», «Ребус», «Қайсысы дұрыс?» деген сияқты материалдың мазмұнына сәйкес, қысқаша қойылуы дұрыс. Газет атауы да «Жұлдызша», «Өрнек», «Икс», «Плюс», «Куб», «Архимед», «Альфа» тәрізді айтуға жеңіл, әрі қысқа, әрі нұсқа болуы тиіс. Әсіресе бірінші шығарылған газет қызықты, оқуға жеңіл, көз тартарлықтай, жазуы аз, иллюстрациясы көп, шрифтісі мазмұнына сай, өмірмен тығыз байланысты болғаны жөн. Осындай газетті әрбір оқушы оқиды. Әрі газеттің тәрбиелік мәні бар. Сонда ғана оны қызыға оқиды. Газет оқушыны тартуы үшін ондағы жазу ірі, әдемі әріппен жазылғаны дұрыс.

Газетті оқушы бойы жететін жерге ілу керек. Егер газетті жоғары ілсек, ондағы жазуды оқушы оқи алмайы. Газетті таза сақтау үшін фанерге не қатты картонға кнопкамен бекітіп, бетін әйнектеп қою керек. Әйнекті бекіту үшін фанерге жұмсақ қаңылтырдан құлақшалар қағып, оны қайырып бекітсе болады.

Газет үшін сурет альбомының парағы жарайды. Егер оны ұзыннан желімдесек, бір жарым парағы, ал тігінен желімдесек, екі парағы жеткілікті. Әдетте бір парақ та жетеді. Газеттің мұндай көлемі ықшам, суретті газет шығаруға әрі оны папкада сақтауға ыңғайлы келеді. Папкада сақталған газеттер үйірме журналы міндетін атқарады. Сондықтан оны керек кезінде қайыра пайдалануға мүмкіндік туады. Әсіресе, үйірменің соңғы отырысында немесе жылдық қорытынды кезінде көрме ұйымдастыруға, математикалық кеш үстінде сыныпты безендіруге жарамды әрі даяр материал екендігі аян.

Газеттің материалын мұғалімнің өзі таңдап даярласа, оны шығарысуға қамқорлыққа алған жоғары сынып оқушылары көмектеседі.

Математикалық ойындар. Санмен ойындар, әр түрлі заттармен ойындар, фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шық), басқатырғылар (түрлі фигуралар құрастыру) болып бөлінеді. Ойындардың оқу-тәрбиелік сипаты да тереңірек. Ойындар арқылы оқушылар талдау мен салыстыруға, индукция мен дедукцияға, аналогияға, математикалық заңдылықты ашуға, зейін мен есті дамытуға, ұжымдыққа, жігерілікке, ұстамдылыққа, кейінге көз тастауға, тапқырлыққа тәрбиеленеді. Сондықтан да біз кітапшада келтірілген ойынның көпшілігіне әдістемелік нұсқау мен оның оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз.

 

Математикалық үйірме. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі — үйірме жұмысы. Жас буын түрліше құбылыстың сырына құмартып, әр нәрсеге әуестене, жауап іздейді. Осы құштарлықты арттыруға, ой-өрісін бағыттап, кеңейтуге үйірмеде қаралатын жұмыс түрлері жауап береді. Үйірмеде математика тілін пайдалану арқылы тіл мәдениетін дамытуға, салыстыру, талдау, синтездеу, индукция мен дедукция, аналогия арқылы тұжырым жасауға үйренеді. Үйірмеге қатыстыру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжым намысы үшін күресуге баулимыз. Әсіресе бұл қасиеттер көрнекі құралдарды даярлауда, газет шығаруда, экскурсияға барғанда, жарыстарды ұйымдастырғанда  айқынырақ байқалады.

Үйірме жұмысына әр оқушы еркімен қатысады. Бірақ оқушыны 1—2 үйірмеге ғана қатыстыру тиімді. Оған қатысатындарды жігерлендіріп, қолдап, қызығушылығын оятып отыру керек. Ол үшін үйірме отырысын ұйымдастырмас бұрын, мұғалім сабақ кезінде оқушыларды пәнге қызықтырып, ынталандырып отырғаны жөн. Осы мақсатта жұмбақтарды, өлең есептерді, ребустарды, фокус-тарды, таяқшалар мен ойындарды пайдалану тиімдірек келеді.

Егер мектепте   параллель сыныптар   болса, бірнеше үйірме ұйымдастыруға болады. Күні бұрын үйірме жоспары жасалып, бекітіледі. Кезінде оқушылардың талап-тілектеріне байланысты, оның кейбір пункттері өзгеруі мүмкін. Жоспар құрғанда оқушылардың өздерін үйірме жұмысына тікелей   қатыстыру жағы ойластырылады. Мұғалім оқушының жұмысын бағыттап, оған көмектесіп отырады. Үйірме жоспары жеке отырыстарға бөлінеді. Ол әр сыныпқа бөлек жасалады. Отырыс екі-үш жетіде, қысқа  уақытқа   арналып,  мұғалімнің  басшылырымен тікелей даярланып өткізіледі. Үйірме отырысында тақпақтар, жұмбақтар айтылып, ребустар, есептер, викториналар шешіледі. Жарыстар ұйымдастырылып, түрлі ойындар ойналады, газет   шығарылады.   Отырысқа қажет жабдықтар, көрнекіліктер, материалдар алдын ала даярланады. Бұл тұста оқушы көмегі айтарлықтай болғаны жөн. Әрбір отырыстың оқу-тәрбиелік сипатын мұғалім   күні бұрын   ойластырады.   Әдістемелік нұсқау қажет болатын жұмыстар түріне алдын ала дайындық, ескертулер жасалынады. Анықтық үшін тек үш отырыстың оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз, өйткені оны әрбір мүғалім айқындай алады. Әрбір отырыс соңында қорытындыны мұғалім жасайды. Үйге тапсырмалар  береді. Қорытынды   кезінде негізгі мәселелер қайталанып, ес-кертулер жасалады. Белсенді қатысқандар аталып, келесі отырыс қашан болатыны хабарланады. Сондай-ақ әрбір жыл аяғында үйірменің соңғы отырысы ұйымдас-тырылады. Ойланылған жүйелі бекіту болса ғана окушы есінде үйірме жұмысының нәтижелері көбірек қалады. Ол үшін   үйірме отырысының   жабдықтары,  журнал-газеті   сақталады.   Үйірмеде   қарастырылған есептер, викториналар түрлі жарыстарда ұсынылады. «Мен неге үйрендім?» тақырыбы бойынша жыл бойындағы материалдарды мүғалім қайталайды. Осы тұста кейбір есептер, фокустар еске түсірілуі, есепті шешу тәсілдері айтылуы мүмкін. Үйірме мүшелері өзара пікір алысып, білімдерін жүйелеп, толықтырады. Мұғалім кейбір материалдың пайдасын бағалауы тиіс. Осы мағынада математикалық заңдылықтық пайдасы туралы да айтады. Соңында, келесі жылдың жоспарына қысқаша тоқтап, жазға тапсырма береді.

 

ҮЙІРМЕ ОТЫРЫСТАРЫ

I сынып

(II жарты жылдық)

1 — о т ы р ы с.

  1. Өлең есеп «Қосу».

Дүкеннен кеп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші,

Сонда бәрі,

Қанша болды,

Қолда бары?

(Жауабы: Алты)

(Б. Тәжіметов)

 

  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

Егіз қайың,

Бой-бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес-бестен.

(Қос қол)

  1. Математикалық тақпак «Екеу дегенше, бекем де».

Бірді бірге қосқанда,

Екеу болады.

Жалғызсырап, жасқанбай,

Бекем болады.

Екі қолды қосқанда,

Құшақ емес пе?

Екі қанат аспандап,

Ұшады емес пе?

Тіркелсе екі дөңгелек,

Өзің тебетін,

Зырылдайтын дөңгелеп,

Велосипедің…

(М. Әлімбаев)

 

  1. Ойын «Көңілді санау».

 

Әдістемелік нұсқау. Бұл математикалық жарысқа жатады. Сондықтан екі немесе бірнеше команда звено бойынша қырағылығын сынасады. Қай команда тапсырманы тез орындаса, сол команда жеңімпаз атанады. Жеңімпаз командаға үлкен жалауша, ал жеңілгендерге кіші жалауша беріледі. Тақтада төмендегі 1,а-суреттегідей толтырылған және бір-бірден бос таблицалар күні бұрын сызылып даярланады. Таблица тор көздерінде бірден он алтыға дейінгі сандар жазылған. Ойынды екі команда басшылары бастап, толтырылған таблицадағы сандарды сызып ретімен бос таблицаға қайта толтыруы керек. Командадағы оқушы екі-екі саннан жазуы тиіс. «Кірісіңдер!» сөзі жарыстың басталғанын білдіреді. Қай команда шатаспай, бос таблицаны тез толтырса, сол жеңеді.

Отырыстың оқу-тәрбиелік сипаты. Отырыс материалдары оқушыны тыңдай білуге, аңғарымпаздыққа, ұжымдыққа, ортақ заңдылықты байқауға тәрбиелейді. Мәселен, «Көңілді санауда» сандар тор көзде белгілі тәртіппен орналасқан. Оны байқау — таблицаны тез толтырудың кілті. Егер мұндай заңдылықты оқушылар аша алмаса, отырыс қорытындысында мұғалім айтып, оқушылардың көңілін аударады. Келешекте ескерулері керектігін нұсқайды.

1 – сурет

 

 

2 — о т ы р ы с.

  1. Математикалық тақпақ «Кім қаншада?».

Салтанат екіде,

Бақытжан жетіде,

Екеуін қосып шыққаның

Сәулеттің жасын ұққаның.

Білгің келсе егер сен,

Сәулеттен үш жас шегерсең,

Қиын емес онша да

Сағаттың жасы соншада.

(С. Әлімқұлов)

 

  1. Математикалық жұмбақ.

 

Үш шырпыдан бір есік,

Құрастырып көр шешіп.

(П әрпі)

 

  1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Ұшып кетті үш құс

Ұшып келді ұшқыш.

(С. Көшекбаев)

 

  1. Математикалық өлең есеп «Санамақ».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ж а у а б ы: 55 ойыншық)

(Е. Өтетілеуов)

 

Әдістемелік нұсқау. Өлең алдын ала плакатқа көрнекі етіліп жазылады. Мұндағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарын қызыл түспен жазса, негізгі ой қосымшадан ажыратылып есепті тез шешуге көмектеседі. Есептеудіқ тез әдісі топтау көрсетіледі және артықшылығы айтылады. Әрі бұл оқу бағдарламасына сай. Ш е шу і. Барлығы:

 

1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9+10

(1 + 10) + (2+9) + (3+8) + (4 + 7) + (5 + 6)

11 + 11 + 11 + 11 + 11

Бұл бес ондық және бес бірлік, яғни 55.

Отырыстың оқу-тәрбиелік сипаты. Тақпақ материалы еңбек зейнеті рахатқа бөлейтіндігін байқатса, жұмбақ салыстыру арқылы қорытынды жасауга баулиды. «Санамақ» қызығушылыққа, ұстамдылыққа, аңғарымпаздыққа, негізгіні қосымшадан ажыратуға үйретеді. Оны мәнерлеп оқу дұрыс сөйлеуге, есепті талдау математикалық заңдылықты байқауға тәрбиелейді.

 

3 — о т ы р ы с.

 

  1. Математикалық санамақ «Бәрі қанша құс болды?»

 

Мынау да бір санамақ,

Өздерің кер саралап:

Төбеден төрт бектергі,

Аңдыпты қос кептерді.

Шаңқылдаса көк қарға,

Үн қоспапты көп қарға.

Секем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты,

Тым-тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап,

Топ-топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп, қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды?

(Ж а у а б ы: 31 құс)

 

  1. Математикалық тақпақ «Есеп».

 

– Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

– Сол досым сол алманың

Бәрін алсын!— дей салдым.

 

(Қ.  Мырзалиев)

 

  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

а) Жоқ өзінде бас та,

Қас та,

Мойын да.

Ұзындығы жазулы түр бойында.

(Сызғыш)

б) Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар:

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар.

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді ойлар намысын.

(Шахмат)

(Қ. Мырзалиев)

  1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

(Қ. Мырзалиев)

 

II сынып

1 – о т ы р ы с.

 

  1. Математикалық өлең — есеп «Бәрін бірге ойлап қой».

 

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

 

(Ж а у а б ы: Он жеті бас мал)

 

  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

а) Жиырма төрт батыр,

Бірін-бірі жеп жатыр.

(Дойбы)

(Қ. Мырзалиев)

 

б) Екі аяқты бір ізді,

Үстіне адам мінгізді.

(Велосипед)

 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Сүт сату».

8, 5 және 3 литрлік бидон бар, 8 литрлік бидоннан 6 л сүтті қалай құйып алуға болады?

 

(Ж а у а б ы: 2-суретте берілген.)

 

  1. Математикалық жаңылтпаш.

Ұшы үшкір ұшқыр үш

жебе алдым,

Үшеуі де үшкір, үшқыр

деп алдым.

(М. Әлімбаев)

 

2 — о т ы р ы с.

 

  1. Әзіл есеп «Топ үйрек».

Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?

(Жауабы: Біреуі, өйткені қалғандары ұшып кетеді.)

 

  1. Математикалық фокус. «Сан ойла».

 

Әркім өзінше бір сан ойлап, оған менен бес қоссын. Одан ойлаған санын алып тастасын. Сонда нәтижеде бес қалады. Мен қалай таптым, кім айтады?

Фокустың сырын тапқан оқушы ойынды жүргізеді. Егер ондай оқушы табылмаса, мұғалімнің өзі жүргізіп, соңынан фокус сырын түсіндіреді.

Фокус сыры. Нәтижені табу қосындыдан санды азайту қасиетіне негізделген:

 

(х + а) — х = а,

мұндағы а – ойын жетекшісінің қосуға ұсынатын саны.

 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Фигура құрастыру».

Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.

 

(Ж а у а б ы: 3-суретте берілген.)

 

  1. Математикалық жұмбақ.

а) Тышқаннан басқа батпаған,

Бір шланг, төрт баған.

(Піл)

 

б) Мың найзалы жалғыз батыр

Жауларына алғызбай тұр.

(Кірпі)

(Қ. Мырзалиев)

 

3 — о т ы р ы с.

 

  1. Математикалық викториналар.

 

Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сандарды табыңдар.

(Жауабы: 2-2 = 2+2, 1*2*3 = 1+2+3)

 

  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

Жүз төрт түйме,

Он бір ине.

(Есеп шот)

(М. Әлімбаев)

 

  1. Математикалық ойын «Қызықты квадрат»

 

Методикалық нұсқау. Екі командаға бірдей тапсырма беріліп, әр командадан бір-бір оқушы шақырылып, 1, 2 және 3 сандарын пайдаланып тақтадағы квадратты толтырту керек. Берілген квадраттың жолдары мен бағандарындағы сан-дардың қосындысы, сол сияқты суретте көрсетілген үзік сызықтар бойынша орналастырылған сандардың да қосындысы 6 болсын. Квадратты қай команда бұрын толтырса, сол ұтады. Әр командаға а – суреттегідей жеке квадрат сызылады.

 

(Ж а у а б ы: 4,б-суретте берілген.)

 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Үш қоян».

Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?

(Ж а у а б ы:  бір оқушы қоянды торымен алған.)

 

 

 

 

 

4 — о т ы р ы с.

 

  1. Әзіл есеп. «Кітап саудасы».

Рауан мен Ержан кітап дүкеніне кіріп, кітап қарады. «Әзіл» есеп кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір тиын сұрады. Ержан бұл кітапты сатып алуға оның 19 тиыны жетпей тұрғанын айтты. Олар екеуіндегі ақшаларын қосса да бұл кітапты сатып ала алмайтынын білді. Сонда кітап неше тиын тұрады? Олардың қанша ақшасы болды?

(Ж а у а б ы:     19 тиын; Рауанның 18 тиыны, Ержанның
0 тиыны болған.)

 

  1. Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»

 

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу, топ келеді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер?

 

(Ж а у а б ы:  Бес торғай, 5-суретте берілген.)

 

  1. Математикалық викториналар.

 

13 шырпыдан метр деген сөзді құрастыр.

 

 

 

 

 

6-сурет

 

(Ж а у а б ы:  6-суретте берілген.)

 

 

  1. Көңілді санау «Бес тоғыз».

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларынан бес тоғыз шығатындай етіп топтап, олардың қосындысын ықшам әдіспен табыңдар.

 

Шешуі. Қосындысын табу.

 

1+8,  2+7, З + б, 4+5 және 9,9 x 5 = 45.

 

(Жауабы: 9×5=45.)

 

 

5 — о т ы р ы с.

 

  1. 1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Есет ағам ет асатар

Ет асатса, бес асатар.

(Қазақ ауыз эдебиетінен.)

 

  1. Жүздің жартысы екіге бөлгенде неше болады?

 

(Жауабы: 25.)

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Алма ал». 7-суретте 16 алма көрсетілген. Алтауын алғанда баған мен жатық жолда екі немесе төрт алма қалатындай болсын.

 

(Ж а у а б ы:   7-суретте сызылатын алмалар боялып берілген.)

 

Әдістемелік нұсқау. Алдын-ала плакатқа тор көз көрнекі етіліп сызылады. Алма суреті жеке карточкаларға салынады да, олар кнопкамен бекітіледі. Бұл алманы қозғауға мүмкіндік береді. Әрі нәтиженін дұрыс немесе қате екендігін бірден байқатады.

 

  1. Математикалық тақпақ «Бес»

 

Қарсы алғанда мамасы,

Мектебінен Қошайды,

«Бес» алған-ау шамасы,

Бес саусағы шошайды.

 

(Т. Бердияров)

 

III сынып

 

1 — о т ы р ы с.

 

  1. Математикалық ребус шешу (8-сурет)
  2. Математикалық жұмбақ.

 

8 – сурет

а) Қатар жазып саусақты,

ТТ                 Түйістір екі бармақты.

Екі қолдың арасы,

Қандай әріп қарашы?

(М)

 

 

ә) Төрт әріптен тұрамын,

Түрлі сөзді құрамын.

Т-ны кесіп тастасаң,

Биігірек жер болам.

Қайта ойланып қарасаң,

Сый-құрметі — төр болам.

Жарты Т-дан бастасаң

Лаулап жанған от болам.

Бұл қай сөз?

(Төрт)

 

  1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Қырық үш қызғыш құсқа,

Қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады?

 

(О. Әубәкіров)

 

  1. Математикалық фокус. «Ойлаған санды табу».

 

Сан ойла. Оны екі еселеп, 5-ті қос. 5-ке көбейт. 10-ды қосып, 10-ға көбейт, Нәтижең қанша? Ойлаған саныңды табамын.

 

Мысалы. 9*2=18.   18+5-23.    23*5=115.

 

115+10 = 125.   125*10 = 1250.

 

Фокус сыры. Нәтижеден 350-ді азайту керек. Айырманың жүздігі ойлаған сан болады:

1250—350 = 900. 9 — ойлаған сан.

 

2 — о т ы р ы с.

 

  1. Математикалық ойын «Қызықты квадрат» (9-су-рет).

 

Ойын ережесі. Екі команда өкілдеріне қиындығы бірдей тапсырма беріледі. Олар 2, 3, 6, 8, 9 цифрларын пайдаланып, квадраттық бос көздерін жатық жол, тік жол және үзік сызықтар бойынша есептегенде, цифрлар қосындысы 15 болатындай етіп толтыруы керек. Қай команда бұрын толтырса, сол команда ұтады. Команда өкілдері класқа карап тұрып, бастаушының «Кірісіңдер!» деген белгісі бойынша бастайды.

 

(Ж а у а б ы: 9, б-суретте берілген.)

 

  1. Математикалық викторина.

 

Жұлдызшаның орнында қандай сан тұр?

* * * * – * * * = 1.

 

(Жауабы: 1000—999 = 1.)

 

  1. Геометриялық басқатырғы.

Қарындаштың ұшын көтермей, үш кесінді жүргізу арқылы үш квадратты алты үшбұрышқа бөлу керек.

(Жауабы: 10-суретте берілген.)

 

  1. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

Айқасқан екі таяк,

Тұрады жоқты сұрап.

(Икс)

 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

а) Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады?

 

(Жауабы:  екеуі, өйткені  сөндірмеген біреуі жанып кетеді)

 

б) 11-суретте неше үшбұрыш сызылып көрсетілген?

 

(Жауабы: 8.)

 

 

 

 

11 – сурет

 

 

 

3-отырыс

  1. Математикалық викториналар.

а) Сегіздікпен 1000. Тек қосу таңбасын пайдаланып сегіз сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек.

(Жауабы: 888+88 + 8+8+8 = 1000.)

 

б) Неше   беттік дәптерлер    болады?

(Ж а у а б ы: 12, 18, 24, 32, 36, 48, 96.)

 

  1. Кім қырағы? Цифрларының қосындысы 18 болатындай етіп, карточкаларды үш топқа жікте:

 

2637 1638 1368 2376 1395 2367 2673 1863

 

Жауабы:  1, 2 және 3 цифрларының орны бойынша топтаймыз:

1638   2637   1368

1368   2376   2376

1395  2367  1395

1863  2673  2367

 

  1. 3. Геометриялық басқатырғы «Тоғыз нүкте» (12-сурет).

12, а — суреттегі 9 нүктені қарындаштың ұшын көтермей, төрт кесіндімен қосу керек.

(Жауабы: 12, б-суретте берілген.)

 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Мысықтар».

Үйдің әрбір бұрышында бір-

бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр?

 

(Ж а у а б ы: төрт, сурет арқылы түсіндіріледі.)

 

  1. Математикалық ойын «Таңқаларлық цифрлар» (13-сурет) .

Мұнда келтірілген жазбалардың тамаша сыры бар. Бұған кітаптық сол жақтағы төменгі бұрышынан қараңдар. Қосуға берілген дұрыс мысалды көресіңдер. Енді оң жақ төменгі бұрыштан қараңдар. Мұнда да қосуға берілген дұрыс мысалды көресіңдер. Оның үстіне барлық бірден тоғызға дейінгі цифрлар пайдаланылған. Осындай тағы бір жазбаны келтіріңдер.

 

(Ж а у а б ы: 13-суретте берілген.)

 

4 — о т ы р ы с.

 

  1. Ойын. Шығыршықты үшбұрыш. Дөңгелек бойында қосындысы 39 болатындай етіп 1, 2, 3, … 9 сандарын үшбұрыш бойына орналастыру керек (14-сурет). Ш е шу і. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысын табайық:

 

1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 = 45.

 

Мұнан   дөңгелек   бойындағы сандар қосындысын азайтсақ, үшбұрыштар төбесінде тұратын сандар қосындысы табылады. 45 –  39 = 6. Әр төбедегі санды табу үшін 6-ны үш қосылғышқа жіктеуіміз керек. Жіктеп 6=1+2+3 екенін табамыз. Қалған 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларды дөңгелек бойына еркін түрде орналастырамыз. Е с к е р т у. Есепті ойын түрінде ұйымдастыруға да болады. Ол үшін плакат даярланады. 1, 2, …, 9 цифры жазылған дөңгелекшелер картоннан ойылып алынады. 4—5 минут оқушылар кезекпе-кезек ойнап көргеннен кейін, есепті шешу мәселесі қойылады. Есеп шешіледі.

 

 

  1. Математикалық ребус шешу (15-сурет).

 

(Ж а у а б ы: Азайту.)

 

  1. Математикалық викториналар. «Табиғат әлемінен».

а) Неше туыс? 7 туыстың бір-бірден қарындасы бар. Олар   барлығы   нешеу?
(Жауабы: 7 ағасы, бір қарындасы бар. Барлығы 8 туыс).

б) Неше машина керек? Әр машина 5 тонна жүк көтерсе, 20 тонна 200 кг жүкті тасу үшін неше машина керек? (Ж а у а б ы: 5 машина, себебі  4 машинаға жук сыймайды.)

 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

 

а)  Қандай сан барлық   санға қалдықсыз бөлінеді?

 

(Ж а у а б ы: Нөл.)

 

б) Көшедегі   өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар   саны қанша болғаны?

(Ж а у а б ы:   Отыз бір.)

 

  1. Таяқшамен жаттығу.

 

16, а — суретте таяқшадан фигура құрастырылған. 5 таяқшаны алып тастап, уш квадрат құрастыру керек, (Ж а у а б ы: 16, б-суретте берілген.)

 

 

 

5 — о т ы р ы с.

 

  1. Математикалық викториналар.

а)  12-беттік   оқушы   дәптерінің   салмағы  қанша?

 

(Жауабы: 35 г.)

 

б)  Құны әр түрлі 10 монета бар. Олардың арасында бірдейі   бар ма?

 

(Жауабы: — Иә, себебі монеталар 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20, 50 және 1 сомдық болады. Бұлардың барлығы 9. Демек, монеталардың біреуі құны жағынан қайталанады.)

 

  1. Таяқшамен жаттығулар.

а) Алты квадрат. 12 таяқшадан бірдей 6 квадрат құрастыру керек.

(Ж а у а б ы: Таяқшаларды куб түрінде орналастырамыз.}

 

б) Бокал және шие (17-сурет).

5 таяқшадан «бокал» құрастырылған. Ішінде шие бар. Екі таяқшаны қозғалту арқылы шиені бокал сыртында қалдыру керек. (Жауаб ы: 17,б-суретте берілген.)

 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

 

а) 18-суретте неше бұрыш көрсетілген?
(Ж а у а б ы: Сегіз.)

 

б) Цифрларды қозғап дұрыс теңдік шығар:

 

а) 83 – 17 = 21   б) 31+2=33

б) 13 + 2 = 33,
Жауабы:       а) 83 – 71 = 12,

 

 

  1. Фокус деген 5 сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.

 

Ж а у а б ы: Фокус деген сөзді бірінің астына бірін бес рет жазып, қиғаштап оқысақ тағы екі рет фокус деп оқитын боламыз. Сонда небары ол сөз жетеу болады  (19-сурет).

 

6 — о т ы р ы с.

  1. Математикалық викториналар.

а)Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км
шабады?
б) 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек.

Е с к е р т у. 66 саны   карточкаға алдын ала жазылады.

 

(Ж а у а б ы: 66-ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек.)

 

в) Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі?

г) Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңілісі   қанша болса, сонша ағасы бар. Осы семьяда неше ер бала, неше қыз бала бар?

(Ж а у а б ы: 1 ұл, 2 қыз бар.)

 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

а) Екі әкесі мен екі баласы үш  алманы  бір-бірден  бөліп қалай бөліскені?

 

(Ж а у а б ы: Әкенің   баласы және оның баласы   болғаны. Сонда небары үш адам. Олардың үш алманы бір-бірден бөлісуіне болады.)

 

б) Квадрат тәрізді алаңның төрт бұрышының әрқайсысында бір-бір ағаш өсіп тұр. Ағашты кеспей, алаңды қалайша кеңейтуге болады?

 

(Ж а у а б ы: 20-суретте берілген.)

 

  1. Геометриялық басқатырғы «Бірден сызып шық».

 

Қарындаштың ұшын қағаздан алмай бірден сызып шық (21-сурет.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Е с к е р т у. Сурет стрелкасыз беріледі.

 

  1. Таяқшымен жаттығу.

а) Екі шырпыны ауыстырып, сиырды артына қарату керек.

(Ж а у а б ы: 22 – суретте берілген)

 

 

 

22 – сурет

 

 

 

 

 

 

 

б) Үш шырпыны қозғап, өрмекшіге ұқсас фигураны қарама-қарсы бағытқа қаратыңдар (23, а-сурет).

(Ж а у а б ы: 23, б-суретте берілген.)

 

             23 – сурет

 

 

Ескерту. Шешудің мүмкін бір жағдайы келтірілген.

 

 

  1. Математикалық ойындар.

 

а) Үш пешка ойыны. Әдістемелік нұсқау. Тақтадағы (24-сурет) көрсетілген ақ және қара пешкалардың орнын өзара ауыстыру керек. Олар бірінен бірі аттап кете алмағанымен, жолда не қуыста кідіре алады. Пешкалар орнын бұрын ауыстырған жеңімпаз атанады. Ойын звенолар арасында ұйымдастырылады. Ол үшін әр звеноның өз алдына ойын жабдығы болуы тиіс. Оны картоннан алдын ала даярлап алу қажет.

Оқу-тәрбиелік сипаты. Ойын оқушының ой-өрісін кеңейтіп, көз алдына елестету қабілетін дамытады. Ұстамдылыққа, коллектившілдікке үйретеді.

б) 9-ға көбейту. Бір таңбалы санды 9-ға көбейту үшін пайдаланылады. Алақанды жайып, солдан оңға қарай саусақты санаймыз да қажет көбейткішті бүгеміз. Берілген саусақтың сол жағы ондықтарды, ал оң жағы бірліктерді білдіреді.

 

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА

 

(IIIсынып)

 

Кеш программасы:

  1. Бастаушы сөзі.
  2. Монтаж «Математика өмірде».
  3. Есептер шешу.
  4. Тақпақ «Математика».
  5. Фокус. «Лезде қосу», «Белгісіз сандардың қосындысын табу».

I  б а с т а у ш ы: — Сәлеметсіздер ме, жиналған көпшілік (басын иеді).

II бастаушы – Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! «Қызықты  математика» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

I бастаушы: — Мұнда Сіздер математикалық монтаж, қызықты есептердің, фокустардың куәсі боласыздар.

II бастаушы: – Сіздер тек көруші, тыңдаушы ғана емес, кешке белсене қатысушылар болсаңыздар, біздер оған еселеп қуанамыз.

I  бастаушы:

Бірігіп бас қостық осында,

Ойланып, көңілді көтеріп.

Бір есеп жүрсе егер басыңда,

Оны да шешіп бір кетелік.

 

II б а ст а у ш ы:

Бұл жерден естірміз талайды,

Есеппен сап басып не шуды,

Сол есеп әрқашан қалайды,

Өз мәнін дұрыстап шешуді.

 

I б а с т а у ш ы:

Есептің қызығын көретін,

Боламыз десеңдер білімгер.

(Екеуі қосылып:)

Ең дұрыс шешімді беретін,

Жауапты дәл таба біліңдер.

 

(Бастарын иіп, көпшілікке тәжім етеді. I бастаушы кетеді).

 

II бастаушы: Қазір сіздер «Математика өмірде» атты математикалық монтаж тыңдайсыздар. Монтажға қатысушылар I—II класс оқушылары (II бастаушы ке-теді, монтажды орындаушылар көпшілік алдына шығады).

1- оқушы (1 сынып):

Сан мен таңба тұр сап түзеп,

Орындап формула әмірін.

Кім айтсын ән-жырдан жақсы деп,

Есептің қоңырқай өмірін.

 

2-оқушы (Псынып):

Болмаша ойға алаң, сәл сабыр,

Мен айтсам, ағымнан жарылам,

Сенің бар айналаң, емірің,

Есептік заңына бағынған.

 

3-оқушы (1сынып):

Заводтар салынып нуларда,

Шын оттар жанар ма жалынсыз.

Тепловоз рельспен зулар ма,

Математиканың заңынсыз.

 

4-оқушы (II класс);

Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,

Космостық сапарды мықтасақ.

Осының бәрін біз жасар ма ек,

Алдымен есептеп шықпасақ.

 

(Бастарын иіп, көпшілікке құрмет көрсетеді. Оқушылар сахнадан кетеді.)

 

II бастаушы көтеріңкі дауыспен: —Енді есептер шешелік (сәл кідіріп):

— Бір килограмм түбіт ауыр ма, әлде бір килограмм қорғасын ауыр ма?

 

(Ж а у а б ы: Салмағы бойынша екеуі де бірдей, ал алып тұрған көлемдері әр түрлі.)

 

I  бастаушы: 26-ны 6 екі арқылы жазу керек.

 

(Ж а у а б ы: 26 = 2 • 22 : 2 + 2 • 2.)

 

II бастаушы тақтадағы жазылған төрт нүктені көрсетіп: Қаламның ұшын дәптерден көтермей төрт нүктені үш кесіндімен қос.

 

(Жауабы: нуктелердің арасын екі бағытта қосуға болады.)

 

Есептер сұрағы оқушылар түсінгенше қайталанып, түрлі жауаптар алынады. Жұмыстардың дұрыстығын, құндылығын, оқушылар тапқырлығын мұғалім баға-лайды.

I бастаушы: — Енді математикалық тақпақ тыңдаңыздар. Орындаушылар III класс оқушылары.

 

 

І-оқушы:

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика —

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның

тілін біл.

 

 

2-оқушы:

Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді?

Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?

Оны сақтап қалатын

Математика —

Ең манызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның

тілін біл.

 

3-оқушы:

Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,

Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң,

Ал сол үшін біздерге

Математика —

Ең маңызды ғылым бұл.

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

 

II бастаушы: Қазір сіздер «сиқыршыны» көресіздер (фокусшы тақта алдына шығады).

 

Фокусшы: 1 — фокус. Лезде қосу. Тақтаға сендермен кезектесіп, бірінің астына бірі жазылған, цифрлар саны бірдей үш сан жазамыз. Мен жауабын бірден айтамын. Сенбесеңдер, көріңдер. Тақтаға бірнеше оқушы шығып, төмендегі сандар қосындысын табу керек болсын.

156 — тақтаға шыққан оқушы

843 — фокусшы

372 = 1+371 — тақтаға шыққан оқушы

 

(Ж а у а б ы: 1 371 — фокусшы.)

 

Тағы да көрсетейін.

645 — тақтаға шыққан оқушы

354 — фокусшы

187=1 + 186 — тақтаға шыққан оқушы.

 

Ж а у а б ы: 1 186 — фокусшы.

 

Т а б у   ә д і с і. Фокусшы тақтаға шыққан оқушының жазған санының әрбір цифрын (1, 5, 6) тоғызға дейін (8, 4, 3) толтырып отырады да, оқушыға соңғы санды (372) жаздырып, өзгеріссіз қалдырады. Енді қосындыны (1 371) табу ушін соңғы саннан 372 бірді шегеріп, (.372—1) пайда болған сан (371) алдына бір жаз-сақ (1 371) болады.

2-фокус. Белгісіз сандардың қосындысын табу. Тақтаға сіздермен кезектесіп, әрқайсысы мыңнан аспайтын бірнеше сандар жазамыз. Қосындысы неше болатындығы конверт ішіндегі қаразда жазулы. Оны фокусшы жазып, есіне сақтайды. Тексеріп көріңіздер. Тақтаға төмендегі сандар жазылсын. Әрине, ол екі, үш, төрт, т. т. парлар болуы мүмкін. Қалай болғанда да жазылған сандар жолы тақ болып шығып отырады.

 

345 — тақтаға шыққан оқушы

2 пар сан,

барлығы 5 жол

654 — фокусшы

127 — тақтаға шыққан оқушы

872 — фокусшы

 

349 = 2 + 347 — фокусшының қосымша жолы

 

(Ж а у а б ы:  2 347 — конверттегі сан.)

 

Тағы көрсетейін, қараңыздар!

 

456 — тақтаға шыққан оқушы

543 — фокусшы

567 — тақтаға шыққан оқушы

3 пар сан,

барлығы 7 жол

432 — фокусшы

671 — тақтаға шыққан оқушы

328 — фокусшы

 

701 = 3 + 698 — фокусшының қосымша жолы

 

(Ж а у а б ы:  3 698 — конверттегі сан.)

 

Табу әдісі. Конверт ішіндегіалдын ала жазылған сан шығу үшін фокусшы тақтаға шыққан оқушы жазған санды 999-ға дейін толықтыратын сан жазып отырады. Әуелі оқушы жазып, фокусшы оны толықтырады. Бұған қосымша соңғы жолды тағы да фокусшы жазады. Фокусшының ақырғы жазатын саны қалай болса солай таңдалмай, конверт-ішіндегі санның (мысалы, 3 698) мыңдық разрядын көрсететін цифрмен (3) бұл цифрсыз (3) жазылатын санның қосындысына (698 + 3 = 701) теқ болады. Кезектесіп жазылатын парлар саны қанша болса, конверт ішіндегі фокусшының жазып қойған санының мыңдар саны да сонша болады. Біздің мысалымызда 2 пар болса, жауапта екі мың, 3 пар болса, жауапта 3 мың т. т. Фокусшы нәтижесін тақтаға шыққан окушыға немесе кешке қатысушылардың біреуіне тексертіп көру фокустың әсерлілігін күшейтеді. Көрсетілген фокус бірнеше рет қайталанып, окушылардың өз бетінше фокустың сырын ашуына жағдай жасау керек. Мұндай мақсатты оқушылар алдына қойып, оқушылар шеше алмаған күнде мұғалім түсіндіріп беруі тиіс.

I бастаушы: — Сонымен, кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Кешті аяқтау. Оны мұғалім жабады. Кеште белсенділік көрсеткендер атап өтіледі де, кешті даярлаушыларға алғыс айтылады.

 

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР САНМЕН ОЙЫНДАР

 

  1. Жүз ойыны. Ойын ережесі.   Ойынды екі оқушы кезектесіп ойнайды. Біріншісі 1-ден 10-ға дейінгі бір санды   атайды. Екіншісі оған 10-нан аспайтын бір санды қосады да, қосындыны айтады. Біріншісі оған 1-ден 10-ға дейінгі бір санды қосып, қосындысын атайды. Осылай кезекпе-кезек ойнау арқылы, кім 100-ді бұрын атаса, сол ойында ұтып шығады.

Әдістемелік нұсқау. Әуелі ойынды кезектесіп 2—3 пар оқушы ойнайды. Одан әрі мұғалім бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін алғашқыда қандай санды атауы керек еді? — деген сұраққа тірейді. Оқушыларды ойландырады. Жауапты мұғалім төмендегіше түсіндіру арқылы өзі береді.

Ұтыс сыры. Оны ойынның соңғы кезеңін талдау ашады. Бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін соңғы жүрісінін, алдында 89 = 100—(10+1) жүрісін жасауы тиіс, өйткені екінші ойыншы енді 100-ді бір жүріс арқылы шығара алмайды. Бірінші ойыншы бұрын 89—(10 + + 1)=78 санын атайды. Осылай талдау барысында бірінші ойыншы үшін ұтудын, тиімді сандары табылады. Олар: 100, 89, 78, 67, 56, 45, 34, 23, 12 және 1. Бұл сандарға зер салып қарасақ, олар бірінен-бірі 11-ге артық. Бұдан бірінші ойыншы 1-ді атайтындығы көрінеді. Ол екінші ойыншыны 12, 23, 34, … сандарына дейін толықтырып отырады. Мысалы, екінші ойыншы нәтижесі 7 болса, бірінші ойыншы оны 12-ге дейін толтыруы үшін 5-ті қосуы тиіс. Бірінші ойыншы бұдан басқа сандарды атаса, екінші ойыншы жүрісті ұтуына болады. Ол үшін екінші ойыншы жоғарыда аталған сандарға толтыруы тиіс. Ұтыс әдісін үйренгеннен кейін де жаттықтырулар жүргізіледі.

Оқу-тәрбиелік сипаты. Талдау мен салыстыру арқылы оқушыларды қорытынды шығаруға, есін дамытуға тәрбиелейді.

  1. 18 таяқша ойыны. 0 й ы н е р е ж е с і.   Ойынды екі оқушы ойнайды. 18 таяқша үймесінен кезекпе-кезек 1, 2, 3 және 4 таяқша алуға болады. Әркім қанша таяқша алатынын өзі біледі. Соңғы таяқшаны кім алса, сол ұтады. Қалай жеңімпаз атануға болады. Ойлан.

Н ұ с қ а у. Алдыңғы ойындағыдай талдау арқылы қарсыласыңда 5 таяқша қалатындай жағдайға келтіруің керек. Сонда соңғы таяқшаны өзің аласың.

О қ у – т ә р б и е л і к   сипаты.   Талдау, салыстыру арқылы ой қорытындысын жасауға үйренеді.

  1. Ойша өшірілген цифр ойыны (25-сурет).

Ойын ережесі. Алдымен 1 – ден 9-ға дейін цифр жазылған таблица жасап алу керек. Ойынға бірнеше бала қатыса алады. Ойынды бірінші бастаушы дауыстап таблицадағы  әрбір цифрды ретімен көрсетіп, 11-ге дейін санауы тиіс. Санақ басталатын цифрды басқарушы айтады. Таблицада барлығы 9 цифр болғандықтан, ал санау 11-ге дейін жүргізілетіндіктен, ойнаушы таблицаның соңғы 9 деген цифрына жеткеннен соң, таблицадағы бірінші тұрған цифрдан бастап санауды жалғастырады. Айталық, басқарушы 4 цифрын көрсетсе, онда ойнаушы 11-ге дейін санап 5 цифрына келеді. Бұл 5 цифры таблицадан ойша өшірілді деген сөз. Оны әркім ұмытпауы тиіс. Енді 11-ге дейін санау қатардағы келесі цифрдан (6-дан) басталады, бірақ өшірілген цифр санаққа қосылмай, одан аттап өтіледі. Санауда мұны ескермегендер ойыннан шығарылады.

Екінші айналымда екі цифр өшірілетін болады. Ойын өшірілмеген бір цифр қалғанша жалғастырылады. Ойыншыға таблицада ешбір белгі қоюға болмайды, ондай белгіні тек басқарушы жасайды. Басқарушыда әрбір ойыншыға арналған бақылау таблицасы болады. Кім өшірілген цифрды көп аттаса, сол жеңімпаз атана-ды. Оны басқарушы айтады.

О қ у – т ә р б и  е л і к с и п а т ы. Ойын зейін мен есті тәрбиелеуге көмектеседі.

  1. Екі санды өзара көбейту. Әдісті бір орынды екі санды өзара көбейту үшін қолдануға болады. Бірақ санды өз-өзіне көбейтуге болмайды. 7-8-ді түсіндірейік. Көбейткіштерден әрқашанда 5-ті азайтамыз. Сонда қалдық 2 және 3 болады. Солдан оңға қарай бірінші қолдан 2-саусақты, ал екінші қолдан 3 саусақты бүгеміз. Бүгілген саусақты қоса есептегенде сол жағы ондықты, ал оң жағы бірлікті көрсетеді. Бірліктерді өзара көбейтіп, ондықтарға қосамыз. Сонда:

 

20 + 30 = 50,                                    3*2 = 6,

50 + 6 = 56,                                      7*8 = 56

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ!

 

  1. Дека грек сөзі. Мағынасы 10.
  2. Санти латын сөзі. Ол 100 дегенді білдіреді.
  3. Нашар жабылған краннан минутына 110 тамшы, 1 сағатта 600 грамм, ал күніне 14,4 л су ағады. Мектепте 30 кран осылай дұрыс жабылмаса, онда күніне 432 л су босқа төгіледі.
  4. Инелік сағатына 100—150 км ұша алады.
  5. Ара салмағы 0,2 грамнан кішкене көбірек.
  6. Ең ұшқыш құстардың бірі – шымшық. Ол жайшылықта сағатына 70—80 км алады. Самғап кетсе, сағатына 320 км алады.
  7. Тез көбейту.

 

37*3 = 111

37*6 = 222

37*9 = 333

37*12 = 444

 

Мысалды жалғастыр да, неліктен осылай екеніне жауап бер.

 

(Жауабы:  37*3 = 111, 37*6 = 37. (3 + 3) = 111 + 111 = 222. Әрбір келесі сан алдыңғы санды 111-ге арттырғанға тең.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

  1. Алғы сөз.……………………………………………………………………3
  2. Сыныптан тыс жұмыс түрлері. ……………………………………………4
  3. Үйірме отырыстары. ………………………………………………………8
  4. І сынып …………………………………………………………………….-
  5. ІІсынып…………………………………………………………………….11
  6. ІІІ сынып…………………………………………………………………..15
  7. Кеш. «Қызықты математика» ……………………………………………21
  8. Қосымша материалдар санмен ойындар…………………………………25
  9. Сен білесің бе? ……………………………………………………………26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызықты математикалық тапсырмалар мен ойындар

Zhadyra

Қызықты математикалық тапсырмалар мен ойындар.
Қызықты тапсырмалар мен ойындардың мақсаты – математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау.
Бұл тапсырмалардың міндеті - балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Қызықты тапсырмалар мен ойындар бастауыш сынып оқушыларына арналған. 
I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.
Есеп – 1. 
Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп.Еттен жасалған самса 3. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу?
Шешуі: 14 – (2*3)= 8 с.
Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 8 самса әкелді.
Есеп – 2. 
Қожанасыр 5 тиындықтан үшеуін жерге қазып көмді де, одан дәл сондай үш тиындарды алды Осылайша ол осы тиындарды үш рет алды үш рет алды. 
Сонда Қожанасырда неше тиын болды? 
Шешуі: 5 * 3 * 3 = 45 тиын
Есеп 3.
Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде? 
Шешуі: 100 * 4 = 400 
II. Тез есепте!
«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қа не кім тез шешеді? (30 қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

15
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)

Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)
III. Дидактикалық ойындар
Аукцион .
Мақсаты: сандар құрамына негізделген есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Күнделікті өмірмен байланысты аукцион тақырыбына лайықты толық дөңгелек сандарға арналған есептер шығару.
Қажетті құрал жабдықтар: аукционға түсетін бұйымдар, әртүрлі заттар, теңге үлгілері.
Ойын мазмұны: тақта алдында аукционға қойлатын заттар қойылады.
Сынып ішінен аукцион жүргізуші және сарапшылар белгіленеді. Теңге үлгілері 10 – 100 көлемінде оқушыларда болу керек. Қалған сатып алушылар өздеріне ұнаған заттарды таңдап, алғашқы аукционға түсіретін қажетті заттарды атайды. Ең соңғы баға анықталғаннан кейін ғана зат сатылуға тиіс.
Немесе төмендегідей сыйлықтар аукционын өткізуге болады.
Сыйлықтар аукционы.
Тапсырмалар лоторея түрінде беріледі. Жұмбақтың шешуін тапқан оқушы сыйлықты алады. Қателессе келесі оқушы шығады. 
№1. №2
Тілі бар, үні жоқ, Он екі парақ - 
Өзін адам түсінген. Он екі ақ қанат,
Жүрегі бар да, қаны жоқ, Жауабы әсем – ақ,
Сөйлеп тұрған ішінен. /кітап/ Сызылған тақталап. /дәптер/
№3. №4
Ол – оқушы құралы, Күн сайын жыртылдық,
Қатеңді түзеп тұрады. /өшіргіш/ Өміріміз бір жылдық. /күнтізбе/
№5 №6
Тебеннің ұшы түйір, Өзі сөйлей білмейді,
Аяғы біреу, қолы жоқ, Салған ізі сөйлейді. /қалам/ 
Шиыр – шиыр жолы көп. /қалам/
№7. №8.
Жоқ өзінде бас та, мойын да, Дүниеге тұмсықсыз ол келеді, 
Ұзындығы жазулы тұр Алайда тұмсығынан өледі. /қарындаш/ 
бойында./сызғыш/ №9. №10
Бірге барып сыныпқа, Қызыл, жасыл, қарасын,
Бірге үйіңе қайтады. Қолға кезек аласың. /қарындаш/ 
Оның бетін кім ашса, Қарындаштар түгел,
Әр бағаңды айтады. /күнделік/ Құшағына кірер. /пенал/
Гүлдер, аралар
Мақсаты: толық ондықтарды қосу, азайту дағдыларын қалыптастыру. Ойын – тест арқылы қажетті жауапты таңдай білуге дағдылану.
Қажетті құрал жабдықтар: өрнек жазылған гұлдер (әр түсті). Сандар жазылған карточкалар. Аралардың суреттерін іліп қоюға болады. (Ойында олардың рөлін оқушылар атқарады).
Ойынның мазмұны. Ойынды топқа бөліп ойнатуға болады.Тақтадағы гүлдердің күлтелеріне өрнектер жазылған.Әр күлте жапырақшаларында үш түрлі жауап.
Мысалы, 20+30 ( 50, 60, 90 ). Әр топтағы ара рөліндегі оқушылар өздерінің гүлдеріндегі өрнектің мәнін дұрыс есептеп, өз жауаптарына қонуға тиісті. Қай қатар тез орындаса, сол қатар жеңімпаз атанады. Ойын нәтижесінде балалардың білім деңгейі тексеріледі.
Есте сақта.
Мақсаты: Көззердесін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қажетті құрал – жабдықтар: таңбалар жазылған плакат.
Таңбалар, суреттер, сандары бар плакат.
Ойын мазмұны. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Оқушылар зейінін таңба жазылған плакатқа аудару керек. Плакат жабылады. Оқушылар естерінде қалған таңбаларды алдарындағы қағазға жазуы керек. Неғұрлым көп таңба жазған топ жеңімпаз атанады.
Математикалық телефон.
Мақсаты: білімді тиянақтау.
Қажетті құрал – жабдықтар: ойыншық телефон (қағаздан дайындаған телефондар).
Ойын мазмұны.Оқушыларға тірек сандар беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп, бірінші топтың оқушыларымен байланысқа шығады.Мұғалім мысалды айтады, оқушы өзінің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары қате болса, көмектеседі.
Қимақ.
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын ұштау.
Қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, тапсырмалар жазылған карточкалар.
Ойынның мазмұны. Ойынға жалпы сынып қатысады. Тақтаның алдында жіпті керіп, оған тапсырмалар жазылған карточкалар ілінеді. Шақырылған оқушы көзін байлап, жіптегі карточканы қиып алады. Тапсырманы орындаған соң жетон алады. Сабақ соңында кім көп жетон алса, сол «жеңімпаз» атанады.
Жұбыңды тап.
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын қалыптастыру. 
Қажетті құрал – жабдықтар: төмендегі үлгіде жазылған карточкалар. 20+10, 30, 50+ 20, 70. 
Ойын мазмұны. Көрсетілген үлгідегі карточкалар оқушыларға үлестіріледі. 
Мұғалім «жұбыңды тап!»- деген кезде әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалулары керек. Ойын осылайша жалғаса береді.
IY. Логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
*. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
* Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
* Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр? 
Y. Санамақтар сабақта
YI. «Мақалды жалғастыр» ойыны.
* Білгенің бір тоғыз,
...................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)
* Батыр бір рет өледі,
...................................(Қорқақ мың рет өледі)
* Екі аяқтыда құрдас тату,
.....................................(Төрт аяқтыда бота тату)
* Жалғыз ағаш үй болмас,
.........................................(Жалғыз жігіт би болмас)
* Ақылсыз достан мың сақтан.
................................................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)
* Елуінде – ер дана,
...............................................(Елуінде – ел жаңа)
* Қалтаңда жүз теңгең болғанша,
...................................................(Өмірде жүз досың болсын)
Санамақ – жаңылтпаш
Оңғар тапқан он жаңғақтан, 
Екіден – ақ еппен санап,
Әлжан алды, Қалжан алды,
Балжан алды, қанша қалды?

Санамақтар
Жалғыз жол – жалғыз қалған жандай жол.
Егіз жолы бір өлеңнің қабысқан
Екі достай сағынысып табысқан.

Бірден бітпей қалған істен жерінбе,
Екінші рет ал қолыңа, ерінбе,
«Ер кезегі – үшке дейін», берілме!

Шығыста таң алауланып атады,
Батыста күн жалауланып батады,
Солтүстікте мұхит мұз боп қатады,
Оңтүстікте шөл де гүлдеп жатады.

Бас бармағым – атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы,
Ортаң терек – әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары,
Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

Өр Алтай – шығыста қалқаным,
Көкшетау – шоқтығы Арқаның.
Қаратау – қазына қойнауы,
Баянтау – төрт түлік жайлауы.
Ұлытау – көне тау жотасы,
Алатау – таулардың атасы.

Бабам – Арман, кең даласың шарлаған,
Одан – Сарбаз, жерін жаудан қорғаған,
Одан – Тамыр, орыс доспен табысқан,
Одан – Азат, байбатшамен шабысқан,
Одан – Бақыт, совет елін құрысқан,
Одан – Батыр, фашистермен алысқан,
Әкем – Ғалым, жоқ іздеген ғарыштан.

Алыстан қозғап,
Тереңнен толғап,
Жырларын жазған мәңгілік,
Өтсе де ғасыр,
Өлеңін асыл
Ұрпағы айтқан ән қылып,
Абайдың сөзі, нақылы – 
Айтатын бізге ақылы.

Тоғыз – әзір белгілі,
КҮННІҢ тоғыз серігі.
«ПЛАНЕТА» делінер
Аспандағы денелер.
Оқып-тоқып, сан атап,
Ал оларды сен жаттап:
УРАН, ПЛУТОН, САТУРН,
МАРС, ШОЛПАН, ЮПИТЕР,
МЕРКУРИЙ мен НЕПТУН, ЖЕР.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызықты математика әлемінде» атты сайыс.

 

         Мақсаты: Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында сабақтан тыс уақытта “Математикалық сайысын” өткізу.

        

“Қызықты математика әлемінде» атты сайысының жоспары:

1.     Топтың таныстыру.

2.     «Шапшаңдылық» сайысы.

3.     «Тапқырлар» сайысы.

4.     Көрермендермен ойын.

5.     «Сыр сандық құпиясы».

6.     « Көңілді көбейту» сайысы

7.     «Көңілді санау» сайысы.

8.     «50 ұпай кімге бұйырады?».

9.     «Баспалдақ» ойыны.

10.           «Жаңылтпаштар» сайысы (топ басшылар).

11.            Қорытынды

 

Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ балл алады.

І.Топтарды таныстыру

ІІ. «Шапшаңдылық» сайысы.

1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)

2. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше)

3. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

4. Қандай сандар нөлден үлкен? (оң сандар)

5. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)

6. Ең кіші натурал сан. (1)

7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180)

8. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма? (бірдей)

9. 12, 10, 14 сандарының арифметикалық ортасын тап (12)

10. Жоқты білдіретін сан (0)

11. Тек қарама – қарсы екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыш (трапеция)

12. Санның 1/100 бөлігі (процент)

13. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5бұрыш)

ІІІ. «Тапқырлар» сайысы

1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

                             44444444 = 500    (444+44+4+4+4 = 500)

 

2. Мына 1888 санына екі бөліккебөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.

           /1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек/.

                     «Тапқырлар» тобы.

 

3.Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын  қой?

           333333 = 1000    (333*3+3/3 = 1000)

IV. Көрермендермен ойын.

Жұмбақтар жасыру.

1.     Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары?     / 6 /

 

 

 

2.     Бір – бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді    / 8 /

3.     Кәмпит қорабында неше кәмпит?

V. «Сыр сандық құпиясы»

1. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не?(калькулатор)

2. Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт симметрия осі бар фигура.Бұлай санның дәрежесі де аталады.Бұл не? (квадрат)

3. Бұл - басы да, ұшы да жоқ, бір қызық,әдемі фигура.егер оның бойымен жүрсең,қанша жүрсеңде,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын.Бұл не?(шеңбер немесе дөңгелек)

VI. «Көңілді көбейту» сайысы

Ойын шарты:

      Кез келген екі таңбалы сандарды үш топтан кезекпен тақтаға бір оқушы шығып, көбейтуді көзі байлаулы түрде орындайды. 

 

VII. «Көңілді санау» сайысы.

1. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым.  Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым   алға жүріп,1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?(10 күн)

2.    Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( 1/4)

3.    Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті.Оларға алдымен шай содан соң қазанға ет салынады. Үй иесі әйеліне келіп екеу ара бір табақ тартсақ  бір табақ жетпей қалады.Үшеу ара бір табақ тартсақ,бір табақ артық қалады. Сонда қонақтар саны қанша, табақ саны қанша?(12 қонақ,

5 табақ)

4. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер)

VII. «50 ұпай кімге бұйырады?» сайысы

тапсырма

«Миллион» сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?

жауабы

а)А.Құнанбаев      ә)Ы.Алтынсарин   б)Қ.Сәтбаев

 

тапсырма

 Шығыс Аристотелі атанған ғалым  кім?

жауабы

а)Қорқыт       ә)Омар Хаям       б)Әл-Фараби

 

  Тапсырма

Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы кім?

Жауабы

  а)Герон       ә)Лейбниц          б)Галилей

 

IX. «Баспалдақ» ойыны

                                   20 * 5                              88 + 12

                                 40 * 2                                     22 * 4

63-23                                                                                          110 * 5

                            7 * 9                                              98 +  12

                         42 * 6                                                     7 * 14

                      25 + 17                                                         49 / 7

                   100 - 25                                                            70 - 21

 

X. «Жаңылтпаштар» сайысы (топ басшылармен)

1. Рационал сан ,иррационал сан

Иррационал сан,рационал сан

Біріккен сан болған соң,

“Нақты сан” деп аталған .

2. Шеңбер,шеңбер доп емес
Доп сияқты,доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.

3. Бес түп алма,”бестік” алғандікі

Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі

“Төрттік” алған бес түп алма алмайды

“Бестік” алған төрт түп алма алмайды.

XI. Қорытынды

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.

Марапаттау.

 

  Еңбекшілдер орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызықты математика әлемінде» атты сайыс

 

Өткізген: Камел А.Қ.

 

 

 

 

 

Автор: Камел А.Қ.
Просмотров: 1781
Дата создания: 19 Ноября 2012 г.
Дата редактирования: 19 Ноября 2012 г.

·          

·          

·          

·          

·          

·          

 

 

 

 

Қызықты математика (сайыс)

Жарияланды 31-05-2013, 17:18 Категориясы: Математика 

Сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың өз бетінше ізденіп, пәнді терең білуге құштарлығын қалыптастырады. Осы бағытта 6 - сынып оқушыларының арасында «Қызықты математика» атты сайысын өткіздім.

Тақырыбы: «Қызықты математика» сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқшыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету;
Көрнекілігі: газеттер, логикалық тапсырмалар
Түрі: топтық сайыс

Жоспары:
1. Таныстыру (команда газеті, эмблема)
2. Викториналық сұрақтар
3. Топтық сайыс (тапсырма беріледі)
4. Математикалық вальс
5. Кім жылдам? (сандар дайындау)
6. Капитандар сайысы (математикалық термин айту)
7. Жанкүйерлер сайысы (мақал - мәтел айту)
8. Математикалық фокус көрсету

Барысы:
Жүргізуші:
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызды «Көңілді математика» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Басталық ақыл - ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе...
Ал көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады қос команда,
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
(топтар ортаға шығады)

Математика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді. – деп
Енді сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазы алқасын
таныстырып өтейік.(Әділ қазы алқасы таныстырылады.)

Ойын барысы бойынша
І. «Таныстыру» кезеңі (Топтар өздерін таныстырады)
ІІ. «Викториналық сұрақтар»:
І топқа
1. Бұрышты өлшейтін құрал... (транспортир)
2. Бойы 2 қарыс, Сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш)
3. 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1)
4. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
5. Ең кіші натурал сан? (1)
6. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (квадрат)
7. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (диаметр)
8. Бір жазықтықтықта қиылыспайтын екі түзу? (параллель түзулер)

ІІ топқа
1. Қатар тұрған уш санның қосындысы да. Көбейтіндісі де 6-ға тең. Олар қандай сандар? (1, 2, 3)
2. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады? (бесбұрыш)
3. Жазыңқы бұрыштың шамасы? (180º)
4. Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
5. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш? (тіктөртбұрыш)
6. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр түзулер)
7. Қандай сандар 0 - ден үлкен? (оң сандар)
8. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар? (жай сандар)

ІІІ. Топтық сайыс (тапсырма беріледі)
Математика мен физикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыр, себеп салдары бар. Мысалы әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.
Бірде ата - анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға қызығушылығы күннен - күнге артып, кейінен дүние жүзіне белгілі математик – ғалым болған екен.

І топ тапсырмасы ІІ топ тапсырмасы
Суретте неше үшбұрыш бар? Суретте неше шаршы бар?

ІҮ. Математикалық вальс
Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе,
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт – деп сайысты жалғастырамыз.
Топ қатысушыларына алдын ала дайындалған тапсырмалар ілінеді. Олар музыка ойнағанда өз жұбын тауып биге шақыруы тиіс.

І топ мүшелеріне ІІ топ мүшелеріне
- интервал
- кесінді
- жартылай интервал
- ашық сәуле
- сәуле
- сәуле

У. Кім жылдам? (сандар дайындау)
Екі топтың мүшелеріне цифрлар ілінеді. Санды оқыған кезде екі топ мүшелері өзіне ілінген цифр бойынша жылдам орнын тауып орындыққа отыруы тиіс: 123450, 134205, 104253, 425301, 254013, 531420, 243051, 352014

ҮІ. Капитандар сайысы (математикалық термин айту)
2030 - дың бағдарлы биігі
Білімнің еншісі бұны әркім біледі
Сондықтан достар терминдерді қарайық
Ортаға топ капитандарын шақырайық.
Капитандар кезектесіп математикалық терминдерді айтып жарысады.
Теорема - аксиома, радиус - диаметр, шеңбер - интервал...

Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Жанкүйерлерді қарсы халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
ҮІІ. Жанкүйерлер сайысы (мақал - мәтел айту)
Ойын жанкүйерлері математикаға, санға, цифрға қатысы бар мақал - мәтел айтады.
Сегіз қырлы, бір сырлы. Ел құлағы – елу.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

ҮІІІ. Математикалық фокус көрсету
Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа,
Есеп білсек жетеміз ғой табысқа,
Сайыстарда өзімізді саралап,
Сиқырларды көрсетеміз, қалыспа.

Топтар өздері үй тапсырмасына дайындаған фокустар көрсетеді.
Шырпының көмегімен, сиқырлы квадраттар көмегімен жасайды.
1. «Сіздің туған күніңіз» атты математикалық сиқыр
2. «Сіз ойлаған жануар» математикалық фокус

Қорытынды.
Сөз әділ қазы алқасы мүшелеріне беріледі.
Марапаттау.
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің есігін ашты, көзін тауып
Ньютон, Колмогоров, Ковалевская
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер.
Жас достар, зерделікпен меңгеріңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызықты логикалық жұмбақтар

СҰРАҚ-ЖАУАП САЙТЫ / 1 МАУСЫМ 2012, 11:35

Логикалық жұмбақтар:
Сұрақ-Жауап сайты: Қызықты логикалық жұмбақтар
1)мысық-3
әтеш-8
есек-2
бақа-3
көкек-4
ит-?

2)Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді?

3)Бір ауылға келіп жүрген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын.Оның себебі неде?

4)Бір қыз отыр.Ол тұрып кеткен жағдайда да сіз оның орынына отыра алмайсыз.Ол қай жерде отыр?

5)Сіз доп лақтырдыңыз делік.Қай жағдайда доп ештеңге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді?

6)Мына есепті калькуляторсыз, ештеңге жазбай, ойша шешуге тырысыңыз.
1000 оған 40-ты қосыңыз.Таңы бір мың қосыңыз.Оған 30-ды қосу керек.Тағы 1000.Қосу 20.Қосу 1000.Және тағы 10-ды қосыңыз.Неше шықты?

7)Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты?

8)Біраз ішіп алған ер адам үйіне қайтып бара жатыр.Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр.Жолға айдың жарығы жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын.Ер адам қара киімде болатын.Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады.Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді.Жүргізуші оны қалай көрді?

9)
Сұрақ-Жауап сайты: Қызықты логикалық жұмбақтар
Мына теңдікті түсіндіріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызықты математика

·         asel86

 

·         28 сәуір 2014

 

·         11475

 

·         0

·                                                                                                                                0

1. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, интер/к,,
тақта, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға, Әділ - қазылар алқасы бағалап отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Математикалық бейнелі сөз шешу
4. Ұшқыр ой ойыны.
5. Кім жылдам? ойыны.
6. Аудио ертегі сұрақ
7. Құстар тапсырмасы
8. Бейне сұрақ
9. Топ басшылар жарысы
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан
мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.

«Алғырлар» тобы
«Білгірлер» тобы»
Әр топ өздерін таныстырмай тұрып сендердің берген жауаптарыңды, шығарған есептеріңді, орындаған тапсырмаларыңды бағалап отыратын әділ - қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1. Таныстыру бөлімі
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
Ұран: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.

Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
2. «Сөзжұмбақ» шешу
уа, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.

«Алғырлар» 1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. Ондықтан құралған сан. Қырық
4. Бір таңбалы сан. Үш
5. Кеміту амалы. Азайту

«Білгірлер» 1. Бір таңбалы сан Бір
2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі Сүйір
4. Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады.

3. «Математикалық бейнелі сөз» шешу, Яғни ребус шешесіңдер

, Қаз Ай Ту (Азайту) Мысық, Етік, Р (Метр)

4. «Ұшқыр ой» ойыны.
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған компьютерге 1 - ден, 9 ға дейінгі сандарды жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9
Қане балалар жазып болсақ, топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)

5.«Кім жылдам?» ойыны.
Ойын шарты: Шаршыдан 2 үшбұрыш 2 төртбұрыш шығатындай екі түзу сызық сыз

6. Аудио сұрақ. Шарбану Батталова орта мектебінің жоғарғы сынып оқушысы Рахат. Бақытжан сендерге ертегі есеп жасырады.
Ал қане тыңдайық:
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп жалман-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып - сапырып Арманға бер,
Құйып - құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,- деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы: 10 адам
7. Құстар тапсырмасы
Балалар білесіңдер ма?, бізге қонаққа құстар келіпті, жылы жаққа кетіп бара жатқан құстар екен. Сендердің білімдеріңді тексеру барысында бірнеше тапсырмалар ала келіпті өздерімен. Қалай балалар тапсырмаларын орындап, білімдеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма? 
Ендеше қонаққа келген құстарымызды шақырайық
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.

1 - құс «Аққу» тапсырмасы
Математикалық викторина.
үш шаршы шығатындай етіп, төрт таяқшаның орнын ауыстыр.

2 – құс «Кептер» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады.
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
- Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Математикалық өлең есеп
Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз

Аулада 60 үйрек, 11 түйе, бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр, бір ешкі
10 үйрек тығылды 2 қоян, үш түлкі,
10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма)
3 - құс Торғайдың тапсырмасы
Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада
неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?(2 бұзау, 1 Тауық)
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы
неше балық болды? (Балықтар ұшпайды)
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина велосипед)
дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл,
велосипед тұр?
4. Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2 - уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды.
3 - құс Қаз тапсырмасы
Суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?

8. Бейне сұрақ.
Сендерге бейне сұрақты осы мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Күміс апай қояды. Қане мұқият тыңдайық.
Әр бөлікте бір қара фигура болатындай етіп, суретті тең төртке бөл

Енді ең соңғы капитандар жарысы:
«Алғырлар»
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
7. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
8. 3 пен 9 - дың көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)

1. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
7. Бөлу амалының компанеттерін ата?
8. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?(21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)

Математика
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
- Осымен, балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтап
«Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Сау, болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 140 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2016 8808
    • DOCX 254.8 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мулдашева Салтанат Бауетдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26315
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек